Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 00:18, реферат

Описание работы

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

Файлы: 1 файл

ЭТ лекция с нета.doc

— 152.00 Кб (Скачать файл)

2. Жұмыс уақытын қолдану. 

3. Кәсіпорын персаналын  қолдану тиімділігі мен интенсифтілігі.

4. Білім деңгейі және  еңбекақы қорын тиімді қолдану. 

Еңбек ресурстарын  талдауда қолданылатын әдістер:

1. Алғашқы мәліметтерді  өңдеу. 

2. Салыстыру және топтастыру.

3. Эксперттік баға  беру.

4. Баланстың әдісі. 

5. Индекстік баға әдісі. 

Осы әдісті қолдану арқылы келесідей еңбек ресурстарын талдаудың түрлері болады:

1. Өткізу кезеңіне  байланысты (күнделікті, апталық, айлық,  тоқсандық, жылдық)

2. Объектіні қамту  толықтығына байланысты толық  лакальдік тематикалық. 

3. Объектілерді оқып  – білу әдісіне байланысты; кешендік, жалпылама таңдамалы.

4. Оқып – білу сипаттамасына  байланысты; ағымдық, оперативтік  жүиелі, бір реттік.

Өндірістік бағдарламасына толықтыру қажеттілігіне байланысты келесі әдістердің бірі қадағалайды; еңбек  сиымдылығы бойынша, өндірістік норма бойынша,жұмыс орындалу бойынша,жұмысшылар санының шарты бойынша.

Кәсіпорынның еңбек  ресурстарын талдауға қажетті ақпараттарды кәсіпорынның статистикалық және бухгалдерлік есеп берінен, еңбек бойынша жоспар және есеп беру бойынша, жұмысшылардың  қозғалысы бойынша кадрлар бөлімінің есеп беруінен цехтардың есеп берушілерінен және басқа да еңбек ресурстары бойынша есеп беруден аламыз. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау еңбек персаналын жіктеуден басталады, себебі кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінде әрбір жұмысшының категориясы әртүрлі қызмет атқарады.

Көбінесе кәсіпорындарда негізгі және көмекші жұмыс шарты  деп нақты екі топқа жіктеледі. Негізгі және көмекші жұмысшының еңбек қызметі әртүрлі. Ал басшы  топтардың атқаратын қызметі не байланысты мамандар немесе қызметкерлкр деп бөлеміз.

Сонымен персоналды жіктеу келесідей міндеттерді шешуге көмектеседі:

1. Әрбір жұмысшы категориясына  байланысты кадрлармен қасиет  ету деңгейін анықтау..

2. Жұмыскерлердің квалификациясы  дәрежесіне байланысты, жұмыстың құрамына байланасты, жыныстық құрамына байланысты, жасына байланысты санын анықтау.

3. Жұмыскерлердің қал  еңбегінен және еңбектің механикаландырылған  түрімен айналысатын жұмысшының  саны.

Бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпорынның еңбек  ресурстарының сандық және сапалық параметрлер мен толықтырылуын қалай талдауға болады?

2. Қандай көрсеткіштер  арқылы еңбек ресурстарынын қозғалысын  анықтауға болады?

3.Кәсіпорындағы түскен  өнімнің өсу резервін жаңа  жұмыс ашу арқылы қалай анықтауға  болады?

4. Қандай көрсеткіш арқылы еңбек ресурстары толық пайдалануға болады.

5. Қосымша кундік жұмыс  пен ауысым жұмыс кезінде жұмыс  уақыты жоғалу себебі?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

 

Дәріс №9

Өндірілген  және өткізілген өнімнің өзіндік  құнын талдау .

Дәрістің мақсаты: Кешенді шығындарды талдаудыдың міндеттерін оқу.

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

1 теңге тауарлы өнімге кеткен шығындарды талдау

Кешенді шығындарды талдау.

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік  калькуляциялаудың қарапайым әдісі  біртекті бір немесе екі түрлі  өнім шығаратын кәсіпорында  (су электр стансалары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және жартылай өңделген өнімдерді өзі өндіреді. Кей уақытта оны бөлістік  (попередельный) шығындарын есептеу мен калькуляциялау әдісінің  бір нұсқасы деп санайды, себебі калькуляциялау бір ғана бөліс бойынша ғана жүргізіледі. Бұл әдісьте өнім шығаруға кеткен үстемелі шығындардаң барлығын шығарылған немесе өндірілген өнімнің көлемені бөліп тікелей өзіндік құнды анықтайды. Егер де кәсіпорын оның өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің табиғи көлеміне немесе шартты-табиғи көрсеткішіне жай бқлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық үдеріс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен, көмір өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмір өндіру, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу.  Міне, сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялау қарапайым әдісі үдерістік деп атауы да осындан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірлетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарлатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген мөлшерлеу арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі өндірістік қарапайым әдісінің дұрыстығын және алдыңғы қатарлы екенін дәлелдеп береді. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кемзінде тікелей және жанама шығындар бүкіл  өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың  белгіленген баптары бойынша  есепке алынады. өнімнің бір өлшемнің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен  айқындалады. Бұл өндрістерде (су электр стансалары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, жартылай өңделген өнімдер және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқасы  аяқталмаған  өндірісі бар кісіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында  шығындардың бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа бір текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндіндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір  мезгіл өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен  электр энергиясын шығаратын, мұнай  мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда  шығындар тұтас өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, тал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы ұңғыма жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша – мұнайға, ал газ жинай және тасмалдау жөніндегі шығындар – газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа кесімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын  анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе үдерістік әдістер бойынша  жүргізілетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс  материалдарынг шығаратын өнеркәсіп  қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдалынады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнім өндіру мен өнімнің өзіндік құнын талдаудың мақсаты мен міндеттерін атаңыз?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

 

Дәріс №10

Шаруашылық  субъектінің қызметінің қаржылық нәтижелерін  талдау.

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

Қаржылық талдаудың  мақсаты, әдістері, ақпарат көздері

Өнімді өткізуден түскен пайданы факторлық талдау

Қаржылық нәтижелерге  инфляцияның әсерін талдау

Кешенді шығындарды талдау.

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады. Кәсіпорынның төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны  тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері.

Қысқаша тұжырымдама  беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.

Нарықтық қатынастардың  қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.

1. Сыртқы талдау- акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.

2. Ішкі немесе басқаруды талдау – бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.

Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты міндетті төмендегідей:

  1. Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер.
  2. Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі оларды таратудағы рационалдығы және пайдалануды тиімді зерттеу.
  3. Айналым капиталының көлемін оның өсу кемуін және ағымдағы міндеттемелерінің ара-қатынасын анықтау.
  4. Кәсіпорынның активтерімен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.
  5. Ағымдағы активтердің айналымының есебі, оның ішінде дибеторлық берешекті есептеу.
  6. Баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.
  7. Кәсіпорынның табыстылығын бағалау
  8. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау
  9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдауды  жүргізудегі басты міндеттерәдістері?

2. Қаржылық талдауды  жүргізудегі басты әдістерді  атаңз?

3. Қаржылық талдаудың  басқаруды талдаудан айырмашылығы  қандай?

4. Қаржылық талдаудың  түрлерін атап, қысқаша анықтама  беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

 

3 БӨЛІМ

ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН 

ІСКЕРЛІК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫДәріс №11

Шаруашылық  субъектінің қызметінің қаржылық жағдайын талдау.

Дәрістің мақсаты: Кәсіпорынның төлем қабілетілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылатындықтан, нарық экономикалық жағдайда оған көп көңіл бөліп, төлемқабылеттілік көрсеткіштеріне талдау жасау.

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

Қаржылық жағдайды экспресс талдау және оның этаптары

Ш.субъекті балансының актив  пен пассив құрылымын талдау

Дебиторлық және неселік  қарызды талдау .

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

Кәсіпрынның төлем қабілетілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге  дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалар болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналым кезінде  ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалының құралы болып  табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдыр сонымен бірге кәсіпорынның бар тауарлы – материалды құндлықьарының қоры бола алады.  Оны сатып кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық  түрде қарызды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы  активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасына артса, онда о қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл оыс кезде оның өндірістік қзметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдыр құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарын төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі  бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны