Тұлға және саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 09:19, реферат

Описание работы

«Тұлға және саясат » деген тақырып саясаттанудың ең өзекті және күрделі мәселесі. Себебі тұлға мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты. Саясат адам үшін жүргізіледі, адам арқылы іске асырылады. Енді адам мен саясат арақатынасына тоқталайық.
Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттері рақымшылдық, ізгілік, ар-намыс, борыш, парызға сәйкес келуін қажет етеді. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы туралы заңдар мен ережелерді қамтиды. Қазір адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократияланып жатқанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болуы қажет.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................3
Негізгі бөлім
Саяси әлеуметтендіру: мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері........4
Саяси қатысу мен оның мәндері............................................................7
Қорытынды...................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер..............................................................16

Файлы: 1 файл

Тұлға және саясат.docx

— 34.69 Кб (Скачать файл)

      Сонымен қатар саяси қатысуға  ешқандай пайда іздемей қоғамға  адал қызмет істеуге тырысуға  дем беруі мүмкін. Сонымен бірге  саяси қатысудың басқа, қарама-қарсы  талаптары болады. Кешегі елімізге  бір партия ғана билік жүргізген дәуірде көп адамдар мансапқа ұмтылып, баю жолдарын іздеп сол партияның қатарына кіруге ұмтылғаны бәрімізге мәлім.

      Талап - мақсат сияқты субъективтік факторлармен қатар саяси қатысу процесіне басқа да, тұлға үшін сырт, обьективтік жағдайлар ықпал етеді, мысалы мемлекеттегі саяси праволық режим, халықтың тұрмыс жағдайы, білім деңгейі. Демократиялық саяси  режим саяси қатысудың қарқынды және көп түрлі формада өтуіне жағдай туғызады. Тұрмыс жағдайы жөнінде саясатттанушылар арасында әр түрлі пікір бар: біреулер халық неғұрлым ауқатты болса, соғұрлым демократияны қолдауға бейімделеді. Кедей адамдар шыдамсыз, тәртіпсіз болып келеді. Экстремизмді қолдауы мүмкін. Басқа бір пікір: аухатты адамдар саясатқа онша көңіл бөлмейді. Білім жөнінде саясаттанушылар бірыңғай деуге болады: білімі жоғары адам көбінесе демократиялық саяси құндылықтарды қолдауға бейімделеді.

      Саяси қатысу тікелей және  жанама түрде өтуі мүмкін. Тікелей  түрлері тура демократия деп  аталады, оған сайлау, референдум, жиналыс, митинг, ереуіл т.б. жатады. Жанама саяси қатысу өкілдер  демократиясы деп аталады: әр  адам билікке өзі тікелей араласпай,  сайлаған өкілі арқылы қатысады. Саяси қатысу заңды, я болмаса заңсыз түрде өтуі мүмкін: бірінші түрге билік органдарына сайланған өкіл ретінде, рұқсат етілген митингілер, демонстрациялар т.б. жатады, ал екінші түрге тиісті билік органдарының рұқсатсыз ұйымдастырылған митингілер, көтеріліс, билікті заңсыз тартып алу т.б. жатады.

      Қоғам неғұрлым демократияшыл  болса, соғұрлым саяси қатысудың  формалды бай болып, саяси ортада  орын алған көзқарастар, оның  ішінде ең құндылары іске асуына  мүмкіндік туады.

      Осы тақырыптың соңында саяси  жетекшілік мәселесі жөнінде  айту керек. Қандай жағдайларда  саяси әлеуметтену процесінің  нәтижесінде адам саяси өмірдің  тек қатардағы қатысушысы болмай, саяси жетекші роліне дейін  көтеріле алады. Онда жетекші  мен саясатқа қатысушы қатардағы  адамдардың арасында қарым –қатынасы  қандай? Жетекшіліктің қандай түрлері  бар?

      Жоғарыда айтылған «Политология»  сөздігінде жетекші, көсем басқа  адамдарға, оларды біріктіріп, алдына  қойған мақсаттарын орындау жолында  іс -әрекетке ұмтылдыру үшін ықпал  жүргізе алатын адам деп анықталған.

      Осы айтылған мағынада жетекшілік  уневерсалды құбылыс: адамдар  тобы, я болмаса ұжым- ұйым болған  жерде жетекшілік мәселесі де  туады. Францияның саясаттанушысы  Жан Бодель жазғандай: «Жетекшілік  адамзат сияқты көне құбылыс.  Ол барлық жерде кездеседі  – шағын да, үлкенде ұйымдарда,  кәсіп ісінде және шіркеуде, кәсіп одақтарында және қайырымдылық қоғамдарында, тайпаларда және университеттерде. Ол қалыптаспаған ұйымдарда да, көше бандаларында, бұқаралық демонстрацияларда да болады».

      Саяси ой – сананың тарихында саяси жетекшілік жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Психологиялық көзқарас жетекшіліктің  табиғатын тұлғаның қасиеттерімен байланыстырады: жетекші –  басқа адамдарды олардан ерекше, өзіне ғана тән, артықшылық қасиеттері арқасында басқаруға қолы жеткен адам. Мұндай көзқарас баяғы көне замандағы мифтерден бас алады: көсемдерге басқа адамдарда жоқ қасиеттер тән, солар ғана ерлік жасай алады, солар ғана мемлекеттер құрады, соғысып жеңіске жете алады. Греция мен Римнің ұлы тарихшылары да  жетекшілік мәселесін осындай тұрғыдан талқылайды. Жаңа дәуірден мысал ретінде Фридрих Ницше, Зигмуд Фрейдтің концепцияларын келтіруге болады. Ницше дүниежүзілік тарихи процестің негізгі күші – билікке ұмтылу дейді. Билікке ұмтылу адамның заңды табиғи күй –жайы. Алайда, билікке ие болу, билік жүргізу әр адамның қолынан келе бермейді, ол тек күштілердің, рухани аристократтардың, асқан адамдардың қолынан ғана келеді. Көпшіліктің тағдыры –бағыну ғана.

      Фрейдтің пікірінше адамзаттың  даму процесінде аңдаусыз элементер, соның ішінде жыныстық инстинктісі зор орын алады. Ол жетекшіліктің пайда болуын былай суреттейді: адамзат қоғамының ең бірінші формасы – үйір, табын болған үйірде шексіз үстемдік күшті серкенің қолында болған.

      Басқа бір көзқарас бойынша  саяси жетекшілік билік арқылы  анықталады: кімнің қолында билік  – сол жетекші, сол көсем.  Бұл X ғасыр бұрын – рахымшыл  басшы, оның бес қасиеті болуы  керек, жақсылығы мол, бірақ  шашыранды емес, адамдарды еңбекке  тарта біледі, бірақ ашу туғызбайды, дүниеқор, пайдақор емес, ұлы бірақ  тәкәппар емес, өзіне бағындырады,  бірақ қанішер, қатал емес. Платон  билеушісінің негізгі қасиеті  – даналық, ақылдылық, сондықтан  ел басқарушы патша философ  болуы керек дейді. 

      Осы айтылған көзқарасқа қарсы басқа функциональды көзқарас бар. Оны жақтайтын ғалымдар жетекшілікті тек билікпен байланыстыруға келіспейді. Қолында формалды билік, мансап болмай –ақ, тіпті оған ұмтылмай –ақ жетекші саналуға болады- Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг. А.Сахаров сияқты, бұл тұрғыдан саяси, жетекшілік билікпен емес, адамның қоғамда іс жүзінде атқаратын ролі, функциясымен байланысты. Мысалы, жетекші диагностикалық функция атқаруы мүмкін. Жетекші ұйымдастыру, жұмылдыру функциясын атқаруы мүмкін.

      Саяси жетекшілік мәселесін түсінуге  марксизм белгілі үлестер қосты.  Жетекшілік, көсемдік адамды билікке  ұмтылдыратын психологиялық механизм емес: Лениннің жазуы бойынша, саяси көсемдік қоғамдағы қалың бұқара таптар, партиялар қалыптасқан әлеуметтік –саяси күрес процесінде ғана пайда болады. Жетекші көсем – сол бұқараның, партияның жалпы мүдделерін танып біліп, оларды іске асыру жол көрсете алатын адам. Сонымен қатар Ленин бұрынғы теориялардың бір кемшілігін атап көрсетті: олар тарихи қайраткерлердің тек идеялық әуендеріне ғана көңіл бөліп, сол идеялардың тууына себеп болатын, түбірлері материалдың өндіріс саласында жататын күрделі қоғамдық қатынастарды зерттемеген.

      Көсемдіктердің типтері туралы: саясаттанушылардың арасында бұл  мәселе жөнінде әр түрлі пікірлер  бар. Макс Вебердің пікірі бойынша  көсемдік «бұйрық беріп басқаларды  бағындыру» қабілеттілігі деп  анықталады. Ол көсемдік үш түрге  бөлген:

  1. дәстүрлік көсемдік, ол әдетте дәстүрлік тәртіптерге негізделген. Мысал ретінде ру ақсақалдары беделін айтуға болады. Көсемдіктің мұндай түрі капитализмнен бұрынғы қоғамға тән.
  2. Рациональды –легальдық көсемдік. Әдетте, дәстүр бойынша көсем емес, халықтың алдында заңды, ашық сайлану нәтижесінде билікке жеткен жетекші, мұндай көсем заңды түрде ауыстырылады.
  3. Харизмалық көсемдік. Мұндай жетекшілік көсемнің басқа адамдарда жоқ, тек өзінің бойына ғана ерекше данышпандық қасиеттерге байланыстырылады. Харизмалық көсемді ауыстыру өте қиын, я болмаса тіпті мүмкін емес.

      АҚШ саясаттанушысы  Принстон  университетінің профессоры Р.Такер  көсемдіктің мынандай типтерін  ұсынады:

  1. Реформашыл көсем. Ол елдегі қалыптасқан қоғамдық идеалдарға, режимге сенеді, бірақ оларды дамыту, жақсарту жолдарын іздейді.
  2. Революцияшыл көсем. Қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарсы, оларды түбірімен жойып, жаңа тәртіптер орнатуды мақсат етеді.
  3. Консерватившіл көсем. Ешқандай өзгерістерді талап етпейді, тіпті оларға қарсыласады.

      Ресейдің белгілі жазушысы және саясаттанушысы Рой Медведев саяси көсемнің мынандай белгілері болады дейді:

  1. Өзінің саяси бағдарламасы;
  2. Сол бағдарламаны іске асыру үшін асып түскен тұлғалық қасиеттер қажет;
  3. Бұқараны өзіне тарта алатын қабілет;
  4. Өзінің саяси бет көрінісін мансапқа ие болғанына, я болмаса онан айрылғанына қарамастан сақтап қалу;

      Біраз саясаттанушылар пікірі  бойынша бұрынғы КСРО-да 20–шы жылдардың ортасында дейін бір топ көсемдер – жалынды революцияшылдар сенген идеясына берілген саяси күрескерлер, керемет шешендер болған. Бірақ Ленин өлген соң совет қоғамы, партия саяси көсемдік мәселесін демократиялық түрде шеше алады. Бұған кінәлі сталинизм: Сталин табиғи демократиялық жетекшілер қалыптасу процесті жойып, жетекшілік, көсемдік орнына номенклатура институтын әкеліп орнатты. Сол заманнан бастап совет қоғамында шынайы көсем болмай, тек әр түрлі шенге ие болған бастықтар ғана пайда болды дейді.

      Осыған байланысты сұрақ туады:  Сталиннің өзі партия мен мемлекетті  басқаруда қалай билікке жетіп,  соңынан көсем деңгейіне көтерілді? Саясаттанушылар бұған объективтік себептер: азамат соғысында партияның көптеген сауатты және талай қиындықтарда сыналған кадрлары қаза тапты. Олардың орнын басқан жас мүшелер бір жағынан сауаты нашар, екінші жағынан соғыс уақытының бұйрықпен жұмыс істеу дәстүрлерінде тәрбиеленген еді. Мысалы, 1922 жылы коммунистердің 75,1%-нің бастауыш білімді, 4,6% толық сауатсыз, ал жоғарғы білімділері 0,6% ғана болған. Сонымен қатар партиямен мемлекеттер централизм процесі дамуына байланысты аппарат билігі күшейді, ал аппарат партияның Генсекінің қолында болды. Субьективтік факторлар деп саясаттанушылар Сталиннің интрига сферасында асқан айлакерлік талантына сүйеніп Зиновьев және Каменевке қарсы онан соң Бухаринмен Рыковтың өзіне қарсы күресіп, әр бірін жеке –жеке жеңіп шыққанын табады. Алайда, әдебиетте басқа да пікірлер бар. Мысалы, XX ғасырдың белгілі жазушысы Лион Файхтвангер Сталиннің Тройцкийді жеңіп шығуы заңды деп жазған: желсөзділікті  логика жеңді, солайға болуға тиіс еді, бұқара халық логикаға ерді дейді. Сіздер жастар жоғарыда келтірілген әр түрлі көзқарастарымен танысып, өз пікірлеріңізді қалыптастыруға мүмкіндіктеріңіз зор.

      Қазір саяси жетекшілік проблемасын  табиғи түрде шешу үшін жаңа  жағдайлар туа бастады. Қоғамымыз  жарналық, демократия және плюрализм  принциптеріне көше бастағаннан  бері саяси ұйымдар, олардың  басшылары заңға сүйенген ашық  саяси күреске араласып, халық  алдында өздерінің идеяларын,  бағдарламаларын ашық талқыға  салып, сол халықтың сеніміне  ие болуға ұмтылып жатқанын  көреміз. Сондықтан мұндай жағдайда  жетекші, көсем ретінде ең талантты, ең дарынды тұлғалар жеңіп  шығуы тиіс.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

            Сонымен мен бұл семестірлік жұмыста тұлға пен саясаттың тығыз байланыстылығына толық көз жеткіздік. Яғни саясат пен адамгершіліктің арақатынасында белгілі айырмашылықтар болғанымен бірін-бірі толықтырып, қамтамасыз етіп тұрады. Олардың халыққа, мемлекетке тиімді, жайлы өзара іс -әрекетіне, қызметіне кемеліне келген азаматтық қоғамда ғана жетуге болады. Ал жалпы саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қалай болуы керектігін бұдан екі жүзжыл бұрын АҚШ –тың үшінші президенті Т.Джефферсон көрсеткен болатын. Ол басқарушының шеберлігі шындықты айта білуінде деген. Шындық бар жерде иманды саясат та болады. Біздің елімізде бұл түсінік бұлыңғыр. Себебі өзіміз көріп отырғандай еліміздің даму барысында көптеген қиыншылықтар бар. Халықтың әл-ауқаты тек қағаз бен ауаны зарядтайтын әдемі сөздер жүзінде дамып келе жатыр.

          Оны тоқтата алатын жастар. Бір « ертеңіміз—жастар» дейтін жастар, саясатқа араласуы белсенділігі өте нашар. Оған дәлел еліміздегі сайлауға  жастардың тек 13%  қатысатынын айта аламын. Бұл тұлғаны саясаттан алшақтату сияқты. Яғни менің ойымша « баланы жастан» демекші, мектеп бағдарламасына саясаттану пәнін енгізу керек деп ойлаймын!  Ұлтшыл—патриоттар мен оппазиция секілді Қазақстан жастарының да саяси күш ретінде қоғамға араластыру қажет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Д.Жамбылов «Саясаттану негіздері», - Алматы «Жеті жарғы» 2000.
  2. Қ.Ахметов, А.Нұрханова « Саясаттану негіздері», оқу құралы, 1995.
  3. Казахстан: особенности перехода к демократии. Коллективная монография, Джагфаров Н, - Алматы, 2004.
  4. Мусатаев С. Социализация образования в Казахстане, Саясат, -2004.-№12
  5. Салыкжанов Р.,Айекешов Н. Самоидентификация современной молодежи. Мысль.-2004.-№7
  6. Энциклопедициялық сөздік
  7. Интернет сайттар

 

 

 




Информация о работе Тұлға және саясат