Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін егеменді ел ретінде өз ата заңын өзінің төл Конституциясын құруы тиіс болды. Әрине Конституция жобасы алдыңғы қатарлы дамыған елдердің үлгілерімен, сонымен қатар шет елдерден заңгер практиктер консультанттар келіп көмектесті. Қазақстан өз Конституциясын 1993 жылы қабылдады, бірақ уақыт сынында жаңа заман талабына сай конституция қабылданды. Қазақстан ата-заңының мәнін ашып көрсету мәні мен мағынасы ең өзекті мәселе болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................................4

І тарау. Қазақстан Республикасының Конституциясы
1.1 Конституция мемлекеттің негізгі заңы......................................................................5
1.2 ҚР 1993жылғы Конституциясы.......................................................................................7
1.3 Конституция – қоғамдық қажеттілік заңдар жинағы......................................8
ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет
2.1 Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет….........……...................................13
2.2 Қазақстан Президенттік республика........................................................................16
2.3 Қазақстан Республикасындағы халық билігі.......................................................21
Қорытынды.....................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 26 б.вввввв.doc

— 147.00 Кб (Скачать файл)

       Барлық   қабылданатын  зауыттардың   басқа  да   нормативтік актілердің   басым көпшілігі  тікелей   немесе   жанамалап  азаматтарға   жеке   адамға   туғаннан бастап   қатысы  бар. Заңдарда   нәрестелерді,    мектеп жасына  толмағандарды, оқушылардың, студенттерді,  жұбайларды, жұмыскерлерді, әскери   қызметкерлерді    ата-ананы,  мүгедектерді,  зейнеткерлерді, кедейлерді,  жұмыссыздарды т.б.  қорғайтын   құқықтық   нормалары бар. Демек  әсарлеп айтқанда  заң   адамының    өмірімен  қпатар  жүреді.  Оның  өмір    сүруне   лайықты    жағдай   туғызып   отырады.  Әрбір    адам   өзіне    қажетті,   құқықтары  мен  бостандықтарын   қорғайтын  заңдарды  білуі    қажет.

       Бұл   мәселенің   екінші   жағы  бар: заң   адамға   міндеттер  жүктейді.   Адам   басқалардың құқықтарын   бұзбауы,   керек,  олардың   өміріне  денсаулығына    ар – амысына  қол  сұқпауы  керек. Адамның  қоғам мен  мемлекет   алдында  міндеттері   бар:  мемлекетті  қорғау, салық  төлеу мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу    оларды мүлтіксіз  орындау   қажет.

       Әрине  бірде-бір адамның  елдегі   қолданылып   жүрген   барлық   заңдарды  білу   мүмкін емес. Дегенмен,   күнделікті   өмірге  қатысты   бар заңдарды   қағидалардың жалпы   нұсқауларын  білген   жөн. Ол үшін   құқықты  тануды  жастайынан  баяндау  жақсы мен   жаманды   айыра   бастаған   кезінен   жүргізген    жақсы.   Заң    игілікті   жақсы    істерді,   пайдалы   әділ-әрекеттерді    жасауға   рұқсат   береді.  Сонымен қатар    жаман зиянды әділетс із   әрекеттерге    тиым   салады. Мұндай    сабақты   адам   күнделікті   өмірден   стихиялы   түрде     алып    отырады.   Бірақ   мұндай    білім     адамның    заң     туралы  маңызы бар    екені    туралы   тұтас  ой жүйесін   қалыптастырмайды.   Заңдар   туралы,  адамның   құқықтары    туралы    жүйелендірілген    білімді    адам тек  оқу   барысында   ала  алады,   сондықтан   осы   игілікті  жұмысты   неғұрлым   ерте   бастаса, соғұрлым   тезірек   құқықтық сана  қалыптасады.

        Мемлекет пен құқық негізін оқыту алдында міне осындай мақсат қояды. Қазақстан Республикасының  мектеп оқушыларының басты борышы Қазақстан дербес мемлекет болғаннан бергі жасалған заңдарды оқып – үйрену.

       Оларды тану Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын түсінуге  мүмкіндік береді, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесіне нұқсан келтірілсе, оларды үйренудің пайдасы сонда болады, егер біріншіден мұғалімнің заңның не екенін, олардың әлеуметтік маңызы қандай екенін, олардың әлеуметтік маңызы қандай екенін, заңның талаптары мүлтіксіз орындалғанда қоғамда қандай зиян келетінін түбегейлі білсе, екіншіден оқушылар зор ынта – қыласпен заңдардың мәнін мазмұныны ұғуға, түсінуге тырысулары қажет. Бұл да әрине жеткіліксіз. Заң туралы алған білімді, заңның идеяларын өз жеке басының ой – жүйесіне сана – сезіміне айналдыру керек. Сөйтіп әр адам өзінің өміріні, іс - әрекетін заңдар талаптарына сай, сәйкес жүзеге асырулары қажет. Сонда ғана құқықтық білімнің жеке адам үшін, қоғам және мемлекет үшін пайдасы болады.

Кейбір заңдар көп жылдар бойы өзгермейді, ал кейбір заңдар өздерін өмірге келтірген жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Тұрақты заңдардың қатарына алдымен қылмыстық заңдар жатады, олар ондаған жылдар бойы қолданылады.

        Мысалы, кісі өлтіру, ұрлық, тонау, әйелді зорлау. Мұндай жеке адамға қарсы қылмыстар барлық қоғамдарда да қылмыс болып саналады және оларға қатаң жазалар қолданылады. Ал мүліктік қатынастарды реттейтін заңдар әлдеқайда икемді. Бұл жағдай әсіресе бір экономикалық формациядан басқа құрылысқа көшкенде айқын байқалады. Қазақстан қоғамы соцализмнен нарықтық қатынастарға ауысуда. Осы көшуді қамтамасыз етуде заңның орны ерекше.

        Сондықтан экономикалық қатынастарды өзгертуге бағытталған көптеген заңдар жасалуда. Бұл заңдарды оқып үйренудің маңызы зор, себебі өте күрделі өмірлік  жағдайда жол табуға көмектеседі, сөйтіп адамның өміріін жеңілдетеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарды құқықтық тәрбиелеу үшін шаралар қолданылуда. 1994 ж. Қазақ және Орыс тілдерінде «Қазақстан мемлекеті құқығының негіздері» атты оқулық жарияланды. Оның көптеген мәселелері, түсініктері, заңдарды талқылаулары әлі де болса күшінде. Әрине бұл оқулықтағы мәліметтерді оқығанда 1995 жылғы Қазақстанның Конституциясы, басқа да заңдардың енгізген өзгерістерін білу қажет екенін ойдан шығармау мәселелерін оқығанда осы тұңғыш дайындалған және мектеп, колледж, техникум оқушыларныа арналған хрестоматиялық көмегі тиеді.

       Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тек құқықты негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «Халық» деген ұғымды қолданады. Саяси – құқықтық мағынада «Халық» деген мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға қақысы бар барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы.

       Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етеді. Олар азамттардың діни сезімдерін қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де азаматтардың өзі еркінде тіпті ешбір дінге сенбеуге де  қақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни ілімді уағыздауға жол берілмейді үшіншіден Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тиым салынған.

       Қазақстан  халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеумттек топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай  мемлекетте заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Барша мемлекетте адамдар ең жоғарғы дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтраға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүдделі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп - өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсіну қажет.

        Сондықтан да азаматтар, лауазым иелеруніе заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауларыа қажет. Сонымен бірге азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қарауға заң жүзінде үйренлері керек. Ол үшін сотта да әділ және адал қызмет істеп, азаматаррдың бұзылған құқықтарын  кімнен болса да қорғай алулары керек.

       Конституцияда айтылғандай Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына қамқорлыө жасалды: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге жетімдерге т.с.с әрине әрбір мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліәктерін ескеріп, тікелей көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал – жағдайы төмен дамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің әлеуметтік сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қалай қамқорлық жасап олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызуына қарап анықталады.

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет

 

2.1 Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет

 

1991 ж. желтоқсаында Советттік  Социалистік Республикалар Одағы  ССР Одағы құрамына кірген  Одақтас республикалар егеменді  тәуелсіз және дербес мемлекеттер  құрды.

Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлпекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 ж жіне 1995 ж. Конституциялары. Аталған Конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін,  дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру турлы ойларды алға салады.

Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Констиуциялық зағңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды. Оның негізгі ережелері мыналар:

1. Халықтың билік етуі  жарияланды. Қазақстан Республикасының Констиуциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі халық. Халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы емес, сонымен қатар Қазақстанмен тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары.  Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум) талқылау арқылы сондай-ақ тікелей және жанамалап Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын президентті сайлайды.

2. Егеменді және тәуелсіздікті жариялау Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгісі деп аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтасытығы, қол сұғылмауымен бөлінбеуінің жариялануы, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының болуы, өзінің дара азамттығының болуы, Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын Заңдарының болуы, Қазақстан Республикасының дүние жүзі  мемлекеттері жүйесінде терезесі тең жағдайда болуы. Тәуелсіздік егемендік деген Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден тәуелсіз.

3. Қазақстан Республикасының  Констиуциясы адам және азамат  құқықтарының артыөшылығын, басымдылығын  баянды етеді. Оған дәлел Констиуцияның  адам және азаматты алдыңғы  қатарға қоюы. Констиуцияның баптарының 1/3 адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

Әрине қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Констиуцияда жариялануымен ғана анықталмайды оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындар азаматтарға жағдайлар туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет.

Осы кітапта мемлекет органдарының лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген сонымен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері де бар екенін түсінуі қажет.

Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланумен қатар әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда ғана шын мәнінде құқықтармен бостандықтардың бар екеніне туралы айтуға болады.

4. Констиуцияда адамдардың  ұлтына қарамай құқықтары мен  бостандықтарының тең екендігі  баянды етілген. Қазақстанда көптеген  ұлттардың қкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Констиуцияның барлыө қағидаларына лайықты орын алған. Барлық ұлттардың өкілдері өз тілін пайдалана алады, ана тілінде де оқи алады.

Мемлекеттік қызметке ұлтына қарамай барлық азаматтар істей алады. Оқуға шектейтін ешқандай кедергі жоқ. Констиуцияда  айтылғадай әр адам өзінің қлтын анықтауға, көрсетпеуге немесе көрсетуге еркі бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді. Оған жататындар – адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі.

Конституция заңдардың басқа да мемлекеттің құрылымы: кез – келген заң, Презиеденттің жарлығы, үкіметтің қаулысы, министрліктердің бұйрығы, жергілікті мемлекет органдарының шешімдері тек қана Констиуцияның негізінде, оның қағидалары ойлары және принциптерімен сәйкес қабылдануы қажет, оларға қайшы болмаулары қажет.

Егер олар Констиуцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Констиуцияға жат деп танытып, күші жойылады. Конституцияның нормаларын, ережелерін, мүлтіксіз сақтау талаптары тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға олардың бірлестіктеріне де қойылады.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы мемлекетіміздің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы ба. Қазақстанның  аумағы бес мемлекеттермен шектес: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, қырғызыстанмен және Түркменстанмен. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды.

Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға бюолмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Констиуцияда жарияланғандай Қазақстан басқа мемлекеттермен тату, көршілес, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.

Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды.

Егемендіктің маңызды белгісі – оның мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын, жоғарғы билік, орган – Қазақстан Республикасының Парламенті.

Парламент екі палатадан: сенат пен мәжілістен құралады. Парламенттің негізгі қызметі- заң шығару.

Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілін бірден бір мемлекеттік тіл деп тануда түсінікті.

Қазақ тілі қазақтар Ресейге қосылғаннан бастап мемлекеттік тіл болудан қалған еді. Соның салдарынан бұл тілден саяси – құқықтық түсініктер мен терминдер пайдаланудан сырт қалды. Басқа ұлттардың тілі кемсітілді. Орыс тілі мемлекеттік  ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару орындарында ресми түрде пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының Констиуциясы ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың  бірігіп, тату тұруына заңдық негіз құрды. Сондықтан Қазақстан Республикасы- бүкіл халықтық мемлекет. Бұл жағдай Констиуцияда жазылған, мемлекеттің оның органдарының қызметінің принциптерінде анық айтылған.

Информация о работе Қазақстан тәуелсіз, демократиялық мемлекет