ҚР прокуратурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:50, доклад

Описание работы

ҚР Прокурор ең басты құқық қорғау органы сот органдары мен тең тұрған.Прокуратура органы арнайы мемлекеттік орган болып танылады өйткені ол не заң атқарушы ,не оны орындаушы органдарына жатқызылмайды.Ол ең жоғарғы қадағалау қызметін жүзеге асыратын орган болып есептелінеді.Прокуратура Конституциялық заңдар және басқа да нормативтік актілер және халықаралық шарттарды бір ыңғайлы ,дәлме-дәл орындауын қадағалайды.
Прокуратура органдары өздеріне тиісті құқықтық құралдармен және әдістермен тар ведомствалық бюрократиялық кедергілерді жоюға, шаруашылықтың табысты қызметі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, заң қабылдаушылықты болдырмауға әр кезде ықпал жасауға міндетті.

Файлы: 1 файл

прокуратура баяндама.docx

— 23.03 Кб (Скачать файл)

БАЯНДАМА

Тугубаев Мади ЮК 1-17

ҚР Прокурор ең басты құқық қорғау органы сот органдары мен тең тұрған.Прокуратура органы арнайы мемлекеттік орган болып танылады өйткені ол не заң атқарушы ,не оны орындаушы органдарына жатқызылмайды.Ол ең жоғарғы қадағалау қызметін жүзеге асыратын орган болып есептелінеді.Прокуратура Конституциялық заңдар және басқа да нормативтік актілер және халықаралық шарттарды бір ыңғайлы ,дәлме-дәл орындауын қадағалайды.

Прокуратура органдары өздеріне тиісті құқықтық құралдармен және әдістермен тар ведомствалық бюрократиялық кедергілерді жоюға, шаруашылықтың табысты қызметі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, заң қабылдаушылықты болдырмауға әр кезде ықпал жасауға міндетті.

Бұл шартта прокуратурадан Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығымен ұсынылған барлық мүмкіндіктерді қолдануды талап етеді. Олар:

- лауазымды тұлғалардың өздерінің міндеттерін орындауда заңдылықты сақтау бойынша басты назарды белсенді қадағалауға жинақтау, ол кезде барлық прокурорлық өкілеттіліктері қолданылуы тиіс және заң бұзушылықты жою жайлы ұсыныстар қолдану, қажетті көмек беру, басқару органдарының ұйымдық жұмыстарына белсенді қатысуы;

- дер кезінде заң бұзушылықтың алдын алып және анықтап, міндетті түрде мемлекетке келген шығынды толықтыру;

- барлық мүдделі ведомствалармен келісілген әрекеттерді өңдеуде және жүзеге асыруда жалпы қадағалау және тергеу тәжірибесінің құжаттарын толық түрде қолдану;

- демократиялық және ашық жұмыс  үйренуге, себебі, егерде бұрынғы бойынша басқару аппаратына барса, егер де прокуратура шаралары үлкен еңбек ұжымдарына сүйенбесе, жалпы бақылау жұмысы табыссыз болып қалады [1,].

 

1-бап. Қазақстан Республикасының  прокуратурасы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.

3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.

4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.

5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.

        4-бап. Прокуратура  органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен Мазмұны

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;

4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;

5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 2002.08.09. N 346 Заңдарымен. 

5-бап. Прокуратура органдарының  жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi Қызметi

1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;

2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;

3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;

4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.

3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.

4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.

5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.

6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi

1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн  жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:

1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге;

3) прокурорлардың қадағалау қызметiн  қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.

3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн мiндеттi.

4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.

5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бар.

6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы. (520-522-баптарды қараңыз K010155; 321-1-бапты қараңыз K970167)

8. Прокурор, заңда көзделген басқа  жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.02. N 266, 2000.03.29. N 42, 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.

7-бап. Арыздарды қарау

1. Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.

2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.

4. Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы. V032437

8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану

1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.

3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен.

 

 


Информация о работе ҚР прокуратурасы