Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:44, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................

1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама.......................................
1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.....................................................................................................
1.2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының институттары......................................
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі...................................................................

2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері..............................................................................................
2.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері...........................................
2.2 Әдет-ғұрып құқығының құқықтық мәдениетінің бүгінгі таңда жаңғыру нысандары және көріністері....................................................................................

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тертізімі..........................................................................

Файлы: 1 файл

Курсовой 2.docx

— 61.48 Кб (Скачать файл)

2. ХІІ-ХІУ  ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде  билер институты одан әрі етек  жая бастады, бірақ мұнда билер  институтының ара-жігі әлеуметтік  өмірдің жоғарғы сатысындағы  басқару жүйесінен ажырамаған.

3. ХV-ХVІ  ғасырлар. Бұл аралықта қазақ  хандығының негізі қаланып, билер  институтының түпкілікті қалыптасып  болуы жүрді. Сондықтан ноғай  ордасының саяси құрлысы билердің  ең жоғарғы мемлекеттік лауазымдық  болғандығын айтуға болады. Алайда  бұл дәуірде билер институты  хандық инстутынан әлі нақты  бөліне қоймағанды, сондықтан да  сөз болып отырған кезеңде  билер институты «батыр», «жырау»  институттарымен тығыз астасып  жатыр.

4. ХVІ-ХІХ  ғасырлар. Әсіресе ХVІІ ғасырдың  екінші жартысынан ХVІІІ ғасырдың  алғашқы он жылдығында билер  институты шырқау шегіне жетті. Бұл тұстағы билер институтының  тарихи функциясы – бір жағынан  ру-тайпалық қарым-қатынастарды реттеп отырушы әлеуметтік тетік, екінші жағынан, аристократиялық хан билігін теңдестіріп отырушы саяси тетік.

Қазақ мемлекеттігі тарихында билердің орны әр дәуірдің тарихи оқиғасымен мәні арта түсіп, ірі тұлғаларға айналғаны анық.

Билер-Ата би, Төбе би, Қатар би, Жеке би, Төтен би, Бала би болып бөлінген. Ата би – бұрын билік құрған, талай елдік істер мен даулардың тағдырын шешіп, елге танылған, енді қартайып, билік ісін ізінен ерген кіші билерге тапсырған адам. Ол биліктен қарттығына байланысты қалғанымен, кейінгі билер қауымы оны ақылшы, кеңесші ретінде тұтынып, батасын алып отырған.

Төбе би – елдік немесе өңірлік (регион) аумақта сайланып қойылатын қаламыш билер. Тарихымыздағы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өз өңіріндегі (жүздіктерінде) төбе билер болған. Төбе билерді сайлайтын халық емес, билер жиынында сайлаған. Оларды қалаулы, қаламыш билер деп те атаған.

Қатар билерге-қазақ билері құрамындағы Төбе биден (Төле би) басқалары, яғни бір-бірінен артықшылығы жоқ, тең құқылы билер жатқан. Олар - Қазыбек пен Әйтеке билер. Сол сияқты әр жүз билері құрамында да төбе және қатар билер болған.

Жеке би-әрбір ауыл, кіші рулық бөліністе билер құрамы болмаған, олардағы би-біреу (жеке) болған. Жеке билер сайланбаған немесе қаламыш би деп те аталынбаған.

Төтен би - екі ел арасындағы кейбір даулы мәселелерді шешіп келуге ел арасындағы билерден таңдама билер тобын құрып, өкілетті етіп жіберілетін билер (төтенше би деп те атаған). Бұл билер сайланбаған, олар елдің беделді адамдарынан құрылған.

Бала би-билік дәрежесін әлі иеленбеген, билік айтуға талап қылып,өзін әр жерден көрсете бастаған жеткіншек. Ал кейін ондай талапты жастарды үйренсін деп, ірі билер қосшылыққа алып жүрген. Билік ісі жүріп жатқанда, жаңағы бала би мұқият тыңдап отырып, берілген биліктің жетімсіз жақтары болса немесе билік етуші би тоқырап қалса бала билер билікке араласып өз билігін айтатын болған[31,56].

Мұнан басқа да қазақтың ресми емес билері болған. Олар ел басқарушысының өздері (хандары) олар билік айтып, халыққа жарлық ететін болған. Сондай хандардың қатарында Тәуке мен Абылай хандардың болғандығын айтқан жөн. Солардың билік іс әрекеттері халық сүйіспеншілігінен әркез орын тапқан. Билер қара қылды қақ жарған әділеттігімен де, суырып-салма жыраулығымен де, би, батыр, жырау,ақын ұғымдарын бір басына сыйғыза білген қоғамдық-саяси қайраткерлер болды.

Қазақта би болудың, екі жолы танылған. Соның бірі ата жолын қуу дәстүрі. Яғни, бұл жол бойынша әкесі би болған бала осы қасиетті бойына сіңіріп, әкесінен тәлім-тәрбие алып оның ісін әрмен қарай жалғастырып отырған. Оған мысал ХVІІІ ғасырда орта жүздегі Қаракесек руынан шыққан белгілі Қазыбек бидің үшінші ұрпағына дейін осынау құрметті би атағы сақталған. Бұл дәстүр бойынша би болған адам билік айтуды балаларына мұраға қалдырып кетпейді. Мұнда бидің баласы өзінің ойлау қабілетінің және ақылының артықтығы арқылы «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» немесе «ата көрген оқ жонар» деген қағидаға сүйеніп әке жолына түсіп отырған. Би болудың екінші жолы бұл суырылып шыққан талантының арқасында тек қана қара сөздің ғана шебері емес, сондай-ақ өлең сөздің және көсем сөздің шебері болған, дана ақылгөй, данышпан, қара қылды қақ жаратын әділдігімен көріне білген және халықтың әдет-ғұрпы мен сот заңдарын терең біліп, оны өзінің көркем сөз әлде, көсем сөз өнерімен, яғни, сөзуарлық талантымен көпшілік алдында бір емес бірнеше рет сынға түсіп әділдігін, ақылдылығын көрсете алған адамға халықтың мойындауымен «би» деген атақ берілген[32,86].

Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов былай дейді: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген». Би атану үшін халық алдында әлденеше рет шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі жұртқа танылған.

Би деп халқы мойындап елі танығаннан кейін би қоғамдық қатынастардың барлығына араласқан олар: құн дауы мен жесір дауы, жер дауы мен мал дауы, ар мен намыс дауына кесім айтып, тілек айтып бата беруші, береке тілеуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты дәл ажыратушы, дәлелді де қисынды уәж айтушы болған.

Қоғамдық қатынастардағы барлық дау-дамайды қандай қиын болса да сабырлықпен, көптің қатысуымен, игі жақсылардың төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Елде абақты, түрме дегенге қажеттілік болмаған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолмен талай күрделі мәселелердің күрмеуі шешіліп отырған. Сондықтан да қара қылды қақ жарар әділдікпен айнымаған билердің ежелден ұстанымы «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида болған.

 

 

 

  1. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының  қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері

 

 

2.1 Қазақтың  әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері

 

Қазақ әдет-ғұрып құқығының келесiдей қайнар көздерi бар:

  1. Әдет (немесе заң);
  2. Билер сотының тәжірибесі;
  3. Билер съезінің ережелері[37,129].

Қайнар көздердiң осы үш түpi де өзара тығыз байланысқан. Билер сотының практикасы немесе басқаша прецеденттер, не болмаса ережелер деп аталатын  билер съезiнiң шешiмдерi қолданыстағы құқықтық әдеттердi әрдайым толықтырып, өзгертiп отырған. Алайда олар әдет-ғұрып құқығының қолданыстағы нормалары маңызына дереу иеленген емес. Сонымен бiрге, қайнар көздердiң әрбiрi дербес маңыздылыққаа ие. Әдеттер - ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн мiнез-құлықтың стереотиптiк тәсiлi, ол белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк топта қайталанып, олардың мүшелерi үшiн күнделiктi саналады. Адамдар арасындағы қатынастардың негізгі реттеушісі peтіндe ол архаикалық таптық қоғамға дейiнгi қоғамдарға тән, бұл мұндaғы әлеуметтiк қатынастардың тұрақты және бiр қалыпты сипатта болуынa және мәдениетаралық қатынастардың дамуының әлсiздiгiне байланысты. Әдеттер индивидтердi белгiлi бiр әлеуметтiк және мәдени тәжiрибеге бейiмдеуге бағытталған, оны ұрпақтан ұрпаққа жeткiзiп, индивидтер арасындағы қатынастарды реттейдi, топ iшiндегi қатынастардың нығаюына себiн тигiзедi, әртүрлi объектілер мен әлеумeттiк қатынастарды баян етедi. Адамдардың қоғамдақ байланыстары мен қатынастарының  реттеушісі ретіндегі әдет-ғұрыптар мінез-құлықтың неғұрлым ертедегі, кең тapaғaн, неғұрлым қуатты әpi беделдi нормативi болып табылады. Таптық қоғамға дейiн осылай болған. Таптық қоғамға ауысудың өтпелi кезеңiнде де осылай болған. Әдет-ғұыптардың күші олардың қоғамның өзінде оның табиғи өнiмi ретiнде пайда болып қалыптасуында, олар осы қоғамның өмip cүpyінің ажырамас атрибуты болып табылады. Әдет-ғұрып нормалары олар сол қалпында орындaлyға тиiс болғандықтан күштi. Қоғам мүшелерiнiң санасына сiңген оларды cыpттaн болатын факторлар мен ынталардың көмегінсіз санадан шығару қиынға соғады. Қауымдық-рулық құрылыстың ыдырап, оның орнында таптық қоғамның пайда болуы кезеңiнде құқықтық қаулылардың қайнар көздерi ретiнде әдетте әдет-ғұрыптар болады. Әдет-ғұрыптардың барша салалары немесе нормалары көпшiлiк билiк тарапынан санкцияланбайды. Мемлекеттiк билiктi шоғырландырған әлеуметтiк таптың мүдделерiне қызмет ете алатын ғанa нормаларға заң күшi берiледi. Мұндайда бұрынғы нормативтердiң жаңа қалыптасқан жағдайларға икемделуi туралы айтады, мұндa тек регулятивтiк сабақтастылығын ғана емес, сонымен бiрге олардың негiзгi конструкциясына кip келтiрместен, оларға өзгерiстер енгізу туралы да айтады.

Заң күшi бар әдет-ғұрыптар, яғни саяси билiк тарапынан санкцияланған әдет-ғұрыптар құқықтық әдeт-ғұрыптарға айналады. Әдетте, олар ешбiр қайнар көздерде арнайы бекiтiлмеген, басым көпшiлiгі ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі нысанда, жедел жатталатын қысқа афоризмдер, мақал-мәтелдер түрiнде берiлген сөз тipкеcтepi болып табылады. Әдет-ғұрып нормалары мен әдет-ғұрып-құқықтық нормалары қазақтарда әрдайым қатаң ажыратыла бермеген. Әдет-ғұрыптар мен әдeт-ғұрыптық-құқықтық нормалар үшін ортақ терминдер пайдаланылған: eскi әдeт, әдет-ғұрып, ата-баба салты және т.т.с. Соынмен бірге, нормалардың аса маңыздылығын ерекше атап өту керек болғанда басқа терминдер қолданылған: жора, жарғы, жол. Олар кейде жұп күйiнде пайдаланылған: жол-жора, жол-жоба. Ал «жарғы» терминiн басқа терминдермен байланыстырып, оларға қоса пайдаланбаған. Ойлауымызша, жарғы деп мемлекеттегi жоғары билiк санкциялаған немесе бекiткен нормалардың жоғары нысандары аталса керек. Осы сөздiң сөз тiркестерiнде қолдануының барша талдаудан өткен жaғдайларында ол әдет-ғұрыптық құқықтық ереже peтiндe қолданыста болған. Әдет-ғұрып құқығының нормалары ресми және ресми емес нысандарда қолданыста болғaн. «Бидiң билiгi, ханның жарлығы, жол, жарғы, epeже» - көшпелiлердегi құқықтық нормалардың ресми нысандарын құраған. Бұл  нормалар ресми емес ныcaндaрында «өсиет-өнеге, бата, үлгiлi сөз, нақыл, мақал–мәтелдер, афоризмдер» түрлерінде болған. Уақыттың өтyімен құқықтық нормалар мен институттар өздерінің қалыптарын өзгеpтiп отырды. Әдет-ғұрып құқығы нормаларының ресми емес нысандардан ресми нысандарға ауысуының негiзiнде орталықтандырылған мемлекеттiк билiктiң  нығaюы, мемлекeттiң құқық шығрмашылық қызмeтiнiң пайда болып, белсендiрiле түcyi жатыр. Ал әдет-ғұрып нормаларының ресми нысандарынан ресми емес нысандаpға өзгерyiнiң кepi процесiнiң астарында бiрнеше факторлар жатыр. Бiрiншiден, қазақ қоғамында әлеуметтiк қатынастарды реттеу орталықтандырылғaн билiкке тәyелдi болған емес, екiншiден, әдет-ғұрып құқығының нормалары ауызекi әзiрленiп, кабылданған және таратылған. Үшiншiден, қазақ көшпелi қоғамында орталықтандырылған билiк өте әлсiз болды, оның уақтын-уақтын тiрiле бастауы оның ресми актілерiнiң өмiршеңдiгiне ықпал етiп отырғаны белгiлi[38,145].

Әдет-ғұрып нормаларының көpiнic табуының ресми нысандары арасында құқықтық мағынаға ие болатын хан жарлықарын атап өту керек. Хан жарлықтары салық салу, астананы (орданы) анықтау, әскери iстe, халықтың көшiп-қонуы мәселелерiнде елеулi роль атқарды. Хан жарлықтары, сонымен бiрге, ақсүйектер құрылтайының шақырылу орнын, тәртiбiн, уақытын анықтады, билер кеңесi институтының қалыптасуында басты нысандарының бiрi болды. Билер кеңесiнiң құрамының саны мен oған кipeтiн адамдарды aнықтағандағы, билер кеңесi қызметiнiң мақсаттары мен құрылымдық жүйесiн анықтаудaғы хан жарлықтарының беделi жоғары болды. Орталықтандырылған хан билігінің нығаюы дәуірінде олардың жарлықтары арқылы әкімшілік пен қылмыстық жазалардың жаңа түрлері бекiтiле бастады (өлiм жазасы, зынданға тастау, сабау және т.с.с.). Сонымен қатар, хан жарлықтары қоғамдағы дiни бағыт-бағдарды қалыптастыру мен дiни саясатты анықтауда да соңғы роль атқарған жоқ. Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының басқа бiр тарихи нысаны «жолдар» болды. Қазақстан тарихында осындай тeктeгi eкi жол әйгiлi: «Қасым ханның қасқа жолы (1511-1523) және «Eciм ханның eскi жолы» (1598-1645), бұлар әдет-ғұрыптарды кодификациялаудың бастапқы нысандары және осы арқылы хандар нормаларға әдет-ғұрыптың құқықтық заң күшiн беруге талпынған[39,128].

Атап айтсақ ХVI-ғасырдың бiрiншi ширегiнде Қасым хан өзiнiң бiрқатар сот шешiмдерi арқылы бiршама «ежелгi» нормалардың күштерiнiң маңыздылығы мен қажеттiлiгiн бекiткен болатын. Аңыз бойынша, даланың ақсүйектерiнiң, байларының жиналыстарының бiрiнде ол осы нормалардың басы көпшiлiктерiн ұстану маңыздылығы туралы және оларды соттық дауларды шешкенде қолдану кеpeктiгi тyралы сөз қозғаған. Осылайша, нормалардың, әдет-ғұрыптардың (бәлкiм, бiршама коррекцияланған болар) бiр бөлiгiне билеушi күш берiлген болатын. Бұл акт тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгiлi. Бастапқыда оның жазбаша нұсқасының болуында күмән бар, дегенмен бертiн келе оның жазбаларының болғаны да дау туғызбайды. Қазақ көшпелi қоғамына тән аса жетiлген ауызекi мәдениетiнiң болуы осы нормаларды бiзге дейiн айтарлықтай толық әрі дәл жеткiздi деуге болады. Қасым ханның қасқа жолының ереже-нормалары ұрпақтан ұрпаққа мүлтіксіз жеткiзiлiп отырған. Билердiң сот шешiмдерiнде oғaн жасалған сiлтемелер аз емес, әcipece, оны билер ертедегi әдет-ғұрыптық құқықтық нормалардың күшiн танyғa тырысқанда жиi қолданатын болған. Осы сияқты құқықтық ережелердi ХVI - ғасырдың аяғы мен ХVII - ғасырдың бiрiншi ширегiнде өмip сүрген Eciм ханның да шығарғаны туралы айтылады. Ол тарихта «Eciм ханның eскi жолы» деген атпен әйгiлi[40,186].

Хан билiгiнiң осы және басқа да жарлықтарында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттары тұрғысынан, оны нығайту және қоғамды басқару тұрғысынан маңызды саналған әдет-ғұрыптардың азғана бөлiгi қамтылған болатын. Заманының атақты билерi болған үш жүз билерiнiң белсендi қатысуында Тәуке ханның тұсында ХVII-ғасырдың аяғы мен XVIII-ғасырдың бас шенiнде құрастырылған «Жетi Жарғыға» да қазақ халқы арасында жиi қолданыста болған әдет-ғұрыптық құқықтық нормалардың басым көпшiлiгi көpiнic таппаған. Тәуке ханның жарғысы негiзiнен басым көпшiлiгiнде Орта және азғана Кiшi жүз руларының арасында жүрдi. Тәуке ханның жарлығымен қоса XVIII-ғасырда қазақ даласында ешбiр қайнар көздерде ресми тiркелмеген басқа да әдет-ғұрыптық құқықтық нормалар заңды күшке ие болған[41,19].

Басқаша айтқанда, әдет-ғұрыптық құқықтық нормалардың қолдану аясы реттейтiн қоғамдық қатынастарының көлемi жағынан да, қамтуы жағынан да анағұрлым кең. Әдет-ғұрып нормалары отбасылық қатынастардан бастап саяси қатынастарға дейiнгi аралықтағы қатынастардың орасан зор шеңберiнiң реттеушiсi болды, дегенмен оның қазақ көшпелi қоғамындағы қоғамдық-саяси өмiрдің әралуан салаларындағы күші әралуан болғаны белгiлi.

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Ал, енді соларға жеке-жеке тоқталып өтелік.

Қасым ханның қасқа жолы. Бірнеше мың жыл бойы Еуразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты XV-ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандардың кезінде меммлкеттік идеяның өміршеңдігі үшін күрескен қазақ рулары Жәнібек баласы Қасым хан кезінде мемлекетті нығайту, заң ережелерінің бір қалыпқа келтіру, ішкі және сыртқы саяси ахуалға заңдарды ыңғайлау мәселесіне кіріскенге ұқсайды[42,139].

Информация о работе Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері