Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 13:07, реферат

Описание работы

Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.
Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.

Файлы: 1 файл

1 сентябрь білім күні тақырыбы.docx

— 124.13 Кб (Скачать файл)

Сондықтан да тарихта, оқу  пәніндегідей, қазақтар мен өзге халықтардың мәдени және экономикалық қарым-қатынастар үдерісі, түрлі этностардың ел тарихына үлесі лайықты танылуы тиіс.

Нәтижесінде қазақстандықтардың тарихи сана-сезімі топтасуға, өзінің  өткеніне, қазіргісіне және болашағына патриоттық қарым-қатынас қалыптастыруға жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біз бүкіл күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайтуымыз қажет. Бүгінде ХХІ ғасыр, инновациялар уақыты, сондықтан қазақ қоғамы да бұрынғы ғасырлардағыдай бола алмайды.

Қазақтың зиялы қауымы менің сөзімді естуі тиіс.

Қазақстан — біздің жеріміз, біз  өз жеріміздің перзентіміз.

Ақиқат қарапайым: қазақтардың  белсенді араласуынсыз Қазақстанда  ешқандай ұзақ мерзімді қоғамдық келісімнің болуы мүмкін емес.

Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабаларымыздың жері болған.

Ол енді біздің ұрпақтарымыздың  жері болмақ.

Біз өз жеріміздегі бейбіт өмір үшін тікелей жауаптымыз.

Толеранттылық ұлттық құндылық және Қазақстан халқының игілігі болып табылады.

Ол қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлері мен мәдени үлгі-қалыптары негізінде қалыптасты.

«Ел-жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» —  бұл ұғымдар қазақтардың дүниетанымы  және өмір салттарының негізінде жатыр.

Осындай құндылықтардың арқасында  біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталып отыр.

Сондықтан қазақтардың толеранттылықты  қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет.

Осы тәжірибені ЮНЕСКО-дағы Қазақстан өкілдігі жұмысының бағыттарының бірі ретінде тану тиімді болар еді.

Төртіншіден, Тәуелсіздік  жылдары ішінде Қазақстандағы тілдердің, мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке, өзіне тән реңктер мен әсемдіктер молшылығына ие болды.

Бүгінде, әлемде түрлі бағалаулар бойынша, күн сайын 10-25-ке дейін жазба  тілдер жойылып, этностық мәдениеттердің бүтіндей бір қатпарлары келмеске кетуде!

Чамикуро тілінде сөйлейтіндердің  ең соңғыларының бірі Наталия Сангама былай деген болатын:

«Мен чамикуро тілінде  армандаймын, бірақ өз армандарымды ешкімге айтып бере алмаймын, өйткені  ендігі жерде чамикуро тілінде ешкім  сөйлемейді. Сенің ең соңғы болуың жалғыздыққа ұрындырады».

Эяк тілінде ең соңғы болып  сөйлеген, 2008 жылғы қаңтарда дүниеден өткен Мэри Смит мынадай үндеу жасаған болатын:

«Сенің тіліңде сөйлейтін  соңғы адам болу өкінішті. Мен сияқты жалғыз қалмау үшін өз бастауларыңа қайта оралып, өз тілдеріңді үйренулеріңді өтінемін».

Қазақстанда тәуелсіздік  жылдарында бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ.

Біз тіпті ең шағын этностық топтар – ассириялықтардың, рутулдардың, лактардың және басқа да топтардың мәдениеттерін ұқыптылықпен сақтаймыз және оларды дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасаудамыз.

Қазақ жері 100-ден астам  этностарды біріктірді.

Әрине, осы этностық әралуандықтың  бәрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент қажет.

Бүгінде ұлтты біріктіруші басты фактор қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып отыр.

Бесіншіден, бізге менталитет моделін, «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының негізінде елдің болашақ бейнесін қалыптастыру қажет.

Бұл бейне шынайы, тартымды және рухтандырушы болуы тиіс.

Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзіміздің мәдени кодымыз: тілді, салт-дәстүрлерді, құндылықтарды сақтай отырып қана оған баламалы жауап қайтара аламыз.

Отанға, туған жерге, өзіміздің  ата-бабаларымызға, өзіміздің біртұтас және бөлінбейтін тарихымызға деген сүйіспеншілік бүкіл қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие.

Біздің асыл мұраттарымыз — Тәуелсіздік, бірлік, келісім және өркендеу.

Оны Қазақстанның халқы өзі  қалыптастырды.

Ұлт бірлігін нығайтуда интеллигенция  қызметі айрықша маңызға ие.

Тек интеллигенция ғана қоғамды  топтастырудың рухани үдерісіне басшылық жасай алады.

Біздің елордамыз осы  жұмыстың орталығына айналуы тиіс.

Сондықтан да біз Астанада әлемдік деңгейдегі Опера және балет театрын — «Астана-операны» салдық, Қазақстан тарихының жаңа мұражайын құрудамыз.

Алтыншыдан, біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады.

Ол біздің бірлігіміздің  ең берік, материалдық негізі.

Мен әркім меншік иесі болғанда қоғамдық келісімнің іс жүзінде жүзеге асатынына берік сенімдімін.

Сондықтан да мен Үкіметке «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырдым.

Ассамблея бұл бағдарламаны түсіндіруге белсенді атсалысуда.

Бұл өте маңызды, бүкілхалықтық іс. Оны жалғастыру қажет.

Бүгінде біз бірлік пен  толеранттылық біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған біздің экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз!

Бүгінде бейбітшілік пен  келісім саясатының тікелей экономикалық тиімділікке ие екені баршаға мәлім.

Ішкі тұрақтылық инвесторлар  сенімін нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты  дамытуға жағдай жасайды.

Жетіншіден,жаһандық трендтерді ескере отырып, біз мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара қарым-қатынастарының тиімді моделін табуға тиіспіз.

Біздің тарихи таңдауымыз — зайырлы мемлекет пен қоғам.

Бірақ зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді.

Зайырлы дегеніміз — ілгерішіл, бейбітсүйгіш, толерантты, ашық қоғам.

Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кезкелген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз.

Жастарды біздер үшін бөгде  радикалды діни ағымдардан қорғау қажеттігіне  менің сенімім мол.

Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар  бойы толерантты, яғни тағатты болды.

Сонымен бірге мен толеранттылықтың, кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді.

Толеранттылық — өзіміз нығайтып, сақтайтын және бүкіл ұрпақты тәрбиелейтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы. 

 

Құрметті сессияға қатысушылар!

Екі онжылдықта Қазақстан  Жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды.

Бұл бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасқандығының нәтижесі!

Бұл ұлттың нағыз пассионарлық бұлқынысы!

Бұл тек күшті халықтарға ғана тән ұлы қабілет.

Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!

Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Біздің мерейтойлық сессиямыз  — бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.

Алдымызда үлкен жоспарлар  тұр.

Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.

Сондықтан да біз бір халықпыз — бір елміз —бір тағдырмыз!

Мен бүкіл қазақстандықтарды  алдағы Қазақстан халқының бірлігі  күнімен құттықтаймын!

Барлық сессияға қатысушыларға, бүкіл халыққа және жаһандық әлемдегі біздің барлық достарымызға зор табыстар тілеймін! 

 

 

 

 

 

 

Astanada «Qazaqstan – 2050»  Strategiyası: bir halıq – bir el – bir tağdır»  taqırıbımen Qazaqstan halqı Assambleyasınıŋ HH sessiyası  štedi

24-Säuir, 2013   Aqparattar ağını   1,406 ret oqıldı

Bügin Astanada  Beybitşilik jäne kelisim sarayında Qazaqstan Respublikasınıŋ Prezidenti, Qazaqstan halqı Assambleyasınıŋ Tšrağası Nwrswltan Nazarbaevtıŋ tšrağalığımen «Qazaqstan – 2050» ctrategiyası: bir halıq – bir el – bir tağdır» kün tärtibimen Qazaqstan halqı Assambleyasınıŋ HH sessiyası štedi. 
Onıŋ jwmısına barlıq aymaqtardan Assambleya müşeleri, respublikalıq jäne šŋirlik etnomädeni birlestikter tšrağaları, Parlament deputattarı, ortalıq atqaruşı organdardıŋ, sayasi partiyalardıŋ, dini birlestikterdiŋ, ükimettik emes wyımdardıŋ basşıları, şet memleketterdiŋ diplomatiyalıq missiyaları, ğılımi jäne şığarmaşılıq intelligentsiya jäne BAQ qatısadı. 
Sessiya soŋınan saltanattı kontsert štedi. 
QHA-nıŋ HH sessiyası qarsaŋında Qazaqstan Respublikasınıŋ Memlekettik hatşısı Marat Täjinniŋ qatısuımen Assambleya Keŋesiniŋ keŋeytilgen otırısı štti, onda QHA qızmetiniŋ birqatar šzekti mäseleleri qaraldı. 
23 säuir küni Almatı qalası QHA delegatsiyasınıŋ elordağa saparımen Memleket basşısınıŋ QHA-nıŋ XVII sessiyasında bergen tapsırmasına säykes jürgizilgen Qazaqstan halqı Assambleyasınıŋ «Beybitşilik pen kelisimniŋ jol kartası» attı mega jobası qorıtındılandı. 
Sessiya bağdarlaması ayasında aymaqtıq delegat-qatısuşılar üşin bekitilgen ortalıq memlekettik organdar basşılarımen, Assambleyadan saylanğan QR Parlamenti Mäjilisi deputattarımen kezdesuler, Astana qalasınıŋ kšrikti jerlerine ekskursiyalar wyımdastırıldı. 
25 säuir küni Qazaqstan halqı Assambleyası HH sessiyasınıŋ qatısuşılar – aymaqtıq assambleyalar delegatsiyalarınıŋ škilderi Astana qalasında štetin «Qazaqstan – bizdiŋ ortaq üyimiz» attı halıqaralıq konferentsiyağa qatısadı.

6

 

 

 

 

 

 

 

Астанада «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік  және Келісім сарайында Қазақстан  Республикасының Президенті, Қазақстан  халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен  «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді.

Оның жұмысына барлық аймақтардан  Ассамблея мүшелері, республикалық  және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси  партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік  емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ  қатысады, деп хабарлады ҚХА баспасөз қызметі.

Сессия соңынан салтанатты концерт өтеді.

ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген  отырысы өтеді, онда ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралады.

23 сәуір күні Алматы қаласы ҚХА делегациясының елордаға сапарымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның XVII сессиясында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега жобасы қорытындыланады.

Сессия бағдарламасы аясында  аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

25 сәуір күні сессия қатысушылары - аймақтық ассамблеялар делегацияларының өкілдері Астана қаласында («Ramada Plaza» қонақ үйінде) өтетін «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференцияға қатысады.

Салем мен 1985 ж туылганмын маган адал жар болатын нагыз  ер минезди ишпейтин азамат болса  екен деймин,Мумкун болса мемлекеттик кызметте истейтин,озиме келетин болсам мемлекеттик кызметте истеймин ажырасканмын балам жок,минезим ашык жаркын кулип жургенди унатамын,тел ном 87782910510 ботен ойлылар мазак ушин танысып корейн деген ой болмайды деп ойлаймын,29-35жас аралыгындагы жигеттер болсын,

 

 


Информация о работе Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы