Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 10:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты- осы тақырып бойынша көптеген әдебиеттерді қарастырып, Қазақстандағы қаржылық лизингінің қызметін қарастыру, оған байланысты көрсеткіштер кешенін зерттеу, талдау мен ұсыныс жасау болып табылады.
Жоғарыда айтып өткен мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қарастырылды:
- лизингтің теориялық негізін зерттеу
- Қазақстандағы лизингтің даму жағдайын қарастыру;
- лизингтік қатынастардың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

Содержание работы

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 4

1. ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні ...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері ..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2. «КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері ................... 30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы ............... 43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау ...50

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 82.10 Кб (Скачать файл)

Техника мен құрал- жабдық лизингіне деген сұранысты бюджеттен бөлінетін ақша құралдары есебінен қанағаттандыра алмайтындығын түсінген. «КазАгроФинанс»   жобаларды өзінің жеке қаржысы мен шетелдік қаржы институттарынан алынатын ақша есебінен жүзеге асыра бастады. 2012 жылдан бастап, өзіндік уақытша бос ақшалар есебінен лизинг шарттамаларындағы бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру, шетелдік қымбат бағалы техниканы сатып алу үшін ауылшаруашылық өнімдерін шығарушыларды қаржыландыру, технологиялық құрал-жабдықтарды лизингке беру, сол секілді айналымдағы ақша құралдарын толықтыру үшінмақсатты займдар берілді. 2013 жылы компания алғаш рет жалпы сомасы 0,6 млрд теңгені құрайтын 23 шетелдік комбайнды атақты батыс банктерінің экспорттық сақтандыру агенттерінің есебінен алуды қаржыландырды. 2012жылы 22 өнімділігі жоғары тұқым сепкіш кешен мен 219 астық жинаушы комбайндар сатып алуға, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркісіб селосында шығарылатын томат пастасы мен жеміс пюресі заводын сатып алу қаржыландырылған. Аталған жобалардың жалпы сомасы 4,1 млрд теңгені құрады. Сөйтіп компания жыл сайын ауыл шаруашылығына салынатын қаржы көлемін ұлғайтып келеді, олардың қатарына өзіндік және тартылатын қаржылар көлемін ұлғайту да жатады. Өзімізде бар ресурстарды түгел қолданып, жыл сайын салым көлемін ұлғайтып жатсақ та, лизингке түсетін сұраныстың небары 40-60 пайызға ғана қанағаттандыра аламыз.Есептік мәліметтер бойынша, Қазақстандық машина тракторлық паркті жаңарту үшін шамамен 142 млрд теңге қажет, сондықтан техника лизингісінің потенциалы жоғары. 2012 жылы да компания алдына үлкен міндеттемелер қойып отыр. Біз 2012 жылы АӨК (Агарлық Өндірістік Комплекс) дамытылуына 30 млрд теңге салмақпыз, мұндағы бюджеттік қаржы небары 7 млрд құрайды.

Бұл кезде компания АӨК төмендегідей субъектілерін қолдауға ерекше назар аудармақшы:

  • топырақ пен тұқым себу өндірісінің жаңа технологиясын енгізушілер;
  • ауылшаруашылығының ерекше құнды өнімдері-рапс пен сояны енгізушілер;
  • ауылшаруашылығының және балық өнімін қайта өңдеудің алғы шептегі өндірісін дамытушылар (бұлар бізге әлемдік сапалы, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді)
  • астық тұқымдастарын тереңдегі өңдеу, биоэтанол өндірісімен айналысушылар;

Компанияның тағы бір ерекше назар аударғалы отырған мәселесі мал басы өсімі жоғары, агроиндустриалды мал шаруашылығы кешенін құруды қаржыландыру. Оның ішіне өзіндік жем беру базасы, малды ұстаудың жоғары технологиясы мен олардан алынатын өнімді өңдеудің аяқталған циклы жатады.

Мұндай жобалардың жүзеге асырылуының себептерінің бірі-Қазақстан Республикасындағы мал басының тым азайып кетуі мен малды ұстаудың қазіргі заманғы, алдыңғы деңгейлі технологияларының болмауы. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі мен  «КазАгроФинанс» АҚ бар мәліметтерге сүйенсек ірі қара мал табынындағы асыл тұқымдылары көлемі-4 пайыз, қойлар-7 пайыз, жылқы-1,5 пайыз, шошқалар-6 пайыз құрайды.

Бүгінгі күні компания өз қаржысы есебінен екі агроиндустриалды сүт-тауарлы фермалардың құрылуын қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге ірі автоматтандырылған сүт-тауарлы фермалардың құрылуы, таңдамалы-асыл тұқымды шаруашылықтар, оның ішінде өнімділігі жоғары жануарларды өсіру үшін 2010-2011 жылдары республикалық бюджетінен 9 млрд теңге өлшемінде ақша бөлуді қарастыру керек.

Компания жеткен нәтижелер мемлекеттің позитивті бастамаларының бейнесі болып табылады. Өкімет пен депутаттық корпус тарапынан лизингті дамыту қажеттілігін толық түсінеді және лизингті заңнамалық деңгейде қолдайды. 2008 жылы «Қаржылық лизинг туралы» Заңға енген өзгерістер, Азаматтық және салық кодекстері лизингті азаматтық-құқықтық басқару мен оған салық салу ТМД-дағы ең прогрессивті процестердің бірі деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезетте әлі күнге шешімін таппай келе жатқан да мәселелер бар.

Салық заңнамасы сублизинг келісімін жасаушы субъектілері үшін ешқандай салықтық жеңілдіктерді қарастырмайды, ал әрекеттің бұл түрі перспективті болып табылады. Потенциалды түрде сублизинг лизингтік негізде кіші шаруашылықтардың техникасы мен құрал-жабдығын, ауылшаруашылығы өнімін өндіруге қызығушылық танытқан ірі өндірістерді қаржыландырудың тиімді механизмі болуы мүмкін.

Тағы бір қиын мәселе Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы техникасының кейбір түрлерін әкелу.

Әкелінетін техникаға кейбір жағдайларда 15 пайызға дейін жететін әртүрлі пошлиналар міндеттелген, ал Қазақстан Республикасында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының көлемі мен номенклатурасы тым аз.

Техниканың дөңгелекті және тісті тракторлар, кеңқұлашты культиватор-тұқым сепкіштер мен өзге де түрлі Қазақстанда шығарылмайды, сол себепті тауар өндірушілерде оларды алуға деген қажеттілік туындайды. Сондықтан бір мезетте әкелу пошлиналарының төлемі машина-тракторлық паркті жаңартуға кедергі келтіреді және аталған жағдай кедендік пошлинасы 15 пайыз көлемдегі тиісті тракторлар әкелуде ерекше көрінеді. (2009 жыл мамыр айына дейін уақытша-5 пайыз). Пошлинаның мұндай көлемі кезінде елге өнімділігі жоғары тиісті тракторларды әкелуге ауыл адамдарының шамасы жетпейді.

Бұдан өзге асылтұқымды малды әкелуде де бірқатар қиындықтар бар. Аталған уақытта асылтұқымды малды әкелуге нөлдік пошлина белгіленгенімен, ҚҚС төлемі бөлігінде ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Асылтұқымды жануарлардың құнының қымбатшылығы жағдайында оларды Қазақстан Республикасына импортқа әкелу және ҚҚС төлемін төлеуді мал өсірушілер қалтасы көтермейді.

Аталған мәселелердің шешімін табу лизинг дамуын күшейтіп қана қоймай, жалпы Қазақстанның агроөндірістік кешенін дамытуға үлес қосады. Ал біздің компанияға келсек, қол жеткен лижемен тоқтап қалмай, одан әрі жылжи түсеміз. Жақын арадағы жоспарда былтырғы жылдағыдай, «Делайт и Туш» компаниясында халықаралық аудит өткізу, NCO халықаралық стандартына сәйкес менеджмент жүйесін енгізуді аяқтау, «Oracle» лизингі бағытында алдыңғы қатарлы бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сонымен бірге Президенттің ішкі қор рыногын дамытуға байланысты бастамасын жүзеге асыру аясында шығарылымы жауапты органда тіркелген және «А» Қазақстан қор биржасының тізіміне ілінген өзіндік облигацияларды орналастыру.

Жалпы алғанда компания барлық аграрлық сектордың толыққанды қаржы институтына айналып, нақты одақтас болу міндетін біртіндеп жүзеге асырып келеді. Мемлекет пен қаржылық институттардың бірігіп еткен әрекеттерді ауылды толыққанды дамытып, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруда экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтіп, импортты өзіндік тауарлармен алмастыруда оң нәтижесін беру керек.

«КазАгроФинанс» АҚ Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасы қаржылық лизинг бойынша 8 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Машина – тракторлық парктері көнерген республика аймақтарының барлығын қамту мақсатымен 12 облыстық бөлімшелер мен өкілдіктер құрылған. Өзі әрекет ете бастаған мезеттен бастап, қоғам 2009 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес активтер өлшемі 20 млрд теңгеден астам Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың біріне айналды. Қоғам республиканың ауылшаруашылығына барлығы 25,2 млрд теңге берген. Аталған мезетте компанияда 700 жалға алушылар мен 1250 – ден астам келісім – шарттар бар, лизингкке ауылшаруашылығы бірліктерінің 5300 астамы берілген.

2006 жылдан бастап «КазАгроФинанс» АҚ 2007 – 2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық бағдарламаны орындауға қатысып жатыр. Ол көлік – технологиялы бекеттерді қамтамасыз ету мен қаржыландыруға республикалық бюджеттен ақша бөлген. Көлік – технологиялық станциялар ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дәнді дақылдарды өсіруге, жөндеу техникалық, кепілдік қызметтерін жүргізу, ауылшаруашылығы техникасын қолдану, құралдар мен қосымша бөліктерді қолданысқа ендіруге көмекке арналған.                       

Сөйтіп «КазАгроФинанс» АҚ республиканың барлық аграрлық секторының дамуын қаржыландыратын толыққанды қаржылық институт және нағыз одақтас болып табылады. Сонымен бір мезетте жеке салымшылар мен кредиторлар үшін компанияның инвестиционды бейнесі де өсіп келеді. Бүгінде ауылшаруашылығы техникасының лизингін ұсынатын өзге де бірқатар компаниялар бар. Бірақ қоғамның артықшылықтары мынада жатыр: шынында Қазақстандағы лизингтік қызметтер рыногы күн санап өсіп келеді. Республикада бар техника мен құралдар паркі ескіріп, жөндеуді қажет етіп тұрғаны құпия емес, ал жалғыз шығар жол лизинг, сондықтан алдағы жылдары оған деген сұраныс жоғары деңгейде қалмақ.

 Қазір елде лизинг  дамуына бар мүмкіндіктер жасалған, олар аталған нарықта бәсекелестік  туғызып, лизингтік қызметтер сапасының  жақсаруы мен пайыздық ставкалардың  төмендеуіне әкелмек. Лизингтік  қызметтер рыногы өндіруші үшін де, салымшы үшін де қызығушылық туындатып отыр. Мамандар бағалауы бойынша, негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі бойынша есептегенде, қазақстандық лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар үлесі алдағы 3 жылда 4 – 5% деңгейге жетіп, 500 – 550 млн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

 Аталған уақытта республикада 15 лизингтік компания бар, олардың  бас кеңселері Алматы қаласында  орналасқан, үшеуі Астана қаласында, оның ішінде «КазАгроФинанс»  та бар. Аталған қызмет рыногында бәсекелестік күн санап артып келеді, лизингтік қызмет көрсетумен лизингтік компаниялар ғана емес кейбір отандық банктер де айналысады, нарықта жаңа лизингтік компаниялардың пайда болуы да мүмкін. Соңында бұл лизинг қызметін тұтынушыға оң әсерін тигізеді деген ойдамын. Егер «КазАгроФинанс» туралы айтатын болсам, бәсекелестік күресте жеңіп шығу олар үшін басты мақсат емес. Компанияны құрудағы негізігі мақсат – ауылшаруашылығы өнімін өндірушіні қолдау болса, олар сол жұмысын атқаруда. Сондықтан дәл осы мезетте олар жолаушылар және жеңіл көлік тасымал, мұнай, кен өндіру және өзге де салалардың лизингтік қызметтеріне қатынаспаймыз. Ал Қазақстандық лизингтік компаниялар ұсынп отырған марапаттау ставкалары деңгейіне келетін болсақ, ол отандық лизингтік компанияларды құру спецификасымен танылады.

 

 

 

                                             
   Қорытынды

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті.  Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Лизингтің маңызы - өзіне тиесілі әр саланың дамуына үлесін қосу.  Сонымен қатар мемлекет үшін лизинг жаңа техниканы сатуға көп мүмкіндіктер туғызады.  Лизинг фирмаларды осындай операцияларды қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қорлардың тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг – ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарыққа көтерудің факторы болды. Өндіріс орындарындағы жабдықтың тозуы және моральдік ескіруі, негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр.

Қазір Қазақстан аумағында түрлі бағыттағы 16 лизингтік компания жұмыс істейді: олардың 11-і – Алматыда, 4-уі – Астанада және біреуі – Қарағандыда. 2009 жылдың аяғына таман республикда лизинг көлемі 250 миллион долларға жуықтады. Ал ек-үш жылда, Халықаралық қаржы корпорациясының мамандарының бағалауы бойынша, үш есе көбейеді.

Қазақстан Республикасында  80 – жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жолдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, кеоешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикағы өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән ір түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.Бүгінгі күні лизинг, оның ішінде қаржылық лизингті қолдану экономика мен әлеуметтік саясаттың дамуында көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе де, Қазақстанда сұранысқа ие бола алмай келеді. Негізгі себеп – лизингтік қызметтің отандық рыногында құқықтық, институционалдық және ұйымдастыру – техникалық бағыттағы шешімін таппаған мәселелері бар. Осын-дай факторлар қатарында, бірінші кезекте лизингтік келісім – шарттарды жүзе-ге асырудың заңнамалық базасының әлсіздігі, өйткені «Қаржылық лизинг туралы» Заң Азаматтық Салық және Кедендік Кодекстер нақтылай түсуді қажет етеді. Сонымен қатар қажетті ақпаратты алу шарттарының шектелуін қоса есеп-тегенде лизингтік қызметтер инфрақұрылымының болмауы, халықаралық деңгейде лизингтік операцияларды ұйымдастыру мен өткізу үшін технологиялардың жетіспеушілігі. Қазақстан 1998 жылғы «Қаржылық лизинг туралы» халықаралық конвенцияға әлі енген жоқ. Нарықта жоғары қауіп бар, алғашқы төлем төлеу мен ресурстар құнының жоғары деңгейінде қаржыландыру мерзімі шектелген. Лизингтік инвестициялық жоба тиімділігін оперативті бағалау әдістемесі жоқ. Лизингтік компаниялар әртүрлі өндіруші-лер мен Республика аймақтарындағы құралдар мен технологияларға деген қажеттілікті толық зерттемеген. Ал кіші және орта бизнестің көптеген субъектілерінде пайда мен лизинг перспективтілігі туралы түсінік жоқ. Тәжі-рибе көрсеткендей, лизингтік операциялардың жасалуы көп адамдар үшін зор қиыншылықтар туғызып тұрған сапалы бизнес жоспары болған жағдайда ғана өз қатысушылары үшін тиімді бола алады.Шетелдік  тәжірибеге сенсек, оперативті лизинг дамуы жақсы дамуы керек. Бұл жағдайда лизинг алушы мерзімі аяқталғанда құралды меншік иесіне қайтарып береді, ал лизинг беруші негізгі кірісті құралды екінші реттік нарыққа өткізгенде ғана алады. Лизингтік міндеттемелердің сақтандырылуы, лизнг келісім – шарттары базасында бағалы қағаздар эмиссиясы, тауар жеткізушілер тарапынан үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру, сондай – ақ лизингтік операциялар болуы керек. Қауіпті бірнеше банктер арасына бөлу келісім – шарттары мен жақтар міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің сақтандыру принциптерін жасау дұрыс деп табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының берілген кезеңінде несиелік және кәсіпкерлік қауіптің алдын алудың оптималды нұсқаларының бірі ретінде лизингтік операциялардың кешенді тауарлы – ақшалы кестесін жүргізу ұсынылады. Мұнда салымшылар ретінде бір мезетте 3 субъект: өндіруші, банк және лизинг алушы болады. Лизинг дамуын оның мемлекеттің әуе және ауылшаруашылығы салаларында қолдануы жоғарлатуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы сәтті дамып келе жатқан «КазАгроФинанс» мемлекеттік акционерлік қоғам мысалында қарастырып көрейік. «КазАгроФинанс» АҚ Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасы қаржылық лизинг бойынша 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Машина – тракторлық парктері көнерген республика аймақтарының барлығын қамту мақсатымен 12 облыстық бөлімшелер мен өкілдіктер құрылған. Өзі әрекет ете бастаған мезеттен бастап, қоғам 2009 жылдың 1 қазанындағы жағдайғасәйкес активтер өлшемі 20 млрд тегелен астам Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың біріне айналды. Қоғам республиканың ауылшаруашылығына барлығы 25,2 млрд теңге берген. Аталған мезетте компанияда 700 жалға алушылар мен 1250 – ден астам келісім – шарттар бар, лизингкке ауылшаруашылығы бірліктерінің 5300 астамы берілген.  

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері