Банк қызметі саласындағы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:58, реферат

Описание работы

Кейбiр iзденушiлердiң пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк – бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.

Содержание работы

1.Банк ќызметі аясындаѓы ќылмыстар.
2.Аќша-несие аясындаѓы ќылмыстар.
3.Баѓалы ќаѓаздар рыногындаѓы ќылмыстар.
4.Салыќ салу аясындаѓы ќылмыстар.
5.Компьютерлік ќылмыстар.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 15.93 Кб (Скачать файл)

       1.Банк  ќызметі аясындаѓы ќылмыстар. 

       2.Аќша-несие  аясындаѓы ќылмыстар. 

       3.Баѓалы ќаѓаздар рыногындаѓы ќылмыстар.  

       4.Салыќ  салу аясындаѓы ќылмыстар.

       5.Компьютерлік  ќылмыстар.

 

Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама 

 

 
Кейбiр iзденушiлердiң пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк – бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.  
Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.  
Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (1996 – 1998) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 1996 жылы 3 млрд. теңгеден 1998 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен.  
Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк – псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда.

 

Зерттелiп отырған саладағы криминолады жағдайлар құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметкерлерiнiң дайындығының болмауы және жауапсыздығы, банктiк қылмыстарды ашу және алдын алу кезiнде оларды қызметтерi координациялаудың тиiмсiздiгi әсерiнен көбейдi.  
Бүгiнгi таңда банк қызметiндегi қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық негiзiнiң болмауын айтпай кете алмаймыз. Қазақстан Республикасында банктiк қылмыстар тұтас зерттелiп болмаған.  
Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай – ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, қылмыскерге әсер ететiн шараларды анықтау арқылы банктiк қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, банк қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.  
Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi: 
«Мыналарды жасау қажет: 
•шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi; 
•мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру; 
•экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».  
Бұл жағдайда зерттеу тақырыбының өзектiлiгi құрайды.  
Зерттеу жұмысының мақсаты банктiк қылмыстармен күресу шараларының жүйесiн анықтау және банктiк қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиiмдеу.  


Информация о работе Банк қызметі саласындағы қылмыстар