Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге құқықтық бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 15:20, реферат

Описание работы

Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін, оның кез – келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс.

Содержание работы

1. Кіріспе……………………………………………………..……………………3
2. Негізгі бөлім
а) Жалпы мемлекеттік салықтарға құқықтық бақылау жүргізу...…………4
б) Жергілікті салықтар мен алымдарға құқықтық бақылау жүргізу……...6
в) ҚР-дағы алымдарды жинау және төлеу реті..............................................8
3. Қорытынды…………………………………………………………………....11
4. Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..12

Файлы: 1 файл

Kukik 2 semstr.docx

— 34.33 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Құқық негіздері” пәні бойынша

№2 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: “Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге құқықтық бақылау”

 

 

 

 

 

 

Мамандық: «Радиотехника, электроника және телекоммуникация».

Орындаған: РЭТк-12-4 тобының студенті Сабырханов Ж.Б.

 Сынақ кітап. № 123232

Қабылдаған : Танирбергенова Р. К

                      _______«___»____________2014 ж

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Алматы, 2014

                                          Мазмұны

 

 

1. Кіріспе……………………………………………………..……………………3

2. Негізгі  бөлім

    а) Жалпы мемлекеттік салықтарға құқықтық бақылау жүргізу...…………4

    б) Жергілікті салықтар мен алымдарға құқықтық бақылау жүргізу……...6

    в) ҚР-дағы алымдарды жинау және төлеу реті..............................................8

3. Қорытынды…………………………………………………………………....11

4. Әдебиеттер  тізімі……………………………………………………………..12

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Кіріспе

          Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін, оның кез – келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса, соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс. Кеңестік дәуірдің салық – қаржы әдебиеттерінде бақылау мемлекеттік және қоғамдық өмірдің рәміздерінің бірі ретінде, экономиканың дұрыс дамуының маңызды жағдайы ретінде қарастырылды. Бақылаудың жан – жақты қажеттілігі, оның түрлері мен жүзігі асырылу әдістері көрсетіліп отырды. Әсірісе мемлекеттік бақылау түрлері оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауы терең зерттелді. Емлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелермен бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге, қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір мүру деңгейінің көтерілге, олардың қаіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды. Біздің ойымызша, бақылау дегеніміз кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол сәтте басқару шешімдерінің орындалуына катализатор бола алады. Бақарылу объектісі туралы қажетті ақпаратты алып, оны талдау арқылы оған шаралар қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормативтік актілермен басқару шешімдерін қабылдау қажеттігі туралы шешімді қабылдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Жалпы мемлекеттік салықтарға құқықтық бақылау жүргізу

          Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.

          Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).

Оның ішінде:

— Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

-кәсіпкерлік  қызметінен алынған табысы бойынша  коммерциялық емес және бюджеттік  ұйымдар.

          Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.

          Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:

өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз; 
үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:

—проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер үшін төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;

— заңды тұлғаға қатысудан түскен акциялар бойынша алынғанда дивиденттер, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;

— тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;

— роялти;

— өтелетін шегерістер;

— басқа да табыстар;

— есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;

— банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;

 

 

     Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:

-Резидент  емес заңды тұлғаның барлық  қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан  Республикасындағы өткізілген өнімнен  алынатын жалпы түсімнің үлес  салмағы;

-Резидент  емес заңды тұлға шығысының  сомасындағы Қазақстан Республикасының  аумағындағы қызметке байланысты  шығындардың үлес салмағы. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.

          Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.

          Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.

          Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.

          Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.

          Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.

Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.

          Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.

Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.

        Жергілікті салықтар мен алымдарға құқықтық бақылау жүргізу

 

      23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі     

1. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан  әрі - әкімдер) салық төлеуші - жеке  тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы  салықтарын, жер салығын жинауды  ұйымдастырады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер: 

             1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды; 

             2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;

            3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады; 
      4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын; 

      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.

 

24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті  мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы

      1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.  
      2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті. 

       3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасасу, оның ішінде кеден және салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы орындайды.

      4. Салық қызметі органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. 

      5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлімінде айқындалады. 

     6. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

     6-1. Салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              ҚР-дағы алымдарды жинау және төлеу реті

 

31-бап. Салық  міндеттемесін орындау     

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады. 

        2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды: 

       1) салық органында тіркелу есебіне тұрады; 

       2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді; 

       3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді; 

       4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;  
      5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді. 

        3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.  
      4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.  
      5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады. 

Информация о работе Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге құқықтық бақылау