Абай Құнанбаев (1845—1904)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:32, реферат

Описание работы

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрыңғы Семей уезі, Шынғыс болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Файлы: 1 файл

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ.docx

— 27.35 Кб (Скачать файл)

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

(1845—1904)        

 Абай    Құнанбаев    1845      жылы   бұрыңғы   Семей   уезі, Шынғыс   болысында   (қазіргі       Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге         келген. Абайдың әкесі Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған. 
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша   хат   таниды.      Абайды   әкесі   он   жасында         Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.   Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін  әжесі   Зере   бәйбішеден,   халық   ақындары   Шөже, Бөйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.

Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен «Әзім әңгімесін» поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.

1860 жылдардың аяғында  Абай өзінің білімінің таяздығын  сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген   жаратылыстанушы   ғалым   Е. П. Михаэлиспен  кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гёте, А. Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т. б. еңбектерін оқуға кеңес береді. Бұрын қолына түскен кітапты оқитын Абай енді орыс, Батыс ғалымдары мен ақын-жазушылардың еңбектерін белгілі мақсатпен жүйелеп оқуға көшеді. Абайдың: «Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис» деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис аркылы ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сиякты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар жаз айларында Абайдың аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділерді, Лермонтовтың «Бородино», «Теректің сыйы», «Демон», «Жалау», «Жартас», т. б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен өгіз», «Піл мен канден», «Есек пен бұлбұл», т. б. мысалдарын аударады. Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін орысшасынан (Лермонтов) аударып, ән де шығарады.

Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударуда олардың өршіл бостандыкты аңсаған «Бородино», «Қанжар», «Жалау» сияқты өлеңдері мен әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап аударған. Ақын орыс және батыс мәдениетін толғап, таңдап үйрену керектігіне көңіл бөледі. «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде сол кездегі қазақтың оқыған жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі, пара алып баюды, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат тұтатынына ызаланып:

Ойында   жоқ   бірінің

Салтыков   пен   Толстой,

Я  тілмаш,   я  адвокат,

Болсам деген бәрінде ой, —

деп мінеп-сынайды.

Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.

Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары — Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл — Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

1. Дүниенің тылсым сырын  танып білу мәселесіне «Жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бірінші», «Отыз сегізінші», «Қырық үшінші» қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің «Қырық үшінші» қара сөзінде «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады» дейді. Ал «Жетінші» қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл — жан құмарлығы…».

2.      Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қара сөздері ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол   бірлік,   тірлік   деген   сөздердің   мәнін   аша   келіп,»Алтыншы» сөзінде «бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік 
емес» десе, енді бір жерінде «ырыс алды — тірлік» дейді 
де, «Ол қандай тірлік?.. Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік итте де бар… Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет  қылудан  қашып,  еріншек  атанып,  ез  атанып,  дүниеде 
әлгі   айтылған  ырысқа  дұшпан  болады

3.      Ар-үят,  адамгершілік,   мәселелері  «Бесінші»,   «Он 
бірінші», «Он сегізінші» сөздерінде әңгіме болады. «Отыз 
үшінші» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу 
туралы өсиет айтады.

4. Абай ғылым, білім, өнер  жайын сөз еткенде, ең алдымен, сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын  қуған орыс жұртын үлгі етеді. «хикмет те, өнер де, мал да, ғылым  да — бәрі орыста тұр. Залалынан кашык болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек… Әрбір жұрттың тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына (тең болу деген мағынада) енеді… Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» («Жиырма бесінші» сөз), — дейді.

«Қара сөздер» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900—1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.

 

Өлсем орным қара жер

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?

Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,

Сіздерге еркін тиер, байқап қара.

 Екі күймек  бір жанға әділет пе?

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

 Жүрегіңнің түбіне  терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,

Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.

 Өзі ермей, ерік  бермей, жұрт қор етті,

Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

 Мен келмеске  кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей. 
 

 

 

С ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ  
 Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.  
 Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.  
 А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.  
 Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы  
 Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).  
 Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:  
 
 Қажеттілік Белсенділік  
 Мотив Іс-әрекет  
 Мақсат Әрекет  
 Жағдай  
 (міндет) Амал  
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген. 
 А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.  
 Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.  
 Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.  
 Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .  
 Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.  
 Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.  
 Емтиханға даярланған студент «Ұлағат» журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.  
 Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив

 

мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.  
 Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.  
 Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.  
 Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.  
 Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.  
 Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.  
 Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.  
 Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.  
 Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.  
 Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.  
 Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.  
 Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.  
 Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.  
 Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.  
 

Информация о работе Абай Құнанбаев (1845—1904)