Медиация в РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:04, реферат

Описание работы

Медиация деген ссөздің мағнасын мен екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндірер едім. Елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде.

Файлы: 1 файл

медиация.docx

— 34.02 Кб (Скачать файл)

 

Медиация  деген ссөздің  мағнасын  мен екі  жақты татуластыру рәсімі  деп түсіндірер едім. Елімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Соған бірден-бір лайықты жол – дауды бітімгершілікпен шешуді сот өндірісіне  енгізудің  қажет  екендігі халық болып талқыланды. Дауларды сотқа дейін баламалы негізде шешудің конституциялық     негізгі     принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының          13-бабының 1-бөлігі болып  табылады. Ата заңымыздың осы бөлігінде тайға таңба басқандай етіп, «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» екені анық көрсетілген. Бұл – әр азаматқа қатысты даулы істі бітімгершілікпен шешуге сілтеме беріп тұрған айқын да анық құқықтық тұжырым. Жалпы  алғанда  қоғамда   орын алатын даулардың баламалы негізде шешілуі судьялар үшін үлкен жеңілдік туғызады. Ай сайын оларға толассыз келіп жататын істер ықшамдалып, бөлінетін жүктемелері азаяды. Соның арқасында тараптардың келтірген даулары тез шешіліп, сот төрелігінің әділеттілігі мен оның орындалуы халық арасына кеңінен таралып, ел ішіне өзінен-өзі насихатталады. Бұған нақты мысал ретінде бұрынғы билерден қалған «Өзі басталып өзі біткен дауды – жаным дерсің, бес бала тапқан әйелді – ханым дерсің» деген мақалды келтіре кеткенім жөн болар.

Бітімгершілік арқылы екі жақтың  мәмілеге  келуі – қазақтың әлімсақтан келе жатқан билер  сотындағы  ең тура жолдың бірі. Ауыл-үй арасында мал дауы, жер дауына байланысты рулы елдер арасындағы түрлі дау-дамайларды ара ағайынның араласуы арқылы шешу – рулар арасындағы елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтап келген. Бітіспес араздыққа бармай, кісі өліміне соқтырмай қанқұйлы ауыр қылмыстардың алдын алуда ерекше рөл атқарғанын, Қазақ елінің құқық тарихына зер салған адам жақсы білуі тиіс.

 

Медиация туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы

 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында  медиацияны ұйымдастыру саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

1-тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР    

  1-бап. Медиацияның қолданылу саласы     

1. Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын даулар (дау-шарлар), егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды. 
      3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды. 
      4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.    

  2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар      

 Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
      1) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім – тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі; 
      2) медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға; 
      3) медиаторлар қауымдастығы (одағы) – медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын ұйым; 
      4) медиаторлар ұйымдары – медиаторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар; 
      5) медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі; 
      6) медиация тараптары – медиация рәсіміне қатысатын, осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған қатынастар субъектілері; 
      7) медиация туралы шарт – тараптардың медиация басталғанға дейін дауды (дау-шарды) шешу мақсатында медиатормен жасасатын жазбаша келісімі; 
      8) медиацияға қатысушылар – медиатор және медиация тараптары.    

  3-бап. Медиацияның мақсаттары     

 Медиацияның мақсаттары  мыналар болып табылады: 
      1) дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу; 
      2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.    

  4-бап. Медиацияны жүргізу қағидаттары     

 Медиация мынадай қағидаттар  негізінде жүргізіледі: 
      1) еріктілік; 
      2) медиация тараптарының тең құқылығы; 
      3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы; 
      4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік; 
      5) құпиялық.    

  5-бап. Еріктілік      

1. Тараптардың медиация  туралы шартта көрсетілген өзара  ерікті ниет білдіруі медиация  рәсіміне қатысудың шарты болып табылады. 
      2. Медиация тараптары оның кез келген сатысында медиациядан бас тартуға құқылы. 
      3. Медиация барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан (дау-шардан) бас тартуға құқылы. 
      4. Тараптар өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда еркін болады.    

  6-бап. Медиация тараптарының тең құқылығы     

 Медиация тараптары  медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді.    

  7-бап. Медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. 
             Медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік     

1. Медиацияны жүргізу  кезінде медиатор тараптардан,  мемлекеттік органдардан, өзге  де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. Медиатор осы Заңда жол берушілік айқындалатын медиация құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. 
      2. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге және медиация рәсіміне тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Медиатордың бейтараптылығына кедергі келтіретін жағдайлар болған кезде ол медиацияны жүргізуден бас тартуға тиіс. 
      3. Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тарапынан араласуына жол берілмейді.     

  8-бап. Құпиялық      

1. Медиацияға қатысушылардың  өздеріне медиация барысында  белгілі болған мәліметтерді  осы ақпаратты берген медиация  тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқылы емес. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, медиатордан медиация барысында белгілі болған мәліметтер туралы куәгер ретінде жауап алуға болмайды. 
      3. Медиацияға қатысушының өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының рұқсатынсыз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-тарау.  МЕДИАТОРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯНЫ  ЖҮРГІЗУДІ 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ    

  9-бап. Медиаторларға қойылатын талаптар     

1. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. 
      2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. 
      3. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. 
      4. Жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін жүзеге асыра алады. 
      5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. 
      6. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы. 
      7. Мыналар: 
      1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген; 
      2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; 
      3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын; 
      4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды. 
      8. Медиация тараптарының келісімімен медиаторға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.    

  10-бап. Медиатордың құқықтары мен міндеттері     

1. Медиатор: 
      1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер өткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жөнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге; 
      2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге құқылы. 
      2. Медиатор: 
      1) медиацияны жүргізген кезде медиация тараптарының келісімімен ғана әрекет етуге; 
      2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. 
      3. Кәсіпқой медиатор медиаторлар қауымдастығы (одағы) бекітетін Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін сақтауға міндетті. 
      4. Медиатордың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.    

  11-бап. Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері      

1. Медиация тараптары: 
      1) медиаторды (медиаторларды) ерікті түрде таңдауға; 
      2) медиатордан бас тартуға; 
      3) медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға; 
      4) медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдері арқылы қатысуға; 
      5) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде сотқа немесе оған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медиация жүзеге асырылған, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы. 
      2. Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті. 
      3. Медиация тараптарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.    

  12-бап. Медиатордың бас тартуы     

1. Медиация тараптары  өзара келісім бойынша басқа медиаторды таңдауға құқылы. 
      Азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар бұл туралы сотқа не қылмыстық қудалау органына хабарлауға міндетті. 
      2. Медиация қағидаттарына сәйкес медиатордың өз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, медиатор дереу өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. 
      3. Егер медиатордың пікірі бойынша медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) шеше алмайтын болса, медиатор оны жүргізуден бас тартуға не тараптардың жазбаша нысанда бекітілген келісімімен медиацияны тоқтатуға құқылы.    

  13-бап. Медиаторлар ұйымдары     

1. Медиаторлар ұйымдары  медиаторлардың бастамасы бойынша  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. 
      2. Медиаторлар ұйымы медиаторлардың медиацияны жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуiнiң материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
      3. Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды өткізуге құқылы. 
      4. Медиаторлар ұйымдары өз қызметін үйлестіру, медиаторлардың кәсіби қызметінің стандарттарын (қағидаларын), медиацияны жүргізу тәртібін (регламентін), медиация тараптарының медиаторларға сыйақы төлеу тәртібін әзірлеу және біріздендіру мақсатында қауымдастыққа (одаққа) бірігуге құқылы. 
      5. Медиаторлар ұйымына немесе медиаторлар қауымдастығына (одағына) кіру ерікті негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте медиаторлар ұйымының немесе медиаторлар қауымдастығының (одақтың) кіру жарнасын алуына жол берілмейді. 
      6. Медиаторлар қауымдастығы (одағы) Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін әзірлеуге және оны бекітуге құқылы.    

Информация о работе Медиация в РК