Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:00, курсовая работа

Описание работы

Алдымен дәлелдеу құжаттары деген ұғымға түсініктеме бере кетсек. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.

Файлы: 1 файл

далелдеу кужаттары.docx

— 46.95 Кб (Скачать файл)

  Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшiн әртүрлi бiлiм саласының негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлi сарапшылар өздерiнiң құзыретi шеңберiнде жүргiзедi.  
Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, оны қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай қорытындыға келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.  
Әрбiр сарапшы жүргiзген зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде олар анықтау үшiн сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкiлiктi қорытындысына немесе оның бiр бөлiгiнде сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.  
Сарапшылар арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда зерттеулердiң нәтижелерi осы Кодекстiң 94-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес ресiмделедi.  
Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етiлген материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы. Сарапшының қорытындысы - сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектiлерiн арнаулы ғылыми бiлiмдi пайдалана отырып жүргiзiлген зерттеуге негiзделiп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. 
Сарапшы (сарапшылар) қажеттi зерттеулер жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерiнiң) қол қоюымен және жеке мөрiмен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргiзген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрiмен расталады. 
Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот туралы мәлiметтер, сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер: сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiле отырып, зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс. 
Егер осы Кодекстiң 97-бабында көрсетiлген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәрiне немесе олардың кейбiреуiне жауап берудiң мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс. 
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер қоса берiлуге тиiс. 
Осы Кодекстiң 98-1-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiлген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары ол бұрын берген қорытындыны түсiндiру, толықтыру не нақтылау бөлiгiнде ғана дәлелдемелер болып табылады.Сарапшының қорытындысы сот үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi дәлелдi болуға тиiс. [15,107-б.]

 

 

2.4 Азаматтық процестегі құжат ретіндегі жазбаша дәлелдемелер

 

 

 Азаматтық процестегі құжат ретіндегі жазбаша дәлелдемелер  
іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. 
Жазбаша дәлелдемелерді жинау тәртібі  
- Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.  
- Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде осы Кодекстің 66-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.  
Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.  
Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.  
Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады. 
Сотқа жазбаша дәлелдемелер табыс ету міндеттілігі  
  Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.  
Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.  
Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы. [15,179-б.]

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытынды шығарсақ, азаматтық процестегі дәлеудеу құралдары ол- заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.  
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Сонымен қатар азаматтық  процестегі болуы мүмкін әр түрлі  дәлелдемелер түрімен таныстым.

Сот дәлелдеуі деген түсіндіріп өткізілді – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.  
Сот істің мән-жайларын анықтау бойынша өз белсенділігімен дәлелдемелерді жинақтау міндетінен босатылған. Тек тараптардың өтініштері бойынша қажет материалдарды алуға сұрау салу жолымен көмектесе алады.  
Сот дәлелдеуі – бұл заңды фактілерді анықтауғабағытталған процесуалдық және ойлау қызметі.  
Сот дәлелдеуіазаматтық іс жүргізудің мынасубьектілерімен жүзеге асрылады:  
- дәлелдемелерді жинайтын, тапсыратын және зерттейтін тараптар мен өзге іске қатысушы тұлғалар.  
-дәлелдемелерді зерттейтін және бағалайтын сот.  
Сот дәлелдеуінің мақсаты болып азаматтық істің мән-жайларын анықтау, яғна дәлелдемелердің көмегімен заңды фактілердің бар болуын немесе жоқ болуын анықтау табылады.  
Сот дәлелдеуі мынандай әрекеттерден тұрады:  
- дәлелдемелерді жинақтау (дәлелдемелерді қамтамасыз ету, сот тапсырмаларын беру, қарауды тұрған жерінде жүргізу, сұрау салу арқылы);  
-дәлелдемелерді сотқа тыбыстау;  
-сот отырысында дәлелдемелерді зерттеу;  
- бәлелдемелерді бағалау;

Сонымен қатар әр тарап  өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Жалпы азаматтық процестегі дәлелдемелер әр түрлі болуы мүмкін , мысалы құжаттар , айғақтар, заттар және осылар сияқты өзгелерді жатқызамыз.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме  рас деп есептеледі. Оған қоса егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың  бар екендігі туралы тұжырымдары  растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты  деп таниды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу кодексі (2013 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен)

2. А.А.Эйсмон. Заключение эксперта. М., 2001, с.91. 

3. Аубакирова А. Фиксация доказательств в судопроизводстве. - Алматы, 2000. 
4. Балакшин В.С. Доказательство в теории и практике уголовно-процессуалыюго доказывания. -Екатеринбург, 2004. 
5. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. - М.,2009. 
6. Белкин Р.С. Теория доказывания. -М, 2003. 
7. Владимиров Л.Е. Учение об гражданских доказательствах. - Тула: Автограф, 2002. 
8. Горский Г.Ф., Кокорев А. Д. Проблемы доказательств в советском уголовном процессе . -Воронеж, 2006. 
9. Гуценко К.Ф. Уголовной процесс. -М., 2008. 
10. Доказывание в уголовном процессе. Традиции и современность /Под ред. В.А. Власихина. - М.: Юристъ, 2009. 
11. Источники доказательств //Вопросы правоведения. - 2005. - Вып. 5. 
12. Кипник И.Ж. Допустимость доказательств в судопроизводстве. -М. 2005. 
13. Корнеева Л.М - Доказательства в гражданском процессе. Волгоград ВШМ ССР 2008г. 
14. Кротова Л.А. Проблемы пределов доказывания и задачи гражданского судопроизводства. - Ижевск, 2004

15М.К.Треутников. Судебные доказательства. М., 2004, с. 102-103. 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық процестегі дәлелдеу құжаттары