Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 20:07, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі.......................................7
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.....................13
1.3. Бағалы қағаздар нарығының қызметi және оның нарықтық экономикадағы атқаратын ролі...........................................................................................................16
1.4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы..............................................................20
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ
2.1 Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы...................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері......................................................................................................................24
2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30

Файлы: 1 файл

курсавой Габдолхаев Мирас.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)


    

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1 БӨЛІМ.  БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1.1. Бағалы қағаздардың  түрлері және олардың жіктелуі.......................................7

1.2. Бағалы қағаздарды  шығару және жекеменшіктендіру түсінігі.....................13

1.3. Бағалы қағаздар нарығының  қызметi және оның нарықтық экономикадағы  атқаратын ролі...........................................................................................................16

1.4. Мемлекеттік бағалы  қағаздар нарығы..............................................................20

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АКЦИЯ ТҮСІНІГІ

2.1  Бағалы қағаздардың нормативтік құқықтық базасы...................................22

2.2 Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздардың пайда болуы, даму негіздері......................................................................................................................24

2.3. Акция түсінігі мен экономикалық мәні............................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi жүзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.

Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды. Мұндай жүйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру қажеттiлiгi туындаған кезде құрыла бастады.

Бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол зиян шегеді – бұл бағалы қағаздың проблемасы болып табылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет - бұл басты проблемасы болып табылады.

           Бағалы қағаздар проблемасын  шешу үшін:

  1. Макроэкономикалық тепе- теңдікті қамтамасыз ету керек;
  2. Бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау керек;
  3. Нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету керек.

Қазақстан Республикасының  мемлекетi бағалы қағаздар нарығын  құру және оны одан әрi өрiстету мақсатында қажеттi шараларды жасауда. Қазақстандағы  меншiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негiзгi элементтерiн құру процесiн жеделдеттi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар түрiнде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиiмдi механизмдерiнiң бiрi – акция шығаруды пайдалану мүмкiндiгiн ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмi экономиканың барлық субъектiлерiне инвестиция көздерiн алуға мүмкiндiк жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусiз алуға мүмкiндiк туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрi, тиiмдi жағдайда алуға мүмкiндiк бередi. Мемлекет бюджет кемшiлiгiн толтыру мақсатында да ақша белгiлерiн эмиссияламай, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

Айтылған мәселелердiң  барлығы мемлекетiмiздiң экономикалық дамуының бүгiнгi кездегi сатысындағы  ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру мiндетi пайда болғанын айқындайды.

Осыған байланысты курстық  жұмыстың басты мақсаты – қазiргi  экономикадағы бағалы қағаздар рыногы  туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымын және  акцияның рөлiн айқындап шығу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

1.1. Бағалы қағаздардың түрлерi және олардың жіктелуі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландырытын құжаттарды айтамыз. Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет:

  1. Бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқықты немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландырытын ақша құжаты;
  2. Бағалы қағаздар қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рольде ойнайды;
  3. Бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге талап етуі көрсетілген құжатар;
  4. Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті – олардың табыс әкелуі болып табылады;

Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттермен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдық қасиеті сатып алу – сату негізінде немесе басқа тауарлар нарығымен айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі  ұйымдарды және онда жұмыс істеу  ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын  тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу – сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды оларды алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн – оларды шағыру кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эммисиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға – дивиденттерді және пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айрысуларды қолданады. Эммисиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқа орналастыру кезіндегі сатылу бағасы болып табылады. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі  құжаттардың жиыны. Сонымен бірге  олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері  онда көрсетілген мүліктік құқықты  өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

Бағалы қағаздардың  түрлері – түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.

Бағалы қағаздардың  жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздардың  түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру және бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады, әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін. Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.

Уақыт сипаттамасы:

  1. Қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
  2. Пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан;

      Кеңістік сипаттамасы:

  1. Қызмет ету нысаны: қағазда немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
  2. Ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
  3. Аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған;

Нарықтық сипаттамасы:

  1. Бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және тағы басқа);
  2. Иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар – онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушыға бағалы қағаздар – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда адамға тиесілі;
  3. Шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;
  4. Меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
  5. Айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
  6. Бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;
  7. Тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
  8. Табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ  әлде төлемей ме;
  9. Қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма;

Бағалы қағаздар сонымен  қатар мерзімді және мерзімсіз болып  бөлінеді. 

Мерзімді  бағалы қағаздар – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар, әдетте олар:

  1. Қысқа мерзімді – айналымда бір жылға дейін жүреді;
  2. Ұзақ мерзімді – айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді;

Мерзімсіз бағалы қағаздар – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың  пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни бағалы қағаз құжат  түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың  көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

Инвестициялық – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар, яғни акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер. Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар, яғни вексельдер, чектер, коносаменттер.

Қордың бағалы қағаздары  үш топқа бөлінеді:

  1. Мемлекеттік;
  2. Муниципалдық;
  3. Мемлекеттік емес;

Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны, эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қағаздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық  бағалы қағаздарға жергілікті үкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін. 

Нарықтық экономикада қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементi – бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрiнде шығарады.

Акция – француз тiлiнен акционерлiк қоғам капиталына белгiлi бiр мөлшерде қаржы енгiзiлгенiн және дивиденд тұрiнде табыс алып отыру құқын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Ал дивиденд – латын тiлiнен аударғанда бөлiнiске түсетiн деген мағынаны бiлдiредi. Дивиденд акция иесiнiң, яғни акционерлiк қоғам құрылтайшыларының алатын табысы, басқаша айтқанда  акционерлiк қоғам пайдасының белгiлi бiр бөлiгi болып табылады.

Шетелдiк тәжiрбиеде әртүрлi акциялар қолданылады: атаулы акция және мәлiмдеушi акция, қарапайым акция және артықшылығы бар акция, бiр дауысты акция, көп дауысты акция және дауыссыз акция. Акцияның нарықта сатылу бағасы – акция курсы болып табылады. Акция курсы процент нормасына тiкелей байланысты. Бiздiң елiмiзде қарапайым және артықшылығы бар акциялар қолданылады. Қарапайым акциялар кәсiпорынның алынатын пайда мөлшерiне тәуелдi болады, оның иесi акционерлердiң жалпы жиналысына қатыса алады. Ондай акцияның артықшылығы – оның иелерiне, акционерлiк кәсiпорынға немесе банкiге түсетiн пайда мөлшерiне қарай жыл сайын тұрақты белгiленген дивидендтi төлеуде тұрады. Осы сияқты иеленушiлер акционердiң жалпы жиналысына қатыстырылмайды. Басқа бiр артықшылығы – акционерлiк компания жабылатын жағдайда бұл акцияларды иеленушiлерге бiрiншi кезекте ол кәсiпорынның мүлiктерiн сатудан түскен ақшаның бiр бөлiгi берiледi.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздар ұғымы