Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 08:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Адам құқығы» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.
1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
1.3 Конституциялық құқық әдістері
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі оның орны.
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы және маңызы.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.
3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).
3.1.1 Құқықтық мемлекет
3.1.2 Азаматтық қоғам
3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Курс КР Конс кукык тусиниги курылымы.doc

— 319.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық егемендік ұлттардың өз тағдырына өзі иелік ету, мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі айқындау мүмкіндіктерінен көрінеді.

Саяси қатынастарда оның мемлекеттік билік пен мемлекеттік егемендіктің бастауы болып саналатын халықтың егемендігімен қосылуы болады. Сөйтіп, осы арқылы ұлттық қатынастардағы шиеленіс көздері алынып тасталады.

Халықтың егемендігін анықтай отырып, мемлекеттік биліктің бастауы ретінде конституциямен және ұйымдық, құқықтық формалардағы заңдармен белгіленген қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыратын халықты танимыз.

Халықтың егемендігі мемлекеттің егемендігімен өзара байланысты; мемлекеттің егемендігі – бұл өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге асыру кезінде оның өзге мемлекеттер ықпалынан тәуелсіздігін және дербестігін сипаттайтын мемлекеттің қасиеті.

Мемлекеттік биліктің бір тұтастығының жоғары тұрушылығы мемлекеттің тәуелсіздігі, конституциясының, ұлттық заңдарының, өз  азаматтығының, аумағының болуы мемлекет егемендігінің белгілері болып саналады.

Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып саналады.

Құқықтық мемлекет – бұл құқық, заң үстемдік ететін, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын танитын және оған кепілдік беретін жерде бәрінің заң және тәуелсіз сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етілетін, ал билікті ұйымдастыру негізі болып биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидалары қаланған демократиялық мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет – бұл қоғамға қызмет ету және әлеуметтік айырмашылықтарды жоюға ұмтылу, Конституцияны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларында көрсетілген, жалпы азаматтық құндылықтарға бағдарлау басты міндеттері болып саналатын мемлекет.

Зайырлы мемлекет – дін, діни бірлестіктер мемлекетпен байланысты емес, қандай салада болсын оның саясатына ықпал ете алмайтын, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне және т.б. араласуға құқығы жоқ мемлекет.

Мұндай мемлекетте ешқандай дін мемлекеттік немесе міндетті болып белгілене алмайды, мұндай мемлекеттің бірде-бір азаматын қандайда бір дінді уағыздауға мәжбүрлеуге болмайды.

Конституцияның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.

Біртұтас мемлекет – аумақтық құрылымында басқа мемлекеттік құрылымдарға ие емес мемлекет.

Қазақстан Республикасы оның аумағында ұлттық-мемлекеттік және автономиялы құрылымдарға жол бермейтін, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын біртұтас мемлекет болып  саналады.

Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару нысаны, біріншіден, Президент мемлекеттік биліктің бірде-бір тармағына жатпайтынынан; екіншіден, Президентті халық сайлайтынынан және Президентке тәуелді еместігінен; үшіншіден, Президент кең өкілеттіктермен бөлінгендігінен және Конституцияға сәйкес, олардың өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруына ықпал ете отырып, олардың өзара қатынастарында мемлекеттік биліктің барлық тармағына сындарлы әсер ете алатындығынан көрінеді.

Президенттік басқару нысаны елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді.  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, егемендік Республиканың барлық аумағына таралады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қолсұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің егемендігі, оның барлық жоғары  органдары өздерінің құзырлары шеңберінде қажетті шараларды Республиканың бүкіл аумағында жүзеге асыратындығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында саяси тәртіп түсінігі жоқ, бірақ саяси тәртіпке қатысты қандай бір мәселелердің тәртібін реттейтін нормалар бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың және бұл процеске елдегі азаматтардың қатысу формалары мен әдістерінің жиынтығы ретінде ңмемлекеттік тәртіпң термині қолданылады.

 

 

3.1.1 Құқықтық мемлекет

 

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

 

3.1.2 Азаматтық қоғам

 

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.

«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл

Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.

Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.

Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.

Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002)

Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.

 

 

3.1.3 Әлеуметтік,  демократиялық  мемлекет

 

Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады

Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық түсінігі, құрылымы