құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 13:22, реферат

Описание работы

Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 42.82 Кб (Скачать файл)

Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының  болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар  алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында  қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен  тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:

-  мемлекеттік мәжбүрлеу;

-   құқық бұзушыны жауапкд тарту;

- құқық бұзушының өзіне жағымсыз  жағдай тудыру. Мәжбүрлеу    шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы.

Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар  қолданады — тергеу жүргізеді, адамның  кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің  барлығын жан-жақты тексеріп, соның  нәтижесінде шешім қабылдайды.

Әркез құқық бұзушы өзіне лайық  жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді  немесе оның орнын толтырады. Көп  жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан  айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың  мақсаты:

- кінәлі адамның зұлымдығын  бетіне басып, оның іс-әрекетінің  қоғам үшін қауіпті екенін  көрсету;

-  қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;

-  заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға  зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен  бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты  түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі  туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында  құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға  негіз болатын элементтердің  жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың занды құрамы болады: объективтік  жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын  әрекет-әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген  құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа  қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде  жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге  байланысты қауіп төндіреді.

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған  ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша  объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағының  элементіне әрекет-әрекетсіздікпен  келтіретін зиянның арасындағы себепті  байланыс және келтірілген залал  жатады. Заң теориясында себепті  байланыс дегеніміз — келтірілген  зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен  пайда болған нәтиже арасындағы объективтік  байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің  жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың  жойылуы, оларды пайдалануға шек  қою, азаматтардың бостандығына қол  сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с.

Зиян материалдық, физикалық басқа  да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге  де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің  сипаты және одан келген зиян қоғамға  қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық  бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін  қалайды.

Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай  мәнге ие бола бермейді. Субъектінің  кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол  әрекеттен міндетті түрде келетін  зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға  зиянды салдардың арасында қажетті  себепті байланыс болады. Басқаша  айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен  оның нөтижесі арасындағы байланыстың  қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты  зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.

2. Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің  құқықтары мен мүдделері көп  түрлі болуына сәйкес нақтылы  құқық бұзушылықгың объектілері  де бірнеше болуы мүмкін.

3. Құқық бұзушылықтың субъективтік  жағын адамның құқық бұзушылықты  жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық  механизмін сипаттайтын, элементтерді  құрайды. Субъективтік жағынан  алып қарағанда барлық құқық  бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен  байланысты болады. Бұл тұрғыдан  қарағанда құқық бұзушылық —  құқық бұзушының еркі және  санасы арқылы жол берген кінәлі  әрекет болып табылады.

Субъектінің кінәсінің деңгейі  оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта  адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті  екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті  зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды  жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы  мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып  табылмақ.

Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа  жол берген психологиялық факторлар  да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей  реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық  бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің  ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы  ниет деп отырғанымыз — құқық  бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат — құқық  бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан  осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің  барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне  зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік  береді.

Субъект — әрекет қабілеттігі бар  заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект  құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің  салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық  бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа  қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық  деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен  белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері  үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі.

Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы  мәселелердің барлығы теория мен  практикада біркелкі шешілмеген. Құқық  бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық  құқықта алшақтық байқалады.

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке  тек құқық бұзушылыққа жол  берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде  адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі  болып табылады. Қылмыстық құқық  бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі — жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып  жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда мамандардың пікірі өр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.

Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің  занды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа  қайшы және кінөлі әрекет-әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.

Объектінің құндылығы, құқыққа  қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның  көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының  жеке мінездемесі арқылы анықталатын  қоғамға зияндылықтың сипаты мен  деңгейі негіз болады.

Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы  деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.

Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай  саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық  — мемлекеттік басқару саласындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін  әкімшілік, қаржылық, жер және  басқа құқық салаларының нормаларымен  реттелетін, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік.

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне  кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары  мен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықгар тек  объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік  басқарудың құқық тәртібіне қарсы  бағытталғандығымен ғана емес, жазалау  сипатында қолданылатын санкциялармен  де ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

2. Тәртіптік құқық бұзушылық  қызметтік қатынас саласында  бағынушылық тәртібін бұзуға  бағытталатын, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің  қызметтік, әскери және оқу  тәртібін бұзып, олардың алдында  түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар  мен міндеттерді орындауға кедергі  болады. Бұл үшін мынадай санкциялар  қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс,  жұмыстан шығару, оқу орнынан  шығару және т.б.

3. Азаматтық құқық бұзушылық  — азаматтық құқық нормаларымен  реттелетін мүліктік және онымен  байланысты жекелеген қатынастарға  зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық  және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың  шартқа қатысушы субъектілерінің  әрекетінен туындаса, шартсыз —  азаматтық құқықтың нормаларының  талаптарын сақтамау және орындамаумен  байланысты болады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық  әрекеттерден айырмашылығы, олардың  занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық  құқық бұзушылыққа тән ерекшелік  оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен  тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына  келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы  келетін мәмлені езгерту, келтірілген  мүліктік зиянның орнын толтыру  және т.б. Құқықты қалпына келтіруші  санкциялар азаматтық құқық бұзушылық  келтірілген зиянды салдарын бағалау  және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде  ежелден осы күнге дейін сан  түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.

Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы  қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар  әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы  ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы  мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз  ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы  туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында  дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен  балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі  болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген  сөз емес. Бұзықтық түқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән  жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге  тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық  қылықтан тайынбайды.

Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы  да олардың талаптарын орындамауға  себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында  да мемлекетімізде жүздеген заңцар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан  құқықтар беріліп, көптеген міндеттер  жүктелген. Азаматтар ол заңдардың  бәрін біле бермейді. Әрине, занды  білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары  арасында өте үлкен айырмашылық  бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған занды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған  адам жауапқа тартылмайды (ҚР216 Конституциясы, 39-6).

Информация о работе құқық бұзушылық