Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 19:43, реферат

Описание работы

Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілік ты туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілік ты тудырады.

Файлы: 1 файл

document.docx

— 51.81 Кб (Скачать файл)

Әкімшілік жауапкершілік туралы заңнамаларды сатылап жүйелегенде:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, ең әуелі ӘҚБтК, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;

7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Полицейлік құқық

         Еліміздің Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады...» деп жазылған. Осындағы «демократиялық», «зайырлы», «құқықтық» және «әлеуметтік» деген сөздер мемлекетіміздің әлеуметтік міндетін, қызметінің мазмұнын айқындап тұрса керек. Сондықтан, көптің көңілінен шыққандай осынау аса қадірлі құндылықтарды іске асыру үшін аталған міндеттерге сәйкес келетін мемлекетік тетік құру мәселесі пайда болды. Осы жерде мемлекеттің қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістерге тигізетін бірден-бір реттеуші әсері оның полицейлік функциясы арқылы жүзеге асатынын ескергеніміз жөн сияқты. Егер тарихқа жүгінсек, сонауі ерте заманда пайда болған полицейлік функция сан алуан мемлекеттердің әр түрлі басқару жүйесіне орай талай-талай өзгерістерге ұшырап келе жатқаны да анық. Сол үшін де, мемлекеттің полицейлік функциясы мен мемлекеттік полиция органдары қызметінің арасындағы өзара байланысты дөп басып айтудың өзі қиын. Міне, аталмыш мәселенің дүние жүзі ғалымдары үшін өзекті тақырыпқа айналып отыруының мінісі де осында жатса керек. Біз қазақ тіліне аударып, көпшілікке ұсынып отырған жинақ та (“Полицейское право России: проблемы теории”) осы мәселеге арналған. Басылымда мемлекеттің полицейлік қызметінің тарихына, мемлекеттік полиция органдарының қалыптасуы мен дамуына жан-жақты талдау жасалады. Мемлекеттің функциялары жүйесіндегі полицейлік міндеттер кеңінен әңгімеленеді, толыққанды сараптамадан өтеді.

           Заң ғылымдарының докторы, полковнигі И.И.Мушкет пен заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Хохловтың еңбектерінде мемлекеттің полицейлік функциялары тарихын  үш кезеңге бөліп қарастырады:

1. ХІІ–ХV ғасырларға  дейін;

2.ХVІІІ ғасырлардың соңына  дейін;

3. ХІХ–ХХ ғасырлар.

Мемлекеттің полицейлік функциялары туралы алғашқы көзқарастардың пайда болу кезеңінен бастап күні бүгінге дейінгі әлемдік тарихына барлау жасалуы полицейлік құқықтың құндылығын артқан. мемлекеттің қоғамда  болып жатқан әлеуметтік  үрдістерге  тигізетін реттеуші әсері, мемлекеттің полицейлік функциясы деп анықталып келген мемлекеттік функция шеңберінде жүзеге асырылады. сонау ерте заманда пайда болған полицейлік функция мемлекетпен бірге  өзгеріске ұшырап отырды. уақыт өте келе мемлекеттік органдар жүйесі құрылып, осы функцияны іске  асыруды маманданды. Сөйтіп, мемлекеттің полицейлік функциясы және мемлекеттік полиция органдарының қызметі өзара байланысты категориялар болып  табылады, тіпті, тарих дамуының белгілі бір кезеңдерінде мемлекеттің полицейлік функциясы жүзеге асыру қызметін мемлекеттік полиция қызметімен бірдей деп қарастыруға болатын. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекет жағдайында мұндай ұқсастыру дұрыс болмас. сондықтан, мемлекеттің полицейлік функциясы ұғымын, оның мазмұнын, полиция функциясымен арақатынасы, тарихи дамуын зерттеу заң ғылымының алдында тұрған өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Мемлекет дамуының көзбен шолып өтерлік тарихи кезеңінде мемлекеттің полицейлік қызметінің мамандану үрдісі байқалады. Бастапқыда полиция функциясын мемлекеттік құрылымдар  ғана емес басқа әлеуметтік институттар (патриархалды отбасы, шіркеу және т.б.) атқарады. Мемлекеттің әлеуметтік байланыстарға араласуы Еуропада абсолюттік монархиялар болған кезде өзінің шарықтау шегіне жетті, дәл сол кезде мемлекет полицейлік мемлекет ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде мемлекеттік аппараттың бүкіл қызметі полицейлік қызмет деп түсіндірілді, атап өтетіні бұл қызмет заң шығарушы, сот және әкімшілік билік нысанында іс жүзіне  асырылытын, сыртқа –жеке азаматтарға және мемлекеттік емес әлеуметтік  құрылымдарға қатысты бағытталған, ал соңғыларын осы жағдайға орай мемлекеттік емес деп қарауға болмайтын еді.

Полицейлік қызметінің басты қызметі, бір жағынан, іс жүзінде бар әл ауқатты бұзатын іс–әрекеттердің ізін кесу, ал, екінші жағынан, халық игілігінің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады деген ереже аксиома болып саналатын. Полицейлік  функциясының  дамуының соңғы сатысын сипаттағанда, ұран деңгейінде болса да, рационалистік негізде қоғам құруға тырысатын және әлеуметтік үрдістерді басқаруды ұйымдастыру кезінде дәлме–дәл таптық, яғни, сословиелік көзқарасты жүзеге асыратын.

 

  1.5. Әкімшілік жауапкершілік ты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.

Әкімшілік жауапкершілік ты әкімшілік құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік ретінде қарауға болады. Бұл орайда мынаны ескеру керек, қол сұғудың объектісі мемлекеттік басқару аясындағы, сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мысалы, әкімшілік жауапкершілік , бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, меншікті сақтауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді. Екінші жағынан, әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқықтың әрбір нормасын бұзған үшін емес, олардың ішінде тек әкімшілік жауапкершілік көрсетілгендеріне ғана қолданылады.

  Әкімшілік жауапкершілік құқық қорғаудың, бұзушылықтың ерекше түрімен - әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті болмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Әкімшілік жауапкершілік өзінің мән-мағынасы бойынша мемлекеттің өкілетті органының әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға жасайтын ықпалы. Бұл ықпалдың мақсаты кінәліні тәрбиелеу, сондай-ақ әкімшілік жауапқа тартылған адамдардың да, басқа адамдардың да келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасауды болдырмаудың алдын алу. 

  Әкімшілік құқықтық  нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу  шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілік  жазалар болып табылады. Әкімшілік  жауапкершілік ты оны белгілеу тәртібі айырады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады. ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауапкершілік осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілік жауапкершілік ты көздейтін өзге де заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Жергілікті аумақтық сипаты бар құқық бұзушылықтар үшін облыстардың, Алматы мен Астананың, қалалар қызметкерлерге қолданатын тәртіптік жауапкершілік тан айыруға мүмкіндік береді. 

  Әкімшілік жауапкершілік қа жалпыға бірдейлік сипаты тән, ол мыналардан көрініс табады: біріншіден, ережелердің барлық азаматтар мен заңды тұлғалар үшін жалпы міндетті болатындығынан, оларды сақтамау әкімшілік жауапкершілік қа әкеп соқтырады; екіншіден, барлық жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мемлекет алдында болады, мемлекет осындай бұзушылықтар туралы істерді қарау және жазалар қолдану жөніндегі органдардың өкілеттіктерін белгілейді.

Әкімшілік жауапкершілік тың маңызды ерекшелігі мынада, оны материалдық және процессуалдық құқықтық қатынастардың жиынтығы, яғни, нақты құқық бұзушылық жасаудан мен аудандардың жергілікті өкілді органдары ӘҚБтК-тің тиісті баптарында әкімшілік жауапкершілік көзделетін ережелерді белгілеуге құқылы.

  Әкімшілік жауапкершілік тың шараларын көптеген уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар қолданады. Олардың барлығы, өздерінің өкілеттіктерін атқара отырып, құқық бұзушыларға әкімшілік жазалар қолданады.Оларға аудандық және соларға теңестірілген соттардың, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьялары, ішкі істер органдары, және басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары жатады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілік шараларын өздеріне қызмет жөнінен бағынышты емес бұзушылыққа қолданады. Сонымен бірге олар бір ұжымның қызметкерлері болып табылмайды және қызметтік еңбек қатынастары жөнінен байланысты болмайды. Бұл жағдай әкімшілік жауапкершілік ты, әдетте, жоғарғы органның немесе лауазымды адамның бағыныштылық тәртіппен басшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және көмекші туындаған материалды-деликтілік және құқық бұзушылық және оны жасаған тұлға туралы материалдар жинаудың, істі қараудың, заңды дәлелденген және әділетті шешім шығарудың, оны орындауды қамтамасыз етудің қажеттілігімен байланысты әкімшілік-процессуалдық қатынастар ретінде қарауға болады.

Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандары әр түрлі.Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолдаудың мақсаттарымен,негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық  берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзіретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен де байланысты. Адамның жеке басына байланысты шектеулер,мысалы, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алудан, бұзушыны ұстаудан және полицияға жеткізуден көрініс табады.Ұйымдастыру шектеулеріне,мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының антисанитарлық жағдайы үшін жабу, ойын-сауық мекемелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне байланысты жұмыс істеуін тоқтата тұру жатады.Мүліктік шектеулерге,мәселен, айыппұл, тәркілеу жатады.

Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субьектіні қандай да болмасын бір әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иа болмаса белгіленген құықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу,көндіру үшін қолданылады.Сонымен мәжбүрлеп ықпал жасаудың субьектісі сйып келгенде жеке адамның өзі емес, оның мінез - құлқы болып табылады.

Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін.Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі.Сондықтан, әкімшіілк мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдақ қатынастарды ретейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар  мен лауазымды адамдар ғана қолданады.Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен лауазымды адамдары жатады.Мысалы:ішкі істер органдары, бақылау-қадағалау органдарыжәне т.б. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көмегімен сипатталады.

Басқару қатынастарының ерекшелігі тиісті лауазымды адамдардың құқық бұзушылыққа лауазымда адамдардың құқық бұзушылыққа дербес және тез дең қоюының,олардың құқықпен рұқсат етілген шараларды жедел пайдалануының қажеттігін обьективті түрде айқындайды.Құқықтық тәртіпті бұзу дереу тоқтатылуға тиіс,өйткені олар бүкіл қоғамның мүдделерін қозғайды,азаматтардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігіне жиі қауіп төндіреді.Осыған байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің ерекшелігіне байланысты ол құқыққа қарсы қол сұғушылықтын алдын алу, жолын кесу мақсатында оны дереу қолданудан, жасалынған құқық бұзушылықтың артынан кідіріссіз ізіне түсуден тұруға тиіс.Әкімшілік мәжбүрлеудің күшті әсері де осыдан тұрады. Әкімшілік мәжбүрлеуді заңда көзделген жағдайларда тиісті атқарушы билік органдары , лауазымды адамдар өзінің құзіретін іске асыру барысында сотқа өтініш жасамай-ақ оны соттан тысқары қолданудың тәртібі сипаттайды.Сонымен қатар мамандандырылған соттардың және аудандық немесе қалалық соттардың судьяларна әкімшілік юрисдикциялық құқығы берілген,олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің көптеген түрлерін қарайды және кінәлілерге  әкімшілік жазалау шараларын қолданады.Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын және құзіретті органдардың және мәжбүрлеу қолданылатын және құзіретті органдардың және мәжбүрлеу қолданылатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қамтитын ерекше қорғаушылық-әкімшілік құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.Атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану көпшілігінде ведомстволық шегі болмайтын жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін, лицензиялау –рұқсат беру жүйесінің ережелерін т.б қорғау аясымен шектеледі. Әкімшілік мәжбүрлеу мына бір жағдаймен де сипатталады, құзіретті мемлекеттік орган және мәжбүрлеу шарасы қолданылатын тұлға қызметтік бағыныштылық қатынастарымен байланысты болмайды.Әкімшіілк биліктің субьектісі мен бұзушы бір ұжымның мүшелері болып табылмайды, мемлекеттік-қызметтік қатынастар шеңберінде іске асырылатын тәртіптік мәжбүрлеумен салыстырғанда, бұзушы өзіне әкімшілік мәжбүрлеу шарасын қолданушыға қызмет жөнінен тікелей бағынышты болмайды.Бұл жерде мына жағдай да өз түсінігін табады, әкімшілік мәжбүрлеуді әкімшілік құқық субьектілерінің өте көп тобына пайдалануға болады.Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың процесуалдық тәртібі жеделдігімен, белгілі шамада оңайлығымен және тиімділігімен ерекшеленеді.Ол тек жеке тұлғаларға ғана емес Қазақстанның азаматтарына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға да қолданылады.

    1.6. Әкімшілік  жауапкершілік тың ерекшеліктері.

Информация о работе Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде