Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 21:25, реферат

Описание работы

Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ................................5-12
1.1 Әкімшілік құқықтың пәні..........................................................................5-9
1.2 Басқарушылық қатынастар.....................................................................9-11
1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары.......................................................11-12
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ....................................................13-17
2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ....................................13-14
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері................................................14-17
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР............ ....................................18-23
3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері..........................................................18-20
3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі....................................................................20-21
3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны.........................22-23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24-25
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................................

Файлы: 1 файл

Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі - www.topreferat.kz.doc

— 184.50 Кб (Скачать файл)

Әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілік жалпы және арнайы (мысалы, әскерге шақырылған азаматта), немесе шектеулі (мысалы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуға құқы жоқ) болуы мүмкін.

Әкімшілік деликт қабілеттілік әкімшілік құқық субъектісінің өзінің іс-әрекеті үшін дербес заңдық (әкімшілік немесе тәртіптік) жауапты болатын мүмкіндігін білдіреді. Қағида бойынша, ол әкімшілік әрекет қабілеттіліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әкімшілік құқықтың субъектілері жеке-дара және ұжымдық болулары мүмкін.

Қазақстанның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке-дара субъектілер болып табылады. Олардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді де жатқызуға болады. Ұжымдық субъектілерге әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады. Біріншілердің қатарында атқарушы билік органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер және олардың бірлестіктері (мысалы, корпорациялар, концерндер, т.с.с), дербес құзырет берілген атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелері (мысалы, министрліктердің комитеттері) болады.

Әкімшілік құқықтың мемлекеттік емес субъектілері қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар, қоғамдық қозғалыстар, т.с.с); жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің атқарушы органдары; коммерциялық құрылымдар, олардың ішінде жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады. Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілерінің әкімшілік құқық қабілеттіліктері болады, бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыспайды. Олардың атынан әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілікті олардың басшылары немесе өзге уәкілеттік берілген адамдары жүзеге асырады. [9]

                      

 

3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі

 

«Әкімшілік құқық жүйесінің» ұғымы жөнінде заң ғылымында; әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн. Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай үзілістен тұрады: құқық саласы — саланың бөлігі — құқықтық ииституттар — құқықтық нормалар. Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге, жалпы және ерекше бөліктерге бөледі. Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде кұрудың негізіне осылай бөлу алынған.

Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Бұл жерде бірыңғай басқарушылық қатынастарды реттеу белгісі бойынша біріктіруге мүмкін болатын нормаларды бөлу турасында сөз болып отыр. Бұл, бір жағынан, әкімшілік құқықтың тиісті нормаларының мақсатты ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, екінші жағынан, оларды жүйелеуге осындай тәсіл қолдану әкімшілік құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп бұл нормалардың жалпы қасиеттерін олардың реттеушілік рөлінің ерекше көрінісімен қажетті үйлестіру, яғни жалпы және ерекшені үйлестіру жүзеге асырылады.

Әкімшілік-құқықтық реттеуде ең маңыздысы, қалай болғанда да, атқарушы билікті жүзеге асыруға заңды түрде қызмет ету болып табылады. Мұның өзі бірыңғай және өздерінің реттеушілік рөлінің барлық көріністері үшін жалпы мәні бар құқықтық кешенге бөлуге болатын әкімшілік-құқықтық нормаларға ерекше көңіл аударуды алдын ала болжайды. Осындай кешеннің шеңберінде әкімшілік-құқықтық реттеудің өзгешелігі мен өзіндік ерекшелігін барынша толық көрсететін әкімшілік құқықтың нормалары болады. Соған сәйкес осы нормалардың жүйесінде тақырыбы мемлекеттік басқарудың бүкіл аясын, оның нақты (мысалы, салалық) ерекшеліктеріне қарамастан қамтитын, олардың тобы бөлінеді.Осылай әкімшілік-құқықтық институттар, әкімшілік- құқықтың жалпы жүйесінің аса маңызды бөлігі қалыптасады. Олардың ішінде жалпы сипаты бар басқарушылық қатынастарды, атап айтқанда: азаматтар мен олардың әр түрлі бірлестіктерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін; атқарушы билік субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін; атқарушы билікті жүзеге асырудың әдістерін; басқарудың құқықтық нысандарын; мемлекеттік-қызметтік қатынастарды; әкімшілік мәжбүрлеу және әсіресе-әкімшілік жауапкершілікті; бақылау және қадағалауды реттейтін нормалар болады. Міне осылар әкімшілік құқықтың жалпы сипаты бар институттары болып табылады. Сонымен бірге әкімшілік құқық жүйесінің шеңберінде әкімшілік-құқықтық институттарда негізі қаралған талаптарға сәйкес басқарудың қандай да болмасын саласында немесе аясында басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар тобын бөлуге болады. Бұл нормалардың тобы әкімшілік-құқықтық реттеудегі ерекшелікті, яғни әкімшілік-құқықтық институттардың салааралық және салалық басқарудағы, мемлекеттік реттеудегі рөлінің көрінісіне сипатты болса, соны бейнелеп көрсетеді. Бұл жерде экономиқалық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси аялардағы басқарудың ерекшелігі негізге алынады.Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалардың екі үлкен тобы бар екендігі белгілі болды, солардан олардың жүйесі де құрылады. Нормалардың әр тобының мақсат-міндетіне сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалардың бүкіл жүйесін екі: жалпы және ерекше бөлікке бөлу алынған. Әрине, бұл құқықтық нормаларда бекітілген ресми бөлу емес, бірақ ол қолданылып жүрген әкімшілік-құқықтық нормалардың бүкіл тобын теориялық зерделеудің нәтижесі. Сондықтан осылай етіп бөлу әкімшілік құқықты оқулық курс ретінде құрудың негізіне алынады.

Әкімшілік құқықтың жүйесі туралы айтқанда тағы бір елеулі жағдайды еске алмасқа болмайды. Ол бірте-бірте қалыптасып және заңдық маңызыдылығы барған сайын артып келе жатқан әкімшілік іс жүргізу (процесс) құқығы институты. Бірақ әзірге бұл мәселе не заң жүзінде, не әкімшілік құқықты оқыту процесінде толық шешімін тапқан жоқ. Сондықтан мұндай жағдайды атап көрсетудің мақсаты әкімшілік құқықтың салалық бөлігі ретінде әкімшілік іс жүргізу құқығын заңдасытырып құруды көздейді. [9]

3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны

 

Қағида бойынша бірде-бір құқық саласы «таза» түрінде болмайды. Осыған орай құқық салаларының қарым-қатынастары туралы мәселенің жалпы, ал әкімшілік құқық жөнінде — әсіресе елеулі маңызы бар.

Қазіргі кезендегі құқық жүйесінің аталған ерекшеліктерінің салдары әкімшілік құқықты құқықтың өзге салаларының реттеушілік кызметінің аясына «енуге» келтірді. Бұл құбылыстың негізіне — бұған дейін бірнеше рет атап көрсетілген қандай да болмасын құқық саласының пәніне сәйкес оның реттеушілік ықпалына жататын аяларда өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылатын қатынастардың шындығында бар болатындығы жатады. Сондықтан тіпті азаматтық құқықта да, аз болса да, бірақ әкімшілік-құқықтық ретінде сипаттауға болатын нормалардың белгілі бір саны болады. Мемлекеттік- басқарушылық қызметтің өзгешелігі әкімшілік құқықтың маңызды ерекшелігін айқындайды: ол өзінің реттеушілік ықпалымен қоғамдық қатынастардың үлкен тобын қамтиды. Осыған әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі болатын нысандары көрініс табады. Мысалы, қаржылық құқық өзінің пәнінің шегімен қатал шектелген қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық мұндай қатал шектерді білмейді. Соған сәйкес таза әкімшілік-құқықтық деп атайтын, яғни өзге құқықтық салалардың мүдделерін қозғамайтын қандай да болмасын арнайы мәселе табу қиын.

Әкімшілік құқық конституциялық құқықпен ең тығыз қарым-қатынаста болады. Қазақстан құқығының жетекші саласы бола отырып, Конституциялық құқық адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, олардың едәуір бөлігі әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен нақты іске асырылады (Конституцияның 16, 18, 21, 22, 23, 25, тағы басқа баптары); атқарушы билікті ұйымдастыру мен қызмет атқаруының негізгі принциптерін, мемлекеттік билік механизміндегі оның субъектілерінің орнын, олардың біртұтас мемлекеттік биліктің өзге тармақтары субъектілерімен қарым-қатынастарын бекітеді (Конституцияның 3, 40, 44, 53, 64, 66, 87 және басқа баптары). Атқарушы билік механизмін ұйымдастыру мен қызметінің көптеген жақтары республиканың заңдарымен және өзге де заңнамалық нормалармен айқындалады. Әкімшілік құқық негізгі бастамасын конституциялық құқық нормаларынан алады, оларды егжей-тегжейіне жете нақтылайды, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін, атқарушы билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін; басқарушылық қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесін және оны қорғаудың әкімшілік-құқықтық құралдарын; мемлекеттік-басқарушылық қызметтің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және аймақтық ұйымдарының негіздерін, т.с.с. айқындайды. Сонымен конституциялық құқық нормаларының басымдық маңызы бар екендігі белгілі болып отыр.

Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сырт көрінісі жағынан біріне-бірі жиі ұқсас келетін мүліктік сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттейді. Тақырыбы тура келген жағдайда құқықтық реттеудің түрлерін айыру үшін, әрине, құқықтық реттеу әдісінің қандай да бір элементтерінің басымдық маңызы бағдарға алынады (шарт немесе әкімшілік нұсқама негіздерінде). Мысалы, Азаматтық кодексте (жалпы бөлігі) бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға, соның ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп тура көрсетілген (1-б-тың 4-т-ғы). Азаматтық кодекс сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарға сәйкес азаматтық - құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан пайда болады (7-б-тың 2-т-ғы), ҚР-ның азамагғық заңдары басқа құжаттармен қатар ҚР-сы Үкіметінің қаулыларынан тұрады (3-б-тың 1-т-ғы), ҚР-ның министрліктері мен ведомстволары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін құжаттар шығара алады деп бекіткен (3-б-ң 4-т-ы). Азаматтық кодекстің 2-тарауының заңды тұлғаларға арналған 2-параграфында азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық реттеушілік элементтерінің «жанасуы» өте тығыз (мысалы, мемлекеттік тіркеу, акционерлік қоғамдағы басқару, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, т.с.с). Дегенменде құқықтың бұл салаларының арасындағы басты айырмашылығы, бірінші кезекте, реттеу пәнінің, сонан соң (қажетті жағдайларда) және реттеу әдісінің ерекшеліктерімен байланысты. Еңбек құқығы мен Әкімшілік құқық бірімен-бірі тығыз арақатынаста болады, сондықтан еңбек қатынастары-еңбек құқығының негізгі пәні, әдетте, біржақты әкімшілік құжаттардың негізінде пайда болады, олардың алдында келешектегі жұмыстың жағдайы туралы келісім, оның ішінде контрактілер де жасалынады. Өкілетті лауазымды адамның құқықтық құжаты еңбек қатынастарын тоқтату үшін де, еңбек қызметімен байланысты субъективтік құқықтарды заңды түрде ресімдеу үшін де (демалысқа, зейнеткерлікке шығу, т.с.с.) керек. Әкімшілік пен еңбек құқығы нормаларының қарым-қатынасы мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттегенде өте тығыз байланыста болады. Әкімшілік және қаржылық, экологиялық, кәсіпкерлік құқықтар арасын ажырату едәуір қиын. Олардың арақатынасындағы механизмде мына жағдай байқалады: олардың пәніне жататын қоғамдық қатынастардың біразы шындығында әкімшілік құқық нормаларымен және оған тән болатын құқықтық құралдармен реттеледі. Бұл сияқты қатынастарды қорғау да көпшілігінде әкімшілік-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық пен әкімшілік құқық нормаларының қолданылу шекарасы тиісті тыйымдардың сипатымен және бағытталуымен айқындалады (қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық). Белгілі бір байланыстарды Қазақстан құқығының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу салаларының арасынан табуға болады. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексінде әкімшілік — құқықтық қатынастардан пайда болатын істерді қарау қаралған (мысалы, әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне жасалынған шағымдарды). [9]

          

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі