Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2015 в 14:40, курсовая работа

Описание работы

Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................


6

1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................

6

1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........


43

2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43

2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................

50

2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................

60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................


70

3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................

70

3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................

81

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-ӘЛЕУМЕТТІК-ЖҰМЫСТЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 617.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады. Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүниежүзілік саясат өткен ғасырлардан өзнешелене түсті. Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден-бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі- халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швециариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитеті құрылған.

Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттар жағдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс жүргізеді. Басқа қоғамдардан айырмашылығы – ел басына күн туған шақта, яғни қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай-ақ ірі табиғат апаты жағдайында тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде шет мемлекеттерге шыға алады, сонымен бірге ол Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын, бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және  Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.

Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы елімізге қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізді мейірімділік қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы өсіп келеді. Жергілікті жерде қайырымдылық асханалары ашылып, онда бір мезгіл мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасының мүшелеріне сондай-ақ, тұрмыс жағдайдайлары тым төмен жандарға арналған қайрымдылық шараларының қаржысын Халықаралық әйелдер клубы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып, қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.

Америка Құрама Штатының  Нью-Йорк қаласындағы «Ашық қоғамдық институтының» ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы  құрылған «Сорос-Қазақстан» қоғамдық  қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы - қоғамдық қайырымдылық қор.

«Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры өз жұмысын Республикамызда коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл білімдері саласында жүзеге асырады.

Ол тапқан табысының жартысына жуығын – шамамен 300 миллион американ долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды.

Джордж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен, эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондондағы экономика мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүниежүзілік даңққа бөленген «Квантум групп» фирмасының басшы иегерінің бірі болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма қазір төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35% өсім беріп отырған «Квантум групп» Сорос компаниясының біреуі ғана әлемге жайған қасиеттерінің бірі – оның қайырымдылығы. Бүгінде «Сорос» қоры әлемнің 31 елінде бар. Тек 1994-1999 жылдары ғана филантропиялық мақсатқа 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген. Кейінгі деректерге қарағанда, соңғы уақыттарда ашық қоғамдарды қолдап дамыту үшін жыл сайын 350 миллион доллардан астам қаржы жұмсалады. Ашық қоғам орнатуды алдына мақсат етіп қойған Джордж Сорос саясат пен экономикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Осындай әлемдік ауқымдағы ірі тұлғаның, қоғамдық қайраткерлердің, супермиллиардерлердің назарынан біздің Қазақстан, қазақ елі тыс қалмады. Республикамыздағы мәдениет пен білім, денсаулық сақтау мен экология және басқа рухани әлеуметтік салаларды дамытуға өз үлесін қосып, сегіз жылдан бері Алматыда құрылған «Сорос-Қазақстан» қоры атқарған жұмыстар да айтарлықтай.

Әзірге бұл қорға жыл сайын бөлініп отырған қаржы 3-4 миллион доллар аралығында. Мемлекеттік ұйымдардан тыс қайырымдылық қызметпен айналысатын Сорос қорлары азаматтық қоғамды нығайту, демократияны жетілдіру бағытында игі жұмыс жүргізіп келеді.

«Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік емес ұйымдарға көмек бере отырып, Қазақстандағы демократиялық дамуға қол ұшын беру» - дейді қордың атқарушы директоры. «Сорос-Қазақстан» қоры мектептер үшін дәстүрлі ұйымдастыратын гранттар деп аталатын сайыстың нәтижесінде жеңімпаз атанған 36 қала және ауыл мектептеріне 198000 АҚШ долларын сыйлыққа ұсынды. Сонымен қатар, Сорос-Қазақстан қоры Республика Білім министрлігімен келісе отырып, білім саласында жан-жақты игі бағдарламалар жасады.

«ХХ ғасыр суретшілері» атты Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Алматы балалар көркем сурет мектебінің «Сорос-Қазақстан» қорымен бірігіп  ұйымдастырған оқушылар көрмесі өтті. Сонымен қатар «Интернет» бағдарламасының екінші кезеңі жалғастырылады. Осы бағдарлама бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жезқазған қалаларының  ең таңдаулы бес мектебі әлемдік ақпараттық  «Интернет» жүйесіне қосылуға  мүмкіндік алды. Ал ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен келісе отырып, радио мен тележурналистер үшін арнайы курстар өткізілуде.

«Сорос-Қазақстан» Республикамызда ашық қоғамның орнауы және дамуына ықпалын тигізу мақсатын ұстана отырып, өз қызметін негізінен мәдениет, білім, ғылым, құқық, экономика, экология, денсаулық сақтау тағы басқа да гуманитарлық салаларда жүргізіп келеді. Бұл ретте қор Республикадағы үкіметтік емес ұйымдарды, білімнің барлық деңгейдегі жаңа жобаларын қолдайды, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп бітірушілеріне оқуын шет елдерде жалғастыру үшін стипендиялар мен гранттар бөледі, халықаралық гуманитарлық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдарға көмектеседі.

Қор атқарып жатқан жұмыстарды түгелдей санамалап шығу мүмкін емес. Мәліметтерге жүгінсек, «Тәй-тәй» (балалар бақшасына арналған), «Мектептерге көмек», «Оқулықтармен қамтамасыз ету», «Оқулықтар», «Ағылшын тілі, медицина, жоғары білім беру білім беруді қолдау, мәдениет пен өмір, мәдени байланыстар, Тәуелсіз бейнеөнер, кітапханаларға қолдау, Орталық Азия форум, Құқықтық реформа, Ақпараттық орталық, Интернет-электронды пошта», тағы басқа бағдарламаларын жүргізу және дамыту үшін қор үш миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, өнер мен мәдениет бағдарламасы бойынша республикадағы мәдениет мәселелерін көтеретін журналдар, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Простор» және «Аполлинарий» компьютерлік сапалы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгенін, он сурет каталогы шығарылып, әлемдік музейлерге жіберілгенін, бірнеше семинарлер мен сайыстар өткізілгенін айтуға болады. Осындай қайырымдылық  шараларына қор алғашында 4,5 миллион доллар жұмсаса, кейіннен қайырымдылық мақсатқа 5,5 миллион доллар бөлініп отырған.

Біздің елімізде балалар үшін тек қана белгілі бір атаулы күндерге орай емес, күнделікті, сағат сайын да қамқорлық жасалып келеді. Тіпті көптеген қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық қызметінің өзі де жағдайды өзгерте алар емес. Осыған байланысты халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры қазақстандықтарға өзіміздің жас отандастарымыздың балалық бал дәуренінің қызығын көріп-білуіне көмектесейік деген үндеу тастады.

Бүгінде жетім балалар үйіне ата-анасынан қапылыста айырылып қалған балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге байланысты тұл жетім атанғандардың саны басым. Бұл табаны тайғақ әкелер мен без бүйрек аналардың көбеюінің салдары. Мұны қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан. Өзі туған баласын өзекке тепкендер мен дүниеге әкелген ұрпағына жауапсыз қарағандарды біздің заң көбіне ата-аналық құқығынан айыруымен ғана шектеп жатады. Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында Алматыда «SOS-Қазақстан» балалар қалашығы ашылды.

2001 жылы 23 маусымда Астанада «SOS-Киндердорф Интернационал» халықаралық  қорының  қамқорлығымен еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды. Балаларға, әсіресе жетім,  панасыз қалған сәбилерге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз. Өйткені өз болашағын ойлаған ойлаған қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда екінші рет Халықаралық «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының қолдауымен ашылып отырған жетім балалар қалашығы сондай ізгіліктің белгісі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан үкіметі мен «SOS-Киндердорф Интернационал» қоры арасында 1994 жылы қол қайылған бірлескен қайырымдылық қызметі туралы келісім шеңберінде Алматыда балалар қалашығы дүниеге келді. Бұл балалар қалашығын қаржыландыру мақсатында қор құрылды.

Ал «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының тарихы тіпті сонау 1949 жылдан басталады. Оның негізін қалаған Герман Гмайнер еді.

2030 жылға дейін «Қазақстан-2030»  тұжырымдамасында Қазақстан халқының  денсаулық сақтау, рухани толысу, өсіп-өркендеу мәселесіне белгілі бір дәрежеде белгілі бір орын берілді. Осынау бір қоғамдық және ұлттық мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамыздың көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Ол қорлардың атқаратын қызметі мен алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай былай топтастыруға болады.

Балалар қайырымдылық қорлары: Республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайрымдылық қоры; Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Эльдани» балалар қоры.

Мүгедектерге  қайырымдылық көмек қоры: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры; Республикалық «Бибі-ана» мүгедек әйелдер қоры; «Жан» атты мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; Республикалық мүгедектер қоғамы; Ауғаныстан ардагерлер көмитеті қайырымдылық қоры; «Эльдорадо» Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоры; Қазақстан Республикасы Ардагерлер қоғамы.

Рухани қорлар: «Шапағат» қайырымдылық қоры; «Иман» қайырымдылық қоры; «Қазығұрт» қайырымдылық қоры; Қазақстан Мұсылман Орта Азия комитеті қайырымдылық қоры; «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы; «Ұшақтағы госпиталь» халықаралық ізгілік қоры; Халықаралық «Ақ ниет» ізгілік қоры; Мәдениет пен өнерді нығайтатын қор; Халықаралық рухани бірлестік конгресі қоры; «Абу-Даби» қайырымдылық қоры; «Қоныс» қайырымдылық қоры; Рухани және моральдік білім беретін халықаралық ұйымы; «Қожа Ахмет Иассауи» қайырымдылық қоры; Халықаралық «Нәзір» қоры; «Нұрила-Домалақ ана» қоғамдық қайырымдылық қоры т.б.

Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор; Д.А.Қонаев атындағы зейнетақы  қоры. Осы қорларды схема түрінде көрсетсек:

 


                       


 


 

 



 

 

 

 

1-сурет – Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық қорлар

 

Жаңа ғасыр мен мың жылдық табалдырығында тұрған біздерді болашағымыз балалар қандай күй кешуде деген сұрақ жиі мазалайды. Соңғы он жылда әлемнің әр түпкіріндегі қиян-кескі соғыстың нәтижесінде 2,5 миллион баланың өмірі қиылып, 5 миллион бала кемтар мүгедек болған, 12 миллиондай жеткіншектер мен балалар баспанасыз қалған. Соғыстың кесірінен 10 миллионға  жуық жас балалар ақыл-есінен адасып, ой-өрісі нашар дамыған немесе жүйке ауруына ұшыраған.

Эльдорадо қоғамы Ауғаныстан ардагерлерінің алматы қалалық Одағы жанынан құрылған (1996). «Бұл қоғам Ауғаныстан ардагерлеріне қол ұшын беру мақсатында ұйымдастырылды», - дейді оның директоры Рахат Салимов.

Алматы қаласында 3 мыңға тарта Ауғаныстан ардагері болса, оның 103-і мүгедектер, ал 76 отбасы - өз ұлдары мен еразаматтарынан айырылғандар. Енді бұл қоғамның мақсаты - осы отбасыларына материалдық, ақшалай көмек беру, дәрігерлік қолдау көрсету, олардың бала-шағаларына көмектесу.

1998 жылы Қазақстан Республикасы  орталық архиві жанынан «Ақиқат» атты қоғамдық-ағарту мақсатын көздейтін ұйым қүрылып, тарихымыздағы ақтаңдақтардың сырын ашуға, арыстарымыздың атаусыз қалған есімдері мен істерін тірілтуге тырысқан, ал 1991 жылдан бастап «Иман» болып аталған қордың да игі істері де көңіл көншітерліктей. «Иман» қоры алдына мынадай мақсаттар қойған:

- мемлекеттік басқару органдарының идеологиялық қызметіне қолдау көрсету;

- ұлтаралық үйлесімділік, жарасымдылықты  насихаттау;

- қазақ халқы мен Қазақстанды  мекендейтін басқа да ұлт өкілдерінің  рухани және қолданбалы мәдениетін жаңғыртуға жәрдемдесу;

- ұлт мәдениетін дамыту арқылы  патриотизм мен отаншылдық сезімді  тәрбиелеу;

- қазақ халқының тереңде жатқан  тарихынан тағылым алып, жас ұрпақтың  елін, жерін сүюге шақырып, аталар  дәстүрінен үйренуге үгіттеу.

«Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы. Бұл қордың мақсаты дінге жан-тәнімен берілген, бес мезгіл намазын қаза қылмай оқып, шариғаттың бүкіл талаптарын орындауға тырысатын әйелдердің басын қосу, олардың бүгінгі экономикалық дағдарыс кезеңінен қиналмай өтіп, мұсылмандық ар-ұятын жоғары  ұстап, ислам арман-мұратын биікке көтеріп, материалдық та, рухани да қысым көрмей салауатты өмір сүруіне жағдай жасауды көздейді.

«Ақниет» қайырымдылық орталығы ата-ана мейіріміне зәру жетім балаларды болашақта әлеуметтік, құқықтық және материалдық жағынан қорғап қана қоймай, қамқорлық жасап, тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтарының жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз етумен айналысады. Осы орталықтан орта мектеп бітірген балалардың өзі қалаған жоғары оқу орнына түсуін, сондай-ақ сол оқу орнын бітірген соң қалаға тіркеу, жұмысқа тұрғызу, тұрғын үй мәселесін шешіп беру, сонымен бірге оларға оң көзқараспен қарауды күшейту мақсаттарымен отбасылық орталықтар құруда, оны жетімдер үйі деп емес, ел баласының интернаты деп атауды ұсынған.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру