Ұрғашы малда жыныстық қызметтің реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 18:13, реферат

Описание работы

Малдың төлін өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Қазақ басқа көшпенділер сияқты ежелден мал баққан, мал өсірудің қыр-сырын жете білген халық. Дегенмен, бұрынғы кеңес өкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқада көптеген жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып, одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Республикамызда жыл сайын аналық мал басының 30-40пайызынан төл алынбай қалады. Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын қосып есептесек, мұның республикамыздың халық шаруашылығына келтіретін зияны орсан зор.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұрғашы малдың жыныстық органдарының анатомиясы
Ұрғашы малдың жыныстық органдарының физиологиясы
Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат биотех.docx

— 35.75 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Ұрғашы малдың жыныстық органдарының анатомиясы
  2. Ұрғашы малдың жыныстық органдарының физиологиясы
  3. Ұрғашы малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Малдың төлін өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Қазақ басқа көшпенділер сияқты ежелден мал баққан, мал өсірудің қыр-сырын жете білген халық. Дегенмен, бұрынғы кеңес өкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқада көптеген жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып, одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Республикамызда жыл сайын аналық мал басының 30-40пайызынан төл алынбай қалады. Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын қосып есептесек, мұның республикамыздың халық шаруашылығына келтіретін зияны орсан зор.

Малды бағып-күтудің ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмде болатын физиологиялық, биологиялық үдерістерді дұрыс пайдаланып отырса, әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105-110 бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады.

Малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиялары  жөнінде терең білім болмай, мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Малдың бедеу немесе қысыр қалу себептерін анықтап, ауруды емдеудің тиімді әдістерін  қолдана білу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұрғашы малдың жыныс аппараты ішкі және сыртқы бөлімдерден тұрады. Ішкі бөліміне: жыныстық бездер, жатыр  түтіктері, жатыр, қынап, ал сыртқы бөліміне: сарпай (жыныс ернеулері), қынап кіреберісі, шүртекей жатады.

Ішкі жыныстық мүшелер. Жұмыртқалық (ovaria, oophoron) – жұп орган, негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасын және жыныстық гормондар түзіп шығару.

Сыртқы пішіні дөңгелек, сопақша болады, тығыз, көлемі: сиырда 3x2 см; ұсақ малдарда 1,5x1 см. Биелердің жұмыртқалықтары бүйрек тәріздес, көлемі 5x3 см, кейде одан да үлкен, ал мегежіндердің жұмыртқалықтары 3x2 см, сырты бұжырланып тұрады. Жұмыртқалықтың көлемі, салмағы малдың әртүрлі физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады.

Жұмыртқалық сыртынан алғашқы  эпителлиймен қапталған. Осы қабаттың астында ақзаттық қабат орналасады. Жұмыртқалықты тіліп көргенде екі, яғни сыртқы-фолликулярлы және ішкі-милы (қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі) аймақтан тұратынын ажыратамыз.

Фолликулярлы аймақта  алғашқы, дамушы, пісіп жетілген фолликулдар (грааф көпіршігі) және сары денелер  орналасқан. Жұмыртқалық сиырда, қойда, ешкіде жамбас қуысында, биеде құрсақ қуысында оң жағынан 3-4-ші, ал сол жағынан 4-5-ші бел омыртқалардың астында, мегежінде, қаншықта, мысықта құрсақ қуысының артқы бөлігінде орналасады.

Жатыр түтікшелері (salpinx) – негізгі қызметі аналық және аталық жыныс торшаларының кездесуін қамтамасыз ету. Ол үш қабаттан (кілегейлі, етті, сірілі) тұратын, өте жіңішке, иректелген түтік, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастырып жатады. Жатыр түтікшесінің кілегейлі қабаты кірпікшелі эпителлийден тұрады. Ұзындығы биеде, түйеде, сиырда, мегежінде 25-30 см, қойда және ешкіде 10-15 см түтіктің диаметрі жұмыртқалыққа жақындаған сайын кеңейе береді. Тіпті жұмыртқалықты қоршап жатады.

Жатыр (uterus, hystera, metra)-қуысты орган, негізгі қызметі төлдің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Жатырды құрылысына қарай күрделі және жәй деп бөлуге болады. Күрделі жатыр жануарларда (қос тармақты екіге бөлінген-сиырда, түйеде, қойда, ешкіде, мегежінде, қаншықта; қостармақты-биеде, есекте; қос жатыр-кеміргіштерде), ал жәй жатыр – приматтарда. Жатыр қабырғасы кілегейлі, етті, сірілі қабаттардан тұрады.

Жатыр жамбас қуысында орналасқан. Сиыр жатыр тармақтары жамбас қуысында жатады. Кейде көп туған немесе кәрі сиырларда құрсақ қуысына қарай  түсіңкіреп орналасады, ал биенің, мегежіннің, қаншық пен мысықтың жатыр тармақтары құрсақ қуысында жатады. Олар жатыр  шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшық еттеріне бекітілген.

Жатыр үш бөліктен тұрады: жатыр  мойыны, денесі және тармақтары.

Жатыр мойыны (cervix uteri) қынап пен жатыр денесін жалғастырып тұрады, өте тығыз, бұлшық етті болады. Ұзындығы сиырларда  10-15 см  жетеді, диаметрі 3-4 см цилиндр тәрізді орган.

Жатыр мойнының кілегейлі қабаты ұзына бойлық (биеде) және көлденең (сиырда, қойда, ешкіде, мегежінде) қатпарлар түзеді.

Осы көлденең қатпарлардың ұштары мегежіннен басқа малдарда қынапқа  қарай бағытталып, бір-бірімен түйіспейді. Жатыр мойнының кілегейлі қабатының  эпителлийі шырыш бөледі.

Жатыр денесі (corpus uteri)-жұмсақ, ұзындығы 2-3 см, бие жатырының денесі кең, ұзындығы 10-15 см жетеді. Себебі, биенің төлі жатыр денесінде және тармағында өсіп дамиды, ал қалған малдарда төл жатыр тармақтарында өсіп дамиды.

Жатыр тармақтары (cornua uteri)-жатыр денесінен шығып жіңішкере келеді де, ұрық түтікшелеріне ауысады. Жатыр тармақтарының екіге бөлінген жерін бифуркация деп атайды. Жатыр денесінен осы бифуркацияға дейін тармақ аралық өзек түзіледі. Сиырдың жатыр тармақтары қошқар мүйізі тәрізді астына қарай бүктеліп жатады, ұзындығы 20-30 см. Биенің жатыр тармақтары алға қарай, төмен түсіп барып, жоғары қайырылып тұрады, яғни дөңес жағы астына, ал ойыс жағы үстіне қараған.

Мегежіннің жатыр тармақтары құрсақ қуысында ішек тәрізді иректеліп  жатады, ұзындығы 1,5-2 м жетеді. Күйіс  малдарының жатыр тармағында кілегейлі  қабаттан түзілген арнайы құрылымдар болады, олардың жалпы саны 80-120 дейін  жетеді, олар тармақтарда 3-4 қатар, ал жатыр  денесінде ретсіз орналасқан. Олар карункулдар деп аталады. Карункулдардың беткейінде кішкентай тесіктер бар, оларды крипталар деп атайды. Сиырлардың карункулдарының беткейі дөңестеніп келеді де, ал ұсақ малдарда түйме тәрізді ойыстанып келеді. Басқа малдарда карункулдар болмайды, сол себепті крипталар жатырдың кілегейлі қабатының беткейінде орналасады. Бұнымен қоса жатырдың кілегейлі қабатында жатыр бездері орналасады.

Қынап (vagina, colpos)-жамбас қуысында, тік ішектің астында орналасқан. Негізгі қызметі шағылысуды қамтамасыз етеді және төл жүретін жол болып табылады. Оның ұзындығы ірі малда 30-35 см, ұсақ малда 10-20 см түтік, ұш (кілегейлі, етті, адвентиция) қабаттан тұрады. Кілегейлі қабаты безді эпителлий емес, көп қабатты жалпақ эпителлиймен қапталған, ұзына бойымен орналасқан көптеген қатпарлар түзеді. Қынаптың төменгі бөлігінде ұзына бойына орналасқан гартнер жолдары жатыр. Қынаптың краниальдік бөлігінде, жатыр мойнының жоғарғы жағында кеңейген күмбез тәрізді кеңістік түзіледі. Қынап пен қынап кіреберісін кішкентай ғана көлденең қатпар бөліп тұрады, ол-қыздық перде (hymen) деп аталады. 

Сыртқы жыныстық мүшелер. Қынап кіреберісі (vestibulum vaginae)-жыныс саңылауынан басталып, қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8-14 см болатын түтікше орган. Сиырда, қойда, ешкіде және мегежінде зәр шығаратын тесік кішкентай көлденең қатпармен екіге бөлінген, оның үстіңгі бөлігі зәр шығатын арнаға яғни, қуыққа барады да, ал астыңғысы тереңдігі 2 см тұйық тесік-дивертикул (diverticulum suburetrale) түзеді.бұл анатомиялық ерекшеліктерді мал ұрықтандырғанда немесе қуыққа катетер салғанда ескеру қажет. Биеде дивертикул болмайды. Қынап кіреберісінің негізгі атқаратын қызметі жыныстық қатынасты қамтамасыз ету.

Қынап кіреберісінің қабырғасы  үш: кілегейлі, етті және дәнекерұлпалы  қабаттан тұрады. Кілегейлі қабат  көп қабатты жалпақ эпителлиймен қапталған және ол әр түрлі қалыңдықта қатпарлар түзеді. Қынап кіреберісінің  екі жағында, кілегейлі қабаттың астында екі қатар орналасқан шырыш бөлетін түтік тәрізді  бездер бар.

Жыныс саңылауынан 1,5-2,5 см тереңдікте, сарпайдың жоғарғы бұрышына жақынырақ, етті қабаттың ішінде қынап кіреберісінің  үлкен және кіші бездері орналасқан. Бұнымен қоса биеде, мегежінде, қаншықта қынап кіреберісінің екі жағында, сарпай сфинктерінің астында тереңіректе, тығыз фиброзды қабықпен қапталған, екі қуыс немесе каверналық денелер  орналасқан. Бұл денелер жыныстық қатнас кезінде қанға толып, сарпай ісінеді.

Қынап кіреберісінің төменгі  бұрышында, шонданай сүйегінің үстінде, аталық жыныстық мүшенің рудименті-шүртекей (clitoris, cunnus) орналасады. Ол екі түрлі кавернозды (венозды және артериалды) денеден тұрады. Шүртекейдің жүйке ұштарына өте бай басы және аяқтары бар.

Сарпай (vulva)-сыртынан нәзік түкті терімен қапталған екі жыныс ернеулерінен (labia vulva) тұрады. Осы жыныс ернеулерінің жоғарғы жағы биеде сүйірленіп және төменгі шектері доғалданып қосылып, жыныс саңылауын құрайды.

Ұрғашы малдың жыныстық органдарының физиологиясы

Жыныстық және физиологиялық жетілу. Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныстық органда, эндокринді аппаратта және бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда аналық жыныстық безде фолликулдар өсіп жетіле бастайды да, онда аналық жыныс торшасы және жыныстық эстрогендік гормондар (фолликулин) пайда болады.

Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне  тән ерекше белгілері айқындала  түседі, жыныстық органдары толық  жетіледі, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап аналық жыныстық безде овогенез үрдісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, ол мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сонымен қатар сүт бездері де өсіп дамиды.

Жыныстық жетілудің мерзімі  әртүрлі факторларға байланысты, яғни түліктің, тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, еркек малмен қарым-қатынаста болу сияқты факторлар  әсер етеді. Жануардың неғұрлым өмірі  қысқа болса, оның жыныстық жетілуі  соғұрлым тезірек болады. Бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де ертерек басталады.

Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл  кезде организм әлі толық жетілмеген, жамбас қуысы тар. Мұндай жас малдың буаздығы оның организміне де, іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен  зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру  үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физиологиялық толық жетілуін күту керек.

Физиологиялық тұрғыдан толық  жетілген малдың сыртқы пішіні (эктерьері) және тірілей салмағы ересек малдың тірі салмағының 65-75 пайызын құрауы тиіс.

Құнажын, қашарлардың салмағы 290-300 кг жетсе 16-18 айды күтпей-ақ қашыра беруге болады. Мегежіндердің салмағы 110-120 кг жеткенде ұрықтандырады.

Жыныстық цикл. Жыныстық жетілген малдың организмінде, әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық, физиолониялық құбылыстар болады. Бұл өзгерістер гипоталамус-гипофиз, аналық жыныстық безден басқаэндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады. Осы құбылыстардың белгілі тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.

Жыныстық циклды жан-жақты  зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А.П. Студенцов болды.

Оның анықтамасы бойынша  жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:        1. Қозу 2. Тежелу 3. Теңдесу.

Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым  ағу феномені, жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені, күйлеу феномені және овуляция феномені. Осы қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады.

Жыныстық цикл синхронды  немесе асинхронды; ырғақты немесе ырғақсыз, жарамды немесе жарамсыз болып өтеді.

Синхронды жыныстық циклдің  барлық феномендері белгілі уақыт  аралықтарында көрінеді, қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын білінеді.

Асинхрондық жыныстық циклдің  феномендері бір-біріне ілеспей, әр кезде көрініп, басылып жатады. Қозу сатысының қалыптасуы 4-5 тәулікке дейін  созылады. Н.И. Полянцевтің мәліметі бойынша 25 пайыз сиырларда жыныстық цикл синхронды өтсе, 75 пайызында асинхронды өтеді.

Ырғақты жыныстық циклдің  қайталану мерзімі бірдей, мысалға, әрбір 21 тәулік сайын қайталанып отырады. Ырғақсыз жыныстық циклдің қайталануы әр қалай, кейде 21 күннен кейін болса, енді бірде 45-60 күнге дейін малда  жыныстық циклдің белгілері білінбейді.

  Жарамды жыныстық цикл деп қозу сатысының барлық феномендері дерлік байқалған циклді айтады.

Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе бірнеше феномендер көрінбей қалады. Мысалға: жалпы реакция феномені болмай қалады оны ареактивтік жыныстық цикл деп атайды, күйлеу феномені жоқ болса, алибидтік жыныстық цикл, шылым ағу феномені жоқ болса, анэстралдік жыныстық цикл, овуляция феномені жоқ болса, ановуляторлық жыныстық цикл деп аталады.

Жарамсыз жыныстық циклдің  қайсысында болмасын малды шағылыстырғаннан, қашырғаннан ол тоқтамайды, ұрықтанбайды.

Шылым ағу (oestrus). Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болады, олар шырыш (секрет) бөліп шығара бастайды. Жатыр ішіне жиналған шырыш сыртқа ағып шыға бастайды. Малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып, мөлдір түсті шырыш ағып тұрады.осы құбылысты шырыш ағу феномені деп атайды. Қыныптың, қынап кіреберісінің, жатыр мойнының кілегейлі қабаты домбығып ісініп, қызарып қанталап кетеді. Алғашқы күндері аққан кілегейлі сұйық көп емес, жатқан жерінде жиналып немесе құйрығына жабысып қалғанын байқаймыз, кейіннен оның мөлшері біраз көбейіп, соңына қарай азая бастайды. Сұйықтың өзіде қоюланып, сарғылт тартып, бұлыңғырлана береді. Шылым ағу үрдісі көбінесе, 2-3 тәулікке созылады, кейбір сиырларда, қаншықтарда бөлінген шырышқа қан араласуы мүмкін, сұйықпен қосылып кілегейлі эпителийдің өлген торшалары көптеп көшіп (пролиферация) түсе бастайды. Бұл кезде жатырдың жиырылуы күшейе түседі, тік ішек арқылы ұстап, сипай бастағанда-ақ тез жиырылып серпіледі. Шылым ағу үрдісінің соңына қарай жоғарыда айтылған барлық пролиферативтік үрдістер бәсеңдейді. Қан айналымы азайып, кілегейлі қабаттың түсі бозғылт тартады.

Информация о работе Ұрғашы малда жыныстық қызметтің реттелуі