Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 21:08, реферат

Описание работы

Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары жэне сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлі- неді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буың- дарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушы- сының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне жэне ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Іңдетке қарсы шаралар жалпы жэне арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық жэне ветеринариялық-санйтариялық ша-ралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

Содержание работы

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер
2.2.Індеттік ерекшеліктері,төзімділігі,дерттенуі
2.3.Өтуі мен симптомдары,пат-анатомиялық өзгерістер
2.4.Иммунитет,емі,дауалау және күресу шаралары
2.5.Сиырдың жұғымтал плевропневмониясының анық.сы
2.6.Этиологиясы мен дерттенуі
2.7.Дауалау және күресу шаралары
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

Айка індет.doc

— 87.50 Кб (Скачать файл)

    Жүқпалы  плевропневмония індеті баяу  өрбіп, бірнеше жылдарға созы- лады. Малдан малға жүғуы тығыз, нашар  желдетілетін қорада тезірек  өтеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ға жетеді.

                                   Дерттенуі.

     Мэліктің  қоздырушысы жануар денесіне  тыныс жолдары арқылы еніп, ұсақ  бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну процесін  тудырып, өкпедегі бөлікше аралық  дэнекер ұлпаны зақымдап, оны  домбықтырады. Сөл тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пнев- мония өрбіп, осы ауруға тэн өкпенің бауырлану процесінің эр түрлі ста- диялары байқалады.

    Қабыну, қан жэне сөл тамырларының  бітелуі нэтижесінде өкпенің  за- қымданған бөлігінің анемиялық  өліеттенуі байқалады. Бүл процесс кеуде аралық жэне бронхалық сөл түйіндерін жэне өкпе пердесі - плевраны қам- тиды. Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дэнекер үлпадан құралған қабыршақ түзіледі де, секвестрлер пайда болады. Олардың ішінде ауру қоздырушысы ұзақ  уақыт сақталады да, қабыршақтың бүтіндігі бұзылса айналадағы cay ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. Баяу гиигі сезімталдык, дсрі гің өрбуінде біршама маңызды рел атқарады.Жүқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа. созылып, толықтай жазыльш кешейді. Сөл тамырларының. қабынуы мен бііслуі экссудаттың сіңірілуіне бөгет жасайды. Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек, жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыратады.

                           Өтуі мен симптомдары. 

    Жасырын  кезеңі 2-4 апта, кейде  4-6айға созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы жэне кэдімгідей емес  түрде өтеді.Аса жітіөткен кезде  өкпе мен оның пердесі күшті  зақымданып, зкссудативтік плеврит  пен пневмонияның белгілері білінеді. Тыныс алу қиындап, жөтел пайда болады. Денесінің ыстығы 41°С-тан асады. Ауырған мал жем- шөпке қарамайды, күйістен қалады, іші өтеді, 2-8 күн ішінде өледі.

   Ж ітіөткенде  ауру бастапқыда жөтелмен қатар  дененің қызуының аздап жоғарьілауы арқылы байқалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С-қа дейін көтеріліп, эдетте төмендемейді, кейде айнымаиы түрде байқалады. Ауырған мап козғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойынын созып,арқасын бүгіп, ауызын ашып түрады. Тынысы тарылып, қабырғаларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады. Жөтел басында қүрғақ, қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бэсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбыс төмендеп, аускультация кезінде тыныс есгілмейді. Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы естіледі.

    Өкпенің  негізінен біреуі ғана, кейде  екі өкпе де қабынады. Сора танаудың екі тесігінен бірдей ағады,Кеуденің төменгі тұсы мен сирақтары домбығады. Іштің қатуы мен өтуі алма кезек байқапады. Ауырған мал 2-4 аптада өледі. Өлім көрсеткіші 70%-ға жетеді. Кейде процесс жітіден төмен, не созылмалы түрге ауысады. Әдетте ауырған мал толық сауықпайды.

     Жітіден  төменөткен аурудың барлық клиникаиық белгілері айқын байқалады. Ауырған мал сирек жөтеледі, іші өтіп, ыстығы көтеріледі.Созылмалыөткен кезде мал арықтайды, жөтеліп, оқтын-оқтын іші өтеді. Перкуссия мен аускультация арқылы өкпеде секвестр қуыстарын байқауға болады. Жөтелген кезде іріңді ірімтіктер шашырайды. Кейде төсінде, эукесінде, сирақтарында домбығу байқалады. Ауру бірнеше айға созылады, көбінесе ауырған мал өліп қалады, не пышаққа ілінеді.Аурудың  кәдімгідей еместүрінде мапдың аз уақыт ыстығы көтеріліп, селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды. Оқтын-оқтын жөтеліп қояды.

                  Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

   Өкпедегі  ңегізгі өзгерістер көкірек қуысында  байқалады. Әдетте олар бұл ауруға  тэн құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық  диагноз қою үшін толық негіз  бола алады. Көбенесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процесс соның артқы немесе ортаңғы бөлігінд е шоғырланады . Зақымдан ған телім бұдырайып тұрады,басып көргенде тығыз болады. Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дэнекер ұлпадан тұратык талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшықтар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары көзге түседі. Осының бэрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді.

    Аурудың  соңғы кезеңінде өкпенің өліеттенуінен  пайда болған секвестр- лер кезігеді. Олардың сыртын дэнекер ұлпалардан тұратын қабыршак қап- тайды.Плевраның зақымдануы жиі ұшырайды. Әдетте өкпе пердесі қалыңдап,оған фибринді жалқақ жабысып, аурудың кейінгі сатысында плевра қабықтары дәнекер ұлпалар арқылы бір-біріне жабысып қалады.'Көкірек қуысында фибрин іріміктері аралас экссудат болады. Көкірек қуысының сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды, өліеттенген ұсақ телімдер кездеседі. Басқа ағзаларда эдетте өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда суланған немесе фибринді перикардит, ал бұзаулардын буыны суланған фибринді қабынуға ұшырайды, тері асты шелінде іркілдеген жалқақтар ұшырасады.

    Балау.Жұғымтал плевропневмонияға диагноз кою үшін індеттанулык.деректерді (сиыр ғана ауырады, індет баяу өрбиді),1 клиникалық белгілерін (пневмония, плеврит), патологиялық-анатомиялық өзгерістерді (өкпедегі,плеврадағы өзгеше зақымдар, секвестрлер) жэне зертханалық зерттёулердін нәтижесін (бұзауға қойылатын биосынама, бактериологиялық жэне сероло- гиялық тексерулер) негізге алады.Тірі кезінде балау қиыншылық тудыратындықтан бірнеше ауруға күдікті малды сояды. Бұл мақсатта биосынама жақсы нәтиже береді. Ол үшін аурудан cay шаруашылықтан әкелінген бұзаулардың тері астына өлген малдың өкпе сөлін немесе көкірек қуысындағы экссудатты жібереді.

    Бактериологиялық  зерттеуге плевраның экссудатын  немесе өкпенің зақымданған телімінің  сөлін пайдалануға болады. Аурудың  жіті өткен кезеңінде қоздырушыны  қаннан да бөліп алуға болады. Ауру жасырын түрде өтетін  жануарларды айқындау үшін серологиялық реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР,ИФР. Ескеретін жэйт, мэлікке қарсы егілген мал 8 айға дейін КБР-да оң нәгиже береді.

    Ажыратып балау.  Мэлікті пастереллезден, туберкулезден, парагрипптен, эхинококкоздан, жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты перикардиттен ажырату керек.Пастереллез көкіректегі түрімен қатар ішектегі түрінде өтеді. Пастереллез кезінде өкпенің қабынуы қауырт, жіті өтеді. Түпкілікті балау бактериологиялық зерттеу арқылы айқындалады.

   Туберкулез  баяу өрбиді. Өкпеден басқа сирек  болса да желін, жыныс мү- шелері  зақымданады. Ажырату үшін туберкулин  сынамасы мен бактерио- логиялық  тексеру жүргізіледі.

   Парагрипп  негізінен жас төлде кездеседі, жіті өтіп, жасырын кезеңі өте қысқа (1-2 тэулік) болады. Айқындау үшін серологиялық және вирусологиялық зерттеу эдістері қолданылады.Эхинококкоз өкпені зақымдағанымен плевра таза болады. Эхинококкозға арналған аллергиялық сынама оң нәтиже береді.Жарақатты перикардит жекелеген жануарларда ғана байқалады. Төсін,жүрек түсын басқанда ауырсынады.          Сойғанда бөгде зат шығады, дүңгіршек қарын мен диафрагма бір-біріне жабысып қалады.

      Жүқпайтын крупозды пневмония эдетте жіті өтіп, малды жаппай қам- тымайды, өкпеде секвестрлер болмайды.

    Емі.Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.

   Иммунитет.  Мэлікпен ауырып жазылған жэне егілген малда иммунитет қалыптасады. Ерте заманнан бері бүл ауруға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру үшін эр түрлі әрекеттер жасалып келеді. Мысалы, африкалықтар пышақтың жүзін аурудан өлген малдың өкпесіне батырғаннан кейін сау малдың маңдай терісін тілу арқылы егу әдісін пайдаланған. Кейіннен белгиялық дәрігер Виллемс (1852) бұл эдіске ғылыми негіздеме жасады, ал JI.Пастер осы эдіспен егу үшін қолдан жүқтырылған бүзаудың тері асты шелінде іркілген сөлді пайдалануды үсынды. Кейіннен егу үшін қоздырушының қоректік ортада алынған таза өсінін қолдана бастады. Өлтірілген өсіннің иммундік қасиеті төмен, ал тірі өсін асқынған жағдайларға әкеп соғатын болғандықтан, тірі өсінді арнайы эдіспен дененің белгілі бір жерлеріне ғана (қүйрықтың ішкі жағындағы тері астына) егетін эдіс үсынылды. Осылай еккенде асқыну байқалмай, үзақ уақытқа (1-2 жыл) иммунитет қалыптасады.

     Қазіргі  уақытта шет елдерде тауық  эмбрионында өсірілген авиндёлген  вакцина қолданылады. Сонымен қатар, аттенуацияланған немесе табиғи  элсіреген штамдардан даярланған  вакциналар пайдаланылады. Оба мен  мәлікке қарсы ассоциацияланған вақцинаны қолдану тэжірибесі де оң нәтиже берді.

 

 

                    

                

 

                  

 

 

 

 

                                    Қорытынды

 

    Біздің елде жұғымтал плевропневмония жойылғандықтан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың экелуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің нэтижесі уақБптылы дэл диагноз қоя білуге байланысты. Ауру шыға қалғанда карантин қойылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар, КБР беретін малдар сойылады. Етін пайдаланып,зақымданған үлпаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады. Тері кептіру ар- қылы зарарсыздандырылады. Қора жайды мүқият тазалап, 2% күйдіргіш на- трий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекцияланады. Көң биотермиялық жолмен зарарсыздандырылады.

    Сау  малдарды екі мэрте өсінді  вакцинамен егеді. Егер ауруға шапдыққан малдар аса құнды болмаса немесе саны шектеулі болса, оларды түгелдей сояды. Карантин екінші рет еккендегі реакция басылған соң, егер жаңадан ауырған мал болмаса, 3 ай өткенде алынады.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

                         ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.. Бияшев Қ.Б. және т.б.// Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 1999. -167 бет

2. Сайдулдин Т. // Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары/ Алматы, 2009. -518 бет.

3.Қасымов Е.И. // Індеттану және инфекциялық аурулармен кресс шара лары/ Алматы, 2009. -272 бет.

 

 

 

   


Информация о работе Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер