«Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 19:30, реферат

Описание работы

Ғылым мен техниканың жылдам дамуы, машиналар мен механизмдердің қуаттары мен жылдамдықтарының өсуі еңбек пен демалыстың шарттарын анықтайтын негізгі фактор болып табылатын шу мен дірілдің күшеюіне әкеледі. Қазіргі уақытта шу қоршаған ортаны зақымдайтын факторлардың ішінде үшінші орында тұр. Зерттеулерге сәйкес, адамға әсер ететін шудың деңгейі әр 10 жылда ұлғайып тұрады .

Содержание работы

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Өндірісте шуды төмендету
Шудан қорғау әдістері
ІІІ Қорытынды бөлім
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

14-1.docx

— 22.93 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік

Фармацевтика Академиясы

 

Кафедра: Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері.

 

 

                                        Орындаған:.

                                        Тобы: 515 ҚДС

 Қабылдаған:

 

                                   2014ж    

                                                              

 Жоспар 

 

 

 

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім

  1. Өндірісте шуды төмендету
  2. Шудан қорғау әдістері

ІІІ Қорытынды  бөлім

IV Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым мен техниканың жылдам дамуы, машиналар мен механизмдердің қуаттары мен жылдамдықтарының өсуі еңбек пен демалыстың шарттарын анықтайтын негізгі фактор болып табылатын шу мен дірілдің күшеюіне әкеледі. Қазіргі уақытта шу қоршаған ортаны зақымдайтын факторлардың ішінде үшінші орында тұр. Зерттеулерге сәйкес, адамға әсер ететін шудың деңгейі әр 10 жылда ұлғайып тұрады .

Қазіргі уақыттағы мәдениеттің дамуының ахуалды мәселелерінің бірі – шу мәселесі болып табылады. Шудың қандай да бір акустикалық әсерін біздің әлеміміздің кез келген тұрғыны сезеді. Сондықтан қазіргі уақытта қоршаған ортаның акустикалық ластануының адам ағзасына әсері озон қабатының немесе қышқыл жаңбырларының әсерінен кем түспейді.

Шу ақпаратты қабылдауға бөгет жасайды, ол өз кезегіңде қателікке және жарақаттануға ықпал етеді. Ол шаршағандықты тудырады. Шу ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда  жақсы есту төмендейді, қан қысымы өзгереді, зейін қойуы әлсірейді, көруі нашарлайды, тыныс алу орталықтарында өзгерістер болады, қимыл координацияларында өзгерістер болуы мүмкін

Өндірісте шуды төмендету мәселесі өзара байланысты екі міндеттерді шешуді қарастырады:

1) кәсіпорындардың дайындайтын машиналарының және жабдықтарының, оларға техникалық шартта және стандартта берілген шуларын төмендету;

2) жұмыс орнында, кәсіпорын аумағында және оған жақын орналасқан аумақта шуды төмендету.

Шудан қорғау әдістері

 Шудың шығу көзінің сипаттамасына байланысты шудан ұжымдық қорғау және дербес қорғау құралдары таңдап алынады. Олар МЕСТ 12.01.029.080 «ССБТ. Шудан қорғау құралдары және әдістері. Жіктелуі» анықталған.

Ұжымдық қорғау құралдарын таңдау акустикалық есеп негізінде жүргізіледі. Мақсаты – шудың нақты деңгейін анықтау және шудың деңгейін мүмкіндік мөлшеріне дейін төмендету.

Шудың шығу көзінің орналасқан жеріне байланысты акустикалық есеп жүргізіледі: оның ашық кеңістікте немесе бөлмеде орналасуында.

Шудың таратылу заңдылықтарынан және акустикалық есебінен шудан қорғау шаралары шығады:

Шудың шығу көзінің дыбыстық қуатын азайту. Шудың шығу көзін азайту шаралары шудың табиғатына байланысты. Механикалық шулар механикалық энергияның акустикалыққа көшуін азайту жолымен былайша төмендетіледі:

1) машинаның дайындалу дәлдігін жоғарлату;

2) айналмалы бөліктерінің берілетін жиіліктерін және жүктемеліктерін азайту;

3) соққы беретін процесстерді соққысыз процесстерге ауыстыру;

4) айналмалы бөліктерін баланстауды жақсарту:

5) механизмдерде оралу-ілгерілеу қимылдарын айналмалыға ауыстыру;

6) дыбыстық емес материалдарды қолдану (пластмасса, ішкі үйкелісі үлкен дыбыссыз металлдар);

7) қажалатын беттерін майлауды жетілдіру;

8) тісті берілістердің орнына клиноременді және тісті-ременді берілістерді қолдану.

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану ұжымдық және басқа қорғаныс құралдары шудың шектік деңгейін азайтуға мүмкіндік етпеген жағдайда қолданады. Жеке қорғаныс құралдары қабылданатын дыбыс деңгейін 10…45 дБ дейін төмеңдетуге мүмкіндік береді, әсіресе адам үшін аса қауіпті жоғары жиіліктегі шуды елеулі азайтады.

Шудан жеке қорғаныс құралдары құлақты жауып тұратын шуға қарсы құлаққаптарға, шуға қарсы ішпектерге, шуға қарсы дулығаларға және дулығалы қалпақтарға және шу костюмдеріне бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Шудың ағзаға әсер ету механизмі күрделі үрдіс және аяғына дейін зерттелмеген. Шудың әсері туралы сөз қозғағанда, біріншіден, есту мүшелеріне назар аударылады, себебі есту анализаторы бірінші болып дыбыс тербелістерін қабылдайды да, оның зақымдалуы шудың ағзаға әсер етуімен бірдей болып табылады. Есту мүшелерімен бірге дыбыс тербелістерін тері қабатының дірілге сезімтал рецепторлары арқылы да қабылдауға болады. Бақылаулар бойынша, құлағы естімейтін адамдар дыбыс шығаратын көздермен жанасқан кезде, оларды сезіп қана қоймай, белгілі сипаттағы дыбыстық сигналдарды бағалауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ерконыр А.К., Утепов Е.Б., Утепова А.Б. и др. Исследование шума и вибрации твердых образцов. Труды шестой международной научно-технической конференции «Новое в безопасности жизнедеятельности» (охрана труда, экология, валеология, защита человека в ЧС, токсикология), часть I, Алматы, 2004, С. 52-54.
  2. Утепов Е.Б., Лидтке В.Ю., Мякотин В.Н., Утепов Т.Е. // Снижение шума в направляющих трубах токарных автоматов. – Алматы: ЧП «Шевченко», 1998. б.72
  3. http://vestnik.kazntu.kz/files/newspapers/36/1028/1028.pdf
  4. http://1referat.kz/

 

 


Информация о работе «Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері