Ішкі секреция бездерінің функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 21:28, доклад

Описание работы

Бұл жүйе қанға және лимфаға гормондар бөледі, мүшелердің шығару жолдары жоқ, сондықтан осы мүшелер жиынтығын эндокринді, ішкі секреция бездері деп атайды. (эндо-ішкі, крино-бөлу).
Грек тілінде гормон-қозу, қозғалу деген мағынаны білдіреді.
Гормон –ол белсенді биологиялық заттар, біздің көңіл-күйімізді, алмасу процестерін, тәртібімізді қадағалайды.

Содержание работы

Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
Ішкі секреция бездерінің жіктелуі.
Ішкі секреция бездері.
Қалқанша безі
Қалқанша маңы безі
Айырша безі
Гипофиз
Эпифиз
Ұйқы безі-инкреторлы бөлігі
Простатаның эндокринді бөлігі

Файлы: 1 файл

АНАТОМИЯ презент.ЭНД.pptx

— 1.36 Мб (Скачать файл)

Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің  
функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

 

    1. Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
    2. Ішкі секреция бездерінің жіктелуі.
    3. Ішкі секреция бездері.
      • Қалқанша безі
      • Қалқанша маңы безі
      • Айырша безі
      • Гипофиз
      • Эпифиз
      • Ұйқы безі-инкреторлы бөлігі
      • Простатаның эндокринді бөлігі

 

Ішкі секреция бездері мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Ішкі секреция бездерінің функциональді  анатомиясы.

 

   Бұл жүйе  қанға және лимфаға гормондар  бөледі, мүшелердің шығару жолдары  жоқ, сондықтан осы мүшелер  жиынтығын эндокринді,  ішкі секреция  бездері деп атайды. (эндо-ішкі, крино-бөлу).

    • Грек тілінде гормон-қозу, қозғалу деген мағынаны білдіреді.
    • Гормон –ол белсенді биологиялық заттар, біздің көңіл-күйімізді, алмасу процестерін, тәртібімізді қадағалайды.

     1980 жылы Юдаев гормондар әсерінің  жұмыс формуласын ұсынды.

     Гормон  клеткаға түсіп, күрделі құралған  байланыс рецептормен қосылып,  гомон рецептор комплексін түзеді, комплекс ядроға өтіп, хроматиннің  белгілі бір бөлігімен және  белгілі бір генмен байланысады.  Соның нәтижесінде аналық РНК  пайда болады, аналық  РНК специфиялық  белок немесе ферменттің синтезін  қадағалайды.

    • Қысқаша былай көрсетуге болады:

        Гормон ------клеткаға+рецептор=гормон рецептор  комплексі------ядро+хроматиннің белгілі  бір бөлігі +белгілі бір  ген=аналық  РНК ----ферментттің немесе белоктың  синтезін реттейді, нәтижесінде  жауапты реакция пайда болады.

Табиғаты жағынан гормондар жатады:

    • Белоктар.
    • Белоктардың ыдырау затына.
    • Стероидтарға жатады.
    • Қазіргі уақытта 80 гормонға жуық  белгілі. Гормондар жалпы зат алмасу процесіне, сонымен қатар жекелеген процестерге де әсер етеді. Мысалы жалпы процесс-тотығу, немесе тек кальций немесе фосфор алмауларына қатысады.

     Эндокринді  жүйе ұзақ уақыты, бірақ өте  баяу қабілеті. Нерв жүйесі мен   эндокринді жүйеніңі бір-бірін  толықтырып отыруын нейроэндокринді  мүшелер деп атайды.

Ішкі секреция бездерінің жіктелуі.

 

А. Эмбриональды дамуына байланысты жіктелуі.

І. Топ  –энтодермальды бездер:

    • қалқанша без.
    • қалқанша маңы бездері.
    • айырша без, тимус.
    • ұйқы безі (инсулярлы аппараты).

ІІ. Топ-мезодермальды  бездер:

    • бүйрек үсті безінің қыртыс заты.
    • еннің эндокринді бөлігі.
    • қуық асты безінің эндокринді бөлігі.
    • аналық эндокринді бөлігі.
    • жатырдың эндокринді бөлігі.

ІІІ. Эктодермальды  бездер:

    • гипофиз.
    • эпифиз.
    • бүйрек үсті безінің милы заты.
    • хромофин денелері.

 

 Б. Даму қайнар көздері бойынша:

 

І. Бронхиогенді бездер (жұтқыншақ пен желбезек қалталарынан).

    • қалқанша без.
    • қалқанша маңы бездері.
    • айырша без, тимус.

ІІ. Неврогенді топ (аралық мидан).

    • гипофиз.
    • эпифиз.

ІІІ. Адреналин  жүйесі тобы (симпатикалық тканьнен).

    • бүйрек үсті безінің милы заты.
    • хромофин денелері.

ІҮ. Интерренальді  жүйесі.

    • бүйрек үсті безінің қыртыс заты.

Ү. Мезодермальды  бездер.

    • еннің эндокринді бөлігі.
    • қуық асты безінің эндокринді бөлігі.
    • аналық эндокринді бөлігі.
    • жатырдың эндокринді бөлігі.

ҮІ. Энтодермальды  бездер.

    • Ұйқы безінің инсулярлық бөлігі.

Ішкі секреция бездері.

 

             Қалқанша без

    • Оң және сол бөліктерден құралған, бір-бірімен мойын арқылы байланысады. 25 % адамдарда 4-ші бөлік-пирамидальді кездеседі.
    • Қалқанша без мойынның алдыңғы аймағында, мойнағы 1-3-ші немесе 2-4-ші кеңірдектің шеміршегі тұсында, ал бүйір бөліктерінің жоғарғы полюсы көмейге дейін жатады.
    • Қалқанша бездің салмағы ересек адамдарда 30-40 гр., әйелдердерде салмағы мен көлемі үлкен.
    • Бір жастың аяғында салмағы екелесеніп, 20-30 шамасында 20 есе үлкейді.

 

    • Елу жастан соң салмағы азаяды. Бездің сыртын фиброзды капсула қоршап, ол көршілес мүшелермен байланыстырып тұрады, сондықтан жұтыну актісі тұсында без орнын өзгерте алады. Без бірнеше бөліктерден тұрады, фолликулалардан құралған. Фолликуланың қуысы біркелкі қоймалжың заттан, сары түсті-коллоидтан тұрады. Коллоид  эпителиальді клеткалардан құралған.
    • Коллоидтың белсенді заттарынан гормондар түзіледі. Коллоид иод тирозин мен амин қышқылдары құрамына кіретін тиреоглобулиннен тұрады. Коллоидта 95% қалқанша безде кездесетін иод болады.

 

Қалқанша бездің гормондары.

 

      • Тироксин.
      • Трийодтиронин.
      • Тирекальцитонин.

 

     Гормондардың құрамы мен күнделікті 0,3 грамм иод бөлініп отырады. Гормондардың организмде маңызы зор. Балаларда физикалық және психикалық дамуына, бойының өсуіне әсер етеді. Қалқанша бездің қызметінің нашарлауы бойының өспеуіне, жыныстық дамуының нашарлауына, ақыл-ойының төмендеуіне, дене бітімінің өзгеруіне әкеледі.

    • Ересектерде зат алмасу процестеріне әсер етеді. Қалқаншща бездің қызметінің төмендеуі микседема ауруының пайда болуына әкеледі. Негізгі алмасу 30-40% төмендейді, толық адамдар, тканьдердің сілекейлі қабығы ісік, темпеатура төмендейді, ал қызметінің жоғарлауы Базедов ауруына әкеледі. Ол нерв жүйесінің қозуымен сипатталады, негізгі алмасу жоғарлайды, арық адамдар (кахексия), жүректің соғуы жиеленеді, дененің салмағы төмендейді, экзофтальм, аппетит ұлғаяды. Қалқанша бездің секрециясы тиретропты гормонның әсерімен жүреді. Қанда тироксиннің ұлғаюы тиреотропты гормонның мөлшерін азайтады. Егер тамақ пен суда йод құрамы болмаса, тироксиннің бөлінуі азаяды, ол тиреотропты гормонның секрециясын көбейтеді, соның әсерінен қалқанша без үлкейіп, зоб ауруына шалдығады. Бұл ауруды эндемиялық зоб деп атайды. Сонымен қатар қалқанша без кальций мен фосфордың алмасу процестерін қадағалайды.

 

Қалқанша маңы бездері

 

    • Бұл без қалқанша бездің бөліктерінің артында, оның капсуласында орналасқан. Бездерді 1865 жылы неміс паталогы Рудольф Вирхов зерттеген, ал бездердің қызметі 1909 жылы анықталды.
    • Бездердің салмағы 40 мг. Бездерді құрайтын клеткалар топталып фолликула құрайды. Фолликуланың қуысында коллоид заты болады, қалқанша маңы безінің гормоны паратгормон, кальций мен фосфордың алмасуын қадағалайды.
    • Кальцидің мөлшерінің азаюы нерв жүйесінің қозуына әкеледі. Егер безді алып тастаса 2-5 күннен соң адам өлуі мүмкін. (тетаниядан). Егер кальцидің қанда мөлшері көп болса, паратгормон қанда фосфордың құрамын азайтып, оның зәрмен шығуын үлкейтеді.

 

Айырша без, тимус.

 

    • Айырша немесе зоб безі-иммуногенездің орталық мүшесі. Безге бағаналық клеткалар сүйек миынан түсіп, аралық кезеңдерден өтіп, Т-лимфицитке ауысады. Жаңа туған баланың безінің салмағы 10-15 грамм, 14-15 жаста 25-37 грамм, үлкейген сайын салмағы азайып 5-6 грамға жетеді.
    • Без бөліктерден құралып, дәнекерұлпамен қапталған.
    • Бөліктер эпителиальді клеткалардан және ұзын өсінділерден құралған. Ортаңғы бөлігін милы заты, шеттік бөлігін қыртыс заты деп атайды. Милы және қыртыс заттарында кіші лимфоциттер түзіледі, олар қан тамыр мен лимфа тамырларына капиллярларына барады. Қыртыс затында гранулоциттер, мес жасушалары, лимфобластар және макрофагалар, ал милы затта Гассаль денешіктері кездеседі. Зоб безі алдыңғы көкіректе орналасқан. Жоғарғы шеті жоғарғы кеуде апертурасына, төменнен ІҮ қабырғаның шетіне, алдынан төске, артынан перикард, өкпелік сабау және жоғарғы қуыс венасына дейін етеді.

 

Айырша безде 4 зона бар:

 

    • Сыртқы субкапсулярлық кортикальды қабат, негізгі клеткалардың пролиферациясы жүріп, жаңа тимоциттер пайда болады.
    • Ішкі милы қабат клеткалардың диффенецировкасы жүреді.
    • Меншікті милы қабат, лимфоциттер қыртыс затынан милы қабатқа өтіп, тимустан вена және лимфа арқылы шығады.
    • Периваскулярлы ткань.
    • Сонымен, тимус лимфа жүйесінің негізгі мүшесі болып саналады. Гормоны тимозин, ол негізгі клеткаларды иммунокомпетентті клеткаларға дифференцировка жасайды. Безді алып тастаса, ол трофикалық  бұзылыстарға, шаштың түсуіне, бойдың қысқаруына әкеледі.

Гипофиз

 

     Гипофиз-мидың  төменгі қосалқысы, сопақша без,  түрік ер тоқымының шұңқырында  орналасқан. Бездің размерлері түрік  ер тоқымының размеріне сәйкес 10х12х6 мм.

    Ересектерде  салмағы 0,7гр, әйелдерде жүктілік  кезінде салмағы үлкейіп 1-ға  жетеді.

    Гипофиз  ми негізінен түрік ер тоқымының  диафрагмасымен бөлінген.

    • Гипофизде екі бөлік бар:

1. Алдыңғы бөлік  (аденогипофиз).

    • Төмпешіктік бөлік--------75%
    • Дистальді----------------15%
    • Аралық------------------10%

2. Артқы бөлік  (нейрогипофиз).

      • Сұр төмпешік
      • воронка

 

    Ганс Сельс  канад патофизиологы гипофизді  «эндокринді ми»  деп атайды. Гипофиз дирижер сияқты бүкіл  ішкі секреция бездерінің жұмысына  әсер етіп, дирижер сияқты басқасының  музыкасын орныдайды. 

    «Эндокринді композитор»  болып гипоталамуста есептеледі.

                         Гипофиздің гормондары:

   І. Аденогипофиз:

    • Адренокортикотропты гормон (АКТГ)-бүйрек үсті безі қыртысының секрециясына әсер етеді.
    • Гонадотропты гормон (ГТГ)-жыныстық бездерге әсер етеді.
    • Тиреотропты гормон (ТТГ)-қалқанша бездің секрециясына әсер етеді.
    • Соматотропты гормон (СТГ)-бойдың өсуіне әсер етеді.
    • Гипофиздің аралық бөлігі-интермедин.

Информация о работе Ішкі секреция бездерінің функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары