Эпидемиологиялық зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 20:49, реферат

Описание работы

Эпидемиологиялық зерттеуде қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланылатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы, компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды, оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламалар жасауды; нәзік және өте дәл биохимиялық ,иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан-жақты қасиеттерін, субмолекулярлық құрылымын зерттеуді , гендік инженерлік технологияны пайдаланып , жаңа иммундық егулер жасауды, т.б. жүзеге асыруға болады.

Файлы: 1 файл

Эпидемиологиялық зерттеу әдістері.doc

— 67.00 Кб (Скачать файл)

Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін аймақтағы табиғи жағдай, санитарлық жағдай, экономикалық, демографиялық даму туралы, инфекциялық аурулармен сырқаттану,қоздырғыштардың патогенділігі, атқарылған эпидемияға қарсы шаралар туралы мәліметтер қажет. Сырқаттану, алдын алу, індетке қарсы шаралар туралы мәліметті эпидемиологиялық бөлімге барлық емдеу – сауықтыру мекемелері береді, СЭҚБ басқа бөлімдері аймақтың санитарлық жағдайы, судың сапасы, кеміргіштердің саны, жәндіктердің таралуы жөніндегәі мәліметтерді береді.

Ауылшаруашылық жануарларының саны, инфекциялық аурулар туралы мәліметті ветеринарлық қызметкерлер береді. Халықтың саны, жасығ кәсіптері туралы мәліметті статистикалық бөлімдер береді.

Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін жергілікті аймақтың картасы әр бөлшектердің кесіндісі керек. Дәрігер эпидемологтың көмекшілері мәліметтерді жинауға, эпидемиологиялық талдауды жасауға, қауырт құжаттарды сақтауға белсенді түрде қатысады.

 

 

 


Информация о работе Эпидемиологиялық зерттеу әдістері