Фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 06:18, творческая работа

Описание работы

Нарықты ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен өндірішілер тарапынан қолға алынады. Оның нарыққа шыққан кунінен бастап таратылымын және негізгі жарнамалауымен өндірушілер ақпараттық мәліметтер ұсынады. Бұл ДИСТРИБЬЮТОРЛАРМЕН, дәрігерлермен, фармацевтерге ақпарат тарату.

Файлы: 1 файл

Фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету.pptx

— 78.16 Кб (Скачать файл)

Фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Нарықты ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен өндірішілер тарапынан қолға алынады. Оның нарыққа шыққан кунінен бастап таратылымын және негізгі жарнамалауымен өндірушілер ақпараттық мәліметтер ұсынады. Бұл ДИСТРИБЬЮТОРЛАРМЕН, дәрігерлермен, фармацевтерге ақпарат тарату.

    • "Дәрiлiк заттар туралы" және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұйырамын:  
            1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесi бекiтiлсiн.  
            2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 14 қазанда N 933 тiркелген "Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттардың жарнамасына рұқсаттар беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 388 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.  
            3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.  
            4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.  
            5. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын.  
            6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
    •       Министрдiң мiндетiн атқарушы

  

    • "Қазақстан Республикасында дәрілік    
      заттардың жарнамасына рұқсаттар беру   
      ережесін бекіту туралы" Қазақстан    
      Республикасы Денсаулық сақтау       
      министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы   
      N 640 бұйрығымен бекітілген   
    •  Дистрибьютор - бұл көтерме фармацевтикалық серiктестiктер ,тауар аптекаға оны және қала және өлкелік емдеу мекемесіне жеткізілуді қамтамасыз етеді .Дәрілік затты дәріханаға және медициналық ұйымдарға жеткізу үшін медициналық өкілмен жұмыс жасайды.Директрге  визит жайлы мәлімет беру,маркетологтік бөлімнің  бастығына және сату бөлімінің бастығына визит жайлы ақпарат беріп отыруы тиіс. Дистрибьюторлардың жұмыс істеу әдісі стандарттарға сай келеді.Дистрибьюторлармен дәріхана белгілі бір бөлігімен ғана жұмыс жасайды.
    •          Медициналық өкіл компанияның препаратының өтімді болуына жұмыс істейді,дистрибьюторлардың жұмысының алға басуыны бірден-бір себепші жан медициналық өкіл.Медициналық өеілдің белсенді жұмысымен ғана жеңіске жету шектелмейді,сонымен қатар дистибьюторлардың орталық складында дәрілік препараттың көп көлемде болуы маңызды.Медициналық өкіл  дистрибьюторлардың өнімдерін басқа филиалдарға жеткізілуіне тырысуы керек.
    • Дәрілік заттар туралы ақпараттың мазмұны оның кімге арналғанына байланысты болады. Тұтынушыға байланысты ол 3 топқа бөлінеді:
    • 1.  Медицина қызметкерлеріне арналған ақпарат.
    • 2.  Фармацевтикалық қызметкерлерге арналған ақпарат.
    • 3.  Тұрғындарға арналған ақпарат.

 

    • Дәрігерлер үшін келесі ақпараттардың маңызы зор: препараттың әсер ету механизмі, енгізу тәсілі, мөлшері, басқа препараттармен бір уақытта қолдану мүмкіндігі, препараттың әсеріне клиникалық байқау жүргізу, жанама әсері, сиымсыздығы, дәрілік заттардың ана­логы, әсері бойынша ұқсас препараттарға салыстырмалы сипаттама, бағасы және т.б.

 

    • Фармацевтикалық қызметкерлерді жарамдылық мерзімі, дәрідік затты қабылдау тәртібі, теріс жанама әсері, фармакотерапия кезіндегі рационалды диета, фармацевтикалық сиымсыздықтары, дәрілік қалыптарды дайныдау және талдау технологиясы, сақтау спецификасы және босату тәртібі, препараттың шығарылу формасы, бағасы, нормативті-техникалық құжаттары, дәрілік заттардың номенклатурасындағы өзгерістер туралы мәліметтер қызықтырады.
    • Номенклатурада бар барлық препараттар туралы мәліметтер қажет болатын фармацевтикалық қызметкерлерден айырмашылығы, дәрігерлерге олардың мамандануы және жұмыс профиліне байланысты белгілі бір фармакотерапевтикалық топтардың дәрілік заттары туралы ақпаратты беру керек.
    • Ақпаратты іздеу әдістері
    • Ғылыми әдебиет ғылымның әлеуметтік механизмінің алынбас бөлігі, ғылыми коммуникация жүйесінің маңызды компоненті болып табылады. Оның жай-күйі және сандық көрсеткіштері бойынша ғылым саласының даму деңгейі, оның қандай да бір елде қол жеткізен табыстары туралы айтуға болады. Ғылыми әдебиеттің дамуын сипаттайтын барынша маңызды заңдылықтарға басылымдардың өсуі, ескіруі және бөлінуі жатады. Ғылыми әдебиеттің негізгі элементі ғылыми құжат болып табылады.

 

    • Ғылыми құжат деп қандай да бір тәсілдермен ғылыми мәліметтер немесе ғылыми ақпарат бекітілген (жазылған) материалды тасушының ғылыми негізделген бір түрі аталады, ғылыми құжатта міндетті түрде ол қай жердк және қашан құрылғанын хабарлайтын көрсеткіші болуы керек.
    • Жарияланған және жарияланбаған ғылыми құжаттардың жиынтығын деректі ақпараттар ағыны деп атау қабылданған (ДИП-ДАА).
    • Ақпараттық құжаттар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.

 

    • Негізінен жаға ғылыми мәліметтер немесе белгілі идеялар мен фактілердің жаңаша тұжырымдамалары көрсетілген құжаттар мен басылымдар біріншілік болып саналады. Біріншілік құжаттар мен басылымдарға кітаптардың басым көпшілігін, мерзімдік басылымдарды, техникалық басылымдардың арнайы түрлерін, ғылыми-техникалық есептерді, диссертацияларды, ақпараттық карталарды, жарияланбағандардан – жинақталған  қолжазбалар мен ғылыми-зерттеу есептерін жатқызуға болады.
    • Екіншілік құжаттарды ақпараттың біріншілік көздерін аналитикалық-синтетикалық өңдеу нәтижесінде алады. Екіншілік құжаттарға рефераттар, шолу статьялары, библиогра-фиялық карточкалар, аннотациялар, авторефераттар, анықтама әдебиеттері жатады.
    • Белгілі бір тақырып бойынша ақпараттық құжаттарды алуға қойлыатын талаптар іздеу жазбасы деп аталады, ал құжаттардың барлық жиынтығы – ақпараттық массив. Іздеу жазбасына сәйкес келетін ақпараттық массив құжаттары релевантты құжаттар деп аталады. Ақпараттық іздеуге келесідей талаптар қойлыады: барлық релевантты құжаттарды алу; іздеу жазбасына сәйкес келмейтін құжаттарды беруді болдырмау; іздеу поцедурасына аз уақытты жұмсау.

 

    • Презентация баяндамасының құрылымы қандай болуы керек?
    • Жеткізу формасы бойынша креативтілік танытам десеніз, біріншіден, әрине, сәлемдeсу қажет. Ал баяндама мәтінін жазуға қиналатындар үшін нұсқаулық ретінде төмендегідей шаблондар ұсынылады. Сонымен, презентация баяндамасы шамамен келесі мәселелерді қамтуы керек:
    • Айтатын ойыңыздың қойылымы, негізгі мәселесі;
    • Мәселені шешу жолы;
    • Нәтиже және алдағы жоспарлар. Мәселенің шешілмей қалған тұстары;
    • Сілтемелер (бар болған жағдайда).
    • Материал көлемі сурет, кестелерді қосқанда 1 беттен аспауы керек. 
       
      Материал MSWord редакторында дайындалып, шрифті Times New Roman 12 пт, жолдар арасы 1 интервал болуы керек. 
       
      Бет параметрлері: жоғарғы және төменгі жиектер 2 см, сол жақ 3 см, және оң жақ 1,5 см болуы тиіс. Жаңа жолдағы шегініс 0,75 см.
    •  
    • Презентацияны көріктендіру амалдары:
    • - фотографиялардан жасалған слайд-шоу;
    • - фотографияларды анимациялау;
    • музыка қатысымен;
    • түрлі түсті безендіру;
    • салют;
    • титрлер;
    • видео. 
    •  
       Профессионалды слайд –шоу фотомоделдер мен актёрлер  үшін.
    • Стандартты слайд -шоу үй фотографияларынан.
    • Слайд-шоу  Видео каталог бутиктер мен  дүкендерді, көрмелерді, стендтерді безендіру.
    • Слайд-шоу Супер анимация эксклюзивті слайдшоу және  дайындау технологиясы.

 

    •  Презентацияның құрылымы және сценарийі
    •  
    • 1. презентацияның кіріспе бөлімі. Барлық сөйлеу уақытының шамамен 20%-ын алады.
    •  Аудиторияның назарын аудару: «қыздыру» аудиторияның өзінің таныстыруын, бағдарлама аңдатпасын және регламентін  көрсетеді. Презентацияның алдағы сәттілігі осы бөлімде анықталады: аудиторияны қызықтырса, олар әрі қарай тыңдайды. Қызықтырмаса - өте өкінішті. Аудитория назарын аударған соң, оны бүкіл презентация бойы ұстап тұру қажет, жиналғандардың кері реакциясын тұрақты бақылап отыра.

 

    • 2. негізгі бөлім. Оның уақыт бойынша ұзақтығы 60%.
    •  Негізгі бөлім басында сол медициналық мәселенің ауырлығын және онымен байланысты пациенттерге жағымсыз нәтижелерін белгілейді. Бір-екі статистикалық мысалдар көрсету өте орынды болады. Қандай да бір қатты әсер қалдыратын дерек көрсетуге болады, әдетте ол аудитория назарын күшейтеді.
    •  Сол клиникалық жағдайдың жағымсыз сәттерін алмастыру үшін, жылжытатын препаратты қолдануға байланысты бір жағымды ақпаратқа сенімді көшу қажет. Берілген кульминациялық сәтте препараттың мінездемесі туралы егжей-тегжейлі  айту керек және осы мінездемеден сіздің препаратыңызды қолданудан шығатын клиникалық артықшылықтары мен тиімділігін көрсету қажет. Сонымен қатар бұл препарат жоғарыда көрсетілген және айқын мәселелердің шешімі болып табылады.

 

    • 3. қорытынды бөлім (барлық уақыттңың 20%) – айтылғанды қысқаша шолу және қорытынды жасау ( препаратты тағайындау кезіндегі барлық клиникалық артықшылықтары және дәрігерлер мен пациенттерге тиімділігі), жылжытатын препараттың кең қолданысымен байланысты аудиторияның нақты шаралар қолдануына түрткі болуы.
    •  Қорытынды бөлімде сонымен қатар аудитория қошеметі орынды.
    •  Сұрақтарға жауап берер алдында сұрақты дұрыс түсінгендерін біліп алу қажет.

 


Информация о работе Фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз ету