Биологиялық ырғақтың адам өміоіндегі рөлі
Реферат, 25 Марта 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.
Файлы: 1 файл
5crc.docx
— 24.18 Кб (Скачать файл)
Кіріспе
Биологиялық
ырғақ биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы
мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер
реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі
организмдерге тән және ол клеткалық процестерден
бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды.
Мұны зерттейтін ғылымсаласы — биоритмология. Биологиялық ырғақ
табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар
өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады,
организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына,
қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала
дайындалуға мүмкіндік береді.[1]
Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиолгиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.
Ал жануарларда биологиялық
ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық процестер (температура
ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ
синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың
бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен
бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің,
клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық
құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды,
тірі организмдерде жүретін барлық процестердің
үйлесуіне негіз болады. Биологиялық ырғақ
тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу
мен организмдердің бейімделгіштігінің
маңызды факторы болып табылады.
Негізгі бөлім
Биологиялық ырғақ
пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 — 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына — айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақ - психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.
Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмде болып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялық ырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс
Биологиялық ырғақтардың маңызы.
Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесібелсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда болатын ырғакка Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады.
Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (гр. «сһronos» - уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология («bіоs» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық) деп те атайды. Ырғақтылық - тірі ағзаларға төн касиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық аркылы ағзалар сырткы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғактылықтың үйлесімділігі жүйке жөне эндокриндік жүйелер аркылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы кызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс төртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.
Ұрықтың құрсақта дамуы
кезінің өзінде-ақ биологиялық ырғақ калыптаса
бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі биологиялык
ырғақтың қалыптасуында ерекше рөл аткарады.
Қанайналымға, тынысалуға, ұйқы мен сергектікке
байланысты ырғактар калыптаса бастайды.
Ырғақтың қалыптасуында төрбиенің де
рөлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру,
бала ағзасындағы ырғактылыктың онтайлы
калыптасуьша өсерін тигізеді. Жасөспірімдіккезеңінде ырғактылыктыд
едөуір ауыткуы байқалады. Бұл негізінен
жыныстык жетілуге тікелей байланысты.
20-30 жаста адам ағзасындағы ырғақтылық
тұрақталып, жұмыс істеу әрекеті артады,
өзін жақсы сезінеді. Адам ағзасында ұзақ
мерзімді ырғакка кейбір аурулардың бірнеше
жылдан соң кайталануын атауға болады.
Жылдык ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен
тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер,
күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды
маусымдық өзгерістер басты рөл аткарады.
Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес
адамда зат алмасу, жылу
реттелу, жұмыс істеу кабілеттері өзгереді.
Күз бен кыста ағзаның жұқпалы ауруларға
қарсы түру өрекеті төмендейді.
Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу кабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5 - 7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіні анықталды. Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы үйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуга ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей төуліктік ырғактың бүзылуынан пайда болады. Төуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.
Қорытынды
Ұйқының
гигиенасы
Ұйқының бұзылуы ағзада бұрыннан қалыптасқан биологиялық ырғақтардың бұзылуына өсер етеді. Ұйқының бұзылуынан жеке мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметтерінде ауытқу байқалады.Ұйқының көп таралған бұзылуының бірі - ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі,мазасыздық,ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан болады.Ішімдіктер ішу адамның ұйқысының қатты бұзылуына әкеп соғады.Ұйқысыздықты болдырмау үшін дұрыс демалып,көп таза ауада серуендеу керек.Міндетті түрде жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау, жәнеде көрпемен бетті жауып алмай, барынша жеңіл әрі ыңғайлы киімде ұйықтау керек.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Биологиялық ырғақ туралы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
А) Биологиялық ырғақтың бөлінуі
Ә) Биологиялық ырғақтардың маңызы.
Б) Биологиялық ырғақты зерттейтін ғылым
ІІІ. Қорытынды
Ұйқының гигиенасы