Биіктік ауруы
Доклад, 27 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қанда Ро2 төмендеуі тамыр аймағындағы (синокаротидті және аортальді) рефлексогендер хеморецепторларының қозуына әкеліп соғады. Хеморецепторлармен бірге импульсацияның күшеюі тыныстың минуттық көлемін жоғарлатуын анықтайтын, гипофизарлы бүйрекүсті жүйесін реттейтін көптеген рефлекторлы адаптивті реакциялардың көрінуін қамтамасыз етеді. Сол уақытта гипервинтиляцияның даму нәтижесінде гипокапния дамиды.
Файлы: 1 файл
биктик.docx
— 27.71 Кб (Скачать файл)Биіктік (тау) ауруы.
Биіктік ауруы-бұл қоршаған газды ортадағы
парциалды қысымның тез төмендеуінің
нәтижесінде пайда болатын ауру. Тау ауруының
негізгі этиологиялық факторы биіктікке
көтерілу негізінде тыныс алатын ауадағы
оттегінің парйиальді қысымының (Ро2) төмендеуі
болып табылады.
Қанда Ро2 төмендеуі тамыр аймағындағы
(синокаротидті және аортальді) рефлексогендер
хеморецепторларының қозуына әкеліп соғады.
Хеморецепторлармен бірге импульсацияның
күшеюі тыныстың минуттық көлемін жоғарлатуын
анықтайтын, гипофизарлы бүйрекүсті жүйесін
реттейтін көптеген рефлекторлы адаптивті
реакциялардың көрінуін қамтамасыз етеді.
Сол уақытта гипервинтиляцияның даму
нәтижесінде гипокапния дамиды. Ол биіктік
ауруының патогенезінде маңызды ролді
атқарады. Яғни ол қан айналымының және
тыныс алудың бұзылуына себеп болады.
Қанда көмірқышқылының жоғарлауы қышқыл
негізді жағдайдың алколозға жылжуын
тудырады және организімде тотықпаған
заттардың жиналуы жүреді. Оттегінің жетіспеушілігінде
ОЖЖ және басқа мүшелердің қызметі, сонымен
қоса барлық зат алмасулар өзгереді.
Клиникалық көрініс. Биіктік ауруының
симптоматикасы көріністердің тез дамуымен
сипатталады. Маңызды ролді организімнің
оттегіге ашығуы алады.
Биіктікке тез көтерілген уақытта ауырсыну
жағдайлары пайда болады. Яғни ол бас айналумен,
қажудың жоғарлауымен, апатиямен сипатталады.
Содан кейін әлсіздік, ентігу күшейе түседі.
Бұл кезде тұрақсыз эмоционалды симптомдар
байқалады: эйфория, көңіл күйінің ауысуы,
себепсіз күлкі, жылағыштық. Жиі қимыл
қозғалысы бұзылады. Жағдайы нашарлауы
мүмкін: әлсіздік, адинамия, мұрынан және
асқазан ішек жолынан қан кетулер байқалады.
Сирек сүйек және буында ауырсынулардың
болуы, яғни декомпресионды симптомдар
байқалады. Биіктікті төмендеткеннен
кейін немесе өттегіні берген уақытта
бүл көріністер тез жоғалады. Профилактикалық
шараларды қолданусыз аурудың ауырлығы
қанша биікке көтерілгенге және биіктіктен
түскен уақытына байланысты.
Тау ауруы клиникалық көрінісі көптеген
симтоматикалармен сипатталады: ОЖЖ, сезім
мүшелерінің, жүрек қантамыр жүйесінің,
тыныс алу және ас қорыту жүйелерінің
зақымдалуы. Жалпы әлсіздікпен, қажудың
жоғарлауымен бірге психопатологиялық
көрінісі бар астениалық синдром дамиды.
Бұндай жағдайда өзінің жағдайын « некритикалық
бағалау», бас ауруы, есте сақтаудың төмендеуі
байқалады. Ауырсыну, тактильді сезімталдылықтар
бұзылады. Көру қабілетінің төмендеуі
аккомодацияның нашарлауы көрінісі, есту
және сезу қабілетінің төмендеуі болады.
Клиникалық ағымына байланысты үшқыштардың
биіктік ауруы мен тау ауруларында айырмашылықтар
бар. Биіктік ауруы жедел және ауыр патологиялық
симптомдардың білінуімен басталады.
Оның негізгі екі түрін ажыратады: коллаптоидты,
ол жағдайдың тез нашарлауымен, жүректің
әлсіреуімен және естен айырылумен сипатталады;
естен тану, ол нейродинамикалық қан тамыр
бұзылыстарымен және тез естен танумен
сипатталады.
Тау ауруының біртіндеп басталады. Симптомдарды
биіктікке көтерілгеннен кейін бірнеше
сағаттан соң көрінеді.
Емі. Емдеудің тиімді әдісі оксигенотерапия
немесе карбоген ингаляциясы (оттегі мен
3-5% көмір қышқыл газының қоспасы) болып
табылады. Барлық жағдайда биіктіктен
жайылып түсіруді қамтамасыз ету керек.
Негізгі ем симптоматикалық: бас ауырған
кезде-цитрамон, бас массажы, жүрек-қантамыр
жүйесінің тонусын көтеру үшін-қою кофе
немесе шай, кофеин; жүрек әлсіздігі кезінде-камфор,
кордиалин, строфантин; тыныс алуды қоздыру
үшін-мүсәтір спирт, лобелин, цититон.
Профилактикалық шаралар. Негізгі тиімді
профилактикалық шара организмге қалыпты
оттегі түсіретін арнайы құрылғыларды
қолдану. Жоғарғы биіктікке көтерілу кезінде
барокамера дайындықты жүргізу, жылы киім
скафандраны қолдану, алдын ала организімді
дайындауы. С, В1,В2, В6, РР, Р витаминдерін,
фоли қышқылын қолдану тағайындалады.
Алдын ала медициналық тексеруден өту
үлкен маңызға ие. Биіктікке көтерілудің
қарсы көрсеткіштеріне ОЖЖ, жүрек қантамыр
жүйесінің әртүрлі бұзылыстары, сезу мүшесінің
және асқорту бездерінің патологиясы
жатады.
Биіктік (тау) ауруы. Биікке көтерілген кезде дамыған күрделі патологиялық процесті тау немес биіктік ауруы деп атайды. Оның қалыптасуы негізінен оттегінің жетіспеушілігімен байланысты. әсер етулеріне байланысты гипоксияға бейімделмеген бірнеше адамдар тобын бөлуге болады. 0,5 км дейінгі теңіз деңгейі индифферентті зона, одан әрі 2 км дейін – бұлшық еттердің қалыптасуының төмендеу зонасы. 2-5 км аралығында тау ауруы дамиды: 2,5 км дейін қараңғыға бейімделудің бұзылуы және қабілеттену реакциясы пайда болады, 4-5 км жеткенде аурудың жедел түрі дамуы мүмкін. 5-7 км жеткенде интелектуалды және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі және жоғалуы пайда болады. 7 км жоғары естен тануға дейін жетеді және уақыты минутпен өлшенеді, 11-12 км жоғары секундпен өлшенеді.бұл мәліметтер әртрүрлі деңгейдегі биіктікке көтерілген кездегі мүмкін болатын нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Тамырлар зонасындағы(синокаротоидты және аорталды) рефлексогенді хеморецепторлардың тітіркенулері өз кезегінде ағзаның қан мен тіндерінің оттегімен қанығуын төмендетеді, оттегінің жетіспеушілігі биіктік ауруының пайда болуындағы негізгі орынды алады. Хеморецепторлардағы импулстардың күшеюі көптеген рефлекторлы адаптирленген реакциялардың пайда болуына әкеледі. Осы кезде гипервентиляцияның нәтижесінде гипокапния дамиды, ол биіктік ауруының патогенезінде маңызды орынды алады, сонымен қатар ол тыныс және қан айналымының реттелуінің бұзылуларының себептері болуы мүмкін. Қанның көмір қышқылымен бірігуі қышқылды сілтілі жағдайдың алкалоз жаққа қарай ығысуын тудырады және ағзада қышқылданбаған өнімдердің жиналуына әсер етеді. Кейіннен артериялды қанда оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан ОНЖ және басқа ағзалардың, сонымен қатар барлық зат алмасу түрлерінің қызметтері өзгереді.
Сонымен қатар биіктік ауруында оттегінің жетіспеушілігімен қатар аурудың айқындылығы мен ауырлығы көптеген ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Таудың биіктігінде жоғары күн радиациясы деңгейінің, ауа ионизациясының, ауа ылғалдылығы мен температураның күрт өзгеруі, сонымен қатар тамақтанудың белгілі бір ерекшеліктерінің әсері бар. әртүрлі региондардағы биіктік ауруларының көріністері мен ағымдары дәл осыған байланысты негізделген. Ағзаның жағдайы әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі жағдайларының маңызы зор. Адамдардың гипоксияға қабілеттенуінің жеке ерекшеліктері және жасына байланысты ерекшеліктерінің маңызы зор. Бала кезінде ұйқышылдық, ал жасөспірім кезінде эйфория бақыланады. Шамадан тыс физикалық және эмоционалды күш түсу, суық өту биіктік ауруларының дамуы мен және оның көріністерінің пайда болуына әкеледі. Өкпе және жүрек тамыр жүйесінің аурулары тез және айқын зақымданулардың дамуына әкеледі.
Бұзылыстардың бірінші белгісі болып, ОНЖ зақымданулары жатады: жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, көріу қызметінің бұзылыстары, қозғалыс координациясының бұзылыстары, назар мен есте сақтаудың бұзылыстары бас айналу болады. Жүрек айну және құсу пайда болуы мүмкін. Мұрынннан қан кетуі мүмкін. Осы көрінстердің бәрі тыныстың тереңдеуі мен жиілеіумен, жүректің жиырылуының жиілеуі мен жүрек қызметінің күшеюімен жүреді, ол ауадағы оттегінің жетіспеушіліггінің көрінісі болып табылады.
Биіктікке жаяу тез жоғары көтерілгенде, машинамен көтерілген кезде, транспорттың басқа түрлерінде, көбінесе арқан жолдары кезінде аурудың көрінісі неғұрлым айқын болады. Жиі баяу көтерілген кездері аурудың симптомдары 2-ші, 3-ші күндері айқынырақ көрінеді. Кейінірек биіктікке әсіресе оттегінің жетіспеушілігіне бейімділік пайда болғандықтан оның көріністері шамалы болады. Бейімдену кезеңінің ұзақтығы биіктік деңгейі мен оның өсуіне байланысты. Толық бейімдену үшін кем дегенде 1-2 ай қажет. Қалыпты атмосфералық қысымға қарағанда, толық адаптация кезіндегі 3-4 км деңгейдегі биіктікте жұмыс істеу біршама қиынырақ.
Биіктік жағдайында жұмыс істейтін адамдарды таңдау кезінде міндетті түрде ауадағы оттегін көтере алу сынамасын жүргізеді. Кез келген орталық жүйке жүйесінің және жүрек тамыр жүйесінің бұзылыстары, гипофизарлық- эндокриндық бұзылыстар, сезу ағзалары мен асқорту бездерінің ақаулары бар адамдар биіктікке көтеруге жол берілмейді.
Еңбек ету сараптамасының сұрақтары кессондық аурулар кезіндегідей болады.
Алдын алу. Биіктікке арналған инструкцияларды сақтаумен, ақырындап оттегінің жетіспеушілігіне жаттығулар жасап, биіктік ауруы дұрыс кәсіптік таңдаулармен жүргізіледі. 8 км және оданда жоғары көтерілген кезде оттегімен тыныс алдырады.
Негізгі емдеу әдісіне оттегімен немесе оның ауамен қоспасымен тыныс алдыру жатады. 1-3 км биктікте өмір сүретін адамдар ұзақ жасаумен және әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қарсы тұрады. Осы мәліметтер тау ауруының алдын алуларындағы гипоксияның жаттығулары ғана болып қоймай, сонымен қатар жалпы резистенттілікті көтереді.