Баяу дамитын гипоксияға бейімделу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:15, творческая работа

Описание работы

Бұл фактор табиғатта өте жиі кездеседі. Гипоксия биік тауға шыққан кезде, жоғары деңгейде дене еңбегімен айналасқан кезде, анемия (қан аздық) болғанда, сонымен қатар барлық жүрек және тыныс алу аурулары гипоксиямен ұштасады.

Файлы: 1 файл

гипоксия.pptx

— 326.41 Кб (Скачать файл)

Орындаған:Жанатаева  Г.К 222-ЖМ

Тексерген:

 

Баяу дамитын гипоксияға бейімделу жолдары

Гипоксия дегеніміз

 

    • оттегінің жетіспеушілігі. Бұл фактор табиғатта өте жиі кездеседі. Гипоксия биік тауға шыққан кезде, жоғары деңгейде дене еңбегімен айналасқан кезде,  анемия (қан аздық) болғанда, сонымен қатар барлық жүрек және тыныс алу  аурулары гипоксиямен ұштасады.

Кең тараған гипоксия  күйінің  сипаттама жіктеуі Джон Баркрофт, Ван Слайк және Питерстікі. Бұл жіктеу гипоксияны  4 үлкен классқа біріктіреді  

 

 

    • 1. Гипоксиялық гипоксия (атмосферада оттегінің төмендеуіне  байланысты альвеолалар мен артериалық қанда  оттегінің мөлшерінің төмендеуі);

 

    • 2. Анемиялық гипоксия (оттегін тасымалдауды жүзеге асыратын эритроциттер мен гемоглобиннің жетіспеушілігінен туындайды);

 

    • 3. Тоқырау немесе айналымды гипоксия (жүректің қызметінің жетіспеушілігінен, қан айналымының бұзылуынан туандайды);

 

    • 4. Гистотоксинді гипоксия (тыныс алуға қатысатын ферменттерді бұзатын немесе олардың тыныс алуға қатысуына мүмкіндік бермейтін цианид тәрізді кейбір улы заттардың әсерінен туындайды).
    • Организм оттегінің жетіспеушілігіне жасушаға оттегін тасымалдушы ағзалар мен жүйелердің жұмысын күшейту арқылы жауап береді. Яғни, қан айналу, тыныс алу жоғарылай түседі. Қан құрамындағы эритроциттер мен гемоглобиннің концентрациясының өсуіне байланысты қандағы оттегінің көлемі жоғарылап, тыныс алу тізбегіндегі ферменттердің белсенділігі артады, вегетативтік қызметтердің орталық реттелуі өзгереді - оттегінің жұмсалуы үнемделеді.
    • Гипоксия жағдайында ең бірінші жауап реакция бұл жүректің соғу көлемі мен қанның минуттық көлемінің біршама жоғарылауы. Бұл реакциялар ұлпаларда оттегі жетіспеушілігіне жол бермеуге бағытталған. Мысалы, тыныш жағдайда адам  1 минутта 300 мл  оттегін пайдаланады. Егер  тыныс алу  ауасында оның мөлшері 1/3 кемісе, қанның минуттық көлемінің 30%-ға жоғарылауы ұлпаларға қалыпты деңгейдегі оттегінің түсуін қамтамасыз ете алады. Ұлпаларда қосымша капиллярлардың ашылуы қаның келуін жоғарлатады, ал бұл оттегі диффузиясының жылдамдығын артырады.
    • Гипоксия ұзақ байқалса,онда оған ұзаққа созылатын бейімделу дамып,оттегіні тасымалдау жүйесінде  гипертрофия,гиперплазия байқалады.Олардың даму негізінде жасушалардың гендік құралдары әсерленуінен ДНК,РНК,нәруыздардың түзілуі артуының үлкен маңызы бар.Бұл өзгерістер оттегіні тасымалдауға жауапты ағзаларда байқалады.

ГИПОКСИЯҒА БЕЙІМДЕЛУ  КЕЗІНДЕ 

 

    • Сүйек кемігінің гиперплазиясы дамиды
    • Митохондрийлер көбейіп,олардың көлемі артады

Назарларыңызға  рахмет


Информация о работе Баяу дамитын гипоксияға бейімделу жолдары