Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:22, реферат

Описание работы

Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.

Содержание работы

Негізгі бөлім
Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру
Шынығудың тиімді принциптері
Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

18.docx

— 24.76 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Кафедра: Гигиена-1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру.

 

 

 

 

 

Орындаған:

Тобы: 415 ҚДС

Қабылдаған: Нуралиева Г. Н.

 

Шымкент 2013ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру
  • Шынығудың тиімді принциптері
  • Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шынығу деп организмнің  қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың  арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін  арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің  қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық  қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін  арттырады.

Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың  жеке түрі деп қарауға болады. Бұл  жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін  сақтау) анықтайды.

Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру

Балаларды ерте жастан метеорологиялық  факторларға шынықтырудың маңызы өте  зор. Дене температурасының тұрақтылығы  химиялық және физикалық болып бөлінетін  термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып  табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл  рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол  терілерінде орналасқан. Кейінгі  жылдары терідегі жүйке жүйесінің  еркін аяқталуы туралы - салқындаған  кезде терідегі жиі соға бастайтын  импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипоталамусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.

Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер  әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі  немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің  қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге  жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз  рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.

Бала организмі туған  күнінен бастап, термореттеуші жүйемен  реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау  және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.

Жылу реттеу жүйесінің  дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге  кейбір жүктеме түсіру бала организміне  зиянды емес, керісінше, пайдалы болып  келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының  жаттығуына негізделген.

Балалық шақта әсіресе, сәбилік  шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте  маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр  реакциясының жылдамдығы жас өскен  сайын арта түседі, бірақ аздаған  шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме  түсіру, олардың қызметін жетілдіре  түседі және термореттеу жүйесінің  функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден  басқа, солардың негізінде, балалар  организмінде температуралық әсерлерге  термореттеу жүйесін саналы түрде  іске қосатын шартты рефлекстер пайда  болады.

Шынығудың тиімді принциптері:

  • Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
  • Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
  • Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
  • Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
  • Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.

Балаларды шынықтырудың құралдары  болып, негізінен табиғи факторлар  алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі  гигиеналық талаптар қойылады. Ауа  мен су таза және белгілі температурада  болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін  бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы  қажет.

Жалпы алғанда, денешынықтыру  тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру  тәрбиесінің гигиеналық негізделген  жалпы моделінің болуы.

Қимыл-қозғалыс белсенділігінің  дұрыс жасалған нормасы негізгі  үш талаптың орындалуын: организмнің  барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс  сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Жылдық динамикада баланың  жеке басының және ұжымның денсаулық  көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне  байланысты қолдануға мүмкіндік  береді.

Дәрігерлік  бақылаудың негізгі формалары:

  • Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;
  • Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;
  • Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;
  • Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Денешынықтыру тәрбиесін  дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Спорт агенттігі жасөспірімдер  клубтарының қысқарып бара жатқанына  алаңдаулы. Елімізде балалар мен  жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарының  саны өсудің орнына жылдан жылға қысқарып барады.

Егер 2011 жылы аталған клубтардың саны 651 болса, 2012 жылы 626 ғана қалған. Бұл  туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру  істері агенттігінің төрағасы Ерлан  Қожағапанов айтты.

«Мемлекет басшысының міндеттеріне сәйкес, агенттік дене шынықтыру және спорт саласының дамуына өңірлер  бойынша талдау жүргізген болатын. Салаға жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, елде бұқаралық спортты дамытудың  негізгі проблемасы қажетті спорт  инфрақұрылымдарының жетіспеуі  болып табылады. Былтырғы жылдың қорытындысы  бойынша республикада 33 мың 347 спорт  ғимараттары бар. Оның ішінде 21 мың 450-і ауылдық жерлерде орналасқан. Соның ішінде дене шынықтыру спорт  нысандарының саны 7 мың 26 болса, спорт  мектептері - 1 083, ала білім беру мекемелерінің  саны 24 мың  938-ді құрап отыр».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

2) Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,

3) http://kk.wikipedia.org/wiki/

4) http://www.kitaphana.kz/

5) http://www.bala-zan.kz/

6) http://infust.kz/


Информация о работе Балалар мен жасөспірімдерді шынықтыру