Аурулармен зақымданғандарды емдеу барысындағы жалпы күтмінің негіздері. Ауруларды күту кезіндегі санитарлық міндеттер. Ауру балаларды к
Реферат, 01 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.
Файлы: 1 файл
Документ Microsoft Office Word.docx
— 144.25 Кб (Скачать файл)Мазасыз, қатты айғайлап жылайтын нәрестеде кіндік жарығы дамуы мүмкін. Бұл жағдайда кіндік аумағының массажы және одан әрі қысатын таңғыш салу ұсынылады.
Сулы кіндік кіндік жарасының тез жазылмауымен сипатталады. Күйдіргіш заттармен өңдеу, күйдіру, стерильді дәке салу ұсынылады.
Кіндік жыланкөздері суланған кіндікке ұқсас болады. Ауру жыланкөз қаупы мен оның түрлерін (толық, толық емес) айқындауға мүмкіндік беретін өткізгіш сүңгілер көмегімен нақтыланады. Емдеу хирургиялық жолмен жүзеге асырылады.
Сулы кіндік асқынудың анағұрлым ауыр түрі – омфалитке ауысуы мүмкін. Бұл кезде гиперемия, тері инфильтрациясы, іріңді-геморрагиялық бөлінділер байқалады. Омфалит кезінде баланың жалпы жағдайы төмендейді.
Ауруды емдеу үшін антибиотиктер және жергілікті қолданылатын гипертониялық ерітінділермен үйлестіріле дезинтоксикациялық заттар пайдаланылады. Физиотерапияның әсері өте тиімді. Жараны өңдегеннен кейін стерильді таңғыш салады.
Егер омфалит кіндік әлі түспеген кезде пайда болса, кіндікті кесіп тастау ең тиімді болып саналады.
Нәрестелердің маңызды ауруларының бірі – гипербилирубинемия. Бұл ұғымға қанда билирубиннің артуымен қабаттасатын көптеген ауруларды біріктіреді. Солардың бірі – гемолитикалық ауру (нәресте қанында бар және ана қанында жоқ көптеген антиген бойынша ана мен нәресте қанының сәйкес келмеушілігі). Жиі бұл сәйкессіздік резус-антиген бойынша (анасы - резус-тері, нәресте - резус-оң) болады.
Билирубин конъюгациялық сарғаю нәтижесінде артуы мүмкін (нәресте бауыры билирубинді жоя алмайды).
Жоғарыда аталған жағдайларда бауырда конъюгацияланбаған ерікті билирубин артады. Қанда бұл билирубиннің болуы бала өмірінің алғашқы 10-14 күнінде аса қауіпті, себебі «ядролық сарғаю» қалыптасуы мүмкін. Оның салдары ауыр спастикалық формалы және ақыл-есінінің кешігуімен қабаттасатын балалар церебральді салдануына әкелуі мүмкін.
Сондықтан туғаннан кейінгі алғашқы күндерде бала қанындағы билирубин құрамының деңгейін қадағалап, оның клиникалық жағдайын бақылап отыру қажет. Медбике сарғыштанудың пайда болуын анықтап қана қоймай, оның байқалу жылдамдығын, баланың жалпы жағдайының өзгерістерін де бақылап отыруы керек. Гемолитикалық ауру кезінде өмірінің 2-4 күндері, ал конъюгациялық кезінде - 6-7 күндер өте қауіпті саналады. Баланың дене температурасының салқындауы, оттегі мен өнімді заттардың жетіспеуі ауру ағымын арттырады. Сонымен қатар, нәресте меконийінде билирубиннің көп мөлшері болады, сондықтан оның ағзадан дер кезінде шығарылмауы қандағы билирубин құрамының тез артуына әкелуі мүмкін.
Әлсіздік, бір қалыпты қатты айғай, жиі құсу айқын сарғаюға тән белгілер. Нәресте сарғыш түске бояла бастағанда медбике жедел түрде дәрігерді шақыртып, дәрігер қан құю туралы сұрақты шешеді.
Бұл ауру кезінде фототерапия жақсы нәтиже береді. Сәуле әсерінен билирубин уытты әсері жоқ өзінің изомеріне ауысады. Фототерапияны жүргізу үшін түрлі шамдар қолданылады. Медбике мұндай шамдар құрамында болатын ультракүлгін компонент көз торшасы мен жыныс мүшелерінде бұзылыс туғызатынын білуі тиіс. Сондықтан фототерапия сеансын өткізу кезінде нәресте денесінің аталған бөліктері мұқият қорғалуы керек. Жасыл және ақ сәулелі шамдарда жылу әсері ерекше қызыл компонент болады. Бұл жағдайда нәрестеге жылу өтіп кетпеуі үшін температуралық тәртіпті бақылау керек, көп мөлшерде сұйықтық беру керек. Баланың температурасын әр 3-4 сағат сайын өлшеп отырады.
Балада жасыл сұйық нәжіс және көп мөлшерде сары зәр бөлінгенде, жасалған емнің тиімділігі туралы айтуға болады.
Гемолитикалық ауру кезінде нәрестені өмірінің алғашқы күндерінде донорлық сүтпен тамақтандырады. Бала жағдайы қанағаттанарлық болғанда және ана сүтінде антиденелер жойылғанда ғана баланы төске салуға рұқсат етіледі.
Жоғарыда аталған сарғаю түрлерінен басқа нәрестелерде өттің қозғалуына байланысты туындайтын механикалық сарғаю да кездеседі. Бұл жағдайда қанда байланысқан билирубин кездеседі, ол орталық жүйке жүйесін бұзбайды, дегенмен нәрестенің жалпы жағдайына әсер етеді. Кейде дене температурасының артуы, діріл пайда болады. Терісінің түсі – сарғыш, жасылтым реңмен. Механикалық сарғаюға түссіз нәжіс пен зәрдің көп мөлшерде шығуы тән болады.
Сондай-ақ, гепатит, герпес, қызамық вирусы нәтижесінде, сонымен қатар даму үстіндіге мерез ауруы, токсоплазмозбен туған ішкі және постнатальді гепатиттер сарғаю сирдромымен қоса жүруі мүмкін.
Бұл жағдайда тері қабатының түсі топырақ реңді, бауыр қызметі бұзылады, нәжісі мен зәрі механикалық сарғаю кезіндегідей болады.
Емдеу мақсатында дезинтоксикациялық және спазмалық препараттарды, антибиотиктерді, өт айдаушы препараттарды, дәрумендерді, т.б. қолданады. Физиотерапия ұсынылады.
Балаларда сарғаю синдромы анықталғанда, оларды жеке бокстарға жатқызу қажет. Бұндай балалардың күтімі мен емі бір реттік перчаткалар және құралдармен жүзеге асырылады.
«Авиценна» медицина колледжі
Тақырып:Медициналық емдеу орындарында әр түрлі процедураларды орындау компресс қыша қағаздары,оңқаларды қою,клизма жасау,оттегі жастығын қолдану
Шымкент
Дене қызуын қалай дұрыс өлшеу керек? |
Дене қызуын өлшеу үшін, алдын ала зарарсындандырғыш немесе 70% спирт ерітінділерімен тазартылған медициналық градусник қажет. Дене қызуын өлшер алдында градусникті сілкіп, оның көрсеткіш шкаласын 35°С түсіру керек. Термометрдің сынап резервуар жағын қолтық астына салу (немесе шап аймағының қыртысына). Дене қызуын өлшеу уақытында науқастың иығын көкірегіне қысып ұстауды сұрау қажет. Термометрдің дұрыс орналасуын қадағалау қажет, әсіресе балаларда, қарт адамдарда және мазасыз науқастарда, себебі дұрыс орналаспаған жағдайларда термометр төмен градусты көрсетуі мүмкін. 10 минуттан кейін градусникті алып, шкала көрсеткішін қарау. Қалыпты жағдайда адамның дене қызуы қолтық астында (шап аймағында) 36,4 – 36,8°С болады. Жүдеген науқастарда және емізулі балаларда дене қызуын өлшеу қажеттілігінде ауыз қуысында немесе тік ішекке салады. Тік ішекте дене қызуын өлшеу кезінде науқасты бір жамбасына жатқызады, термометрді жартылай вазелинмен майлап, сынапты резервуар жағын толық тік ішегіне ақырын енгізеді, балаларда енгізілу ұзындығы 2 см-ден аспауы керек. Тік ішекте дене қызуы қолтық астындағы (немесе шап аймағындағы) температурадан 0,5 – 0,8°С-қа жоғары. Ауыз қуысында температураны өлшеу үшін, термометрді тілдің асты мен ауыз түбі арасына салады да, ерінмен жауып немесе ұртымен ұстап тұрады. Қолтық астында және шапта дене қызуын өлшек ұзындығы – 10 мин, ал ауыз қуысында – 5 мин. Көбінесе дене қызуын өлшеу таңертеңгі уақытта 7-9 сағат аралығында және кешкі 17-19 сағат арасында жүргізеді. Дәрігердің тағайындауы бойынша дене қызуын өлшеудің жиілігі күніне әрбір 3-4 рет немесе әрбір 2-3 сағат сайын өлшеу керек. |
Артериялық
қысымды өлшеу Артериялық қан қысымды өлшеудің
медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның
систоласына сәйкес келетін максималды
(систолалық) және минималды (диастолалық)
қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек
адамның систолдық қан қысымы орта есеппен
алғанда 120-139с.б.б. , диастолдық 80-89 с.б.б.
Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы
айырмашылық тамыр соғу қысымы пульстік
деп аталады. Оның көрсеткіші 40-50 с.б.б.
Қан қысымын иық артериясынан Коротков
тәсілі бойынша анықтайды.
Қан қысымын өлшеу ережелері:
тынық кезде;
өлшемді бір қолдан өлшеген дұрыс;
науқасты жатқызып немесе отырғызып, колды жүректің деңгейінде ұстау. Егер қолы жүрек денгейінен төмен болса, қан қысым көрсеткіші жоғарылайды, ал егер жоғары болса – қан қысым көрсеткіші төмен болады;
жалаңаштанған иыққа манжетті бір саусақ сиятындай етіп қысып салу;
манжеттің төменгі шегі шынтақ ойығынан 2,5 см жоғары болуы керек;
манжетке резеңке баллон көмегімен ауа жібереді. Манжеттің ішіне кірген ауа иық артериясын қысып, ондағы қан ағысын тоқтатады (манжетте тамыр соғысы жоғалады);
фонендоскопты шынтақ буындағы шынтақ артериясына қояды. Ары қарай ауаны манжеткадан секундына 2 атмосферамен шығарып, шыбық артериясымен қан өткенде пайда болатын дыбысты тыңдайды. Бірінші естілген дыбыс (І тон) - систолды қысымға сәйкес. Ауаны шығарғанда аппараттың шкаласына мұқият қарап отырады. Артериядағы қан ағысы толық қалпына келгенде дыбыс жоғалады, бұл кез диастолдық қысымға сәйкес (ІІ тон). Ал екі көрсеткіштің айырмашылығы пульстік қан қысым болып табылады;
2-3 минут аралығықпен 3 қайтара өлшеген дұрыс;
үш көрсеткіштің ең аз көрсеткіші нақты көрсеткіш болып табылады.
омпресс түрлері
Құрғақ компресс.
Стерилденген дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, үстіне мақта салып, бинтпен ұстатады, содан соң оны зақымданған жерге, күйікке, жараға жапсырады.
Қыздырғыш компресс.
Компресті қою барысы:
бірнеше қабаттап бүктелген дәкені немесе матаны бөлме температурасындағы суға малып, жақсылап сығады да ауру жерге басады;
матаның үстіне оның шетінен 1-2 см асып тұратындай етіп балауыз қағаз жабады;
оның үстіне қалың етіп мақта төсейді;
сосын компресті орнынан қозғалмайтын, науқастың да мазасын алмайтындай етіп бинтпен таңып тастайды.
Қыздырғыш компресс қабынуға қарсы әсер етеді;
қан тамырларын ұзақ уақыт кеңейтеді;
дененің белгелі бір жеріне қанның келуін молайтады.
Қыздырғыш компресті 10-12 сағат ұстайды. Компресс түнге қарай қойылады.
Қыздырғыш компрестің әсерін күшейту үшін үстіне грелка қоюға болады, ал матаны сумен емес, жартылай су қосылған арақпен немесе спиртпен дымқылдау керек.
Дәрілі компресс.
Дәрілі компресс - қыздырғыш компресс сияқты, бірақ оның әсерін күшейту үшін суға дәрігер ұсынған әр түрлі дәрілік препараттар (ас содасы (стақан суға 1 шай қасық), бура сұйығын (стақан суға 1 ас қасық)) қосады.
Ыстық компресс.
Ыстық компресс ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т.б.уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды.
Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады.
Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай.
Суық компресс.
Суық компресс дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады;
дене терісін суытады;
соғылған жердің ауырғанын басады;
ауырған жерге қан ұюын азайтады.
Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.