Желдердің геологиялық әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2015 в 20:02, лекция

Описание работы

Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша «Эол» — жел құдайы деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады мемесе үгіліске үшырайды. Ал үгілу заттары желдің әсерінен (үрлеу күшіне) бір орынан екінші бір орынға ұшып қонады. Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процесстермен сипатталады.

Файлы: 1 файл

Желдердің геологиялық әрекеттері.docx

— 19.48 Кб (Скачать файл)

Желдердің геологиялық әрекеттері

Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша «Эол» — жел құдайы деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады мемесе үгіліске үшырайды. Ал үгілу заттары желдің әсерінен (үрлеу күшіне) бір орынан екінші бір орынға ұшып қонады. Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процесстермен сипатталады.

Корразия (латын тілінде «корразио» — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұсақ кұм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әрекеттерін айтады.

Дефляция (латын тілінде дефлятцио деген мағынада) деп, тіліске ұшыда борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршктерінің үрлеу күшіне қарай) ұшып-қонуын айтады. Ал желдің үрлеу күші, оның жылдамдығымен анықталады.

Дефляциялық әрекет шөлді аймақтарда жиі байқалады. Дефляция жазық жерге қарағанда жел өтінде орналасқан белесті үстірттерде күшті дамиды. Мұндай әрекеттерге байланысты әр түрлі пішіндегі скульптуралық бейнелер (саңырауқүлақ немесе бағана т. б. тәрізді) қалыптасады.

Сазды, құмды жыныстан құралған шөлді далалар мен шөлейт жерлерде дефляциялық шағын ойыстар жиі кездеседі. Олар желдің құйындап соғуынан пайда болады.

Ауаның қозғалыс жылдамдығы артқан сайын желдің геологиялық әрекеті де күшейе түседі. Мысалы, ауаның қозғалыс жылдамдығы 4,5 м/с — 6,5 м/с болған жағдайда, ірілігі 0,25 мм-ге дейінгі үгілу заттары қозғалысқа ұшырайды; 10—11 м/с болғанда ірілігі 0,5— 1 мм-лік түйіршіктер қозғалысқа араласады; 20—30 м/с-ке жеткенде 4 мм-лік кейде одан да ірі кесек бөлшектер домалай қозғалып, орын ауыстырады; жел жылдамдығы 30 м/с немесе одан да жоғары болған кездері ағаштар тамырымен қопарылып жатады, ал 50—80 м/с жылдамдықпен қозғалған кездері апатты жағдайға ұшыратады. Жел дауыл боп соққанда үгілу заттарының зор массасы шаң-тозаңдар түрінде ауаға көтеріліп, алыс жерлерге көшіп қонады.

Бұл әрекеттердің жиі байқалатын орындары — құрғақ және ыстық климаттық аймақтар. Сонымен қатар өсімдік өспейтін жалаңаш тасты тау-жоталары, өзендер мен теңіз жағалауы болып саналады.

Коррозия мен дефляциялық процестер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл процестердің нәтижесінде жер бедері әр түрлі пішінде қалыптасады. Мысалы, мұнара, бағана, саңырауқұлақ, сүйіртас, сандықтас секілді пішіндер жиі кездеседі. Кейде олардың сыртқы көрінісі адамның немесе жануарлардың кескініне ұқсас болып келеді.

Бедердің дұрыс пішіндері берік жыныстардың арасында, ал бұрыс пішінді бедер түрлері жұмсақ, борпылдақ жыныстар арасында жиі байқалады.

Желдің тасымалдау әрекеті нәтижесінде ірілігі 1 мм-ге дейінгі кұм және шаң-тозаң түріндегі үгілу заттары басқа орындарға үшып-қонады. Ал үгілу заттарының бұдан ірілеу бөлшектері тек дауылды жел соққанда ғана орын ауыстырып, көшіп-қонуы мүмкін.

Жел үрлеген үгілу заттары жер бетімен домалай қозғалады, ал ауа қабатына үшып көтерілген жағдайда желдің соғу бағытына қарай қозғалады. Мысалы, Африка шөлдерінің шаң-тозаңы Атлант мұхитының жағалауларына дейін (2100—2500 км-ге дейін) көшіп-қонады; Оңтүстіктен соққан жел Сахараның шаң-тозаңын Италияға, кейде Германия жеріне дейін жеткізетіндігі белгілі. Сонымен, эолдық шөгінділер осылайша да жиналады.

Желдің аккумуляциялық қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері қалыптасады. Олар жылжымалы (дюналар, бархандар) және бекіген (қырқалы. төбешікті) құм шоғырлары түрінде жиі кездеседі.

Жылжымалы құм шоғырлары (өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен) сусымалы келеді. Олар қатты жел соққанда оп-оңай қозғалып көшіп-қонады, әр түрлі дыбыс шығарады.

Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердің жағаларында биіктігі 20—40 м-дей адырлы құм үйінділері (дөңдер) түрінде жиналады. Дюналар әр түрлі климаттық жағдайларда кездеседі.

Бархандар (қүм шағылдар) сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәрізді болып келген асимметриялы құм-төбелер түрінде түзіледі Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі айқалатын негізгі бағытын айқындайды. Құмды шөлдерде олар тізбектеле топталып, желдің басымырақ соғатын бағытына көлденең орналасады. Оқшау орналасқан құмды төбелер мен төбешіктер өте жылжымалы болып келеді. Олар жылына 5—6 м-ден 50—70 м-ге дейінгі жылдамдықпен қозғалады. Мұндай құмдардың қозғалысы өте қауіпті. Өйткені олардың зор массасы козғалысқа ұшырап, көшіп-қонған жағдайларда егістік жерлерді, каналдарды, жолдарды, жеке үйлерді, тіпті елді мекендерді түгелдей басып кетеді

 Бекіген құмды-таулар шөлейтті аудандарда жиі кездеседі. Олар (биіктігі 10—20 метрдей қырқалы құмдар түрінде белгілі бір бағытта созыла орналасады. Қүмды төбелер мен төбешіктер (биіктігі 10 м-дей ғана) жайпақ беткейлі болып келеді. Олардың жылжып көшіп-қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.

Шаң-тозаңдардан түзілген шөгінділер шөлден тысқары аймақтарда лёсс түрінде жиі кездеседі.

Лёсс — тусі ашық сары, құрамы біртекті келген, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңдардан (0,01—0,05 мм) құралған, борпылдақ жыныстар болып саналады. Оның негізгі құрамы ұсақ түйірлі каолиниттен тұрады. Әрине, қосымша, ірілеу бөлшектерден құралған кварц, дала шпаттары, слюдалар, сонымен қатар кальций-магнийлі конкрециялар, моллюскалар мен өсімдіктер қалдығы бірге кездеседі. Гранулометриялық (ірілі-ұсақтық) құрамы жағынан лёсс саздақтар (балшықтар) мен ауыр құмдақтарға сәйкес келеді. Оның құрылысында кеуек қуыстар жиі байқалады.

Лёсс және лёсс тәрізді жыныстар шетелдерде — Ев-ропа, Азия, Солтүстік Америка, Аргентина елдерінің қоңыржай белдеулерінің шөлді және шөлейтті ауданда-рында, біздің елімізде — Орта Азияда, Батыс Сібірде, Украинада, Солтүстік Кавказда, Карпат еыртында, Қазақстанда — Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында, Талас, Қаратау және Шу өңірлерінде, Сарыарқа мен Торғай далаларында жиі кездеседі. Лёсс қалывдығы бірнеше метрден ондаған метрге, кейде 70—100 м-ге дейін (мысалы, Іле Алатауыныңтау-алды беткейлерінде) жегеді. Олардың түзілуі эр түрлі геологиялық процес-термен байланысты түсшдіріледі. Мысалы, ғеміс ғалымы Ф. Рихтюфен лёстердің түзілуі субаэралдық, ал орыс ғалымдары В. А. Обручев — эолдық, Л. С. Берг — топырақтық деп санайды.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, лёсс формациясы эолдық, элювийлік, пролювийлік, аллювийлік, мұздық, көлдік, флювиогляциалдық жыныстардан құралады.

Лёсс формациясынан түзілген топырақ қабаттарының құнарлылығы өте жоғары. Лёсті шөгінділер халық шаруашылығында құрылыс материалы ретінде (күйдірілген кірпіштер дайындауда) кеңінен пайдаланылады.

 

 


Информация о работе Желдердің геологиялық әрекеттері