Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 12:48, лекция

Описание работы

Осы Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және ұңғымаларды жобалауға, пайдалануға, параметрлік, іздеу, барлау, пайдалану, айдау, бақылау (пьезотермиялық, қадағалау), арнайы (жұтатын, су жинау), йодбромды, бальнеологиялық ұңғымаларға және басқа ұңғымаларға таратылады.

Файлы: 1 файл

9416.doc

— 125.50 Кб (Скачать файл)

І-б санат бойынша  жойылуға жататын, егер олар болашақта  кен орындарын өңдеу жүйесінде  немесе басқа мақсаттарда тиімді пайдалану мүмкін болса пайдалану  ұңғымалары;

пайдаланылуы мемлекеттік қадағалау және бақылау органы талабы бойынша жер қойнауы, қоршаған ортаны, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жүргізу мерзіміне дейін тоқтатылған пайдалану ұңғымалары.

 

 

Ұңғымаларды консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу

 

52. Ұңғымаларды консервацияға енгізгенге дейін:

ұңғымадан жабдықты көтеру. Бір жылдан астам уақытта консервациялау кезінде штангылы гидравликалық сорғылармен жабдықталған ұңғымалар бойынша жер асты жабдықтары көтеріледі;

СКҚ түсіру, ұңғыма бағанын жуу, перфорация интервалын тазалау;

колонна герметикалығын және колонна арты айналысының болмауын тексеру;

ұңғыма бағанын колоннаға  тоттану әсерін болдырмайтын және өнімділік  горизонттың коллекторлық қасиетін сақтауды және қабатқа қажетті қарсы  қысымды қамтамасыз ететін бейтарап сұйықпен толтыру. Ұңғыманың жоғарғы бөлігін қатпайтын сұйықпен толтыру;

айдау ұңғымаларын консервациялау кезінде пайдаланылатын колонналардың герметикалығын қайтадан тексеру мерзімдері бір жылдан, ал амортизационды мерзімдерін өткерген пайдалану құбырларын – бес жылдан аспайды.

53. Ұңғыма сағасын байлау схемасы, цемент көпірлерді перфорация интервалынан жоғары орнату, ұңғымадан СКҚ шығару мүмкіндігі үңғыманы консервациялауға жобалық құжаттамамен белгіленеді.

54. Екі және одан артық әр түрлі қабатты қысымды горизонтты пайдаланылатын ұңғымаларда осы горизонттарды тарату жүргізіледі.

55. Ұңғыма өнімінде агрессиялы компоненттер болған кезде, колонна мен сағалық жабдықты олардың әсерінен қорғау қарастырылады.

 

 

 

 

3.5. Ұңғымалар консервациясына құжаттарды ресімдеу

 

56. Ұңғыма консервациясына құжаттарды ресімдеу осы Талаптың 2, 3, 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

57. Құрылысы аяқталған және пайдаланудағы ұңғымаларды консервациялау мерзімін ұзарту жер қойнауын пайдаланушы (иесі) белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

58. Ұңғыма консервациясын құрылысы немесе пайдалану процесінде тоқтату (бұл ретте мерзімінен бұрын) ұңғыманы қайта консервациялау жұмыстары жоспары негізінде жүзеге асырылады.

 

 

4. Күкіртсутегі жоғары болатын орындарда ұңғымаларды жою мен консервациялауға қойылатын қосымша талаптар

 

59. Ұңғыманы жою кезінде (пайдалану колоннасымен немесе олсыз) өнімді қабат оның барлық қуаттылығы бойынша және жабыннан 100 м биік цемент көпірмен жабылады.

Егер пайдаланылатын колонна жойылатын ұңғымаға түсірілмеген болса, онда соңғы аралық колоннаның башмагында қосымша биіктігі 100 м төмен емес цемент көпір орнатылады.

60. Түйісу құрылғысы болған кезде ұңғымаға соңғы түсірілген колоннада (пайдалану немесе аралық) секциялардың түйісу интервалында түйісу орнынан 50 м төмен және жоғары цемент көпір орнатылады.

61. Әр рет цемент көпір орнатар алдында ұңғыма өңделген бейтараптандырғышпен – күкірт сутегі бар қабатты ашу кезінде ертіндінің сәйкес тығыздығымен бұрғылау ерітіндісімен толық толтырылады.

62. Көпірлерді орнату үшін пайдаланылатын тампонажды материал тоттануға төзімді және күкірт сутегі бар қабат интервалында қоршаулы колоннаны цементтеу үшін ұңғыма құрылысына жұмыс жоспарымен көзделген талаптарға сәйкес болады.

63. Жою жұмыстары аяқталған соң, ұңғыма сағасы колонна басымен және тоттануға тұрақты орындауда жоғары қысым тартпасымен, құбырлық және колонна аралық кеңістікте қысымды қадағалауға арналған бұрғыштармен жабдықталады. Саға айналасында 2´2 м өлшемді қоршауы бар алаң жабдықталады. Қоршауда ұңғыма нөмірі, орын атауы, жер қойнауын пайдаланушы, бұрғылаудың аяқталу мерзімі көрсетілген, «Қауіпті, күкіртсутегі!» жазбасы бар металл көрсеткіш тақта орнатылады.

64. Жою жұмыстарын жүргізгеннен бір ай, алты ай және одан әрі кейін, жылына бір рет кезеңділікпен құбырлық және колонна аралық кеңістікте қысымға бақылау, ұңғыма сағасы айналасындағы ауаға және жақын жатқан төмен жерлерде күкіртсутегінің болуына бақылау жүргізіледі. Өлшеу нәтижелері актімен ресімделеді.

65. Ұңғыма сағасында қысым пайда болған кезде жобалық ұйыммен келісілген және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жоспар бойынша қосымша оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.

66. Консервациялау кезінде ұңғыма бейтараптандырғышпен өңделген ерітіндімен толтырылады. Перфорация интервалы үстінде биіктігі 100 м кем болмайтын цемент көпір орнатылады. Лифтілі колонна цемент көпір үстіне кемінде 50 м биіктікке көтеріледі немесе ұңғымадан шығарылып алынады. Цемент көпірді орнатқаннан кейін ұңғыманың құбырлық және құбыр арты кеңістігі бейтараптандырғышпен өңделген ерітіндімен толтырылады.

67. Консервацияланатын ұңғыма арматурасы ысырмасының штурвалдары түсірілген, ысырманың шеткі ернемектері бекіткіштермен жабдықталған, манометрлер түсірілген және келте құбырлар герметизацияланған.

68. Консервацияланған ұңғыма сағасы қоршалады, қоршауға 63-тармақ талабына сәйкес металл көрсеткіш тақта орнатылады.

 

 

______________________


Информация о работе Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар