Отчет по практике в РМҚК «Центрмаркшейдерия»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 14:42, отчет по практике

Описание работы

Тәжірибе РМҚК «Центрмаркшейдерия» кәсіпорнында өтті. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу агенттігінің қарамағына кіреді.
Кәсіпорында үшінші және төртінші дәржедегі құпия істермен жұмыс істелінеді.
Тәжірибе барысында кәсіпорынның жүйелік администратор қызметін атқардым.
Жұмыс барысында компьютерлерді баптап операционды жүйені, қосымша бағдарламаларды орнаттым.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Практика базасының сипаттамасы 4
2 Кәсіпорынның ақпараттық қамтамасыздандырылуы 7
3 Кәсіпорынның техникалық инфра құрылымымен танысу 12
3.1 Әкімшілік басқару бөлімі –
3.2 Топо-геодезиялық партия 16
3.3 Геоақпараттық жүйелер бөлімі 22
4 Практика базасында қолданылатын желілердің архитектурасы 26
5 Кәсіпорында орнатылған бағдарламалық өнімдерді игеру. 29
6 «Центрмаркшейдерия» РМҚК веб сайтын жасау 33
7 Өзіндік бағдарламалық модульді құрастыру 41
8 Кәсіпорын ақпараттық жүйесінің кемшіліктерін анықтап оларды жою жолын көрсету
9 Тұжырым
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Отчет Умки.doc

— 6.61 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОТЧЕТ

 

по производственной практике

 

 

 

 

Выполнила: Нурмагамбетова У.С.

 

Приняла:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Караганда, 2009

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1 Практика базасының сипаттамасы

4

2 Кәсіпорынның ақпараттық  қамтамасыздандырылуы

7

3 Кәсіпорынның техникалық инфра құрылымымен танысу

12

3.1 Әкімшілік басқару бөлімі

3.2 Топо-геодезиялық партия

16

3.3 Геоақпараттық жүйелер  бөлімі

22

4 Практика базасында қолданылатын  желілердің архитектурасы

26

5 Кәсіпорында орнатылған  бағдарламалық өнімдерді игеру.

29

6 «Центрмаркшейдерия» РМҚК  веб сайтын жасау

33

7 Өзіндік бағдарламалық модульді құрастыру

41

8 Кәсіпорын ақпараттық жүйесінің кемшіліктерін анықтап оларды жою жолын көрсету

 

9 Тұжырым

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тәжірибе РМҚК «Центрмаркшейдерия» кәсіпорнында өтті. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу агенттігінің қарамағына кіреді.

Кәсіпорында үшінші және төртінші дәржедегі құпия істермен жұмыс істелінеді.

Тәжірибе барысында кәсіпорынның жүйелік администратор қызметін атқардым.

Жұмыс барысында компьютерлерді баптап операционды жүйені, қосымша бағдарламаларды орнаттым.

Тәжірибе бойынша есеп беру хаты 152 беттен тұрады. Есеп беру хатында барлығы 49 сурет және 3 кесте берілген. Әдебиеттер тізімі 5 құралдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Практика базасының сипаттамасы

 

РМҚК «Центрмаркшейдерия» Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің құрамына кіретін кәсіпорын болып табылады.

1919 жылдың 15 наурызындағы  Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Ғылыми-техникалық Бөлімі жанынан СССР геодезиялық қызметі ұйымдастырылды.

Қазақстан Аумағында, сонау кезеңнен бері қарай, 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны (АГК) мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының (АГК) топографо-геодезиялық отрядтарының күшімен орындалды.

1945 ж. Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық  кәсіпорны (ҚазАГК) ұйымдастырылды. ҚазАГК  бірінші басшысы А.И.Субботин болды.

Қазақ ССР Халықшаруашылығы Кеңесінің 1945 жылғы 10 наурыздағы № 122 Қаулысымен, қайта құрылған кәсіпорынның алдына нақты міндеттер қойылды.

Оның негізісі 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау. 1945 жылдың күзінде Семей топографиялық техникумының іргетасы қаланды. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны (ҚазАГК) өзінің жұмысын сөйтіп, 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық отряды және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын.

1991 жылы Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік алуына орай, геодезия  және картография саласының барлық  құрылымдары да қайта қалыптасты.

Қазақ ССР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ ССР Үкіметінің қарауына берілді, ал Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы № 19 Қаулысымен, СССР ГКБ ҚазАГК базасында Қазақ ССР Министрлер Кабинеті жанынан Генодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды.

Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді.

1992 жылы бұрынғы Ұлттық  картографиялық-геодезиялық қордың  орынына Орталық картография-геодезиялық  қор (ОКГҚ) құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді.

Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар:

“Астанатопография”, Астана қаласында;

“Шығысгеодезия”, Семей қаласында;

“Батысгеодезия”, Ақтөбе қаласында;“Қазгекарт”, Алматы қаласында;

“Ұлттық картография-геодезиялық қор”, Алматы қаласында;

“Солтүстікгеодезия”, Көкшетау қаласында;

“Орталықмаркшейдерия”, Қарағанды қаласында;

“Оңтүстікгеодезия”, Тараз қаласында.

Қазақстан Республикасы топография-геоедзия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті.

Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі.

Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады.

Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының физикалық оқұлық карталары әзірленіп, басылуда.

Осы жылдан бастап, аталмыш сала 14 томнан тұратын Қазақстан Республикасы объектілерінің географиялық атаулары Каталогын жасауға кірісті.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 сәуірдегі № 368 Қаулысына сәйкес, Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты (ГИСХАГИ) Агенттік құрамына енді.

Бұл институттың негізгі міндеттері, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы мен жерге орналастыру қызметі талабына сай, арнайы түсірімдер мен зерттеу материалдарына деген қажеттіліктерін өтеу.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді.

«Центрмаркшейдерия» РМҚК Чкалова көшесі 8 үйде орналасқан. Қазыналық кәсіпорынның директоры Ахметов С.И. болып табылады. Кәсіпорын екі қабатты ғимаратта орналасқан. Жұмыскерлер мен қызметкерлер саны 50 адамнан аспайды. «Центрмаркшейдерия» РМҚК атқаратын негізгі қызметтері:

– мемлекеттік геодезиялық қадағалау жүргізу және сәйкес ақпараттарды қорғау;

– мемлекеттік картографты – геодезиялық және республика территориясының жер ресурстарының карторграфиялық фондтарын жүргізу, республика территориясының геоақпараттық жүйесін жасау;

– Қазақстан Республикасы шекарасын делимитация және демаркация жасау бойынша топографты-геодезиялық және карторграфиялық жұмыстарды орындау;

– жер орналастыру, топографты-геодезиялық, инженерлі-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақты, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа зерттеу және ізденістік жұмыстарды орындау бойынша кәсіпорындардың іс әрекеттерін басқару.

  • Жер асты қазбаларының бекітпелерін есептеп негіздеу;

Атап айтқанда «Центрмаркшейдерия» РМҚК маркшейдерлік, геодезиялық және топографиялық жұмыстармен айналысады.

Кәсіпорынның негізгі клиенттері АҚ «Казахмыс», КД АҚ «Арселор миттал Темиртау», АҚ «Казхром» және т.б.

Соңғы екі жылда кәсіпорын Мемлекет тапсырысы бойынша топографиялық карталарды сандық түрге келтірумен айналыса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынның  ақпараттық қамтамасыздандырылуы

 

Кәсіпорында екі бағытта жұмыстар атқарыларды:

а) геодезиялық, маркшейдерлік және топографиялық түсірістер;

б) топографиялық карталарды сандық түрге келтіру.

Осы жұмыстарды орындау мақсатымен кәсіпорында екі бөлім құрылған:

– топо-геодезиялық партия;

– геоақпараттық жүйелер.

Аталған жұмыстарды орындау үшін әр түрлі арнайы бағдарламалар қолданылады.

Геодезиялық, маркшейдерлік және топографиялық түсірістер заманға сай сандық құралдармен орындалады (Nicon, Leica, Sokkya сандық тахеометрлері және нивелирлері) (сурет 1). Осы құралдардан мәндерді компьютерге түсіру үшін өндірушісі жасап шығарған бағдарламалар қолданылады (Leica Geo Office, Sokkya Office). Сонымен қатар сандық құралдардан мәндерді компьютерлер көмегімен өндеу үшін барлық құралдарға ортақ бағдарламалар қолданылады (Credo кешені). Сызбаларды тұрғызу үшін AutoCAD, CorelDraw сызба редакторлары қолданылады.

 

а)      б)

  

в)

Сурет 1 – Геодезиялық аспаптар: а) тахеометр; б) GPS; в) нивелир

 

Credo кешені (сурет 2)келесі қызметті атқаратын бағдарлама: алаңдық және сызықты ізденістік жұмыстарды орындау, инженерлік маңызы бар аймақтың сандық моделін тұрғызу және оған негізделе отырып топографиялық жоспарларды алу, кадастрлық, жерорналастыру, қалаорналастыру және автоматты түрде жобалау жүйелері үшін бастапұы мәндерді даярлау.

 

 

Сурет 2 – Credo кешені

 

Leica Geo Office бағдарламасы GPS, тахеометр және нивелирден алынған мәліметтерді импорттау, экспорттау, басқару, суреттеу және өндеу үшін жасап шығарылған офистік бағдарлама (сурет 3).

Leica Geo Office бағдарламасының құрамына келесі модульдер кіреді:

Мәндерді басқару

Визуализация және редакциялау

Сапаны қадағалу

Қарапайым отчеттерді жасау

Бапталатын импорт және экспорт

GPS, TPS және нивелирлер құралдары.

 

 

Сурет 3 – Leica Geo Office бағдарламасының интерфейсі

 

 

GPS – спутник арқылы жұмыс істейтін күрделі құрал, негізгі міндеті қабылдағыштың орналасу нүктесінің координаталарын анықтау болып табылады (сурет 4).

 

 

Сурет 4 – GPS құралына координаттарды анықтауға қажетті мәліметтерді беретін жасанды жер серігі (спутник).

 

 

Сурет 5 – Электронды тахеометр

Топографиялық карталарды сандық түрге келтіру үшін бірнеше бағдарламалардан тұратын сандық кешен қолданылады. Аталған кешеннің құрамына Easy Trace, MapInfo, PDF Creator, Geo Transformer, FramePainter бағдарламалары қолданылады.

Easy Trace бағдарламасы сканер өткізілген суреттерді векторлы түрге ауыстыратын арнайы бағдарлама (сурет 6).

 

 

Сурет 6 – Easy Trace бағдарламасының интерфейсі

 

MapInfo бағдарламасы векторлы сызбаны электронды картаға айналдыратын арнайы картаграфиялық бағдарлама (сурет 7).

 

 

Сурет 7 – MapInfo бағдарламасының интерфейсі

PDF Creator бағдарламасы әртірлі бағдарламаларда орындалған құжаттарды PDF форматына түрлендіруге мүмкіндік береді. PDF Creator бағдарламасының интерфейсі 8 суретте берілген.

 

 

Сурет 8 – PDF Creator бағдарламасының интерфейсі.

 

Geo Transformer бағдарламасы географиялық координаттарды есептеумен қатар әр түрлі растрлық форматтарда мәндерді алдын ала өндеуге мүмкіндік береді (сурет 9).

 

Сурет 9 – Geo Transformer бағдарламасының интерфейсі

FramePainter бағдарламасы 1:10000, 1:25000, 1:50000, 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 масштабта орындалған номенклатуралы беттердің разграфкасы мен рамка сыртындағы жазуларды орындауға арналған бағдарлама (сурет 10).

 

 

Сурет 10 – FramePainter бағдарламасының интерфейсі

Информация о работе Отчет по практике в РМҚК «Центрмаркшейдерия»