Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 07:15, автореферат

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.

Файлы: 1 файл

336_6M081100 ZR kaz..doc

— 127.50 Кб (Скачать файл)

Суармалы егіншілікте егін сепкеннен  кейінгі жүргізілетін топырақ өңдеу  жүйесінің мақсаты, жүргізілу мерзімі, тереңдігі, құралдары.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынның тәлімі егіншілігінде топырақ өңдеу жүйесі. Тәлімі егіншіліктің суармалы және суарылмайтын егіншіліктен айырмашылығы. Сүдігер өңдеу мезгілі, тәсілі, тереңдігі, құралдары.

Жаздық дақылдар үшін егін себер  алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі.

Күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу  жүйесі. Пар өңдеу жүйесі: тәсілі, тереңдігі, құралдары.

Ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген  тәлімі егіншілікте таза парды негізгі  өңдеу және жаз айларында күтіп-баптау.

Егіншілікте республиканың суарылмайтын астықты солтүстік, батыс және басқа өңірлерінде пар өңдеу жүйесі (мерзімі, тереңдігі, құралдары). Ықтырмалы парды өңдеу жүйесінің ерекшелігі.

Пардан басқа алғы дақылдардан  кейін күздік дақылдар үшін топырақ  өңдеу жүйесі: екпелі көпжылдық шөптерден, отамалы және дәнді дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі, ерекшеліктері.

Эрозияға ұшырайтын жерлердегі топырақ өңдеу жүйесінің ерекшелігі. Жерді өңдеу тәсілдері.

Топырақты минималды өңдеу, мақсаты, бағыттары, өңдеу ерекшеліктері, құралдары.

Топырақты нөлдік өңдеу, оған осы күнгі  көзқарас. Нөлдік өңдеудің топырақтың негізгі қасиеттеріне тигізетін  әсері.

Топырақты жылдам өңдеу, оның еңбек  өнімділігіне, топырақ өңдеу сапасына әсері. Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру.

 

V ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ

Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері. Егіншілік жүйесінің түрлері: қарапайым, экстенсивті және интенсивті.

Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері: егіншіліктің жалпы заңдылықтары, топырақтың құнарлылығы туралы ілім, топырақты  эрозиядан қорғау мәселелері. Егіншілік жүйесінің тиімділігі. Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары.

Қазақстандағы интенсивті егіншілік  жүйелері: отамалы, агроландшафтық және басқалар.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова  Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005

2. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова  Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2006

1. Бараев А.И., Сулейменов М.К.  және басқалар. Почвозащитная система  земледелия.-Алматы,1985

2. Богарное земледелие. –Алматы, 1976

3. Ерлепесов М.Н., Турешев О.Т.  Орошаемое земледелие. – Алматы, 1973

4. Жаңабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік  шаруашылығы өнімдерін өндіру  технологиясы» Алматы, 1994

5. Жаңабаев Қ.Ш. Қазақстанда жиі  кездесетін арамшөптер және олармен  күрес, Алматы, 1994

6. Зенкова Е.М. Севообороты и плодородие почвы. Алматы, 1979.

7. Иванников А.В., Мұқажанов К. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, 2004

8. Киреев А.К., Сейтказинов Д.Т.  Обработка почвы на богаре  Казахстана. – Алматы, 2001

 

 

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

ТҰҚЫМТАНУ

Тұқымдық жадығат (материал) — ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі  өндіргіш күштерінің бірі. Тұқымтанудың мәні және мақсаты. Басқа пәндермен  байланысы.

Қазақстанда тұқымтанудың және тұқымдық бақылау қызметінің даму жолдары. Тұқым  сапасын анықтайтын мемлекеттік инспекциялар. Ауыл шаруашьшығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама.

Тұқымдардың биологиялық және шаруашылық тым ұзақ өміршеңдігі.

Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсерлері. Тұқымдық егісті жинаудын, биологиялық негіздері.

Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың  шаралары. Тұқымдық жадығатқа (материалға) қойылатын талаптар. Тұқымның сапасына қойылатын стандарт талаптары (мемлекетгік  стандарттар). Тұқымның физикалық және биологиялық қасиеттері. Егістік стандарт.

Тұқым тобы туралы түсінік, оның құжаттары  және кұжат үлгілері. Сақтық және ауыспалы тұқым қоры, оларды сақтау жолдары.

Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту.

Тұқымның егістік өнгіштігі  және оны жоғарылатудың жолдары. Тұқым сапасын жоғарылатудың  өндірістегі озат тәжірибелері.

1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР

Астық дақылдарының жалпы  сипаттамасы

Астық өндірісін арттыру ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселесі. Қазақстан халық шаруашылығы үшін астық өндірудің маңызы, егіс көлемі құрамы. Астық өндіру мәселесін шешу жолдары.

Күздік және жаздық дақылдардың  морфологиялық және биологиялық  ерекшеліктері. Дән құрылысы және химиялық құрамы. Өсімдіктердің өсу және даму кезеңдері. Гүлдену және дән толысу, пісу кезеңдері. Дәннің толысуына және пісуіне кері әсерін тигізетін факторлар (егістің жатып қалуы, үсіп кетуі т.б.). Олармен күрес шаралары.

Жаздық астық дақылдар

Астық өндірісін қарқындатудағы жаздық астық дақылдарының маңызы. Жаздық бидай – негізгі тағамдық дақыл. Жоғары сапалы жұмсақ және қатты бидайлар өндірісін арттыру. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай өсіру технологиясы және егінді жинау ерекшеліктері.

Арпа және сұлы – бағалы мал  азықтық дақылдар. Тағамдық, мал  азықтық және сыралық арпалар  және оларға қойылатын талаптар. Арпа өсіру технологиясы. Сұлының тағамдық және малазықтық маңызы. Сұлы өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Жүгері – аса бағалы дәндік, мал азықтық және техникалық дақыл. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Тары – маңызды жармалық дақыл. Тары өсіру технологиясы және өнім жинау ерекшеліктері.

Қонақ жүгері дақылының өсірілу  бағыттары (дәнге, қантқа, мал азығына  және техникалық мақсатқа). Республиканың  қуаң аудандарындағы өсіру ерекшеліктері.

Күріш – негізгі жармалық дақыл. Күріштің маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі. Күрішті суару әдістері. Күріш өсіретін атыз әзірлеу және ирригациялық құрылыс жұмыстары. Күріштің арнайы арамшөптері және олармен күрес шаралары. Себу тәсілдері мен мөлшері. Күріш атыздарын күтіп-баптау шаралары және егінді жинау ерекшеліктері. Күріш өсірудің тиімділігі.

Қарақұмық – бағалы жармалық дақыл. Қарақұмықтың өсу ерекшеліктері. Өсіру  технологиясы.

Күздік астық дақылдар

Түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары  және өнімділігі. Күздік дақылдардың  күзде және көктемде даму ерекшеліктері. Қысқа төзімділіктің физиологиялық негіздері. Күздіктердің қыс және көктемнің қолайсыз жағдайларына ұшырау себептері және оны болдырмау шаралары. Күздіктердің қыстан шығу жағдайларын бақылау.

Күздік бидай. Бидай дәнінің  белоктылығын жоғарлату шаралары. Күздік бидайды суармалы және тәлімі жерлерде өсіру ерекшеліктері.

Күздік қара бидайдың маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру  технологиясы.

Күздік арпа. Өсірілетін аудандары  және өнімділігі.Биологиялық ерекшеліктері  және өсіру технологиясы.

Дәнді бұршақ дақылдар

Дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін  қарқындатудағы және мал азықтық  белок проблемасын шешеудегі  орны. Атмосферадағы азотты фиксациялаудағы  дәнді бұршақ дақылдарының ролі. Дәнді  бұршақ дақылдарына сипаттама.

Ас бұршақ – республикадағы негізгі дәнді бұршақ дақылы. Тағамдық және мал азықтық құндылығы. Ас бұршақ формалары және түрлері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Май бұршақ – бағалы белокты  және майлы дақыл. Өсірілетін аудандары  және өнімділігі. Биологиялық  ерекшеліктері  және өсіру технологиясы.

Үрме бұршақ және жасымық. Тағамдық маңызы. Түрлері. Биологиялық  ерекшеліктері және өсіру технологиялары.

Ноғаттық және ноқат. Маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Құрғақ аудандардағы өсіру ерекшеліктері.

2. ТАМЫР, ТҮЙНЕК ЖЕМІСТІЛЕР ЖӘНЕ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ

Тамыр жемістілер түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі.

Қант қызылшасы –  негізгі қант өндіруші дақыл. Қант қызылшасы  тамыржемісінің қанттылығын және қант шығымдылығын жоғарлату жолдары. Биологиялық  ерекшеліктері және суармалы жерлерде өсіру технологиясы. Қант қызылшасын тұқымға өсіру ерекшеліктері.

Картоптың маңызы, өсірілетін аудандары және түйнек өнімділігі. Биологиялық ерекшеліктері мен  өсіру технологиялары. Картоп жинау  әдістері. Картоп өсірудің озық технологиялары мен экономикалық тиімділігі.

Бақша дақылдары. Халықшаруашылығындағы  маңызы, тағамдық құндылығы. Қазақстандағы  бақша шаруашылығы. Өсірілетін аудандары  және өнімділігі.

Қарбыз, қауын және асқабақ  – морфологиялық ерекшеліктері. Түрлері, шаруашылықтық сипаттамалары. Өсіру ерекшеліктері.

3 МАЙЛЫ ЖӘНЕ ЭФИРМАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

Майлы дақылдардың маңызы, өсірілетін аудандары және тұқым өнімділігі. Майлы дақылдар майларының сапа көрсеткіштері.

Күнбағыс – бағалы майлы  дақыл. Түрлері, жіктелуі, топтары. Биологиялық  ерекшеліктері. Өсіру технологиясы және өнімді жинау ерекшеліктері.

Мақсары қуаңшылыққа, ыстыққа  және тұзға төзімді майлы дақыл. Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы.

Рапс, қыша және майлы зығыр –  бағалы майлы дақылдар. Түрлері, биологиялық  ерекшеліктері. Өсіру технологиялары.

Майкене – бағалы техникалық май  беруші дақыл. Түрлері, биологиясы және өсіру ерекшеліктері.

Жер жаңғағы – жоғары майлы дақыл. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

Эфир майлы дақылдар. Көп түрлілігі  және пайдалану аясы. Біржылдық және көпжылдық формалары. Республикада кездесетін эфир майлы дақылдар (кориандр, анис, мята және т.б.) биологиялық ерекшеліктері  және агротехникасы.

4 ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР

Талшықты дақылдар түрлері, маңызы, жіктелуі және өсірілетін аудандары.

Мақта – республикадағы негізгі  талшықты дақыл. Негізгі түрлері  мен аудандастырылған сорттары. Мақта  арнайы ауыспалы егісі. Мақта плантациясын суғару ерекшеліктері. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы. Мақта талшығының технологиялық сапа көрсеткіштері.

Талшықты зығыр және сора. Дақылдардың  өсіру бағыттары. Биологиялық ерекшеліктері  және өсіру технологиялары.

5 ЕСІРТКІ ДАҚЫЛДАР

Темекі және қара темекі. Маңызы, өсірілетін аудандары және шикізат өнімділігі.

Республикада темекіні көшетте  және танапта өсіру ерекшеліктері. Темекі өсірудің озық тәжірибелері және экономикалық тиімділігі.

Темекі шикізатын өңдеу және сақтау шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Әубәкіров Т.Ә., Жұмағұлов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы және селекция» Алматы, 1988

2. Жанабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 1994

3. Әрінов Қ.Қ «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1996

4. Әрінов Қ.Қ және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау» Астана, 2001

5. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда, 2008

6. Атақұлов Т.А. және т.б. Өсімдік шаруашылығы практикумы. Алматы, 2008ж.

7. Қазақстан Республикасы облыстарында ауылшаруашылық жүйесін жүргізу ұсыныстары. Алматы, 2001-2005жж.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбуғалиев І., Әлдеков Н. Қант қызылшасы және оны өсірудің индустриалды технологиясы. Алматы, 1986ж.

2. Ерлепесов М., Амантаев А. Суармалы егіншілік. Алматы, 1988ж.

3. Қойшыбаев Ә. және т.б. Қазақстан күріші. Алматы, 1982ж.

4. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы, 1984ж.

5. Саудабаев Т., Қыдыралиев А. Жармалық дақылдар. Алматы, 1985 ж.

6. Нұрғасенов Т.Н. және т.б. Тұқымтану, сорттану, тұқым шаруашылығы. Алматы, 2005 ж.

7. Сағитов А.О. және т.б. Справочник защиты растений. Алматы, 2004ж.

 

 

ЕГІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМШАРУАШЫЛЫҒЫ

3 кредит

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Сорттар. Бастапқы материалдар және оны жасау әдістері

     Сорт туралы түсінік.  Сорттарды шығу тегі мен шығару тәсілдеріне байланысты топтау. Сорттардың таралу аймақтарына бейімділігі. Сорттардың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін өндірудегі алатын орны. Дақылдардың болашағы зор және өнімді сорттары туралы түсінік. Өндірістік егістіктегі сорттық жүйе. Онда әртүрлі сорттардың болуы керектігі. Сорттың агротехникасы. Шаруашылықтардың егіс дақылдарының сорттарына қоятын талаптары.

      Алғашқы материалдар  туралы түсінік. Олардың алу  жолдары және түрлері: жергілікті  сорт-популяциялар, будан популяциясы,  өзіндік тозаңдандырылған линиялар, индуцияландырылған мутанттар және көпполиплоидты формалар. Өсімдіктің бағалы шаруашылық белгілер мен биологиялық қасиеттерінің донорлары.

      Н.И. Вавиловтың  алғашқы материалдар туралы ілімі, (тұқым қуалаушылық пен өзгерткіштік  жөніндегі гомологиялық қатарлар заңы, мәдени дақылдардың шығу орталықтары). Мәдени өсімдіктердің экологиялық-географиялық жүйесі. Жер жүзі өсімдіктерінің коллекциясын құру және оны селекция жұмысында пайдаланудағы  Н.И. Вавилов атындағы  Ресей егіншілік ғылыми зерттеу институт ғалымдарының еңбегі. Жеміс-жидек дақылдар селекциясы жұмысындағы коллекциялық бақтың орны.

Информация о работе Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған