Жерасты мүшелер. Тропизмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 17:24, реферат

Описание работы

Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.

Файлы: 1 файл

сөж жерасты мүшелері.docx

— 42.48 Кб (Скачать файл)

 Тропизмдер (гр. tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т.б.) қимыл бағытының өзгеруі. Өсімдік жасушаларының созыла өсуіне ондағы фитогормондардың (индолил сірке қышқылы, абсцизин қышқылы, т.б.) түзілуі, тасымалы мен таралуы ықпал етеді. Әсер ететін факторлардың (тітіркендіргіш) табиғатына байланысты Тропизмдердің бірнеше түрі ажыратылады. Егер өсу қозғалысы тітіркендіргіш факторға бағытталса – оң Тропизмдер, ал егер қарама-қарсы бағытта болса – теріс Тропизмдер деп аталады.

  • Геотропизм – өсімдіктердің жердің гравитациялық алаңына сай келуі. Тамырдың жер қыртысына ене өсуі оң геотропизм болса, сабақтың қарама-қарсы бағыттағы өсуі теріс геотропизм болады.
  • Фототропизм – жарықтың бір жақты әсерінен өсімдік органдарының қисая түсуі. Өскіндердің жарыққа қарай өсуі оң, ал қарама-қарсы бағытта өсуі теріс фототропизм мысалы, күнбағыстың өсуі) болып саналады.
  • Тигмотропизм – өсімдіктің механикалық әсерге жауап ретінде өсу қозғалысы. Тұрақты түрде өсу аймағына механикалық әсер ету нәтижесінде өсімдіктің кері бағытта өсу қозғалысын байқауға болады. Бұл теріс Тропизмдерге жатса, басқа өсімдікке жанаса, өрмелеп өсетін өсімдіктер (шырмауық) оң тигмотропизмнің мысалы бола алады.
  • Хемотропизм – өсімдіктердің химиялық қосылыстар градиентіне әсерлене өсуі. Улы химиялық заттан алшақтау (теріс) немесе қоректік заттар бағытына қарай (оң) өсу қозғалыстарын жатқызуға болады.
  • Гидротропизм – өсімдік тамыр жүйесінің топырақ ылғалы бағытына қарай өсуі оң гидротропизм, ал шамадан тыс ылғалды (батпақты) топырақтағы тамырдың көлбей, жер бетіне жақын өсе орналасуы теріс гидротропизм. Осылайша тамыр өзінің тыныс алуын реттейді.
  • Термотропизм – температураның өсімдіктің өсуіне бір жақты әсері. Көптеген өсімдіктер белгілі бір температураға дейін қарқынды өсіп, оның шамасы күрт төмендегенде немесе артқанда өсу қарқынын баяулатады.

Электртропизм – өсімдіктердің электр өрісіне жауап ретіндегі өсу қозғалысы. Өскіндер сабағының оң, ал тамырдың теріс зарядқа бағыттала өсуін байқауға болады. Өсімдіктерде Тропизмдерден басқа да өсу қоғалыстары кездеседі. Мысалы, таксистік, настиялық, нутац., т.б. қозғалыстар.

  • Таксис (гр. taxіs – орналасу) – бір жақты тітіркендіргіштермен (жарық, ылғал, электр тогы, т.б.) тітіркендіргенде еркін қозғала алатын төменгі сатылы өсімдіктер мен жануарлардың, сондай-ақ жеке жасушалар мен органоидтардың (спора, гамета, сперматозоид, т.б.) және жасуша бөліктерінің (ядро, пластид) қозғалу реакциясы.
  • Настия (гр. nastos – көнбістену) – өсімдік органдарының төменгі немесе Жоғарғы ұшындағы жасушалардың біркелкі өспегенінен не осы жасушаларда тургор қысымының бірдей болмауынан болатын құбылыс. Мысалы, көптеген өсімдік гүлшоғырының таңертең ашылып, кешке қарай жабылып қалуы.
  • Нутация (гр. nutatіo – тербелу, бұратылу) – өсімдік органдарының тербеле қозғалуының нәтижесінде белгілі бір тірекке орала өсуі. Бұл өрмелеп өсетін лиана өсімдіктеріне тән.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     ҚОРЫТЫНДЫ

        Әрине, қазақ емшілері алтын тамырдың химиялық құрамының қандай екенін білмесе де, оның ерекше қасиетін жақсы біліп, дәрілік шөптің атын құпия ұстаған. Құпия ұстағаны соншалық, орыстар бұл шөпті 1930 жылы ғана танып білген. «Кірпияздығына орай кез келген жерде өсе бермейтін алтын тамырды ерте замандардан бері көп жағдайларда патшалар мен жоғары билік басындағылар жөнін тауып алдырып, пайдаланып келген» деген дерек бар. Осыған орай, алтын тамыр патшалардың дәрісі немесе «өлместің шөбі» деген атау алған.

Назар аударатын жағдай, қазіргі күнде көптеген адамдардың алтын тамырды Алатау, Алтай, Тарбағатай тауларының қойнауларынан жөнді-жөнсіз қазып алып, пайдаланып жатқандықтан, бағалы өсімдік еліміздің аумағынан тез жоғалып бара жатыр. 

Тез жоғалуына жалған құжатпен тау-тасты кезіп дәрілік шөптер терген қытайлар үлкен үлес қосып жатыр дегенді естиміз. Сондықтан мұндай келеңсіздікке тосқауыл қойылып, қазып алу жағдайында тамыр алынған жерге тұқымын сіңіріп кетуді мықтап қолға алған жөн деген пікірдеміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. С.Х.Субханбердин«Дертке дауа, жанға шипа» Алматы 2004ж.
  2. Ә.Іскендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы. Қазақстан, 1982 ж.
  3. www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім 1. Тамыр- өсімдіктің жер асты мүшесі

                            2. Тамыр жүйесі

                            3. Алтын тамыр – дәрілік өсімдік

                            4.  Тропизмдер

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 


Информация о работе Жерасты мүшелер. Тропизмдер