Валеология — салауатты өмір сүру салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 19:37, реферат

Описание работы

Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Содержание работы

Валеология — салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір сүрудің стилі
Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттары
Салауатты өмір салтының білімгерлер арасында қалыптасуы
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізi
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі.

Файлы: 1 файл

валеология.docx

— 29.87 Кб (Скачать файл)

химиялық заттарын орынсыз  пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.

Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл –қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.

 

Біздің зерттеуіміздің мақсаты: 1. Оқушы жастардың дене тәрбиесі сабағы мен салауатты өмір тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін; 2. Оқушы жастардың дене шынықтырумен шұғылдануына кедергі келтіретін факторларды нықтау.

Арнайы сұрақтар тізіміне берілген жауаптар нәтижелері:

1. «Денсаулық дегеніміз  не?» - деген сұраққа дұрыс жауапты 65 % білімгерлер берді.

2. «Ішімдік пен есірткенің  денсаулыққа әсері» - деген сұраққа  -70 % білімгерлер –ол «Денсаулықты бұзады» - деп жауап берді. Ал, «Ішімдікке қалай қарайсыз? –деген сұраққа» «Аз мөлшерде ішемін» - деп 50%, «Ішпеймін» - деп 50% жауап берді. «Ішемін» деп жауап бергендер оны оқта-текте, тиіп қашып ішетіндер. Салынып ішетіндер қатарына жатпайды.

 

3.Гигиена және санитария  ережелерін сақтайсыз ба? - деген  сұраққа 70 % білімгерлер «сақтаймыз», 30 % -«анда санда, әр қалай»- деп жауап берді.

4.«Салауатты өмір тіршілігі туралы не айтасыз?» - деген сұраққа -75 % білімгерлер дұрыс жауап берді.

Екінші міндет –оқушы –жастардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты өмір

салтына әртүрлі көзқарастардың себебі. Сұрақтар тізіміне жауап берген оқушыларды дене шынықтыру сабағына көзқарастарына байланысты үш топқа бөлдік: 1 топқа дене шынықтыру сабағына көзқарастары төмен, онымен шұғылдануды қаламайтындар жатты. Бұл топқа барлық сұраққа жауап бергендердің -36-41 % ; 2-топқа –бейтарап, жақсы да емес, жаман да емес, сабаққа көзқарастары әлі толық қалыптаспаған -45-57 % ; 3-топқа –көзқарастары дұрыс, сабаққа ынта қойып қатысатындар жатты, тек олардың саны 2,8-7 % дейін ғана болды.

Сонымен, жіктеу нәтижесінде  оқушылардың көпшілігінің дене тәрбиесі сабағына көзқарастары төмен, қалыптаспаған.

 

Оның себептері:

1. Дене тәрбиесіне қызығушылықтың жоқтығы -38 %;

2. Нашар материалды техникалық  база -35 %;

3. Денсаулықтың төмен  деңгейі -28 %;

4.Сабақтың, сауықтыру іс-шаралардың  төмен деңгейде өтуі -47 %;

5. Әдістемелік, спорттық  әдебиеттердің жеткіліксіздігі  -40 %;

6. Дене тәрбиесі жөніндегі теориялық білімінің жеткіліксіздігі -45 %.

Бұл деректерден оқушылардың  дене тәрбиесі сабағына көзқарастары әлі төмен деңгейде екенін, оның себептері: оған қызығушылықтың жоқтығы, спорт жабдықтарының материалды –техникалық базаларының нашарлығы, сабақтың төмен деңгейде өтуі т.б. жатады. Сол себептен, біздің ойымызша, қоғамдық сауықтандыру бағдарламасында салауатты өмір салтын жасөспірімдердің арасында қалыптастыру мақсатында осы жайларға баса көңіл бөлу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер:

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030». Ел президентінің Қазақстан халқына  жолдауы. Алматы, 1998 ж. 61-62 б.

Аққозин М., «Қазақ мақал  –мәтелдері» Алматы, 2000 ж. 21-26 б.

Оспанова К.Т. Социальные проблемы здорового образа жизни. Халықаралық  ғылыми –практикалық конференция. Қ.Р. тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған. Дене шынықтыру теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері, Алматы, 2001,429-431 б.

Адылханов А.С., Рахманов Б.Д. Зодровый образ жизни –главное условие охраны и укрепления здоровья человека. Материалы 1 съезда врачей Казахстана. Алматы, 1999, 88 б.

Жалғасбек Т. «Спорт –салауатты өмір салтының кепілі» Спорт, 2001.

Ботабаев К., Бекенов Т., Мырзабеков М. «Ден қойғанға –ем қонады» Алматы, «Қазақстан» 1990,240 б.


Информация о работе Валеология — салауатты өмір сүру салты