Шөл және шөлейт зонасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 17:43, реферат

Описание работы

Қазақстанның 900 км солтүстіктен оңтүстікке, 3000 км шығыстан батысқа дейін алып жатыр. Бұл зона өзін ің өте құрғақтығымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 10-200 мм, ал судың булануы 10-12 есе жоғары. Қыстың өте суық айының температурасы орташа -5,15 С. Қар жамылғысы болымсыз 5-10 см. Жазғы температура +40-45 С дейін жетеді.

Файлы: 1 файл

Шөл+және+шөлейт++зонасы+8.doc

— 81.00 Кб (Скачать файл)

       Қызғалдақтар сияқты өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары және гүлдері көп ұзамай қурап қалады. Тұқымдары жазғы құрғақшылыққа дейін піседі.Одан соң жер бетіндегі мүшелері қурайды да жер астындағы баданалары  немесе тамыр сабақтары жаздағы құрғақшылықпен қыстың қақылдаған аязды күндерінде топырақ астында қыстап шығады. Көктемде баданадан және тамырсабақтардан жас сабақтар өсіп шығады. Сабақтарының өмірі қысқа болатын көпжылдық өсімдіктерді эфемероидтар деп атайды. Эфемероидтар мен эфемерлер құрғақшылықтардан осылай қашып құтылады, сондықтан да олар әсіресе сазды жерлерде өсетін  өсімдіктер арасында көп болады. Эфемерлер мен эфемероидтардың көптеген түрлері болады.  Бұлар көктемде қаулап өсіп шөл жерлерді шабындық тәрідендіріп, отайтып жібереді.  Шығымы мол болған жылдары эфемерлерлі шабындықтардың жерін  шауып алуға болады. Қыстан қысылып шыққан мал эфемерлі шөпке аузы тисе  тез көтеріліп кетеді.  Көктемде малға азық болатын эфемерлердің бір- морттық дейтін  злак.  Мортық  еркекшөпке ұқсас, бірақ мұның көпжылдық  еркекшөптен айырмашылығы – вегетация дәуірі қысқа. Өсімдіктердің өсуіне  өте қолайсыз құрғақ  сортаң жерлерде, бойы бір-екі сантиметрдей   кішкентай түйеқарындарды көруге болады. Бұлардың жапырақтары, тамырлары да мардымсыз;денесінің тең жартысын алып жатқан бір, екі жемісі бар. Өсімдік мүшелері қоректік заттар мен бірдей дәрежеде қамтамасыз етілмейді. Егер қоректік зат жетімсіздеу болса,қоректік заттарды ең алдымен өсімдіктің жемісі мен тұқымы алады. Өсімдіктің бүкіл денесі жөнді өсе алмай кәдек болып қалғанымен, қалыпты ұрпақ беретін аздаған тұқым салады.

       Қазақстан жеріндегі ең үлкен шөл-Бетпақдалада өте тамаша спиреантус дейтін бұта өседі.  Мұның жылтыр жасыл түсті жиегі иректелген,ұсақ қатты жапырақтары бар, сонымен қатар шашақтанып біткен ақшыл көгілдір түсті әдемі гүлдері болады; олар ұқсақтығы болмаса, көбіне алмұрт гүліне ұқсас келеді. Спиреантус Бетпақдаланың кейбір жерлерінде ғана өседі. Бұл бұта- ертеден бері келе жатқан өсімдік. Бірнеше ондаған миллион жылдар бұрын жер жұзінде адам болмаған кезде Бетпақдала шөлінің орны ылғалды дала болған және мұнда тропик ормандары өсіп, климаты ыстық келген. Спиреантус – сол заманнан қалған өсімдіктердің бірі. Өзінің сақталып қалуына сыртқы жағдайы қолайлы болғандықтан аздаған жерлерде ғана сақталып қалған ескі заман өсімдіктерін реликт деп атайды. Спиреантус Қазақстан жерінің шөлдерінде  өте сирек кездеетін реликт болып табылады.

         Бетпақдаланың оңтүстігін Жамбыл облысындағы Қаратау және Алматы облысындағы Шу-Іле шөқл қыраттары алып жатыр. Жайпақ қыраттар арасынан тау жыныстары кездеседі. Бұлар бұдан көптеген миллион жылдар бұрын, Қазақстан жерінің шөлдері орнының теңіз алып жатқан кезде пайда болған.  Тастар, түрлі түсті саздар, извест тастардан шұбар түсті қалың тау жыныстары қабаты пайда болған. Бұл сияқты тау жыныстарының бетіне извест көп болатын шөл топырақтаоры түзілген. Бұл топырақтарда реликтілік өсімдіктердің бірнеше түрлері өседі. Бұлардың ішіндегі ең сирек кездесеті медзвецкия. Бұл 1909 жылы жүргізіәлген  ботаникалық экспедициялар кезінде Шу-Іле тауынан табылған. Недзведския көпжылдық шалабұта;  Мұның жапырақтары ұсақ болады, сабағының ұшында қызғылт көгілдір түсті әдемі гүлдері бар; гүлдері бақшада өсетін петунияға ұқсас. Пішіні сопақтау келген құрғақ қауашағында тұқымдары болады. Бұл өсімдік, певолюциядан бұрын Жетісуда суландыру каналдарын қазған В.Е.Недзветский деген белгілі инженердің есімімен аталған.

   Нездвецкияға  туыстас өсімдіктер- осы күні  тек оңтүстік Африкада ғана өседі. Бұлар баяғы бір замандарда жоғарыда айтылып кеткен жылы теңіздің жағалауында өскен. Ол теңіздер Африкадан Азия арқылы солтүстікке дейінгі аймақты алып жатыр. Тнңіз кеуіп кетіп, оның орнында көлдер, мысалы: Балқаш қана қалған. Кепкен тнңіздің түбі шөлге айналып, шұбар түсті қалың қабаттар қалған. Шу-Іле тауларының шұбар түсті тау жынысы шығып жатқан бірнеше жерінде нездвецкия кездеседі. Нездвецкия Қазақстанда сирек кездесетін реликт болып табылады. Мұны сақтап қалу үшін, осы күні ботаника бақтарда өсіріп көбейтуде.

Тастақ  шөл өсімдіктері. Шөл таулары ауа-райының әсерінен бұзылуының нәтижесінде жазық бетін қиыршық тастар басады. Жартастардың үлкенді- кішілі сынықтары араласқан топырағы бар жерлерді тастақ шөлдер деп атайды. Бұл шөлдерде өсімдік өспейді деуге болады. Құрғақ және құнары аз келетін қиыршық тасты топырақтағы өсетін өсімдіктер- аласа және өте сирек –селдір болады. Жартастардың жарығында дала шиесі мен сіңір дейтін бұталар өседі. Тастардың бетіне, қабыршықтана жабысып, түрлі-түсті қыналар өседі. Кейбір қыналардың денесі шар тәрізді болады. Құрғақ кезде жел оларды үрлеп, ұшырып әкетеді. Кейде қызған ауада алай-түлей құйын шығып, шаң тозанды түтілген жүндей бұрып аспанға көтереді де, оны шөлдерге алып кетеді. Шар тәрізді жеңіл қыналар, әлгі құйынмен бірге басқа жерлерге барып түседі.

Топырағы аз, климаты қаһарлы болғанына қарамастан, адам тастақ шөлдерді де игеріп келеді. Каспий теңізінің жағалауындағы осы күнгі Форт Шевчнко қаласы тұрған жерде, Украинаның ұлы жазушысы Т.Г.Шевченко айдауда жүрген кезеңде, өткен ғасырда бағ орнатты. Сол жерде ақынның өзі тіккен талдары әлі де өсіп тұр.

Сортаң  шөл өсмдігі.Сортаң шөл өсімдікке ең қолайсыз мекен. Бұл жердегі топырақ тұз ерітіндісін құйғандай болып жатады. Өсімдіктер мұндай жерлерге ғасырлар бойы бейімделу нәтижесінде ғана өсе алатын болды. Сортаң жерлерде өсетін өсімдіктердің көбі сукуленттер тобына жатадыү. Бұл жерлерге,әсіресе, сораң шөп шыдамды келеді. Сортаң топырақтарда тұз мөлшері әр қилы ьолуы мүмкін. Мұндай топырақ шөл аймағының ойпат жерлерін, өзендер мен көлерінің жағалауларын алып жатады. Бір кезде егістек, бақша және бақ болған қолдан суарылған  жерлердің топырақтарын да тұз басады. Мысалы:Сырдария, Шу, Іле өзендерінің төменгі ағысындағы өзендер. Топырақтың көбірек тұзданған жерлеріне төзімді келетін өсімдіктердің бірі ақтікен. Ақтікеннің көп өскен жерінде, жемістері піскен кезде жабайы шошқалар үйір-үйірімен топтанып жүреді.Қазақстанның сортаң топырақты шөлдерінде сирек кездесетін, синомори деген паразит өсімдік өседі. Мұның ұзындығы 1 метрге дейін баратын етженді сабағы болады да, оның топыраққа кіріп жатқан ұшының сорғыштары болады. Бұл сарғыштары арқылы басқа бір өсімдіктің, әсіресе ақ тікен дейтін бұтаның тамырына сүлікше қадалып алады. Осы сорғыштар арқылы қоныс тепкен өсімдіктің денесіне қадалып алып,сол өсімдіктің денесіндегі  сумен даяр қоректік заттар мен ерітіндісін сорады.  Бұл сияқты паразит  өсімдіктің денесіндегі сумен хлорофилл  дәндері мен жасыл жапырақтар болмайды. Қазақстанда өте көп кездесетін паразит өсімдіктер – сұңғыла мен   арамсояу. Бұл Қазақстанның барлық жерінде өседі.

 

 

                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Қажымұратов М «Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер»

«Қайнар» баспасы Алматы 1975ж

  1. Ж.Лұқпанов    Р.Әлімқұлова    М.Тәртенова «Өсімдік өмір өзегі»             Алматы «Қайнар» 1991ж 
  2. Б.Муханов   Т. Мұсақұлов          «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары»  
  3. А.А.Иващенко «Қазақстанның өсімдіктер әлемі суретті энциклопедия» Алматы кітап 2004                                                                           

 


Информация о работе Шөл және шөлейт зонасы