Нарықтық экономикаға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 23:27, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты ірі шаруашылықтардың ұсақталып, кіші фермерлік шаруашылықтардың пайда болуы , арнайы агрономдық білімі бар мамандардың жетіспеуі, керекті техникаға қол жеткізе алмау өсімдік қорғау саласындағы жұмыстардың сапасын күрт төмендетіп жіберді. Егістікте фитосанитарлық жағдай нашарлады, егін өнімі зиянды ағзалардың әсерінен тоқырап қалды. Әсіресе, жеке ұсақ фермерлердің егістерін арамшөптер басты.
Қазақстанда агроценоз саласында бес жүзге жуық арамшөптердің түрі бар. Олардың ішінде 20-30 түрі екпе дақылдарда кездеседі. Сапалы, мол өнім алу үшін арамшөптермен күрес алғашқы орында тұруы керек. Егер бұл іске селсоқ қарайтын болсақ, топырақтың құнарлығы азаяды да , егістіктегі әртүрлі екпе дақылдардың өнімі мен сапасы төмендейді.