Стерилизация түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 18:51, практическая работа

Описание работы

Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Файлы: 1 файл

Стерилизация.docx

— 22.50 Кб (Скачать файл)

ГП стерилизаторларында қауіпсіздік жағдайлары да ескерілген, яғни  апатты жағдайлар кезінде жұмыс істеуші қызметкерді қорғайтын екі қабатты қабатпен қапталған.Сондай ақ стерилизатор қызған жағдайда автоматты түрде токтан өшіріледі. Жалпы алғанда ГП стерилизаторының артықшылықтары өте көп: жоғары сапалы, қолдануға ыңғайлы және бағасы салыстырмалы түрде қымбат емес болып келеді.

ГПД стерилизаторы.

ГПД стерилизаторы әр-түрлі медициналық құралдарды, материалдарды ыстық бумен стерилизациялауға арналған. Коррозиялық процестерден берік қорғалған.Жоғарыда айтылған ГП стерилизаторынан ерекшелігі камерасы екі түрлі есікпен жабдықталған, яғни осы есіктер арқылы стерилизатор таза және стерильді зонаға бөлінген.

ГПД-400-2 стерилизаторы.

Бұл стерилизатор уақыт, қысым, температура сияқты мәліметтерді өзі белгілеу қасиетіне ие.Стерилизациялау камерасының көлемі 400 шаршы дм., яғни бұл стерилизаторға 6 үлкен немесе 12 кіші қорапшаларды орналастыруға болады.

ГПД-560-2 стерилизаторы.

Бұл стерилизатордың стерилизациялау камерасының көлемі 560 шаршы дм. Стерилизаторға 9 үлкен немесе 18 кіші қорапшалар орналастыруға болады.

Булы стерилизатор ГК-100-5.

Стерилизатордың бұл түрі горизонтальді дөңгелек камерамен жабдықталған. Шыныдан, резинадан, металдан жасалған құралдарды стерильдеуге арналған.Ереже бойынша стерильдеуге арналған уақыт 10-20 минут.

Булы стерилизатор ВК.

Будың көмегімен хирургиялық құралдарды, таңу материалдарын стерильдеуге арналған. Стерилизациялық камерадағы будың қысымы автоматты түрде реттеліп отырады.       

Қорытынды

Денсаулық-зор байлық” дегендей, адам денсаулығы –өмірлік қуатқа толы жан-тәнінің айнасы.Денсаулық – тылсым өмір. Қазіргі таңда денсаулық сақтау мәселесі алдыңғы қатарлы проблемалардың қатарына жатады. Шынымен де бүгінгі күні өте ауыр сырқаттардың таралуы жиілеп отыр.Әрине мұндай сырқаттардың көбйіп кетуі алуан түрлі жағдайлармен байланысты. Сондай жағдайлардың бірі емдеу мекемелеріндегі медициналық құралдардың жоғары сапада стерильденбеуі.Медициналық құралдарды стерилизациялау кезінде ереже бойынша ,уақытында стерилизация жүргізу  ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да емханаларда, емдеу мекемелерінде, процедуралық кабинеттерде, медициналық құралдарды пайдаланғаннан кейін қатаң түрде стерилизацияның жүргізілуіне мән беруіміз қажет.Тек сонда ғана ауыр сырқаттардың таралмауын қамтамасыз ете аламыз.

 


Информация о работе Стерилизация түрлері