«Қорқыт ата» кітабы эпикалық әрі тарихи мұра

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 13:40, реферат

Описание работы

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қорқыт оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен.

Содержание работы

I. Кіріспе
Қорқыт ата – өлмес өнер иесі.
II. Негізгі бөлім
a)Мәңгілік өмірді іздеуші - Қорқыт
ә) Қорқыт және қобыз.Құнды тарихи мұрасы.
б) Қорқыт ата туралы аңыздар.
III.Қорытынды
«Қорқыт ата кітабы» және оның сюжеттік желісі
«Қорқыт ата» кітабының тарихы.Нұсқалары мен зерттелуі

Файлы: 1 файл

коркыт.docx

— 46.08 Кб (Скачать файл)

Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бугінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт Атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шыгып, шагып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте куйге елтіп, арбаған әбжылан Қорқыт қалгып кеткен кезде шағып алады да, Қорқыт Ата содан өледі.

«Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.

Қорқыт атаның нақыл сөздеріне келетін болсақ,Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол  ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.

Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды.

Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе , тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда "Қорқыт ата кітабының” халқымыздың тәлім- тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендігі даусыз.

«Қорқыт  ата кітабы» және оның сюжеттік желісі

«Қорқыт ата кітабы» түркі тектес халықтардың арасына кең тараған аңыздар негізінде ХI өміріне, тарихи оқиғаларға қатысты деректер негізінде жазылғанымен, халықтың арман-аңсарынан бастау алған әдеби қиялға, көркемдік амалдарға  да көбірек орын берілген.

«Қорқыт ата кітабында» әрқайсысы аяқталған жеке дүние саналатын 12 жыр біріктіріліп, тұтас бір эпопеялық желіні құрайды. Онда түркі халықтары өмірінің он ғасырдай тарихы қамтылып, тұтас бір дәуірдің көркем бейнесі жасалады. Оқиғалар бір кездерде түркі халытары өмір сүрген Орта Азияда, Иранда, Кавказда, Дешт қыпшақ даласында өтеді. Түркі халықтарының басынан он ғасырдай уақыт ішінде өткен  елеулі оқиғаларды қамтып, тарихи өмірінің энциклопедиясы іспеттес «Қорқыт ата кітабының» әр тарауы маңызды бір оқиғаларға арналып, жекелік сыпат танытады.

«Қорқыт ата кітабы» мынадай он екі тараудан тұрады:

1. «Дерсехан ұлы Бұқаш хан туралы жыр»;

2. «Салар Қазанның ордасына  жау шабуылы туралы жыр»;

3. «Хан Бураның) баласы  Бамсы-Бейрек туралы жыр»;

4. «Қазанбектің баласы  Оразбектің тұтқындалуы туралы»;

5. «Бұқа Қожаның ұлы Домбауыл (Домрул) туралы жыр»;

6. «Қаңлы Қожа ұлы Хан-Тұралы (Төрәлі) туралы жыр»;

7. «Қазылық Қожа ұлы  Йүгенек туралы жыр»;

8. Бисаттың Дөпе Гөзді қалай өлтіргені туралы жыр»;

9. «Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр»;

10. «Үйсін Қожа ұлы Секрек туралы жыр»;

11. «Салар-Қазанның тұтқынға түсуі, оны баласы Ораздың құтқаруы туралы жыр»;

12. «Сыртқы оғыздардың  ішкі оғыздарға қарсы көтеріліске шығуы, Бейректің өлімі туралы жыр».

«Қорқыт ата кітабында» суреттелетін оқиғалардың сюжеттік желісі, эпизодтардың көбі түркі тектес халықтардың көпшілігінің ауыз әдебиетіндегі эпостық жырларда кездесіп отырады. Мұның басты себебі түбі бір туыстықтан болса, сонымен бірге тұрмыс-тіршіліктің, арман-мақсаттардың бірлігінен, жүріп өткен тарихи жолдың ұқсастығынан болса керек. Мұндай ұқсастықтарды қазақ эпосынан да жиі кездестіруге болады. Мысалы, қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қырымның қырық батыры» сияқты жырлары мен «Қорқыт ата кітабы» арасынан батырлар бейнесінің  сомдалуы, оқиғалардың суреттелуі, негізгі идеялары тұрғысынан көптеген ұқсастықтарды көреміз.

«Қорқыт ата кітабы» – түркі халықтарының болашақ үшін қалай күрескендігін, елін, жерін қорғаған ерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жырлаған, көрінгенге жем болмай, қайтсе бақытты өмір сүруге болады деген сауалдарға біршама жауаптар берген, қоғамдық өмірдің аса маңызды өңірлері жайлы философиялық ойлар түйген кең тынысты эпикалық туынды. «Қорқыт ата кітабында» көтерілген мәселелер, онда айтылған ойлар, ұсынылған ережелер  күні бүгінге дейін маңызын жоя қойған жоқ. Мысалы: «Ақ сақалы жарасқан шал көрікті, инабатты болса, әйел көрікті, сыйлас болса, ағайын көрікті, үлкен шаңырақтың қасында отау көрікті, жібек шатырдың жібі көрікті, өнегелі болса, бала көрікті», «Мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне алмас», «Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық», «Көп қорқытады, терең батырады», «Шіріген мақтадан мата шықпайды, нағыз жаудан дос шықпайды», «Қиып түсер қылышты мұқалтқанша, шаппаған жақсы», «Өтірік сөз өрге баспас», «Қара таудың басындай байлық жиса да, бұйырғаннан артық ешкім ештеңе жей алмайды», «Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың туғанынан тумағаны игі, жалған сөздің болғанынан болмағаны игі», «Өтірік сөз өрге баспас», «Ескі киімнің биті ащы, жетім баланың тілі ащы», «Қанша тасып тулағанмен өзен суы теңізді толтыра алмайды, қанша қалың жауғанмен қар көктемнен қалмайды», «Ажал жетпей, өлмек жоқ, өлген қайтып тірілмес, шыққан жан кері оралмас», т. б.

Өмірдің мәнін осылайша терең толғаған, бұралаңы көп бұ дүниеде адамдардың тура жолда жүріп, бақытты өмір сүруіне көмектесетін осы сияқты қанатты сөз тіркестері кітапта молынан кездеседі. Мұндай терең ойлы сөздер түркі халықтарының түркілік болмысын, өмірдің даму заңдылықтарына сай өмір сүруін анықтаумен бірге, одан қалды адамзат баласының жер бетінде бейбіт қатар бақытты ғұмыр кешуге үндеуімен де аса құнды.

«Қорқыт ата» кітабының тарихы.Нұсқалары мен зерттелуі

Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).

Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті.

Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңьізға айналған атақты Желмаяны оньің шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В. М. Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжагыш ақылгөй болған. Оғыз-қыпшақ қогамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл- Еркі, Тұман хан және Каңлықожа. Хандарга күшті ықпал жасағандықтан, олар Корқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан. Әр турлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал «Деде Қорқыт кітабында» Корқыттың өмір сүрген уақытын Мухаммед пайғамбардың заманына жақындатады «Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты», — дейді ол кітапта.

Сұрапыл дүлейден, қара түнектен, қорыққан халық жаңа туған балаға «Қорқыт» деп ат қойған. Мағынасы «Қорқыт, қорқытты» деген ұғым береді Махмуд Қашқаридың айтуынша,, халық өлеңдерінде, «Оғызнама» жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. X. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық /Қаратау/ немесе «Қараспан» деп атаған. Бұл жөнінде халық аузында сақталған мынадай өлең де бар: Қорқыт туар кезінде, Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған. Ол туарда ел қорқып, Туған соң әбден қуанған.

«Қорқыт ата кітабына» жазған кіріспеде Қорқыт жырларындағы шежірелік

арқауға сай үш кезеңді жазады.

Бірінші кезең: Оғыз-қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттейтін жырлар. Бұған «Бәмсі-байрақ», «Дерсехан баласы-Бұрқаш батыр», «Бұрқаш батыр», «Қан Төрәлі», «Домрул», ішінара «Бисат» жырын жатқызады. Селжұқ қызын алатын Қан-Төрәліні түркіменге жатқызады.

Екінші кезең: Түркімендер мен пешене тайпаларының арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттейтін жырлар. Бұған «Қазан, оның баласы Ораз жайындағы» жырларын жатқызады. Ұшан оғыз баласы Екрек (Игенек) пен Секрек ит аты, олар Қазанның Әлмүшке тұтқын болған әйелі Бөрілі сұлудан туған. Бірақ кейін олар түрікмен елін танытқан Қазанның батырлары болып көрінеді.

Үшінші кезең: Оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауын білдіретін жырлар.

Бұған көбіне-көп ішкі оғыздарға қарсы бас көтерген, Қазанның қыр

қыпшақтарынан аманатқа алған өгей баласы Аруз жыры (12) жатады. Бірақ

алалықтың нышандары Бисат, Домрул, Имран, Бұқаш жырларының өзінде де

бар еді. Соңғы жырда қыпшақтар Қазан жағында болған Бәмсі-Байрақты

өлтіреді. Арузды Қазан өлтірген. 1043 жылдан соң қыпшақтар Сейілхан мен

түрікмендерді Сырдан қуып шығады. Жанкент ханы шах Мәлік пен оның

баласы Әлиді батыстағы түрікмен тайпалары өлтірген. «Қорқыт ата кітабында» оғыз тайпаларының тарихы, өмір тіршілігі, олардың көрші тайпалармен қарым-қатынастары, соғыстары жырланады. Мәселен, «Салор Қазанның үйін жау шапқаны» жайындағы жырдың негізігі тақырыбы оғыздардың көрші тайпалармен өзара қарым-қатынасы деуге болады. Көрші тайпалармен өзара қарым-қатынас оғыз-қыпшақ дәуіріндегі ең көкейкесті мәселе болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Салор Қазан жырының сюжетін қысқаша баяндайық. «Аң аулап жүріп Қазан Салор бір күні ұзақ ұйқыға кетеді. Мұны сезген жау қолайлы сәтті пайдаланып қалу үшін оғыздар қолбасшысының ордасына тұтқиылдан шабуыл жасайды. Батыр өз үйін қоруға ұлы Оразды үш жүз нөкерімен тастап кеткен еді. Әрине, ол жеті мың әскері бар пешенектерден жеңіліп қалады. Соның өзінде Қазанбектің әйелі Бөрте қатын жауға қарсы қас батырша ерлікпен күреседі. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Жау Қазан Салордың үйін тонап, әйелін, баласын тұтқындап әкетеді.

«Қорқыт ата» кітабының соңғы сюжеті оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауына арналған. Онда сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас

көтеруі және Байрақ батырдың қалай өлтірілгені, оғыз мемлекетінің қатты

дағдарысқа ұшырағаны баяндалады. Билік үшін күрес, зорлық-зомбылыққа

қарсы халық қозғалысы туралы эпизодтар келтірілген.

Қорқыт Ата жырлары батырлықты, бірсөзділікті, ел мүддесі жолында

жанын беруге даяр жанпидалықты барша түркі жұртына өсиет етеді.

«Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білген қорқаққа қылыш сілтеп,

күшінді сарп етпе», дейді Қорқыт баба.Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп, өспег

ені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғайтын ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағынан шырылдап туылмағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.Қорқыт жырларындағы отаншылдық пен ерлік, ізгілік пен әдептілік, сабырлық пен төзімділік-біздің бәріміздің ата-бабаларымызды қандай қиын сыннан да алып шыққан түркілік қанымызда бар қасиеттер. Осы болмысымыз бен дүниетанымымызды келер ұрпақтарымызда мәңгілікке жалғастырып, адамзат өркениетінің тарихында лайықты орнымызды иелену үшін біз Қорқыт Ата мұрасын ұқыптылықпен жинап, жан –жақты зерделеп, өскелең буынға үнемі үлгі-өнеге етуіміз қажет.

Информация о работе «Қорқыт ата» кітабы эпикалық әрі тарихи мұра