Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 22:43, лекция

Описание работы

Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша тарихы. Салауатты өмір сүру туралы ұғым. Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Кемел адам және оның денсаулығы. Денсаулық — адам өмірінің басты көрсеткіші. Адам табиғатын зерттейтін ғылымдардың кіріктірілуі. Гуманистика ғылымы туралы қазіргі көзқарастар.

Файлы: 1 файл

Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері.docx

— 20.73 Кб (Скачать файл)

Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері. Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша тарихы. Салауатты өмір  сүру туралы ұғым. Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Кемел адам және оның денсаулығы. Денсаулық — адам өмірінің басты көрсеткіші. Адам табиғатын зерттейтін ғылымдардың кіріктірілуі. Гуманистика ғылымы туралы қазіргі көзқарастар.

Адам — биологиялық түр ретінде 

Адам ағзасының құрылысы мен қызметіне жалпы шолу 

Адам организмінің жасушалық құрылысы. Жасуша органоидтары. Жасушаның химиялық құрамы. Адам организміндегі ұлпалар: эпительиалды, дәнекер, жүйке, бұлшық ет. Ұлпалардың құрылысы мен қызметі. Ұлпаларға тән ерекшеліктер. Мүшелер және  мүшелер жүйесі. Адам ағзасының біртұтастығы, биологиялық жүйе.

Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі. Ішкі секреция бездері

Ішкі секреция бездері. Гармондар. Гуморальды реттелу. Гипофиз. Қалқанша без. Қалқансерік безі. Тимус (айырша без). Бүйрекүсті бездері. Аралас бездер.  Қарынасты безі.  Жыныс бездері. Ағзаның қызметінің реттелу жолдары.

Көрсетілім:

Ішкі секреция бездері салынған кесте, рельефті кесте «Ішкі секреция бездері».

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Рефлекс – жүйке қызметінің негізі. Жұлынның құрылысы және қызметі. Бас мидың құрылысы және қызметі. Үлкен ми сыңарлары. Вегетативті жүйке жүйесі (симпатикалық, парасимпатикалық). Жүйке жүйесінің гигиенасы.

Көрсетілімдер:

Кестелер «Жүйке жүйесінің құрылысы», жұлынның суреті салынған кесте. Кесте «Бас ми», диафильм «Бас мидың құрылысы және қызметі».

Практикалық жұмыстар:

№1.Адамның рефлекторлы реакциясын зерттеу.

№2.Тізе рефлексін бақылау.

Сезім мүшелері

Сезім мүшелерінің құрылысы және маңызы. Рецепторлар. Көру анализаторы. Көздің құрылысы және қызметі. Көру сезімінің пайда болуы. Аккомодация. Көздің рефракциясы. Көру қызметінің бұзылуы. Жақыннан, алыстан көргіштік. Көз гигиенасы. Есту мүшесінің құрылысы және қызметі, оның гигиенасы. Тепе – теңдік, бұлшық ет сезімі, сипап сезу, иіс және дәм сезу мүшелері.

Көрсетілімдер:

Кесте «Көру анализаторы»; ылғалды препараттар: «Ірі сүтқоректінің көзі», құрастырылатын көз моделі; кестелер:  «Есту анализаторы», «Иіс сезу және дәм сезу мүшелері».

Тірек-қимыл жүйесі

Адамның тірек-қимыл жүйесі, оның құрылысы. Адам қаңқасы, адам және жануарлар қаңқасының ұқсастығы. Еңбек ету және тік жүруге байланысты адам қаңқасындағы ерекшеліктер. Сүйектердің байланысу түрлері. Сүйектің құрылысы, құрамы және қасиеті, сүйектің өсуі. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Бұлшық еттер. Бұлшық еттердің құрылысы және қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттің жұмысы.   Бұлшық ет қызметіндегі жүйке жүйесінің маңызы.  Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қажу, белсенді демалыстың маңызы. Тірек-қимыл жүйесінің дамуы үшін дене шынықтыру жаттығуларының маңызы. Омыртқа жотасының қисаюы мен түйе табандылықтың алдын алу. 

Көрсетілімдер:

Адам және сүтқоректі жануарлардың қаңқалары, бассүйектері, сүйектері, омыртқалары, кестелер «Сүйектің құрылысы», «Сүйектердің байланысу түрлері», диафильм «Буындар». Кестелер «Адамның бұлшық еттері», «Қаңқа бұлшық еттері», «Адам ағзасына дене шынықтыру жаттығуларының әсері», «Омыртқа жотасының қисаюын алдын алу», «Жалпақ табандылықтың алдын алу», қарапайым шендеуіштер, байлам материалдар, орамалдар.

Практикалық жұмыс:

№3. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Қан және қан айналым

Ағзаның ішкі ортасы (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) және оның салыстырмалы тұрақтылығы (гомеостаз туралы). Қан құрамы. Қан плазмасы. Тромбоциттер. Қан ұю ағзаның қорғаныштық реакциясы. Эритроциттер және лейкоциттердің құрылысы мен қызметтері. Иммунитет. Иммунитет туралы ілімнің қалануына И.И.Мечниковтың қосқан үлесі. Қан топтары. Қан құю. Донорлық.

Қан айналым мүшелері: жүрек және тамырлар (салатамыр, көк тамыр, қылтамыр). Жүрек, оның  құрылысы және қызметі. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Тамыр бойымен қанның жылжуы. Қан қысымы. Лүпіл. Жүрек және қан тамырлар қызметінің реттелуі. Лимфа айналым. Жүрек және қан тамырлар ауруларының алдын алу шаралары. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Шылым шегудің және ішімдіктің жүрек және қан тамырларына зиянды әсерлері.ЖҚТБ және басқа да жұқпалы аурулар  және олармен күрес.

Көрсетілімдер:

Кесте «Қан», диафильм «Қанның құрылысы және қызметі», микроскоптар, адамның және бақаның қандарының микропрепараттары, кестелер.«Қан айналым жүйесі», «Жүрек», «Қан айналымның сызбанұсқасы», тонометр және фонендоскоп, «Қан кету және оның түрлері», «Байламдардың негізгі түрлері», байламды дәкелер. 

Практикалық жұмыстар:

№ 4 Тамыр лүпілін анықтау.

№ 5 Салатамыр қысымын өлшеу.

№ 6 Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Тыныс алу

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасулар. Тыныс алу қозғалыстары.  Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік – гуморальды реттелуі. Тыныс алу мүшелеріне қоршаған ортаның әсері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу шаралары. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы. Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне зиянды әсері. Ауаны таза сақтау. 

Көрсетілімдер:

Көмекейдің моделі, кесте «Тыныс алу мүшелері», диафильм «Тыныс алу қозғалыстарының реттелуі», спирометр. 

Зертханалық жұмыс:

№3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.

Практикалық жұмыстар:

№ 7.Тыныс алу қозғалыстары.

№8.Тыныс алу және қан айналым жүйелерінің қызметтеріндегі өзара байланыс.

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесінің маңызы. Маңызды қоректік заттар және тамақ өнімдері. Ас қорыту жүйесінің құрылысы және қызметі. Ауыз қуысында тамақтың қорытылуы. Тістің құрылысы және оның гигиенасы. Сілекей бездері. Ас қорыту ферменттері және олардың маңызы. Ас қорыту мүшелерінің жұмысын зерттеудегі И.П.Павловтың еңбегі. Қарында және ішекте тамақтың қорытылуы. Бауыр және қарынасты бездері, олардың ас қорытудағы маңызы. Қоректік заттардың сіңірілуі. Ас қорыту процестерінің реттелуі. Тамақтан улану. Дұрыс тамақтану және  денсаулық. Ішек-қарын ауруларының алдын алу шаралары. Шылым шегудің және ішімдіктің ас қорыту мүшелеріне зиянды әсері.

Көрсетілімдер:

Кестелер «Ас қорыту жүйесінің құрылысының сызба нұсқасы», «Тістер», рельефті кесте «Ас қорыту мүшелері».

Зертханалық жұмыс:

№ 4. Сілекейдің астың қорытылуына әсері.

Зат және энергия алмасу

Зат және энергия алмасуға жалпы сипаттама. Пластикалық және энергетикалық алмасу, олардың өзара байланысы. Май, белок, көмірсу, су және минералды тұздардың алмасулары. Ішімдіктің, улы заттардың және есірткінің зат алмасу процестеріне әсері.

Дәрумендер. Зат алмасу процесіндегі маңызы. Гиповитаминоз. Гипервитаминоз. Тамақ өнімдерінде дәрумендерді сақтау шаралары. Тамақтану нормасы. Дұрыс тамақтану.

Көрсетілім:

Бейнефильм «Пластикалық және энергетикалық алмасулар».

Практикалық жұмыс:

№ 9 . Тәуліктік тамақ мөлшерін анықтау.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйелерінің мүшелері, олардың қызметтері. Несептің түзілуі. Несеп түзілуінің реттелуі. Зат алмасудың соңғы өнімдерінің ағзадан шығарылуының маңызы.

Көрсетілімдер:

Кестелер «Зәр шығару жүйесі», «Сүтқоректілердің бүйрегінің құрылысы», бүйректің нақ пішіні.

Тері

Терінің құрылысы және қызметі. Жылу реттеудегі терінің маңызы. Ағзаны шынықтыру. Тері гигиенасы. Киімге, аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Шаш гигиенасы. Тері аурулары. Күн өткенде, күйген кезде, үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек. 

Көрсетілімдер:

Рельефті кесте «Адамның терісі», «Тері» туралы  кестелер.

Көбею және даму

Көбею. Көбею мүшелер жүйесі. Жыныстық ерекшеліктер. Ұрықтану және құрсақта даму. Нәрестенің дүниеге келуі. Баланың өсуі және дамуы. Ішімдіктің, никотиннің және басқа факторлардың ұрпаққа әсері. Соз ауруларын және ЖҚТБ-ны алдын алу шаралары.

Мінез — құлық және психика. Адам денсаулығы

Адамның мінез-құлқы. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі туралы И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың ілімі. Шартсыз және шарты рефлекстер. Шартты рефлекстің қалыптасуының және тежелуінің биологиялық маңызы. Адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметінің ерекшеліктері. Сөйлеу және ойлау. Сана – мидың қызметі. Ерік – жігер, ес, эмоциялар, зейін. Тұлғаның жеке ерекшеліктері: қабілеттілік, мінез, темперамент. Биологиялық ырғақ. Ұйқы, оның маңызы және гигиенасы. Табиғи және әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі. Адам ағзасына қоршаған ортаның әсері.

Көрсетілімдер:

«Бас ми» кестесі, адам миының құрастырмалы моделі, шартсыз және шартты рефлекстер доғасының сызба нұсқасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа туған нәресте қаңқасының едәуір бөлігі, әсіресе омыртқасы, білезігі және жамбас сүйегі шеміршектен тұрады. 
Емізулі баланың сүйек ткані химиялық құрамы жағынан судың көп және қатты заттардың аз болуымен ерекшеленеді. Оның құрылымы талшықты, қан тамырларына бай болады. 
Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, иілгіш келеді. 
Сүйек 2-3 жылдың ішінде тез өседі. Бұл орайда талшықты ткань дұрыс қалыптаспаған, пластика тәрізді құрылымы бар сүйек тканіне айналады. 12 жасқа таман баланың сүйек ткані құрылымы жағынан ересек адамдардікіндей болады. Баланың бас сүйегінің құрылымында бір қатар ерекшеліктер бар. 
Бас сүйектің арасындағы тігістер жабылмай үлкен және кіші еңбектер құрады. 
Жаңа туған нәрестенің омыртқасы шеміршектен тұрады, түп-түзу, қисаймаған, кейіннен физиологиялық қисаю байқалады.  
2 ай – мойын лардозы. 
6 ай – кеуде кифозы.  
1 жас – бел лардозы. 
Сколиоз – қолайсыз жағдайда тәрбиелеу. Кеуде қуысы бөшке формада немесе үшкір басы кесілген конус түрінде болады. Қабырғалар сияқты көлденең жағдайда, омыртқасы тік бұрыш жасап тұрады. Кеуде қуысы ішке ауа жұтқан сияқты болады. Мұның өзі қозғалуын шектейді және өкпенің созылуынан қиындатылады. 
Дені сау балалар 6-7 ай толғанда тіс жарады, төменгі күре тістен кейін жарады. Үш жаста аяқ басқанда барлық 20 сүт тістері болады. 6-7 жасында сүт тістерінің тұрақты тіспен алмасуы басталады. Тістер 1-13 жаста алмасып бітеді. 12 жастан 14 жасқа дейін екінші азу тістері, 18-20 жаста соңғы ақыл тіс шығады.  
Жаңа туған нәрестенің бұлшық ет жүйесі нашар дамыған. Бұлшық ет салмағы 23 %, ал ересек адамдарда 42 %. Баланың бұлшық ет талшықтары жіңішке болады. Жаңа туған нәрестеде бұлшық еттердің едәуір артуы байқалады. Жас кезінде


Информация о работе Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері