Тірі табиғат бұрышы және өлектану бұрышы, географиялық алаң, тәжірибе алаңын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 21:05, практическая работа

Описание работы

Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып иұғалім оқушылардың білімін толықтырады,тереңдете сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Ол жоғары класта оқығанда қажеттілігіне жарайды, ары қарай дамиды.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шрының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отагы, отырғызылған уақыты жазылады.

Файлы: 1 файл

қоршаған орта.docx

— 13.52 Кб (Скачать файл)

                                         12-лекция.

Тақырыбы.  Тірі табиғат бұрышы және өлектану бұрышы,       географиялық алаң, тәжірибе алаңын ұйымдастыру.

 Тірі табиғат бұрышын  ұйымдастыра отырып иұғалім оқушылардың   білімін толықтырады,тереңдете сондай-ақ  практикалық машық пен дағды  қалыптастырады.  Ол жоғары класта  оқығанда қажеттілігіне жарайды,  ары қарай дамиды.

Тірі  табиғат мүйісін  ұйымдастыру үлкен материалдық  тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме  өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.

Тірі табиғат бұрышын  жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер  шрының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің  ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау  сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте  этикетка іліну  керек, мұнда  өсімдіктің аты, отагы, отырғызылған   уақыты жазылады. Әр өсімдіктің  жарыққа, ылғалға  температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің  жетекшілігімен қарапайым тәжірибе  жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу  шарттары орындалады.  Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданылады.

Класс кабинетінде аквариум, шағын террариум орналатыруға болады. Аквариумде  тұрғылықты және аквариум балықтарының  өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға болады.  Шыны арқылы су ішіндегі  тіршілік әлемімен танысу барысында  кез келген  ортада табиғат  элементтері  бір-бірімен тығыз байланысты  екенін біледі. Балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде  қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінез құлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін  бақылайды. Аквариумдегі суды уақытылы ауыстырып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін  таңдай білу, судың температурасын  бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру. Ауруға шалдыққанын дер кезінде байқап тұру.

Тірі табиғат бұрышындағы  әрі тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен мұқият танысып  алу қажет.

Тірі табиғат бұрышын  ұйымдастыру шарасын мектептегі биолог мұғалімдерімен  бірлесе  немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға  болады.

Мектеп маңындағы  тәжірибе алаңы және географиялық алаң

Мектеп маңындағы тәжірибе алаңы білім мен тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Тәжірибе алаңындағы жұмыстар оқушылар бойында практикалық  дағдылар мен машықтар қалыптасуға үлкен септігін  тигізеді. Тәжірибе  алаңында  күзгі және көктемгі топырақты өңдеу, арамшөптермен,зиянды бунақденелілермен күрес жолдарын, тұқымдарды себу тәсілдерін,олардың  өнуін бақылау,  күтіп баптау  жолдарын  үйренеді. Үлкен  жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, эстетикалық  тәрбие қалыптасады. Бұл  алаңда ағаштар егу,  санитарлық  жұмыстар ағаштарда  құстарға арнап ұя, тамақтандыру  торын орнату жұмыстарын  ұйымдастыруға  болады. Бұл үлкен  тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ құстарды мектеп  ауласына шақыру, олардың тіршілігін бақылауға  қиындық  тудырмайды. Мектеп маңындағы бұл алаң көктемде және күзде экскурсия ұйымдастыруға таптырмас табиғи орын болып табылады.

Бастауыш сыныпта дүниетану  сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін географиялық алаңның да өзіндік  ролі жоғары. Географиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу  дағдысын  қалыптастыру  мақсатында  жұмыстар  ұйымдастырылады. Географиялық  алаң шамамен 10х10 көлемді  алатын алаң,тура ортасында гномонол күннің түсу уақытын,көкжиек бағытын  анықтайтын құрал орнатылады. Жел  бағытын, ауа температурасын,жауын-шашын  көлемін анықтайтын құралдармен  жұмыс жасай білуге  машықтанады.

Географиялық алаңда мынадай құрал-жабдықтар болуы керек; метерологиялық приборла, алаңның температурасын анықтайтын термометр,барометр,флюгер,рейкалар орнатылуы керек.

Метерологиялық приборлардан басқа географиялық алаңда өлшегіш  учаске болу керек, оның ауданы 1кв.м  болады да,    


Информация о работе Тірі табиғат бұрышы және өлектану бұрышы, географиялық алаң, тәжірибе алаңын ұйымдастыру