Түберкүлез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Түберкүлез ауруын жалпы сипаттама, жұқпалы ауру қоздырғышының қасиеттері,тұберкүлез ауруын емдеу шаралар және анықтайтын әдістерге сипаттама
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Ревакцинация – алдыңғы вакциналармен шыныққан иммунитетті қолдануға бағытталған іс-шаралар.
Түберкүлез - (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.

Файлы: 1 файл

курстык тубер.docx

— 590.65 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Анықтамалар

2

Қысқартулар, белгілеулер

3

Кіріспе

4

Негізгі бөлім

5

1.1 Түберкүлез ауруына жалпы сипаттама

5

1.2 Жұқпалы ауру қоздырғышының қасиеттері

7

1.3 Мал - түберкүлез инфекциясын таратушы

8

1.4 Түберкүлез ауруын емдеу шаралары

          9

ҚОРЫТЫНДЫ

         17

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМI

ҚОСЫМШАЛАР

         18

         19

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

Осы курстық  жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.

Ревакцинация – алдыңғы  вакциналармен шыныққан иммунитетті  қолдануға бағытталған іс-шаралар.

Түберкүлез - (лат. tuberculum –  төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау –  адам мен жануарларда болатын  созылмалы жұқпалы ауру.

Эпидемология - (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы курстық  жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылды:

 ПАСК – параамин қышқылы

 ДДСҰ - Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР

г, мин, °С, мкм, %, ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910жж.) ашты (1882ж). Бұл aғзағa түберкүлез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру. Ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары залалданады. Жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, түберкүлез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса,  бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Түберкүлезді осылайша жүқтыруға болады. Түберкүлездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта түберкүлез таяқшалары болады, сондықтан түберкүлездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта түберкүлез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, түберкүлездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Түберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты түберкүлездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Түберкүлез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста түберкүлез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты: Түберкүлез ауруының түрлерімен танысу және емдеу шараларын қарастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойдым:

- Түберкүлез ауруына сипаттама беру;

- Аурудың қоздырғышының қасиеттерін қарастыру;;

- Түберкүлезді емдеу жолдарын қарастыру.

 

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен құралған.

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

           1.1 Түберкүлез ауруына жалпы сипаттама

Түберкүлез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910жж) ашты (1882ж). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10 мкм, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Түберкүлез микробактериясы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталғанымен ол тірі организмде ғана өсіп-өнеді. Осы аурудан өлген адамның, малдың өкпесінде, лимфалық бездерінде, тағы басқа органдарында түберкүлез қоздырғыштары сақталып қалады. Сол сияқты аурулардың қақырығын ғана емес, ауру малдын шикі сүтінен де түберкүлез миробын тапқан. Көп кешікпей Роберт Кохтың мұндай ғылыми жаңалығын дүние жүзі ғалымдары мойындады. Сөйтіп, түберкүлез қоздырғышы – кох таяқшасының өсімтал және бұл дерттің жұқпалы екеніне ешкімнің де күмәні болмады [1].

Түберкүлез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі  адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3-2 мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Түберкүлездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де түберкүлез ауруы еске алынады. Бірақ олар түберкүлезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде түберкүлезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Түберкүлездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553ж) дәлелдеді.

Түберкүлез ауруының таралуы негізгі көзі осы аурудың ашық түрі мен ауырған адам екені белгілі болады. Басқа микроптар мен салыстырғанда түберкүлездің қоздырғышын аз уақыттын ішінде кебір дизенфекциялық тәсілдермен арнайы дәрі арқылы құртуға болатыны да медецина практикасында белгілі. Мысалы: оған 5% карбол қышқылы, 5% формалин тағы да басқа ерітінділерде жетіп жатыр. Түберкүлез ауруы мен тек адамдар ғана емес, мал да, құс та, балық та ауырады. Осыған орай түберкүлез ауруының қоздырғыштары - микробактериялары да әр түрлі болады. Медицина практикасында, адамның және адамның микробактериялары жан-жақты зерттелген. Халық арасында жиі кездесетініде, әрі қауіптісі де осылар[2].

Түберкүлез ошағына кездесіп қалған жағдайда оны жұқтырмай, сақтық шараларын білген жөн. Бұл проблеммамен медицина ғылымынын бір саласы эпидемиология туберкулезі шұғылданады. Эпидемология (грекше ері-арасы немесе  ішінде + demos-халық  +logos-ілім) деген ұғымды береді. Сөйтіп, жан-жақты әлеуметтік - биологиялық процесті зерттеп қана қоймай, түберкүлездің тарап жайылу жолы және адамдардың қай жаста, қандай жағыдайда түберкүлездің микробактериясын қабылдағыш келетінін т. б. мәселенің тексерілуі жетерліктей жоғары. Түберкүлез ауруының екі түрі бар. Олар: ашық түрі - түберкүлездің микробактериясын таратушы және жабық  түрі, яғни түберкүлездің жұқпайтын түрі болып табылады.

Адам аруының негізгі  себебі микробактерияның жұғуы. Түберкүлез ауруы жасталғамайды, онымен кез-кеген жастағы адам ауруы мүмкін. Сондай-ақ, онын адамға жұғу жолдары да әр түрлі: түберкүлез энфекциясы аурудын қақырығы, сілекей арқылы тарайды. Манайындағы сау адам осы ауамен дем алғанда түберкүлез инфекциясын жұқтырып алуы ықтимал. Бұл тек отбасында ғана емес, көпшілік орындарда т.б. жерлерде кездеседі.  Алайда манайындағыларға осы қауіпті дертті жұқтырмаудын басты шарты-ауру адамның сақтық щараларын үзбей орындап отыруы.

Түберкүлез инфекциясының таралуына себепші болатын екінші бір фактор - шаң-тозаң. Ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын кейбір адамдар тазалық ережелерін сақтамай кез-келген жерге қақырып, түкіреді, соның нәтиесінде құрғаған қақырықтағы микробактериялар шаңмен көтеріліп, ауаға тарайды да, тыныс жолдары арқылы, сау адамға жұғады, яғни ол туүберкүлез ауруын қоздырады.

Ал ауру адам қақырығы арқылы күніне 4-5 милиард түберкүлез микробактериясынын тәжірибе көрсетіп отыр. Олай болса осы ару мен ауырған адам жөтелгенде, түшкіргенде сақтық шараларын сақтамау салдарынан сан милиондаған микробактерияны ауаға тарататыны сөзсіз. Сол сияқты ауру адам пайдаланған заттарда (ішкі-сыртқы киімдерде, төсек-орында, орамалда, ыдыс-аяқта) түберкүлез микробактериялары ұялайды да, мол заттар арқылы сау адамға жұғады, бұл жиі кездесетін жағдай. Ауру адаммен қол ұстасы амандасқанда және онымен сүйіскенде түберкүлез инфекциясы жұғады. Тамаққа түскен микробактерия салдарынан немесе ауру малдың шикі сүтін және одан даярланған басқа да тағамдарды пайдаланғандықтан адам түберкүлезбен ауруы мүмкін [3].

Кейде түберкүлездің   микробактериясы терінің зақымданған жеріне түсіп, аурудың таралуына себепші болады. Мұндай жағыдайда әсіресе сауыншы, мал дәрігерлері ауру малды күтіп бағушылар балаларынын түберкүлез аруын көбірек жұқтыратынын атап айтқан жөн. Зерттеу деректеріне қарағанда, түберкүлез ошағымен қарым-қатынаста болғандардың 5-7% ғана түберкүлезбен ауруы мүмкін екен. Ал балалардың арасында бұл көрсеткіш тым жоғары, яғни 20-40%. Адамдардын түберкүлезбен ауруы қоздырғыш микроптын жұғу және таралу ұзақтығына, сондай-ақ оның сандық мөлшеріне байланысты. Егер адамға аз уақыт ішінде берер ғана микробактерия жұқса, ол адам түберкүлезбен ауырмауы мүмкін.

Ал түберкүлездің ашық түрімен ауыратын адам дапрмен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста болса, оның үстіне жеке сақтану шараларын жасамаса, төңірегіндегілерге ауруды жұқтырып, оның тарауына негіз жасайды. Сөйтіп, тәжірибе түберкүлездің ашық түрімен ауырғандардың маңайындағы адамдардың 4-6 есе жиі ауыратынын дәлелдеп отыр [4].

1.2 Жұқпалы ауру  қоздырғышының қасиеттері.

Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы - микроптардан табылуы  Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны линзасының жарыққа  шығыуымен байланысты. Тұңғыш қарапайым микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді. Алғашқы микроскоп жарыққа шыққанан кейін бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштары табылды, сонымен қатар олардың емдеу жолын іздестіру мүмкіндігі де туды.

 

                        

            1-сурет. Түберкүлез қоздырғышының сыртқы бейнесі.

 

  Дегенмен, жұқпалы аурулардың ішіндегі түберкүлез қоздырғышын табу оңай болмады. Көп жылдар бойы іздену барысында неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы түберкүлездің қоздырғышын тауып, қауіпті әрі жұқпалы ауларға қарсы нақтылы күрес жүргізу ісіне баға жетпес үлес қосты. Бірнеше есе үлкейтіп микроскоппен қарағанда түберкүлез микробы сәл ғана иілген таяқша сияқты болып көрінеді. Бұл аурудың қоздырғышын алғашқы кезде “кох таяқшасы” немесе “түберкүлез” таяқшасы деп атап келгенімен соңғы уақытта мұны түберкүлез деп атайтын болды.

Түберкүлездің микробактериялары  өте жұқпалы, уландырғыш келеді. Оның үстіне олар өте өсімтал, әрі төзімді, қандай суыққа да бой бермей бірнеше ай өмір сүре алады. Олардын тіршілік қабілеті топырақта бір-екі жыл, ал судың өзінде бірнеше айға созылады. Дымқыл, лас жерлерде тез өсіп-өнеді микробактериялар қақырықта 2-3 айға дейін, шаң-тозанда 4 айға дейін сақталады. Егер ылғалды, қаранғы жерлерге түссе 9-12 айға дейін өлмейді. Бұлардың бір ерекшелігі - жарықпен жылулыққа сезімтал.

Түберкүлездің микробактериялары су мен сүтте 30 минуттай, ал процентті содалы ерітіндіде 15 мин қайнатқанда өледі, содай-ақ күшті күн сәулесі бұл микробактерияны тез өлтіреді. Демек, түберкүлезбен ауырған адамның үйі жарық, күн сәулесі көп түсетін әрі таза болуға тиіс [6].

 

1.3 Мал - түберкүлез инфекциясын таратушы

Жоғарыда айтқанымыздай  түберкүлезбен тек адам ғана емес, малдар да, т.б. ауырады. Үй жануарларының 50-ден астам, құстардың 20-астам түрі түберкүлез ауруын тез қабылдайды. Малдын түберкүлез ауруын тарататын негізгі ошақтардын бірі екендігі ғылыми жолмен де, тәжірибе жүзінде де дәлелденген. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жануарлар мен құстардың түберкүлезге сезімталдығы бірдей емес. Мысалы: маймыл, қоян, ірі қара, қара күзен, тауық түберкүлезге өте сезімтал келеді. Ал жылқының, ешкінің, иттің үйрек пен қаздың түберкүлезді қабылдауы біраз төмен. А.Терлікбаев, Я.Благодарный және Қ.Құрманбаев сияқты ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда 70-жылдардың соңында республикамызда ірі қараның түберкүлезбен ауруы 6-есе болса, солтүстік аудандардаол 10-14 есеге жеткен. Осы зерттеулерден туберкулез ошоғында болған иттің 2,6 есе, мысықтың 1,9 есе, түйенің 21 есе көп ауратының көреміз.

Біздің респупликамызда  ауыл шаруашылығы, онын ішінде ауыл шаруашылығы дамыған, яғни малда түберкүлез ауруының кең тарап отырғанын ескерсек, тонда бұл салада жан-жақты профилактикалық шараларды жүзеге асыру қажеттігі басты назарда болуға тиіс.

Ғалымдар түберкүлез ауруын тез қабылдайтың 353 қара малды сойып, ішкі органдарын тексегенде, оларды түберкүлезбен зақымданғаның анықтаған. Әсіресе түберкүлезбен мемлекеттік шаруашылықтағы малдарға қарағанда жеке меншіктегі малдар 2-3 есе көп ауырады екен. Зеттеу деректері бойынша ауырған сиыр мен қойдың сүтінгде 1,3-3,6% түберкүлез қоздырғышы болатының көрсетіп отыр.  Әсіресе түберкүлездің ашық түрімен ауыратын отбасындағы ірі қара 3 есе, ал қой мен ешкі 10 есе жиі ауырады.

Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметіне қарағанда, қазір жер шарында  түберкүлезбен 15-20 миллион адам ауратын көрінеді. Әлемде жыл сайын олардың саны 2-3 миллион адамға көбейіп отырады екен. Ал біздін елімізде эпидемологиялық жағдайдын жақсаруына қарамастан соңғы жылдары туберкулез ауруы аса өзекті әлеуметтік және медициналық проблемма ретінде қалып отыр. Сондықтан түберкүлезге қарсы күресті күшейту бағытында елеулі шаралар жүзеге асырылуда. Соған қарамыстан, әсіресе біздің республикамызда түберкүлез ауруы көп тараған ауру ретінде халық денсаулығына едәуір зиян келтіруде [7].

Қазакстанда түберкүлезге  қарсы күрестің әртүрлі өзіндік ерекшелікткрі бар:

1) ерте заманнан тұрғылықты халықтар арасында түберкүлездің кең таралып, жайылуы;

2) экономикалық, географиялық-табиғи  этнографиялық және басқа әртүрлі жағдайлардың түберкүлез ауруының тарауына ықпал етуі;

3) малдардың осы аурады  тарату көзіне айналып отырғаны.

Демек, түберкүлезге қарасы күресете санитарлық-ағарту және насихат  жұмысы кеңінен жүргізілуі керек. Сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелері науқас адамды тек емдеп қана қоймай, дерттің сау адамға жұғуына немесе  оның асқынып кетуіне жол бермес үшін тиісті профилактикалық шаралар қолдануы қажет. Демек, бұл істе бүкіл жұртшылық қөмек қөрсетуі тиіс. Ең бастысы, түберкүлезге шалдыққан адам дер кезінде дәрігерге қаралып, ұқыпты емделсе, одан құлан таза айғып, жазылып кететіні сөзсіз. Ол үшін бұл аурудың ерекшеліктерін, жұғу жолдары мен себептерін, емдеу тәсілдерін, профилактикалық және сақтану шараларын білуі қажет.

 

1.4 Түберкүлез ауруын емдеу шаралары

Замаңымыздағы озат медицина ғылымы түберкүлезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір түберкүлез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Түберкүлезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені түберкүлезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.

Информация о работе Түберкүлез