Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік.Психикалық жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2014 в 20:11, реферат

Описание работы

Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік
Адамның психикалық іс-әрекеті
Психофизиологиялық сауал

Файлы: 1 файл

(4 СРС)Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік.docx

— 22.90 Кб (Скачать файл)

Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік.Психикалық жағдайлар.

 

 

ЖОСПАР:

 

  1. Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік
  2. Адамның психикалық іс-әрекеті
  3. Психофизиологиялық сауал

 

 

Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік

Әрбір адам тұрмыста, жұмыста немесе оны қоршаған табиғи орта жағдайларында пайда болған күтпегендік, тосындық, сыртқы жағымсыз факторлардың ұзақ уақыт, күшті әсер етуі, ал кейде өмірге тікелей қауіп төндіруі тән болатын жағдайларға тап болуы мүмкін. Әдеттегі жағдайлардың шеңберінен шығатын мұндай жайтты экстремальді жағдайлар деп атайды.

Экстремальді жағдайларда адамда стресс (күйзелу) деп аталатын ерекше эмоционалдық ширығу күйі пайда болады. Ол ағзаның барлық жүйелерінде қозу тудырып, адамның іс-қылығы мен еңбекке қабілеттілігіне үлкен ықпал жасайды. Стресстің нақты индивидуумның іс-әрекеті мен мүмкіндіктеріне, оның еңбекке қабілеттілігінің өзгеруіне ықпал етуі аса дербес. Біреулер нақ сол эмоционалдық ширығу жағдайларында – емтихандарда, жауапты жарыстар мен тіршілік үшін қауіпті кез келген жағдайларда тиімді әрекет жасайды. Ал келесі біреулердің мұндай жағдайлар психологиялық тұрғыдан рухын түсіреді. “Психологиялық шок” туындайды - қатты іркілгіштік немесе керісінше, абыржу, асығу, саналы әрекеттерге қабілетсіздік пайда болады.

Адам экстремальді жағдайларға түрлі себептермен тап болады, бірақ көп жағдайларда ол оның өзінің кінәсінен туындайды - қауіпсіздікті сақтау тәжірибесінің жоқтығынан немесе қауіпсіздік ережелерін ескермеуден, алды-артын болжамаудан, ал кейде алаңғасарлықтан. Мәселен, адам тіршілік үшін қауіпті қандай да бір жағдайда қандай шара жасау керектігін білмейді немесе білсе де өзіне-өзі көмек көрсете алмайды. Кейде, тіпті ол біліп, әрі қолынан келіп тұрса да қауіпсіздік жағдайлары талап ететін шараны жасағысы келмейді (немесе нақты не істеу керектігін білгісі келмейді). Міне, осыдан кейін тосын жағдайларға тап болып, қиын, әдеттегіден тыс, жылдам, дәлме-дәл қимылдауды қажет ететін жайттарға ұшырғанда адамдар дәрменсіз күйге түсіп, тым қарапайым, бірақ тіршілік үшін маңызды мәселелерді шешуге қабілетсіз болып қалады.

Экстремальді жағдайларға тап болу ықтималдығын азайтып, денсаулығың мен өміріңді сақтап қалу мүмкіндігін арттыру үшін қажет:

- өмірімізде кездесетін  қауіп-қатер факторларын біліп, ескеріп  жүру;

- қауіпті жағдайлардың  пайда болу мүмкіндігін алдын-ала  болжап білуді үйрену;

- оларға тап болмауға  тырысу. Сонымен, экстремальді жағдайларға  ұшыраған кезде оны және өз  мүмкіндіктеріңді жылдам бағдарлап, білгір шешім қабылдап, әрекетке  кірісу керек. Осылайша экстремальді жағдайларда тірі қалу проблемасы 4 “қажетке” келіп тіреледі: білу қажет, қалау қажет, істей білу қажет, әрекет жасау қажет.

Төтенше жағдайлар экстремальді жағдайлардан ең алдымен өзінің көлемділігімен және салдарының ауырлығымен ерекшеленеді. Төтенше жағдайлар – бұл арты адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге, адамдардың едәуір материалдық зардап шегуіне және тіршілік әрекетінің жағдайларының бұзылуына әкеліп соққан немесе соғуы мүмкін стихиялы немесе басқа да апаттардың, авариялардың, қауіпті табиғат құбылысының, катастрофаның нәтижесінен туындаған белгілі бір территориядағы жағдай.

Ұсынылып отырған “Юнитада” негізінен түрлі экстремальді жағдайлар мен адамның тұрмыстағы, көліктегі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы қарастырылатын болады.


 

Адамның психикалық іс-әрекеті

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан), іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды

Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Психикалық және физиологиялық кұбылыстардың ара салмағы

(психо - физиология  сауалы) бейнелеу теориясының маңызды  саласы. Ол материя мен санаға  байланысты философияның негізгі  мәселесі.

Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды.

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс), ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

Психикалық әрекеттің негізі — қоршаған ортамен организмнің объективті ара қатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.

Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық,

электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша

жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл сана іспетті психикалық процестердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.

 

Ықылас

Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді

 

Эмоция

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологияльщ эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Ойлау

Oйлау —-адамның жаңа  жағдайларға бейімделуі кезінде  мақсаттарды жаңаша шешуге' арналған  ми қыртысының ете күрделі  іс-әрекеті. Ол әлемді танудың  және бейнелеудің ең жоғары  сатысы. Ойлау — болмысты, оның  бүкіл байланыстарын, қатынастарын  және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы  заттардың және құбылыстардың  түйсінбейтін мазмұны, маңызы және  мағынасы танылады

Тіл

Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, емдеу және жеткізу түрінде сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнеленеді

Сана

Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.

Психофизиологиялық сауал

Қазір физиология, психология, философия ғылымдары саласында өзекжарды проблемалардың бірі — психофизиологиялық сауалдар. Ол материалдық пен идеалдық мәндердің бір-біріне ауысу қатынастарының құрамына кіретін физиологиялық және психикалық құбылыстардың арасалмағын ажырату. Бұл туралы қазіргі философия да үш түрлі қағида бар. Бірінші қағиданы жақтаушылар физиологиялық құбылысты да, психикалық құбылысты да, материалдық процесс деп санайды. Яғни психиканы жоғары жүйке іс әрекеті сияқты материя қозғалысының қасиеті деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, адам миы объективті болмысты материалдық нәрселермен бейнелейді. Демек', психика физиологиялық құбылыстар сияқты мидың рефлекстік механизмдерінен туады.

Екінші қағида психика материя қозғалысының формасы екендігі туралы тезисті теріске шығарады. Психиканы жоғары жүйке қызметіне ұқсастыруға болмайтындығын ерекше атайды. Мұны жақтаушылардың айтуы бойынша, психика рухани нәрсе, материалды дүниенін, идеалдық шындығы. Яғни, сана болмыстың идеалдық кескіні бола тұра мидың нақтылы құбылысы және өз идеалдығын жоймайды. Алайда мұндай пікірдің көмескі жерлері көп.

Үшінші қағиданы қолдаушылардық басты тезисі психика — мидың белгілі бір нейродинамикалық жағдайының субъективтік көрінісі. Басқаша айтқанда, кез келген психикалық күй (сезу, эмоция, ой) мидың әрекеттік жүйелерінің сәйкестелген нейродинамикалық құбылыстарының көрінісі.

Шындығында, психика мен физиологиялық кұбылыстарды тірі организм әрекеттерінің екі түрлі даму сатысы ретінде қараған жөн. Расында, идеалды құбылыс — нәрсені субъективті бейнелеу. Сондықтан ол мида орналасады, өйткені осы материалдық құрылымнан тыс субъективті бейнелеу болмайды. Психика субъективті болмыс ретінде тек адам миында туады, әрине, ол сыртқы әсерлерге, адамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адамның психикалық іс-әрекетінің күрделі формаларының механизмдер адамдардың өзара және адам мен әлеуметік ортаның қарым-қатынасына негізделген. Сондықтан адамдарды олардьщ іс-әрекетінен бөлек алып үғыну мүмкін емес.

Соңғы жылдары миды электр тогымен тітіркендіру арқылы психикалық әсерленістердің негізгі механизмдері анықталды. Сөйтіп, күрделі психикалық құбылыстарды жүзеге асыруға мидың терең орналасқан құрылымдарының белсенді түрде қатысатындығы дәлелденді (H. П. Бехтерева). Адамның ойлау қасиеті, ақпараттармен жоғары сатыда әрекет жасайтын құбылыс ретінде, нысаналы зерттелді. Адам миының орасан ақпараттық сыйымдылығы бар. Ол 14—15 миллиардтай нейроннан тұрады, шамамен. 1020 дәрежесіне тең ақпаратты қабылдай алады. Мұны көптеген ми нейрондарынан басқа, олардың көп әрекеттік популяциясы және мидың барлық іс-әрекетінің негізін қалайтын жылжымалы механизмдері жүзеге асырады.

Психикалық іс-әрекеттің бірлестіру механизмдері. Адам мінез-кұлқының саналы іс-әрекетті бағдарлауын, реттелуін және бақылауын қамтамасыз ететін механизмдері өте күрделі біріккен жүйелерден тұрады. Олар адамның психикалық іс-әрекеттің күрделі салаларын реттейтін физиологиялық механизмдер.

Психолог A. P. Лурияның пікірі бойынша, психикалық іс-әрекеттік қайсысы болса да, үш негізгі әрекеттік блоктан құралады. Бірінші әрекеттік блок қалыпты психикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын ми қыртысының сергектігін реттейді. Ол қыртысасты және ми бағаны бөлімдерінің торлы құрылымында орналасқан. Бұлар ми қыртысына әсер етумен қатар, өздері оның ықпалында болады. Оларды белсендіретін үш түрлі әсер бар. Бірінші белсендіру көзі — гомеостаз бен ырықсыз мінездің негізін қалайтын зат алмасу процестері. Оған торлы құрылымнан басқа орталық аралық ми, лимбия жүйесі ықпал жасайды. Екінші белсендіру көзі — сыртқы әлемнен келетін тітіркендіргіштер. Олар организмді сезім мүшелері арқылы белсендіреді, бағдарлау рефлексін тудырады. Бұл рефлекске таламус, құйрықты дене, гипокамп нейрондары қатысады. Үшінші белсендіру көзі — адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасатын ниет, жоспар, керініс және бағдарлама. Олар ми қыртысы, торлы құрылым, таламус, ми бараны арасындағы қатынастар арқылы жүзеге асады. Екінші әрекеттік блок мидың ақпарат қабылдауын, өңдеуін және сақтауын қамтамасыз етеді.Олар ми қыртысының көру, есту және сезімдік аймақтарында атқарылады. Үшінші әрекеттік блок белсенді саналы психикалық іс-әрекеттің реттеу мен бақылау бағдарламасын жасайды. Бұл орталық үлкен ми сынарларының алдыңғы маңдай бөлігінде орналасқан. Мидың маңдай бөлігі сыртқы тітіркендіріске синтез және бағдарлама жасап, қимыл-әрекетті дайындаумен қатар, олардың нәтижесі мен барысын қадағалайды.

Қазіргі ұғымдарға байланысты белсенді психикалық әсерленістердің кұрылысын өзін-өзі реттеуші күрделі «рефлекстік шеңбер» түрінде қарайды. Саналы іс-әрекеттің қайсысы да үш блоктың біріккені-жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші блок үйлесімді қимылға қажет бұлшықеттер тонусың екіншісі — афферентік синтезді, үшіншісі — бағдарламаға сәйкес ниетті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар көптеген психикалық әрекеттерге ми сыңарларының әртүрлі меңгеру айырмашылықтары ықпалын тигізеді.

Мидың әрекеттік асимметриясы. Адам миы симметриялы орган. Алайда олардың әрекеттері әртүрлі болып, әралуан іс-әрекетті меңгереді.

Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.

Оң ми сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам-шабан, сөзге сараң, бірақ ете сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарларының жекеленген анық әрекеттік мамандалысы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу процесі болады.

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау процесін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау процесіне қйтысып, қисынды ойлауды, ал оң ми сыңары нақтылы, яғни бейнелі ойлау амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты.

Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол он қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%-де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%-де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады.

Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді орталыққа айналуы латерализация деп аталады. Сірә, адамның жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер — бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік, көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер — екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады. Адамдардың көбісі осы типке жатады.

Информация о работе Экстремальді және төтенше жағдайлар туралы түсінік.Психикалық жағдайлар