Гендік Модификацияланған Организм
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 17:47, реферат
Описание работы
ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді.
Файлы: 1 файл
ГМО.doc
— 108.50 Кб (Скачать файл)Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов:
- Шала-шарпы тексеріп, қорытынды жасауға болмайды Америка мемлекетінде күллі әлемге аты шыққан ғалымдар көп. Олардың саясатпен шаруасы жоқ, өздерінің құнды ғылыми жұмыстарымен бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. Әсіресе, бұл елде медицина, физиология, биология саласы қатты дамыған. Мәселен, атақты Нобель сыйлығы пайда болғаннан бері дүниежүзі бойынша 191 ғалым алған. Ал оның 95-і американдық ғалымдар. Бұл беделді сыйлықты кез келген адамға бермейді. Трансгенді өнімдерді зиян деп отырған Ресейде екі-ақ адам алған. Міне, осыдан-ақ Америка мемлекетінде ғылымның, техниканың жоғары деңгейде дамығанын көруге болады. Осы елдің ғалымдары трансгенді өнімдердің адам денсаулығына қатері жоқ екенін дәлелдеген. Ал енді Ресей ғалымдарының шала-шарпы тексеру жасап, гені модификацияланған өнімдер адамның генін өзгертіп, күрделі ақауларға ұшыратады деп жүргені тіпті күлкілі.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақасов Серік Сәдуақасұлы:
- Біздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі Қытайдан әкелінген. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Бұл — генетикалық өзгерістің басты белгісі. Осы өнімдерді қандай мемлекеттік орган қадағалап отырғаны белгісіз. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала береді. Мәселен, қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Соған қарағанда, Қытай т.б. елдер өнімдерді гендік модификацияны қолданып өсірген бе деп ойлаймын. Бірақ олар ондай мәлімет бермейді, оны ешкім білмейді. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен еке есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет жоқ. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Ал сол сояның гені модификацияланғаны белгілі. Бірақ халық оны білмегендіктен, ас мәзіріне қолданады. Гендік инженерия — биотехнология әдісінің бір түрі. Бұл қазір біздің елде селекцияда қолданыс тауып жатыр. Әсіресе, астық шаруашылығында бидай, жүгері, қант қызылшасы, арпаның табиғат апаттарына төзімді сорттарын өсіріп, қолдануда.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, профилактикалық медицина академиясының академигі Алдашев Ахмет Алдашұлы:
- Гендік модификация дегеніміз — улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін шығару. Әлемдегі 7 миллиард халықтың 1 миллиарды аш екенін ескерсек, бұл — халықты аштықтан құтқарудың тиімді жолы. Ескі дәстүрлі әдіспен өнімді дәл сондай етіп арттыра алмаймыз. Трансгенді өнімді өндірушілерді оның тез өнім беретіндігі және төзімділігі қызықтыруда. Пестицид, химиялық тыңайтқыштарды қосып өнім өсіреміз деп топырақты, суды уландырып, экологияны күрт нашарлатып алдық. Ал трансгенді өсімдіктер экологияға, қоршаған ортаның апаттарына төзімді болғандықтан, ондай химиялық тыңайтқыштарды жерге себуді қажет етпейді. Кейбір аурулардың алдын алу үшін емдік қасиеті бар трансгенді өнімдердің де шығарылғаны белгілі. Осының бәрін ескерсек, оның келешегі зор деп айтуға болады. Бірақ солай екен деп не болса соны егіп, өсіре беруге болмайды. Сондықтан мұны жақсылап тексерген жөн. Мәселен, біз қызанақтан, колбасадан т.б. тағамдардың кейбірінен, биологиялық белсенді қосындыларды, соя концентраты ДНК-сын, яғни трансгенді таптық. Құжаттар бойынша ондай қосынды 9 пайыздан аспау керек. Сонда 117 өнімнің 20-ы гені модификацияланған болып шықты. Белгілеген мөлшерден, 9 пайыздан асып кеткен. Дүниежүзілік ғалымдардың біразы жалған пікір айтып жүр. Мәселен, Ресейдің ғалымдары халықты қорқытып мақала жазды. Олар егеуқұйрықты америкалық соямен үш ай бойы қоректендіріп, эксперимент жасаған. Соның нәтижесінде олардан әртүрлі ақаулар тапқан, ұрпақ беру қабілеті төмендегенін байқаған. Енді өзіңіз ойлаңызшы, біз түрлі тағам жеп үйренгеміз. Егер де біз генді модификацияланған емес, экологиялық таза бір тағаммен ғана үш ай бойы тамақтансақ, біздің ағзамыздан да неше түрлі ақауды табуға болады. Оның бәрін генге жаба беруге болмайды. Алайда, шала-шарпы тексеріс жасап, жұртты үркітіп жатқандар бар. Тым асыра сілтемей, әбден тексеріп барып, өндіріске енгізу керек. Трансгенді өсімдіктердің әлемдегі аштықтан қырылып жатқан халықты тамақтандыруға және экологияны, табиғатты бүлдірмеу үшін үлкен пайдасы бар.
Биология ғылымының докторы, өсімдіктер биология және биотехнология институтының клеткалық биология зертханасының меңгерушісі Бишембаева Нәзира Қозыкейқызы:
- Бұл өнімдердің зиянын тексеріп жатырмыз. Қазақстанда бидайдың генін модификациялауға болмайды. Себебі, бидай — біздің экспорттық өніміміз. Егер де басқа елдер Қазақстанда трансгенді бидай шығарылады деп естісе, бізден бидайды алмай қояды. Биотехнология орталығында генді модификация бағдарламасы жасалуда. Біздің институт Қазақстанның ұлттық биотехнология орталығына жатады. Қазіргі таңда трансгенді объектілерді жасау технологиясы, бағдарламасы жасалуда. Яғни, гені модификацияланған өнімдердің адамның денсаулығына қандай зияны бар екені тексеріліп жатыр. Бағдарлама объектілері — күріш, мақта, соя, картоп т.б. өнімдерге ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда осы сала бойынша жұмыстар енді басталып жатыр. Осыған байланысты ГМО (гені модификацияланған) бағдарламасы енгізілді. Қазақстанда өндіріске ГМО өсімдіктерді шығаруға рұқсат беретін заң жоқ. Бірақ ғылыми жұмыстарға рұқсат етілгендіктен, осы салада ғалымдар жұмыс істеуде.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Сәуле Ертайқызы:
- Трансгенді өсімдіктер өсіретін жерде пайдалы жәндіктер жоғалуда. Мұндай зерттеулер міндетті түрде жүргізілу керек. Біз егер де ондай зерттеу жүргізбесек, гені модификацияланған өнім шығаратын елге тәуелді болып, бүкіл әлемнен артта қаламыз. Біздің елімізде егіс алқабы жеткілікті болғандықтан, мүмкіншілігіміз де зор. Қазіргі ұрпаққа гені модификацияланған өнімді бермеуге тырысуымыз керек. Жалпы, дәстүрлі әдіспен алған тағамды жеген дұрыс. Біздің елде отандық ГМО сорттар нарықта болмағанмен, шетелдік гені модификацияланған өнімдер бар. Мысалы, жүгері, соя, бұршақтың барлық түрі шетелден келеді. Олар айқас тозаңданатын болғандықтан, басқа өсімдіктерге беріледі. Дәстүрлі әдіспен өсірілген өсімдіктерге де ауысады. Мәселен, трансген арқылы арам шөптерге төзімді сорт алынса, бірақ одан мықты, төзімді арам шөптер шығуы мүмкін. Гендік инженериямен алынған өнім қауіпті. Трансгенді өнімнің адам ағзасына қалай әсер ететіні бірден білінбейді. Ал химиялық жолмен алынған материал аз уақыттың ішінде белгілі болады. Өзге генді енгізу арқылы жәндіктерге төзімді өсімдік алғанмен, одан да күшті зиян жәндіктер пайда болуы мүмкін. Ал трансгенді өсімдіктер өсіретін жерде ара сияқты т.б. пайдалы жәндіктер жоғалып кетеді.