Бактериялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 22:30, реферат

Описание работы

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар - бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.

Файлы: 1 файл

bakterijalar.doc

— 99.00 Кб (Скачать файл)

     Инфекцияларды таратушылар

Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын организмнен алады. Мысалы, бүргелер тиф  және оба (бубонды оба немесе «қара өлiм») сияқты бактериалды аурулардың тасымалдаушысы, ал олардың резервуарлары егеуқұйрықтар. Құтыру вирусы бiр жануарда сақталып таратылады, мысалы итпен немесе жарғанатпен  а) тасымалдаушы мен және б) резервуармен. Бұл жағдайларда денесiнде патогендi микроорганизм көбейе алатын тасымалдаушы екiншi қожайын ретiнде шыға алады. Насекомдар ауру қоздырғыштарын денесiнiң сыртқы жабындарында тасымалдай алады. Мысалы,  шыбындар тырысқақ, дизентерия сияқты iшек ауруына шалдыққан адамдардың нәтижесiнде жорғалап және қоректенiп жүрiп мiндеттi түрде бұл аурулардың қоздырғыштарын денi сау адамдар пайдаланатын азық – түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.

      Инфекциялардың таралу жолдары

Ас қорыту жолдары инфекциялық ауруларға шалдыққанда қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған  байланысты бұл аурудың ең қарапайым үш таралу жолы қарастырылады:

Су арқылы - Тырысқақ, дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена  мен санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды.

Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.

Заттар арқылы: Кез –  келген заттар тiкелей кiрленудiң  немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде  жуынды – шайындымен ластанады. Осындай  заттарды қолдан қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға»  тасымалданады.

    Тiкелей ас арқылы  тасымалданатын қоздырғыштар толығымен   пiсiрiлмеген немесе қуырылмаған  ет жиi астан уланудың себепшiсi  болады. Бұл етке сальмонеллалардың  жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi  қоздыратын бактерия – Clostridium botilinum. Бұл аспен улану өлiмге алып келедi, Clostridium botilinum токсинi белгiлi токсиндер iшiне улылығы ең жоғары (тышқанның өлiмiне 5-105 мкг дозасы жеткiлiктi). Бұл бактерия ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде ет консерваларда жақсы дамиды.

    Жаралардың  ластануы

Тасымалдаушы – жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен байланысты бiрқатар ауруларды  атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе сияқты терең жарақаттардың  инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен инфекцияланады.

СҮТТЕГI   БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ  ҚҰРАМЫ

Сиырларды сау уақытында  және одан кейiнгi өңдеуде сүтке даусыз бактериялар түседi бұл қанша гигиена шарттарын сақтаса да болатын нәрсе. Әдетте жаңа сауылған сүттегi  бактериялардың дамуын тежеу үшiн бiрден салқындатады,  өңделмеген  шикi  сүттi пастерлейдi, яғни патогендi бактерияларды жою үшiн  ысытып жылытып алады. Соның өзiнде  көптеген патогендi емес бактериялар  тiрi  қалады. Бактериялардың сүттегi құрамы  мынадай +15 +30 С- де Streptococcus lactis грамоң микроорганизм және  көптеген басқа стрептококктар  (грамоң) оған қоса Lactobacillus- қа ұқсас бiрақ ұшында  iсiнетiн таяқ тәрiздi клеткалары бар коринеморфты яғни шоқпар тәрiздi коринеморфты бактериялар  Мысалы, Microbacterium, Brevibacterium, Streptococcus lactis  10 C-те жақсы дамиды,  бiрақ 40 С жоғары температурада оның дамуы тоқтайды, 30-40 С –те  Lactobocillus,  Streptococcus lactis  грамоң  әр түрлерi  және полиморфты  iшектi  бациллалары басымдылық  танытады Мысалы, Е coli, Streptococcus lactis   және  Lactobacillus сүтқышқылды бактерияларға жатады.   Ашыту үстiнде анаэробты тыныс бұл бактериялар лактозадан сүт қанты  жиналып сүттiң  ашуына әкелетiн сүт қышқылын түзедi Streptococcus lactis және Lactobacillus  құрайтын колониялар  аса үлкен емес  колонияның максималды диаметрi бiрнеше миллиметрден аспайды, пигменттелмеген және өзiндiк  бор түсi болады. Streptococcus lactis түзу қырлары бар тегiс колонияларды құрайды. Егер қорек агарына  майдаланған кальций карбонатын салса колония маңында сүт қышқылы кальций карбонатын ерiткен орнында ашық  зоналар пайда болады.  Стрептококктер сүтқышқылды өнiмдердi алуға  қажет Сыртқы түрiнен оларың басқа  стрептококктерден айырмашылығы жоқ,  Lactobacillus клеткалары таяқша тәрiздес болады, бiр-бiрiне қосылып колония түзедi.  Колониялардың бетi бұдыр текстуралы, ал шеттерi формат дұрыс емес болады.

Сүтте басқа да бактерияларды  табуға болады,  солардың iшiнде  iшекте тiршiлiк ететiн  Alcaligenes  (грамтерiс) туысына жататын таяқшаларды. Мак-Конки  агарында оларды колония айналасындағы сарғыш зоналар арқылы тануға болады.

 

 


Информация о работе Бактериялар