Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін мемлекет ықпалынан әсер ететін ең маңызды инструмент - қаржы жүйесі болып табылады. Ол, еліміздің мемлекеттік бюджетінен, зейнетақы қорынан, басқа да бюджеттен тыс қорлардан, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың қаржыларнынан құралады.
Қазіргі кезеңдегі экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банк жүйесі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І -бөлім. Банктiк несиелердiң теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2.Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . .
1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерцбанк АҚ тәжірибесі негізінде). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . .
3.2. Коммерциялық банктердің несиелік процесінiң даму болашағы . . . . . .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Дип.-Банктiк-несиенiң-формалары-мен-түрлерi.Несие-қамтамасыздығы.1.doc

— 702.50 Кб (Скачать файл)

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз  алушының алған ссудасын қайтару  қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2-кезеңінде  қарыз алушының несиелік қабілетін  бағалау кезінде қарыз алушының  алған ссудасы бойынша қарызды  уақтылы және толық көлемде  қайтару қабілеті талданады.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  1. ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  2. қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;
  3. табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға:       кәсіпорынның       орналасқан       жері,        тауарлары       мен

қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.

Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

4-кезеңде нақты несиені  беру кезеңі жүзеге асырылады.  Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Соңғы 5-кезеңде несиені  қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша  қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану  ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау  жасау үшін банкте ссудалар бойынша  мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.

Банктік тәжірибеде ссуда  бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы  келесідей түрде беріледі:

 

J=(i*p*n)/360*100%,

 

мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

                 р – қарыз қалдығы;

                 n – сыйақы есептелетін кезеңдегі  күндер саны.

Күрделі сыйақыны есептеу  формуласы төмендегідей:

 

J=p * ((1+(i/1200))^n –  1),

 

мұндағы: і –  сыйақы мөлшері;

                 р – несиенің бастапқы сомасы;

                 j – несиенің барлық мерзіміне  есептелетін сыйақы сомасы;

           n – аймен берілген несиенің  ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

 

Jg=Q*[(1+ig/1200)^t1-(1+ig/1200)^t2],

мұндағы: Jg –  мерзімі өткен қарыз бойынша  есептелген сыйақы сомасы;

                 Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;

                 Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша  сыйақы мөлшерлемесі   

                        (айыппұл);

                 t1 – несие бергеннен бастап  мерзімі өткен қарызға байланысты 

                        сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

                 t2 – несие бергеннен бастап  мерзімі өткен қарыз пайда  болғанға

                        дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу  барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы – 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған  қарыз алушыларға қатысты банк қарыз  алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз  алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. 

 

1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.

 

Банктер қарыз алушы  және алынатын несие туралы мәліметтер жинағаннан кейін қарыз алушылардың несие және төлем қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Қарыз алушылардың жеке немесе заңды тұлға болғандығына байланысты олардың несие және төлем қабілеттері де әртүрлі анықталады.

Жеке тұлға болып  табылатын клиенттің төлем және несие қабілетін бағалау үшін отандың тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады: [12]

    1. Ай сайынғы төленетін негізгі қарыз сомасын анықтау, яғни қарыз алушының ай сайын несие бойынша пайызды қоспағанда төлеуге тиісті сомасы. Бұл коэффициент келесідей формуламен есептеледі:

Берілетін несие сомасы

Ат = --------------------------------------

     Берілген  мерзімі

 

    1. Ай сайынғы төленетін пайыз сомасы. Бұл жерде ай сайын несие бойынша пайыздың төленуге тиісті сомасы анықталады. Бұл келесі формулаға сәйкес есептеледі:

Берілетін несие сомасы * %

А% = -------------------------------------

   Берілген несие  мерзімі

 

    1. Ай сайынғы несие бойынша төлемдер мен пайыздар мөлшері. Келесідей анықталады:

 

А = Ат + А%

 

    1. Нақты несие қабілеттілік коэффициенті, яғни қарыз алушының өтеуге мүмкіндігі бар соманы көрсетеді. Басқаша айтқанда, тек осы сома шегінде банк клиентіне несие бере алады. Ол мына формуламен есептеледі:

Ат + А%

Нақты несие қаб.коэф. = -------------------------

Таза табыс

Сондай-ақ, жеке тұлғаның төлем қабілетін есептеудің тағы бір түрін келтіруге болады, бұл  банктің несиеге бере алатын максималды соманы көрсетеді. Ол келесідей есептеледі:

 

Тқ  = Таза табыс * % * несиенің мерзімі

 

Заңды тұлға болып  табылатын қарыз алушылардың  несие қабілетін анықтауда басқа  көрсеткіштер пайдаланады. Қарыз алушының несие қабілетін бағалайтын негізгі  көрсеткіштерге жатады:

      • Ағымдағы өтімділік коэффициенті
      • Жалпы өтеу коэффициенті
      • Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздану көрсеткіші.

 ҚР ҰБ несие қабілетті  бағалауда банктерге келесідей  қосымша көрсеткіштерді анықтауды  ұсынады. Олар үш топқа бөлінеді:

    1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері жоғарыда аталғандармен бірге:
      • Қаржылық тұтқа коэффициенті
      • Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі
    2. Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері, соның ішінде:
      • Сату рентабельдігі
      • Кәсіпорынның рентабельдігі
      • Меншікті капитал рентабельдігі
    3. Айналымдылық көрсеткіштері, соның ішінде:
      • Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім
      • Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі (күнмен)
      • Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)
      • Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)

Енді осы аталған  көрсеткіштерді сипаттауға келейік. Ең алдымен қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне тоқталамыз.

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті қарыз алушы кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін сату арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауын көрсетеді.


Ағымдағы өтімділік  коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Бұл коэффициенттің мәні 0,75-тен кем болмауы керек.

Екінші көрсеткіш  – жалпы өтеу коэффициенті. Бұл көрсеткіш қарыз алушы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін қажетті өтімді қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді.


Жалпы өтеу коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз+ запастар, қосалқы бөлшектер) / қысқа  мерзімді міндеттемелер

 

Бұл коэффициенттің мәні 1-ден кем болмау керек.

Қаржылық тұтқа  коэффиценті 1 теңгеге шаққандағы меншікті қаражат үлесіне келетін тартылған қаражаттардың көлемін сипаттайды.

 

     Тартылған қаражаттар


Қаржы тұтқасы = -------------------------------

Меншікті қаражаттар

 

Бұл коэффициенттің мәні 1-ден артық болмау керек.

Меншікті айналым  қаражаттарының шамасы меншікті қаражат көзерінен құралатын айналым қаражаттарының шамасын білдіреді. Мұны келесідей анықтауға болады:


Меншікті айналым  қаражаттарының шамасы = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер

 

Жалпы айналым  қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың  үлесі айналым қаражаттардағы меншікті қаражаттар қандай бөлігін құрайтынын көрсетеді.


Жалпы айналым  қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі = (меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер) / ағымдағы активтер * 100%

 

Енді рентабельділік көрсеткіштерін сипаттайық. Корпорацияның сауда рентабельдігін талдау оның тиімділігін көрсететін көрсеткіштердің бірі. Бұл коэффицент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайда табылғанын көрсетіп, кәсіпорынның коммерциялық маржасы деп аталады.

 

Өнімді сатудан алған  пайда

Сауда рентабельдігі =   ----------------------------------------

Алынған кіріс 


 

Кәсіпорынның  рентабельдігі кәсіпорының қызмет етуінің табыстылығын көрсетеді. Ол сатудан түскен кірістің мүліктердің жалпы жылдық құныныдағы алатын бөлігін білдіреді. Ол келесі жолмен анықталады.


Сатудан түскен кіріс

   Кәсіпорының жалпы рентабельдігі = --------------------------------------

Мүліктердің жылдық орташа құны

 

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін бағалау  процесінде инвестицияланған капитал  ретінде кәсіпорынның барлық активтері  алынады, себебі олардың жалпы шамасы кәсіпорынның барлық қарыздарын ескереді.

Меншікті капитал  рентабельдігі – кәсіпорынның меншігіндегі мүлкінің тиімді пайдалануын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы көрсеткіштің негізінде активтердің иесі оларды орналастыру орынын таңдауы мүмкін. Есептеу кезінде операциялық табыс емес, ал корпорация иелерінің арасында қандай да бір жолмен бөлінетін таза соңғы табыс қолданылады. Меншікті капитал рентабельдігі таза табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасы бойынша есептелінеді:

 

 

 Таза табыс


Меншікті капитал  рентабельдігі = ------------------------------------------

ӨК орташа жылдық құны

 

Келесі коэффициент  – сатудан түскен бір күдік орташа түсім. Ол кәсіпорының күделікті жұмысының нәтижелігін білдіреді. Оны келесідей жолмен анықтауға болады:

       


Жалпы сатудан  түскен түсім

   Сатудан  түскен 1 күндік орташа түсім = --------------------------------------

Мерзім ұзақтығы

 

Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі айналым қаражаттарының қалдығының қанша уақытта толық айналым жасайтынын көрсетеді. Оны келесі формуламен анықтауға болады:


ОҚ * МҰ

Ам = ---------------------

СК

 

Мұндағы, Ам – айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі;

ОҚ – орташа қалдық;

МҰ – мерзім ұзақтығы;

СК – сатудан түскен түсім.

Дебиторлық  қарыз айналымының мерзімі қарыз алушының несие және төлем қабілетін анықтауда кеңінен қоладнылады. Оны былай анықтауға болады:


 Мерзім ұзақтығы

    Дебиторлық  қарыз айналымының мерзімі = -------------------------------

Дебиторлық  қарыз сомасы

 

Сондай-ақ кредиторлық  қарыз айналымының мерзімі де анықталады. Оны мынадай жолмен анықтауға болады:   


         Мерзім ұзақтығы

    Кредиторлық   қарыз айналымының мерзімі = -------------------------------

Кредиторлық  қарыз сомасы

 

Осы аталған көрсеткіштер негізінде қарыз алушылардың  классы анықталады. Қарыз алушының классын анықтау көрсеткіштердің шекті мәні мен олардың рейтингтері арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, негізгі коэффициенттердің шамасына байланысты қарыз алушылар үш классқа бөлінеді. Бұл үшін банктер қолданатын көрсеткіштердің деңгеій әр әдістеме бойынша бірдей емес. Қарыз алушыларды шартты түрде класстаға бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша келесі негізгі көрсеткіштерге негізделіп жүргізілуі мүмкін:

Информация о работе Екінші деңгейлі банкі болып Казком табылады