SDH аппаратурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 21:53, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.

Файлы: 1 файл

n1 (1).doc

— 4.02 Мб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен  байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.

Бұл дипломдық жұмыста  Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасындағы тарату жүйесін ТОБЛ арқылы ұйымдастыру.         

Қазіргі уақытта Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасында РРБ желісінің «SRA-L SIEMENS» жабдығы  қолданылады. 444,7 километрлік ара  қашықтықта 2 соңғы радиорелейлік  станция (СРС), бірі облыс орталығы Орал қаласында, екіншісі облыс орталығы Ақтөбеде, 11 аралық радиорелейлік станция (АРС), 5 аралық радиорелейлік станция (АРСВ) қолданылады. «SRA-L SIEMENS» жүйесінің стволы ЧМ түрлнуін уақыттық тығыздаумен ТЖ -ті 120 канал ұйымдастыра алады. Радиорелейлік тарату жүйесі екі аралықта 300 ТФ каналын ұйымдастыруда. Екі аралықта ТОБЛ-ын республикалық темір жолы бойында орналасқан Ақсай, Шыңғырлау, Орынбор облысының Соль-Илецк қаласы, Жайсан елдімекені арқылы жүргізген дұрыс. Дәл қазіргі жағдайда Орал 248 мың тұрғын,Ақтөбеде 256 мыңнан аса тұрғын бар, сондықтан, SDH тарату жүйесінің STM-16 синхронды транспортты модульін және бірмодалы талшықты оптикалық ОКМТ кабелін аламыз.

 

1.ТАҢДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ

 

1.1 Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі

 

Қазіргі байланыс телекммуникациясының жағдайы осы аймақтың экономикалық дамуының келеңсіз жағдайларының бірі. Қазіргі жұмыс жасайтын желінің  сапасы өте төмен. Осы аймақтағы  желінің негізгі кемшіліктерінің  бірі ол: төмен өткізу қабілеттігі, бөгеуілдерден қорғанушылығының  төмендігі, техника қауіпсіздігінің нашарлығы. Сондықтан телекоммуникация желісінің дамуы осы аймақтағы абоненттер желісінің байланыс аумағын кеңейтіп, мәдени және халықаралық қатынастарының дамуына септігін тигізуі мүмкін. Қазір бұл аймақта радиорелейлік байланыс (РРБ) қолданылуда. РРБ желісі коаксиалды және талшықты оптикалық магистралдық байланыс кабелдері тәрізді жүздеген телефондық және телевизиялық хабарларды таратуға арналған.

Жерасты кабелдерімен салыстырғандағы  РРБ желісінің артықшылықтары: жерасты кабелдеріне қатыстысы:

-Техникалық қалыптастыруы және жерасты, суасты кабелдерін төсеу жұмыстары кезіндегі экономикалық қиыншылықтары;

-Бұзылу ықтималдығының төмендігі және оларды тауып, жөндеу кезіндегі аз қиыншылықтар;

-Басқа тұсқа тарату кезіндегі жерасты кабелдері секілді қазу жұмыстарының керексіздігі;

Кабелмен салыстырғандағы  РРБ кемшіліктері – радиотолқындардың ашық жазықта таралуы және барлық техникалық қондырғыларының ашық жерлерде орналасуы. Мұндай жағдай техникалық аспаптардың жылдам істен шығуын және таралатын ақпараттардың көп бөгеулерге ұшырауын туғызады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – тұрғындарды жоғары сапалы цифрлық байланыспен қамтамасыздандыру. Басқа дамыған мемлекеттер тәрізді Қазақстанда да ақпараттарды цифрлық тарату жүйесін талшықты оптикалық байланыс желісін қолдану арқылы жетілдіру.

Қазіргі заманғы рыноктық экономика жағдайында байланыс желілерін  түбегейлі өзгерту қажет болуда. Қазіргі  қолданыстағы РРБ желілері жоғары жылдамдықты сигналдарды  алуда үлкен және техникалық сенімсіз болуда. Ақпараттарды таратуда Цифрлық ағын құраушыларына енгізулер қиындық туғызуда. Қазіргі заманғы біріншілік цифрлық желілерде басқару құрылымы оңай және жеңіл болуы керек. Олар әртүрлі қуаттылықтағы ақпарат ағындарын тарату және қосуды, осы пункттағы ағындарды қосу және бөлуге, және байланысты қолдану уақытының тарификациясын және сапасына терең бақылау орнатуы қажет. Бұл желілер қолданылатын синхронды (Synchronous Transfer Mode, STM) және асинхронды (Asynchronous Transfer Mode, ADM)  ақпаратты тарату тәсіліне база болуы қажет.

SDH негізінде тарату жылдамдығының иерархиясы және цифрлық трактыларды түрлендіру жүйесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттағы байланыс желісінің дамуы және құру перспективалық концепциясы жасалды.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында Ресей мемлекетінің оңтүстік аймағы Орынбор облыстарын Қазақстанмен байланыс орнатамын, магистральдық байланысты ұйымдастырымын, тұтынушылардың санын көбейтіп және байланыс саласынан түсетін қаржы көлемін арттырып, интернетке шығу сапасын жоғарлатамын.

1.2 Қызмет көрсетілетін пункттердің сипаттамасы

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

-Халықшаруашылық комплексындағы  тұрғындардың сұранысына сай  телекммуникациялық желіні құру;

-Темір жол бойындағы станцияларды  ТОБЛ қамту;.

-Шекарашылылардың байланыс жүйеісің дамыту;

- Қазақсан мен Ресейді ТОБЛ-і арқылы байланыс жүйісімен қосу;

-Көрсетілген тұрғылықты  елдімекендер арасында әртүрлі  хабарларды тарататын сапалы  байланыс ұйымдастыру.

-Таңдалған елдімекендер  арасында байланыс орнату. Таңдалған пункттар арсындағы байланысқа деген сұраныс біріншіден тұрғындар санына байланысты. Сонымен бірге елдімекендердің байланысқа деген сұранысы олардың экономикалық, мәдени және әлеуметтік тұрмыстық қатынастарына байланысты. 

Таңдалған елдімекендерге қысқаша сипаттама келтірейік.

Орал қаласы: Қазіргі жағдайда Орал қаласында бір 248 мың халық тұрады. Халықтың басым көпшілігі мемлекеттік жұмыста жасайды. Мұнда орыс, татар, шешен ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Орал Зинет зауыты. Негізгі саудаға шығаратыны кеме т.б техникаларды шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз кеме шығаратын зауыт.

Ақсай қаласы: Қазіргі халқының саны 48,5 мыңға жуық, Қазақстандағы ГАЗ жаңғыш затын шығаратын халықаралық компаниялардың орталығы. Халқының басым бөлігі шетелдік компанияларда жұмыс істейді.

Шыңғырлау: Халқының саны 13,1 мыңнан асатын сол Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан елдімекен, казіргі кезде Шыңғырлау шекарасы посты орналасқан. Мүндағы халықтың негізгі қазақтар мен орыстар. Айналысатын кәсібі жекеменшік егін шаруашылығы, сонымен қатар мал шаруашылығы. Негігі егетін өнімдері бидай, қауын, қарбыз. Ал мал шаруашылығында қой, жылқы, сиыр, түйе.

Соль-Илецк қаласы: Бұл Ресей мемлекетінің қаласы. Соль-Илецк Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, мұнда үлкен шекара посты орналасқан. Қазіргі халқының саны  50 мыңнан асады. Сонымен қатар егін, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Халықтың біршама бөлігі жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Негізгі тұрғындар орыстар, аздап қазақтарда кездеседі. Егіннің негізгі бөлігін бидай, күнбағыс құрайды. Илецк өзені бойында балық шаруашылығымен де айналысады. Мал шаруашылығында қой, ешкі және ірі қараның барлық түрі бағылады..

Жайсан: Қазақстан мен Ресей шекарасының негізгі посты болып табылады, мұнда халық саны 5 мыңдай. Ауыл халқы негізінен ауыл-шаруашылығы мен айналысады, негізгісі мал шаруашылығы, бау-бақша өсіру мен. Халықтың көп бөлігі жұмыскерлер.

Ақтөбе қаласы: Қазіргі жағдайда Ақтөбе қаласында бір 256 мың халық тұрады. Ақтөбе қаласында зауыттар көп орналасқан, халықтың басым көпшілігі зауыттарда жұмыс жасайды. Мұнда орыс, татар, молдавандар ұлт өкілдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар бұл қалада жеке кәсіпкерлікпен қарқынды дамыған. Біршама үлкен зуыттар да бар, мысалы айтсақ Ақтөбе Хром зауыты және де АқтөбеРентген зауыты жұмыс істейді. Негізгі саудаға Ренгтген аппараттары шығарады, өйткені Қазақстандағы жалғыз рентген шығаратын зауыт.

1.3 Қазіргі байланыс желісінің сипаттамасы

 

Қазіргі уақытта Орал қаласы мен Ақтөбе қаласы арасында РРБ желісінің «SRA-L SIEMENS» жабдығы қолданылады. 444,7 километрлік ара қашықтықта 2 соңғы радиорелейлік станция (ОРС), бірі облыс орталығы Орал қаласында, екіншісі облыс орталығы Ақтөбеде, 11 аралық радиорелейлік станция (ПРС), 5 аралық радиорелейлік станция (ПРСВ) қолданылады. Ол  250  километрге дейінгі облысішілік және райондық байланыстарды ұйымдастыруға арналған. Бұл радиорелейлік жүйенің резервсіз 300 телефон каналына арналған бір дуплексті телефон каналы бар. «SRA-L SIEMENS» жүйесінің стволы ЧМ түрлнуін уақыттық тығыздаумен ТЖ -ті  120 канал ұйымдастыра алады. Радиорелейлік тарату жүйесі екі аралықта 300 ТФ каналын ұйымдастыруда. жеті жүз мыңнан астам халқы бар облыс пен сегіз жүз мыңға жуық халқы бар облыс орталығының ортасына бұл ТФ каналдары жеткіліксіз. Қондырғының құрамында;

Таратқыш стволы Пд-25 дБ-320 мВт; FMX2 кіреді.

«SRA-L SIEMENS» жүйесінің негізгі сипаттамасы мынадай:

– Жиілік диапазоны  - 7ГГц,

– Максималды сыйымдылығы -300 ТФ каналы,

– Орташа интервал ұзақтығы -24,7 км,

– Антендік мачтаның биіктігі -65 м,

– Арнайы телефон каналының жиілік жолағы 0,3-2,4кГц

– Модуляция түрі -жиіліктік модуляция,

– Апаттық сигналы -үзіліссіз (эпектроқоректендіргіш өшкенде), үзілісті (аппарат істен шыққанда).

1.1-суретте Орал мен Ақтөбе қалалары арасындағы РРБ жүйісінің орналасуы көрсетілген.

 

 

Сурет 1.1- Орал мен Ақтөбе арасындағы радиорелейлі тарату жүйесі

 

1.1-суретте көрсетілгендей  Орал – Ақтөбе қалалары Ресей  шекарасы арқылы РРБ жүйісімен жалғанған. Сондықтан мен бұл жұмыста РРБ жүйесін оптикалық талшыққа ауыстырамын.

1.4 Кабелдік тарату желісінің жолы

 

Дипломдық жұмыста берілген техникалық тапсырмаға сәйкес таңдалған облыс орталығы Орал қаласы, Ақсай қаласы, аудан орталығы Шынғырлау, Соль-Илецк қаласы, Жайсан ауданы және Ақтөбе қаласы арасын байланыстыратын магистральдық байланысты жоғары жылдамдықты талшықты оптикалық байланыс желісімен ұйымдастыру.

Көпарналы цифрлық тарату жүйесімен (ЦТЖ) сигналдарды тарату кабелдік, радиорелейлік және спутниктік байланыс жолдары арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі уақытта кабелдік жолдарға олардың жасағыштығы және байланысты қанағаттандыратын тұйықтығына жоғары баға берілуде.  Сондықтан жобаланатын байланыс кабелді болады. SDH технологиясы талшықта оптикалық кабелді қолдануға негізделгендіктен, жобаланатын байланыс жолының тарату ортасы ретінде  талшықты оптикалық кабелді аламыз. Сонымен қатар, кабелді темір жолдардың бойымен салу ТОБЛ эксплуатациясын жеңілдетеді.

Тандалған жол Ресей  мемлекетінің шекарасы арқылы өтеді. 1.2-суретте Орал-Ақтөбе қалалары арасындағы ТОБЛ тарату желісі көрсетілген.

 

 

Сурет 1.2- Орал мен Ақтөбе рарсына оптикалық кабельдің орналастыру жолы

 

Бұл нұсқау облыс орталығы Орал қаласы, Ақсай қаласы, аудан  орталығы Шынғырлау, Соль-Илецк қаласы, Жайсан ауданымен және облыс орталығы Ақтөбе қаласы арасын байланыстыратын темір жол бойымен кабел жүргізу. Таңдалған жолдың мына аймақтардағы ұзындығы: Орал - Ақсай – 133 км; Ақсай - Шынғырлау – 57,5 км; Шынғырлау – Соль-Илецк – 64 км, Соль-Илецк – Жайсан – 93,1 км, Жайсан - Ақтобе – 97,1 км. Жолдың жалпы ұзындығы 444,7 км.

2.ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН  ТАҢДАУ

 

2.1 Таңдалынған тарату жүйесінің сипаттамасы және техникалық мәліметтері

 

Есептелінген арналар  санына сүйене отырып синхронды цифрлық  иерархияның SMA-16 мультиплексорлық апаратың таңдаймыз, соған байланысты STM-16 тарату жүйесін қолданамыз. SMA-16 апараты SDH продуктасы үшін ең жақсы дамыған «Marconi Communications» компаниясын аламын. Marconi Communications (ОМS 16-64) және Nortel (ОSN 1600) фирмалары арасында мультиплексорлардың сипаттамаларын салыстырамын. STM-16 тарату мультиплексоры үшін ұйымдастырамыз. 2.1.-кесте мультиплексордың техникалық сипаттамалары көрсетілген.

 

 

 

Кесте 2.1- Мультиплексордың техникалық сипаттамалары

 

 

Nortel (ОSN 1600)

ОМS 16-64

Коммутациялық матрица

- төменгі деңгейде

-жоғарғы деңгейде

 

 

5 Гбит/с 

58,75 Гбит/с 

 

 

20 Гбит/с

60 Гбит/с

Интерфейстер

 STM-1 электрлік

Платада 2 порт

Платада 4 порт

STM-1 оптикалық

Ie-1, I-1, S-1.1, L-1.1, L-1.2,

Ve-1.2 4 плата порттары

I-1S-1.1, L-1.1, L-1.2

L-1.3 2плата порттары

STM-4 оптикалық

I-4, S-4.1, L-4.1, L-4.2,Ve-4.2 4 плата порттары

I-4, S-4.1, L-4.1, L-4.2,

L-4.3 2 плата порттары

STM-16 оптикалық

I-16, S-16.1, L-16.1, L-16.2,

L-16.2Je, V-16.2Je, U-16.2Je и G.692 плата порттары

I-16, S-16.1, L-16.1, L-16.2 L-16.3 плата порттары

Ethernet

10/100/1000 Мбит/с 2/4 плата порттары

10/100/1000 Мбит/с 2/16 плата порттары

Е1

32Е1 платада, максимально в корзине 504Е1

63Е1 платада, максимально 504Е1

Е3

4Е3 платада, максимально 48Е3 в корзине

6Е3 платада, максимально 48Е3

Информация о работе SDH аппаратурасы