Кадмийді полярографиялық талдау әдісімен анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 10:07, лекция

Описание работы

Жұмысты ППТ-1 полярографта үш электродты ұяшықты қолданып орындайды. Индикаторлы электрод ретінде тамшылы сынап электроды пайдаланады. Екінші электрод ретінде потенциал мәні тұрақты, беттік ауданы үлкен, поляризацияланбайтын электрод, ал салыстырмалы электрод ретінде күміс-хлорлы электрод қолданылады. Деполяризатор иондарының тотықсыздану процесі бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші саты – иондардаң электрод бетіне диффузия нәтижесінде жеткізілуі. Потенциал мәні тотықсыздану потенциалына жеткен кезде электрод бетіндегі кадмийдің концентрациясы кемиді де, ерітіндідегі концентрациядан төмендейді. Ток күші бұл күйде өзінің шекті мәніне жетеді де, потенциал шамасы жоғарласа да тұрақты болып тұрады. Мұндай ток шекті диффузиялық ток деп аталады.