Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 16:09, научная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Химия саласындағы көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясына шолу жасау.
2. Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу.
3. Экспериментке байланысты сауалнама, сұхбат, сыныптан тыс жұмыстарын, сабақ жоспарларын әзірлеу және эксперимент өткізу.
4. Эксперимент нәтижелерін педагогикалық статистика тәсілдерімен өңдеу.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Ғалымдардың еңбектерін оқып үйренудің оқу-танымдық мәні
1.1 Химик ғалымдардың еңбектерінің мектеп химия курсындағы орны, тәрбиелік мәні..............................................................................................................6
1.2 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан әлемге әйгілі ғалымдардың биографиясы мен еңбектері........................................................................................8
1.3 Қазақстандық химик ғалымдар..........................................................................18
2 Химик ғалымдардың еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі
2.1 Сабақтан тыс жұмыстарда ғалымдардың шығармашылық биографиясын пайдалану...................................................................................................................31
2.2 Жаңа материалдарды оқып үйрену сабақтарында ғалымдардың еңбектерін пайдалану ерекшеліктері..........................................................................................36
3 Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама
3.1 Химик ғалымдардың биографиялық шығармашылығын пайдалану әдістемесі....................................................................................................................38
3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және білім, білік дағдыларын саралау.................51
Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................

Файлы: 1 файл

диплом кзо оригинал.docx

— 1.35 Мб (Скачать файл)

Сурет 3.1.4 «Мыс,  мырыш, хром және темір» тақырыбында орындалған кроссворд

Кроссвордтың сұрақтары:

1. V-ші топ, IV-периодтағы  d элементі?

2. Құрамында екі  элемент бар және оның біреуі  міндетті түрде оттегі болатын  қосылыс?

3. Судың керметігі  магний және ... тұздарының болуымен  анықталады.

4. Оттегіні ашқан  француз химигі?

5. Электронның белгісі?

6. Элементтің протон саны оның несіне сәйкесінше болады?

Осындай тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын сұрау оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттырады, өткен тақырыптарда алған білімдерін бекітеді.

Келесі «d - элементтердің жалпы сипаттамасы» тақырыбында сабақ өткізілді. Осы сабақта оқушыларға «Калейдоскоп» ойыны ойнатылды. Ойынның 1-ші «Тапқырлық» турында «А» және «Б» тапсырмалары берілді. «Б» тапсырмасы Томсен, Семёнова, Генкель, Воклен ғалымдарымен байланысты. Оқушыларға берілген «Б» тапсырмасы:

Сұрағы: Темір, мыс, мырыш, хром элементтерін ашқан ғалымдарды атаңыз.

Жауабы: Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болған. «Темір ғасыры» деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізген. Содан кейін мыс ғасыры болды. Бұл ғасырда заттар көбіне мыстан болған. Оны орыс ғалымы С.А. Семёнова зерттеген. 1721 ж. саксонский металлург Генкель мырышты толығырақ сипаттады. 1797 ж. француз химигі Л.Н. Воклен хромды ашты.

Бұндай тапсырмалар оқушыларды өздігінен кітаппен, ғаламтормен жұмыс жасауға, яғни іздемпаздыққа және еңбекқорлыққы тәрбиелейді.

«Металдардың электрохимиялық кернеу қатары және химиялық қасиеттері» тақырыбында сабқа өтілді. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде ғалымдар жайлы тапсырма қолданылды. Оқушыларды топқа бөлу кезінде 4 сұрақ берілді. 4 оқушы сұрақтарды алып өз тобын жинап, топпен ізденіс жұмыстарын жасап сұраққа толықтай жауап берді. 4-ші топтың сұрағы:

«Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ашқан ғалым?»

Жауабы: 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов «Металдардың кернеу қатары» тақырыбындағы докторлық диссептациясын қорғады.

Келесі өтілген сабақ: «Магний және кальций, олардың  қосылыстары». Сабақтың қорытынды бөлімінде Хэмфри Дэви ғалымы жайлы ақпарат берілді: «1807 ж. калийді, 1808 ж. Хэмфри Дэви магнеземді электролиздеу арқылы магнийді ашты». Оқушылар топпен осы ғалымның аты жөніне бүгінгі тақырыпқа байланысты кроссворд құрастырады, топпен шешеді. Бұндай тапсырмалар оқушыларды іздемпаздыққа, шығармашылықтарын арттыруға көмектеседі.

Эксперимент барысында «Көмектесіңдер, реакция жүріп жатыр!» атты химия апталығы өткізілді.

Химия апталығының 5-ші күні  9-10 сыныптар арасында «Менделеевтің

туғанына 181 жыл» тақырыбында химиялық кеш өтілді. Қосымша Б-да кештің жоспары көрсетілген. Кештің мақсаты:

1.  Ғалым, өз елінің  патриоты Д.И. Менделеевтің өмірін  тереңірек оқып. Білу арқылы өз  Отанын сүюге, еңбекқорлыққа, зиялыққа  тәрбиелеу.

2. Оқушыларға терең  де тиянақты білім беру, пәнге  қызығушылығын арттыру және өздігінен  жұмыс жасай алатын болашақтың  іскер де жігерлі, білімді ұрпағын  даярлау.

Жалпы кештің басталуында Д.И. Менделеев туралы презентациялық слайд көрсетіліп, әңгімеленеді. Кеш  9-10 сынып оқушылары арасында сайыс ретінде  болды. Жалпы 4 топ сайысты, әр топ 4  оқушыдан құралды. Әділ-қазы алқасы сайланды. Сайысымыз төмендегі жоспар бойынша өтті.

І. Таныстыру. Ұраны, төс белгісі.

ІІ. Капитандар сайысы.

ІІІ. Периодтық кестеге саяхат.

ІV. «Кім тез?»

V. Сайысты қорытындылау.

Кеште «Капитандар сайысы» өтілді. Сонда Менделеевке байланысты әртүрлі қосымша ақпараттар айтылды:

«Капитандар сайысы» сұрақтары:

         1. Д.И. Менделеевтің туған жылы. (1834 ж)

         2. Периодтық заңды ашқанда Д.И. Менделеев неше жаста болды? (35)

         3. Д.И. Менделеевтің туған қаласы. (Тобольск)

         4. Ұзындығы 1500 км болатын су асты  жотасы Д.И. Менделеевтің атымен  аталған. Бұл жота қай мұхитта  орнаасқан? (Солтүстік Мұзды мұхиты)

         5. Д.И. Менделеевтің қандай жаңалығы  орыс әскери күштерінің қуатын  арттырды? (Түтінсіз оқ-дәріні ойлап  шығарды)

         6. Не себептен Д.И. Менделеев ауа  шарымен жоғары көтерілді? (Атмосфераның  қабаттарын зерттеу, күн тұтылу  құбылыстарын зерттеу)

Химиялық кештің «Периодтық кестеге саяхат» деп аталатын үшінші турында «Қызықты ашылу тарихы» атты ұяшықтың сұрақтары:

         1. Бұл элементті бос күйінде  аламын деген көптеген ғалымдар  қатты уланғандықтан оған грекше  «бұзылу, жойылу» деген мағына  беретін ат қойған, дегенмен оны  таза күйінде француз химигі  Муассан алған. (Фтор)

         2. Француз химигі, ірі кәсіпкер  Картуа теңіз балдырларын қайнатфп  зерттеу барысында ашқан элемент. (Йод)

         3. Д.И. Менделлев ерлі-зайыпты Кюрилердің  зертханасында болғаннан кейін  «жаңа ғылыми зерттеулер жүргіземін  деген ғалымдар осы элементті зерттесін» деген екен. (Уран)

Апталықтың 3-ші күнінде 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В»  сыныптары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны болды.

 

Сурет 3.1.5 «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының қатысушылары

Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты, қалған оқушылар жанкүйер ретінде қатысты. Сыныптар белсенді қатысты. 3.1.5 суретте қатысқан оқушылар мен мұғалімдер  суреттері берілген. Жалпы ойынның өтілу мақсат: 8 сынып оқушыларының химия пәні бойынша білімдерін пысықтау, ғылымға деген қызығушылықты ояту. Ойын 3 турдан тұрды:

І тур – Бәйге.

ІІ тур - Дода.

ІІІ тур - Жорға.

Ойынның ІІ-ші «Дода» турында ғалымдарға байланысты сұрақтар қойылды:

         1. Сутекті ең алғаш алған ағылшын ғалымы. (Г. Кавендиш)

         2. Сутектің жай зат екендігін дәлелдеген француз ғалымы. (А. Лавуазье)

         3. Периодтық жүйені құрастырған ғалым. (Д.И. Менделеев)

         4. 6, 023*1023 cаны қандай ғалымның құрметіне аталды? (Авогадро)

         5. Ағылшын химигі Дж. Пристли мен швед химигі К. Шееле бос күйінде алған элемент. (Оттегі)

         6. Құрам тұрақтылық заңын ашқан француз ғалымы. (Ж. Пруст)

         7. Сутектің жай зат екенін дәлелдеп, гидрогениум деп ат берген француз ғалымы. (А. Лавуазье)

Жоғарыда айтылған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда әр түрлі тапсырма түрлері қолданылды. Көптеген сабақтарда ойын түрлері қолданылды: «Футбол» ойыны, «4 сурет біреуі артық» ойыны, «Калейдоскоп», «Бәйге» ойыны, «Миллион кімге бұйырады» ойыны. Ойыннан басқа химиялық диктант, кроссворд, жұмбақ, т.б. тапсырмалар орындалды.  Қолданылған негізгі тапсырмалардың пайыздық көрсеткішін 3.1.6  суреттен көруге болады.

Химик ғалымдарға байланысты сұрақтар мен ақпараттарды кроссворд, химиялық диктант, жұмбақ, ауызша сұрақ-жауап арқылы оқушыларға жеткізу оқушылардың есте сақтау, іздемпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

 

Сурет 3.1.6 Ғалымдардың шығармашылық биографиясына байланысты қолданылған тапсырмалардың үлесі

Өтілген сабақтар бойынша оқушылардың тоқсандық бағасы мен оқу сапасы педагогикалық тәсілдермен есептелді. Әр сабақта әр оқушының алған бағалары жазылып орташа мәндері есептелді. Ең соңында үздік оқитын және оқу екпіні болған оқушылардың санын қосып оны 100% көбейтіп жалпы сыныптағы оқушы санына бөлініп сыныптың оқу сапасы есептелінді. Оның қорытындысын 3.1.2-шы кестеден көруге болады.

Зерттеу тақырыбына байланысты қойылған болжамды тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді.

        8 «Б» сыныбында барлығы 21 оқушы,  соның ішінде 2014 - 2015 оқу жылдарының І және ІІ тоқсан нәтижесі бойынша 10 оқушы оқу екпіні, 11 оқушы қанағаттанарлақ болса, 10 «А» 19 оқушының 9 оқу екпіні, 10 оқушы қанағаттанарлық деп оқиды.  Екі сыныптың да абсалюттік үлгерімі 100%. Оқу сапасы сәл ғана ерекшеленеді, 8 «Б» ─ 47%, ал 10 «А» ─ 47% құрайды. Оқушы санының ұқсастығы, абсалюттік оқу үлгерімінің бірдей болуы және оқу сапасының бір деңгейде болуы, тәжірибе барысында осы екі сыныптағы оқу үрдісін зерттеп, 8 «Б» сыныбын эксперименттік сынып деп, ал 10 «А» сыныбын бақылау сыныбы деп таңдауға себеп болды.

3.1.2 кесте ─ оқушылардың сабақтардағы бағалану нәтижелері

Сабақ тақырыптары 

Сынып

5

4

3

2

Сапа, %

Үлгерім, %

Галогендер мен олардың қосылыстары

8

4

10

7

-

66,7

100

Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы

5

5

6

3

52,6

100

Тұздар. Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері

7

7

7

-

66,7

100

Ерітінділердің концентрациясы. Мольдік концентрация

3

5

8

3

42,1

100

Орташа көрсеткіші

57

Мыс, мырыш, хром, темірдің табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері

10

6

4

8

1

52,6

100

d-элементтеріне жалпы сипаттама

5

6

7

-

61,1

100

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары және химиялық қасиеттері

4

5

7

2

50

100

Магний және кальций, олардың  қосылыстары

3

6

9

1

47,3

100

Орташа көрсеткіші

52


      

ІІІ-ші тоқсан нәтижесі бойынша 8 «Б» сыныбында 12 оқушы оқу екпіні және 9 оқушы қанағаттанарлықдеп бітірді, төменгі диаграммада (сурет 3.1.7) оқушылардың ІІ-ші тоқсанның қорытындысы ІІІ-ші тоқсанның қорытындысымен салыстырылды.

Ал ІІІ-ші тоқсан нәтижесі бойынша 10 «А» сыныбында 10 оқушы оқу екпіні және 9 оқушы қанағаттанарлықдеп бітірді, төменгі диаграммада (сурет 3.1.7) оқушылардың ІІ-ші тоқсанның қорытындысы ІІІ-ші тоқсанның қорытындысымен салыстырылды.

 

Сурет 3.1.7 Эксперименттік және бақылау сыныбының оқу сапасының көрсеткіші

3.1.7-ші суретке сәйкес оқу сапасы 8 «Б» ─ 47%-дан 57%-ға, ал 10 «А» ─47%-дан 52%-ға  өсті. Эксперимент топтың көрсеткіші бақылау топ көрсеткішімен салыстырғанда жоғары және бақылау топтың көрсеткіші 5%-ға өсті.

Жалпы оқушылардың бір оқсан ішінді білім деңгейінің көрсеткішінің артуы эксперименттің нәтижелі болғанын көрсетеді.

Жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері зерттеудің болжамын толығымен растады: егер, көрнекі ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу құралы ретінде паййдалануды жаңа технологиялармен ұштастырса, онда оқушының білім сапасы мен химия пәніне деген қызығушылығының артуына ықпал етеді.

 

 

 

3.2 Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу және  білім, білік дағдыларын саралау

Семей қаласындағы Т.Аманов №16 жалпы білім беретін мектектебіндегі 8-10 сыныпоқушыларымен сауалнама жүргізу арқылы, олардың жалпы химия ғылымы мен ғалымдары жайлы білімдеріне сараптау жүргізілді.

Химия жайлы алғаш түсінікпен оқушы 8 сыныптан бастап танысады. Химия ғылымы мен ғалымдарды оқыту бағдарламасы оқушылардың заттар туралы алған түсінітерін тереңдетіп, химия ғылымын дамыту негізінде құрылған. Осы себептен мектеп курсында химия мен химия ғалымдары жайлы оқытудың тек тиімді әдістемесін қолдану ғана  емес, білімді дұрыс бекіту, оқушыларды еңбекке және ғылымға баулу қажет. Оқушылардың жалпы пәнге деген қызығушылықтары мен білімдерін білу мақсатында сауалнама мен сұхбаттасу экспериментке дейін және эксперименттен кейін екі рет жүргізілді. Оқушылардың жауаптары салыстырылды.

Сауалнама Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін мектебіндегі 8-10 сыныптар арасындағы оқушыларға жүргізілді.

         Жалпы 153 оқушы арасында сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы негізінде сұхбаттасу жүргізілді. Сауалнама 7 сұрақтан 3 түрлі жауаптан тұрады. Сауалнаманы жүргізудің көзделген мақсаты оқушылардың химия пәніне, ғалымдарына  деген көзқарасын, химиялық білім деңгейін, химия ғылымына деген қызығушылығын анықтау болып табылады.

Информация о работе Химияны оқытуда химик ғалымдардың еңбектерін пайдалану әдістемесі және оның тиімділігіне сараптама