Химиялық ыдыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 21:53, реферат

Описание работы

Химиялық ыдыс — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыны, кварц, кәрлен, платина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді.

Содержание работы

1. Химиялық ыдыстар;

2. Жалпылай қолдануға арналған ыдыстар

3. Жалпылай қолдануға арналған ыдыстар

Файлы: 1 файл

Лабораториялық ыдыстар.docx

— 414.08 Кб (Скачать файл)

Кері тоңазытқыштардың шарикті, бұрандалы және т.б. түрлері болады. Шарикті түрінде тоңазытқыштың трубасы шар тәрізді кеңейтілген, ал бұрандары түрінде спираль тәрізді бұратылған. Мұндай трубаларда олардың тоңазытқыш беттері ұлғаяды, конденсация толық жүреді.

Аллиннің тоңазытқышы тік орнатылады. Оны қисайтқан жағдайда шар тәрізді кеңейтілген жерге конденсат сұйығы толады да конденсация фракциясы дұрыс жүрмейді.

Сокслеттің шарикті тоңазытқышы. Онда сұйықтың буы шардың ішкі және сыртқы қабаттарының арасынан өтеді де, бу сыртқы жақта ауамен, ал ішкі жақта суық сумен суытылады.

Домраттың тоңазытқышы бұрандалы тоңазытқыш, түзу және кері тоңазытқыштардың ролін бірдей атқарады. Температураның өзгеруіне жақсы бейімделген. Ерекшелігі оның сыртқы қабатындағы қоршаған ортаның су буы суытылмайды.

Сифондар. Сұықты қайта құюға бейімделген ыдыс. Оның бір ұшын құйылатын сұйыққа батырады да, бір ұшын саусақпен немесе қысқышпен жауып қояды. Үшінші ұшы арқылы сұйықты сорады да, сұйық түтіктің бүгілген деңгейіне жеткенде саусақпен басып тұрған ұшын ашады,ал үшінші ұшын жабады. Сифонды жоғарғы қысымды пайдаланып та туғызуға болады.

Дөңгелек түпті шыны колбалар кәдімгі және арнайы шынылардан дайындалады. Олар көптеген лабораториялық жұмыстарда пайдаланылады. Олардағы сұйықты жалаң отта қыздыру үшін үстіңгі жағында шұңғылы бар асбесс торшалары қолданылады.

 

 

 

 

 

              Арнайы мақсатта қолдануға арналған ыдыстар.

 

Къельдаль колбасы алмұрт пішінді, мойны ұзындау болып келген шыны ыдыс. Сиымдылығы 300-800 мл, қиын балқитын, ыстыққа төзімді «Пирекс» типті шыныдан жасалған. Оны тексерілетін заттағы азотты анықтау үшін қолданады.

 

Дистиллят алу үшін қолданылатын колбалар. Сұйықты қайта айдап дистиллят алу үшін Вюрца, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалар пайдаланылады.

 

Вюрц колбасы ұзын мойынды, өсінді түтікшелері бар, сұйықты қайта айдау үшін қолданылатын аппарат. Өсінді түтікшелерінің орналасу биіктігіне байланысты әртүрлі температураларда қайнайтын сұйықтарға тиісті аппаратты таңдап алуға болады.

 

Клайзен колбасының Вюрц колбасынан айырмашылығы екі мойны бар, оның біреуінен қисық пішінді түтікше шығарылады. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданылады.

 

Арбузовтың колбасы – Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Ондағы екі мойын бір-бірімен қосылған. Егер сұйық аяқ астынан қайнайтын болса, онда ол кеңейтілген бөлігі арқылы қайта колбаға құйылады.

Аллонжылар – имек шыны түтік, сұйықты қайта айдау кезінде тоңазытқыш пен қабылдағышты қосу үшін пайдаланылады. Аллонжының кең басына таңдап алынған тығынның тесігіне тоңазытқыштың түтігін 3-4 см тереңдікке еңгізеді, ал жіңішке ұшын қабылдағышқа қосады.

 

Дефлегматорлар – дистілдеуге арналған қондырғы. Жоғарғы жағында жанама түтікшесі, кеңейтілген бөліктері бар шыны түтік. Фракциялық қайта қайнатуларда пайдаланылады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Олармен жұмыс істегенде сақтық керек. Себебі олар оңай сынады.

 

 

Эксикаторлар – шлифті жапқышы бар, ерекше пішінді қалың шыны ыдыс.

 

 

  Ылғалды бойына тез сіңіретін заттарды сақтау үшін және заттарды өте жәй суыту үшін қолданылады. Жіңішкертілген иық тұсында тигель қоюға арналған тесіктері болады. Фарфордан жасалған жапсырманың төменгі жағына кептіргіш заттар – қыздырылған кальций хлориді, сусыздандырылған күкірт қышқылы, кейде ангидрон немесе фосфор тотығы, силикагель және аллюминий тотығы орналастырылады.

Вакуум-эксикаторда краны бар резина түтікшені кіргізетін тесігі бар. Сол түтікше арқылы вакуум-насосқа қосылады. Жапқышының шлифін өте жұқе етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлар қояды. Жапқышты тік көтеріп емес жылжытып ашады. Жапқышты үстелге қойғанда шлифін жоғары қаратып қояды. Ыстық тигельдерді қойғанда басында эксикаторды толық жаппайды, 1-2 минуттай тосып барып толық жабуға болады.

Газдарды жуу үшін Вульф, Дрексель, Тищенко шынылары қолданылады.

Вульф шынысының қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл – 5 л мөлшерінде болады. Екі-үш ауыз мойны бар, төменгі жағында сұйықты ағызатын тубусы болады.

 

Дрексель шынысы шыны тығыны бар цилиндр. Цилиндрдің ішінде оның түбіне дейін жететін түтік бар. Одан жанама түтікше кетеді.

Тищенко шынысының Вульф шынысынан айырмашылығы оның ортасында ыдысты бірімен бірі қатынаста болатын екі бөлікке бөліп тұратын қабырға бар.

 

Кипп аппараты

 

 

  қос тотықты көміртегін, күкіртті сутегін және басқа да газдарды алу үшін қолданылатын аппарат. Аппараттың төменгі жағында кеңейтілген резервуар бар. Кейбір аппараттарда ол жерде тубус болады. Оның үстіңгі жағында шар тәрізді газ шығаратын тубусы бар кең бөлігі бар. Ал үстіңгі жағы алмұрт тәрізді воронкамен аяқталады.

Аппаратты жұмысқа қосу үшін шар тәрізді бөлігіндегі кранды ашып сол арқылы,  көлемі 1 см²-тан кем емес керекті газды алатын заттың бөлшектері салынады. Ұнтақ заттарды қолданбаған жөн, газ өте көп бөлініп аппараттың жоғарғы жағынан шығып кетуі мүмкін. Тубус шыны краны бар резина тығынымен тығындалады. Одан кейін тубустағы газ бөлетін кранды ашып, алмұрт тәрізді воронка арқылы тиісті сұйықты құяды. Сұйықты жоғарғы шар тәрізді кең бөліктің ортасына дейін құюға болады. Аппараттағы ауаны шығару үшін газды 5-7 минуттай шығарады да, кранды жауып қояды. Газ жүретін түтікшені газ жинайтын ыдысқа қосады. Кранды ашып-жабу арқылы газдың түзілуін және жиналуын реттеп отырады.

 

Тамшылатқыш – сұйықты тамшы арқылы қолдануға арналған, науалы шыны тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын түтікше. Тамшы ұстағыш – кейбір зерттеулер мен анализдерде қолданылатын шыны приборлар. Олар бу арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері бар: Къельдаль, Конта, Геккель  қондырғылары; чеш тамшы ұстағышы; сулы жапқышы бар тамшы ұстағыш және т.б.

 

Петри тарелкасы (немістің микробиологі, 1852-1921 жж.) – бактериологиялық лабораторияларда тығыз қоректік ортада бактерияларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. Р.Кохтың ассистенті Петри 1887 жылы ұсынған. Петри тарелкасы екі жадағай шыны тарелкалардан тұрады, оның біреуі қақпақтың ролін атқарады. Олардың диаметрлері мен биіктіктері әртүрлі болып келеді. Жуғанда, залалсыздандырғанда аз сілтісізденетін бейтарап шынылардан жасалады. Кәдімгі тарелкалардың диаметрі 10 см, ал биіктігі 1,5 см болады.

 

Конвей тарелкасы – пішіні лабораториялық шыны кристаллизаторларға ұқсас, диаметрі см, ортасында диаметрі см қосымша цилиндр дәнекерленген шыны ыдыс. Ертінділердегі, қандағы, зәрдегі аммиакты анықтауға және аммиак бөлу арқылы жүретін ферментті реакцияларда қолданылады.

Жұғын шынысы – сапалы микрокристаллоскопиялық реакцияларды, бактериологиялық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылады. Жұқа шынылар қыздырғанға төзімді келеді. Олармен жұмыс істегенде оның шетінен ғана ұстау керек немесе пинцетті қолданған жөн.

 


Информация о работе Химиялық ыдыстар